Стартап қызметіне арналған қажетті ресурстар



бет1/6
Дата22.11.2022
өлшемі6,38 Mb.
#51651
  1   2   3   4   5   6

Стартап қызметіне арналған қажетті ресурстар

  • Экономикалық ресурс (француз сөзі, «ressource» — «көмекші құрал») — кәсіпкерлік қызметті іске асыруда қажет болатын ақша, қор, мүлік, мамандар, құзыреттілік және т.б.
  • Басқаша айтқанда, кәсіпкерлікте — тауарды жасау, өндіру, сату, сондай-ақ осы үдерістерді басқаруда қолданылатын құралдар. Яғни ресурс кәсіпкерлік мақсатқа қол жеткізудегі негізгі көз, мүмкіндікті нәтижеге айналдыратын құрамды бөлшек болып табылады.
  • Ресурс кез келген қызметтің, оның ішінде кәсіпкерліктің де негізін құрайды, элементтерді дұрыс үйлестіріп, сәйкестендіре білген жағдайда олар оң нәтиже береді.

Ресурстарды төрт негізгі топқа бөлуге болады:

  • Зияткерлік. Бұған тауар белгілері, құқықтар (мәселен, авторлық құқық), патенттер, тұтынушылар мен серіктестердің дерек қоры сияқты түрлі зияткерлік меншік жатады. Олар кәсіпкерлік-модельдердің маңызды компоненттері болып табылады.
  • Адами. Бұл ресурсты кәсіпкерліктің барлық түрі де ескеруі керек. Бірқатар модельдер персоналға ерекше көңіл бөледі.
  • Материалдық. Мұндай ресурсқа өндіріс қуаты, ғимараттар, құрал— жабдық, көлік, кәсіпорынның басқа да мүлкі, дистрибуция желілері мен сауда нүктелері жатады.
  • Қаржылық. Қаржы қорын не кепілдікті қажет етпейтін кәсіпкерлік модель болмайды. Оған несие желілері, ақшалай қаражат, банк кепілдіктері жатады.

Ресурсты басқару — жоспарлау, сатып алу, жеткізу, тарату, есепке алу, бақылау үдерістері қамтылған, кәсіпкерлікті басқарудың негізгі кіші жүйелерінің бірі.

  • Ресурсты басқару — жоспарлау, сатып алу, жеткізу, тарату, есепке алу, бақылау үдерістері қамтылған, кәсіпкерлікті басқарудың негізгі кіші жүйелерінің бірі.

Өңделмеген, қатталған, жинақталған ресурс жұмыс барысында қайта пайдаланылмай, толығымен жұмсалады. Белгілі бір мерзімде қолданыла қоймағандар болашақта пайдаланылуы мүмкін. Басқаша айтқанда, мұндай қорды кейінгі қор үшін жинақтауға болады. Сол себепті оны көбінесе энергия санатының ресурсы деп атайды.

  • Өңделмеген, қатталған, жинақталған ресурс жұмыс барысында қайта пайдаланылмай, толығымен жұмсалады. Белгілі бір мерзімде қолданыла қоймағандар болашақта пайдаланылуы мүмкін. Басқаша айтқанда, мұндай қорды кейінгі қор үшін жинақтауға болады. Сол себепті оны көбінесе энергия санатының ресурсы деп атайды.
  • Ондай ресурсқа отын, еңбек құралдары, бір реттік еңбек құралдары, қаржы құралдары жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет