«Спорт денсаулық кепілі» ұжымдық көңілді эстафета



Дата03.02.2023
өлшемі24,83 Kb.
#65020

«Ұлағат» білім ордасы» мектебі жеке жалпы білім беру мекемесі


«Бекітемін»
Мектеп директоры
________________Д. Ю. Аймухамбетов
« » ______2022 жыл
«Спорт денсаулық кепілі»
ұжымдық көңілді эстафета
Қатысушылар: мектеп мұғалімдері
Жауапты: Орынбасаров Қолқанат, Қанатбек Диана
Өткізілетін орны: спорт зал
Мерзімі: 25.11.2022, сағат 17:00
Қызылорда қаласы, 2022-2023 оқу жылы
Тақырыбы: «Спорт денсаулық кепілі»
Мақсаты: 1. «Жасыл өлке» бағдарламасы аясында Салауатты өмір салтын насихаттай отырып эстафета спорттық ойынын дамыту және спортшылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту.
2. Ұстаздардың дене дайындығын арттырып, денсаулығын 
нығайту.
3. Бірлесіп жұмыс жасау, қарым-қатынасты жақсартып оны сақтау, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Міндеттері:
1. Мұғалімдерді мектепте өткізілетін шараға белсене қатысуға баулу;
2. Ұжымдастарды бірге спорттық шараларға қатысуға жұмылдыру;
3. Ұстаздардың командалық рухын көтеруге баулу;
Өткізілу формасы: көңілді эстафета
Қолданатын құрал-жабдықтар: әр түрлі доптар, журналдар, кедергілер, бөрене, стакандар.
И
Жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар! Армысыздар! Болашақтың бастауы, балғыншақты балалар! Болашақ үшін қиындыққа қол созған соң, үміт күткен оқушылардың қолдаушылары ұстаздар! «Спорт денсаулық кепілі» атты спорт мерекесіне қош келдіңіздер!
Ән ұран орындалады.
1. «Қоғамдық» бірлестік
2. «Бастауыш» бірлестігі
3. «Тілдер» бірлестігі
4. «Жаратылыстану» бірлестігі
5. «Әкімшілік» бірлестігі
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызды бағалап, төрелік айтар әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

  1. Мектеп психологы Айнұр Махатай Бөгенішқызы

  2. Мектеп мұғалімі Ренат Рысмағамбетов Орнықбайұлы

  3. ­­­­­­­­­­­­­­­­­__________________________________________________



Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
Жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын ойынның атауларымен, шарттарымен таныс болыңыздар. Ойын 5 кезеңнен тұрады.
Сайыс түрлері:

  1. «Журнал»

  2. «Егіздер»

  3. «Спорттық ойындар»

  4. «Водовоз»

  5. «Көңілді кедергілер»




  1. «Журнал»

Ойынның шарты: Төреші белгісі бойынша ойыншылар қолдарында тұрған журналды жүгіріп мәреде тұрған журналмен ауыстырады. Осылай ойын жалғаса береді. Ойын дәл осылай соңғы ойыншыға дейін жалғасады.


Жүргізуші: Әділқазылар алқасы командалардың ұпайларын берсін

  1.  «Егіздер»

Ойынның шарты: Төреші белгісі бойынша екі ойыншы арқасымен бір-біріне қарап, қолды айқастыру арқылы допты арқамен қысып жүгіріп мәредегі фишканы айналып келеді. Екінші ойыншы келесі адаммен дәл осылай жүргіріп өтеді. Ойын дәл осылай соңғы ойыншыға дейін жалғасады.

  1. «Спорттық ойындар»

Ойынның шарты:  Төреші белгісі бойынша бірінші ойыншы футбол добын алып жүгіреді. Алаңның ортасында шеңбердің ішінде тұрған доппен ауыстырып, себетке дейін бары допты бір рет себетке лақтырады. Қайтарда баскетбол добын шеңберге дейін алып жүріп допты ауыстырады. Ойын дәл осылай соңғы ойыншыға дейін жалғасады.


Жүргізуші: Әділқазылар алқасы командалардың ұпайларын берсін



  1. «Водовоз»

Ойынның шарты: Төреші белгісі бойынша бірінші ойыншы жанында тұрған шелектен суды стаканға құйып алып, сол қолына ұстайды, оң қолына гимнастикалық таяқшаны алақанына қойып тік ұстап жүгіреді. Белгіленген жерде тұрған шелекке суын қюяды. Ойын дәл осылай соңғы ойыншыға дейін жалғасады.



  1. «Көңілді кедергілер»

Ойынның шарты: Төреші белгісі бойынша бірінші ойыншы бөрене үстімен жүгіріп, кедергілерден аттап өтіп, бөренеден оңға солға 3-4 рет секіріп өтеді, белгіленген жерге жетіп баскетбол добын себетке 1 рет лақтырып, қайтарда лабиринт арасымен секірткішпен секіріп мәреге жетеді. Ойын дәл осылай соңғы ойыншыға дейін жалғасады.


Жарыс заңы ежелден-
Жеңімпазды анықтау,
Жеңімпаз болушарты сол-
Еңбектену, жалықпау.
Біреу озса сайыста.
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей,
Тараса бізгежарады-олайболса, құрметті сайысқа қатысқан қатысушы ата-аналар оқушылар, сіздер бүгін өз күш жігерлеріңізді, шымыр шыныққан екендеріңзізді дәлелдедіңіздер.
Таңданайық,спортқа тамсанайық,
Бәріміз де қосылып, қол соғайық
Шабыттансын, көңілдерің көтерілсін
Сайыскерлерді мадақтап қол соғайық!-дейкеле, сайысымыздың аяқталар сәтіне келіп жеттік. Олайболса, бүгінгі сайыскерлерді мадақтау үшін сөзді әділ бағаларын беретін әділқазылар алқасына берейік.


Жүргізуші: Құрметті мұғалімдер жүлделеріңіз құттыболсын! Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет. Қош сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет