Маңғыстау облысының білім басқармасы
Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін оқыту
Көмекші құрал
/Қазақ тілі пәні мұғалімдеріне
арналған/
Дайындаған: Төлеуова Анар Қаражігітқызы-
Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясының жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Мұғалімнің іс-тәжірибесі жалпы білім беретін орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері үшін әдіс алмастыру мақсатында
8-сыныпта қазақ тілін оқыту, оның тақырыптарын сатылай комплексті талдау арқылы меңгерту, оқушылардың ойлау, сөйлеу, іздену қабілетін дамыту, шығармашылық белсенділігін арттыруға байланысты тәжірибесі, тапсырмалар жүйесі жинақталған.
Алғы сөз
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде жаңа технологияларды меңгерту және оны қолдану бүгінгі күннің талабы болып отыр. Білім сапасын арттыру, нәтижелерге жету үшін жаңа педагогикалық технологиямен жұмыс жасайтын, оның қыр-сырын меңгертуге күш салып жүрген ұстаздардың бірі – Төлеуова Анар.
Төлеуова Анар жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Сатылай комплексті талдау технологиясы бойынша 2003 жылы республикалық білім жетілдіру курсынан өтті. Облыс көлеміндегі шығармашыл мұғалімдердің Балов Бақыт жетекшілік ететін «Шыңдалу» мектебінің мүшесі. 5-сыныпқа арналған «Маңғыстау әдебиеті», оқулық хрестоматиясының, 7-сыныптарға 68 сағаттық «Сатылай комплексті талдау» атты факультативтік сабаққа арналған бағдарлама авторы.
Мұғалімнің іс-тәжірибесі жалпы білім беретін орта мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті үшін әдіс алмастыру мақсатында 8-сыныпта қазақ тілін оқыту, оның тақырыптарын сатылай комплексті талдау арқылы меңгерту, оқушылардың ойлау, сөйлеу, іздену қабілетін дамыту, шығармашылық белсенділігін арттыруға байланысты тәжірибесі , тапсырмалар жүйесі жинақталған.
ХХІ ғасыр табалдырығын аттап, өркениетті мемлекеттер қатарынан көрінуде ұрпағымызды сөз өнерінің құдіретімен, ұлтттық тәлім-тәрбие тағылымдарымен, салт-дәстүр, халықтың даналық қасиеті, асыл қазынасы арқылы оқушылардың сезіміне, ақыл-ойына әсер ете отырып, тәрбиелеудегі мәні зор материалдар берілген.
Жалпы білім беретін мектептерде қазақ тілінен оқушылардың тілін дамытуға өз бетінше ойлауға, пән бойынша алған білімін тереңдетіп, шығармашылық белсенділігін арттыруға байланысты фонетикалық, лексико- грамматикалық тапсырмалар қамтылған.
«Сатылай комплексті талдауды қазақ тілінде қолдану» тақырыбында ұсынылып отырған ұстаздың іс-тәжірибесі әріптестерінің жаңа технологияны меңгеруіне игі әсер ететін әдістемелік құрал болатындығына сенім мол.
Пікір жазған: Байжан Гүлдана
Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің жетекшісі
Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Кез келген қоғамның дамуында ғылым мен оқу жүйесінің тікелей ықпалы зор. Оқушыларға білім беру жолында материалдарды меңгеру барысында интеграцияланған, дамыта оқыту, сатылай комплексті талдау т.б оқыту технологиялары тиімділігін көрсетіп келеді.
Бүгінгі күннің талабы – ұжымды технологияны таңдап, оны күнделікті сабақта іске асыру.
Сатылай комплексті талдау технологиясында дамыта оқытуда, интеграция жүйесі де, тірек сызбалар арқылы оқыту да жүзеге асырылады.
8 – сыныпта қазақ тілінің теориясын жете меңгертудің бір жолы – осы технология элементтерін пайдалану.
Сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін оқыту.
Сөздердің байланысу тәсілдеріне жаттығу, меңгерту үшін сөйлем талдауды естен шығармау керек.
Жалғаулар арқылы
Қиысу
Меңгеру шылаулар арқылы
Сөздердің Сөздердің
байланысу байланысу
т үрлері матасу тәсілдері
с өздердің орын тәртібі арқылы
қабысу
жанасу интонация арқылы
Байланысу тәсілдерін түсіндіру барысында ой қозғау арқылы 5-7 сыныптардан білетіндерін еске түсіртеміз.
Көптік жалғауы
Септік жалғауы бастауыш-баяндауыш
Ж алғау
Тәуелдік жалғауы сөйлем
Жіктік жалғауы
Септік жалғауы сөз бен сөзді байланыстыратынын айту керек.
Шылау- сөйлем мүшесі болмайтын сөз табы, көмекші қызмет атқарады, сөздерді байланыстырады.
Интонация- дауыс кідірісі, сөйлемді айтқанда рөлі күшті.
Орын тәртібі- қатар тұру.
1
Байланысу тәсілдеріне жаттығу үшін сөйлемдер таратылып беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |