Ұстаз деген жарық күні ғаламның, Ұстаз деген анасы ол адамның



Дата31.12.2021
өлшемі18,94 Kb.
#23302

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.- дей отыра сіздерді Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жандүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»…

Кем көрмеймін сізді асыл анамнан,
Сізге ұқсап қудық біз де сан арман
Сіздей адам дүниеде көп болсын
Балалардың бақыты үшін жаралған- деп анамыз Шамсия апайға,бүгінгі кешімізді ашып беруге сөз кезегін бергіміз келіп тұр.

Дейді солай әкеміз:


"Ұстазыңды ұлықта".
Дейді солай анамыз:
"Сыйлауды әр кез ұмытпа". -Дей келе әдіскеріміз Нуралы ағайға сөз кезегін берейік.
Қызықты сұрақ жауап сайысын бастайық.

  1. Тауық бір аяғымен тұрса 3 кг, екі аяғымен
    тұрса қанша кг?
    (3 кг)




  1. Біздікі болғанымен басқалар қолданатын
    нәрсе?
    (Есіміміз)





  1. Ұзарған сайын қысқаратын нәрсе не?
    (Өмір)

  2. Қай айда 28 күн бар?
    (Барлық айда)



  3. Мені ешкім түсінбейді, неге?
    (Өйткені ол ешкі ғой)



  4. Бірінші төрт аяқты, кейін екі аяқты, одан
    кейін үш аяқты ол не?
    (Адам)



  5. Лимонның жартысы неге ұқсайды?
    (Екінші жартысына)

  6. Итпен биттің айырмашылығы неде?
    (Иттің үстінде бит болады, бірақ биттің
    үстінде ит болмайды.)



  7. Құлақ не үшін керек?
    (Көзілдірікті ұстап тұру үшін)



  8. Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк
    машинаны бір қолымен кім тоқтата
    алады?
    (Жол полициясы)

  9. Қазақстан мен Өзбекстанның ортасында
    не бар?
    (мен)



  10. Алфавиттің ең соңғы әрібі?
    (т)




  1. Жеген сайын жылататын нәрсе?
    (Таяқ)

  2. Алма жегенде ішінен құрт көруден де
    жаман не болуы мүмкін?
    (Құрттың жартысын көру)



  3. Ақтөбеде біреу Өскеменде жоқ, Алматыда
    екеу Астанада көп? Ол не?
    (“а” әрібі)

Ұстаз болу – жүректің батырлығы

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы

Азбайтұғын адамның алтындығы, - демекші, бүгінгі кешіміздің өздерінен өнеге алатын біліктіде білімді апайларымыз – Фарида апай , Ғазиза апай , Гүлнара апай, Айгүл апайларымызға сөз кезегін берейік, өздерінің тілектерін айта кетсін.
Келесі кезекте Мағрипа апайымызбен қосылып «Ұстазым , менің ұстазым» өлеңін орындайық.

Ұстазым менің, ұстазым

Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын


Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын
Есімде әліппені жаттатқызып
Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның

Ұстазым менің ұстазым


Өзіңмен өткен қыс жазым
Қалдырған ізің мәнгілік
Жадымда тұрар жаңғырып
Ұстазым менің ұстазым

Зердемді сен ашпасаң не етер едім


Өмірден сыбағасыз кетер едім
Ғажайып дүниенің сырын жайып
Қияға қызықтырып жетеледің

Ұстазым менің ұстазым


Өзіңмен өткен қыс жазым
Қалдырған ізің мәнгілік
Жадымда тұрар жаңғырып

Ұстазым менің ұстазым

Өзіңнен өмірге азық ала бердім
Ұшырып мені алысқа қала бердің
Бойымда отың кетті ұшқын атқан
Келеді жаңа бергім жаңа бергім

Ұстазым менің ұстазым


Өзіңмен өткен қыс жазым
Қалдырған ізің мәнгілік
Жадымда тұрар жаңғырып
Ұстазым менің ұстазым

Ұстазым менің ұстазым


Өзіңмен өткен қыс жазым
Қалдырған ізің мәнгілік
Жадымда тұрар жаңғырып
Ұстазым менің ұстазым

Келесі құттықтау сөзді ағайларымызға берейік.

ОЙЫНДАР

Шардың ішіне бір қағазға сұрақ жазылады.Мұғалімдер сол шарды жарып ішінен сұрақты алып жауап береді 1. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/ 2. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз/ 3. Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/ 4. Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/ 5. Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/ 6. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/ осындай сұрақтар

Қызықты ойын

Қатысушыларға ақша купюрасы таратылады. Ойыншылардың мақсаты – 3 рет үріп, ақшаны алысырақ жылжыту керек. Бір үргеннен кейін, ақша түскен жерге жақындап, тағы үреді. Кімнің купюрасы алысырақ ұшса, сол жеңеді. Қаласаңыз, купюраларды команда болып, э

Ұстаздар тыншымайтын еңбеккерлер, Жемісті біздер үшін, елге еккендер. Адамзат ұрпақтарын тәрбиелей, Зердесін болашақтың зерлеткендер!,- дей келе, әр ұстаздың еңбегіне нұр, шығармашылық табыс тілейміз. Ұстаз - ол ұлы тұлға. Ұстазға ғалым да, шахтер де, дәрігер мен ұлы ақындар да табынып, бас иген, ұстаз алдынан тәлім алған, әрі тәрбие көзін қабылдаған. Сондықтан аяулы ұстаздарымызға – мың алғыс!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет