Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті.
БӨЖ
Тақырыбы: STEAM оқыту технологиясы
Қабылдаған: Мәлік Сұлтанбек
Орындаған: Махмутжанова Махинур
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1 STEAM окыту қазіргі заманғы білім беру жүйесіндегі жаңа технология
2.2 Болашақ мамандарды кәсіби даярлауда STEAM оқыту технологиясын ұйымдастырудың ерекшеліктері
2.3 Болашақ мамандарды кәсіби даярлауда STEAM оқыту технологиясын ұйымдастырудың шетелдік және отандық әдістемелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
KIPICTIE
Зерттеу өзектілігі: Қазіргі уақытта әлемде төртінші технологиялық революция болып жатыр: ақпараттың қарқынды ағыны, жоғары технологиялық инновациялар мен әзірлемелер біздің өміріміздің барлық салаларын өзгертсе, қоғам сұранысы мен жеке тұлғаның қызығушылықтарын да өзгертіп жатыр. Робототехника, құрастыру, бағдарламалау, үлгілеу, 3D-жобалау және тағы басқа - бұның бәрі енді дүнежүзінің қазіргі оқушыларын қызықтырады. Бұл қызығушылықтарды жузеге асыру үшін анағұрлым күрделі дағдылар мен құзыреттер керек. Технологиялардың қарқынды дамуының арқасында жаңа мамандықтар пайда болып жатыр, STEAM мамандарға, ертеңгі күннің мамандықтарына сұраныс жаппай өсіп жатыр. Келешектің мамандарына жан-жақты дайындық пен жаратылыстану ғылымдары, инженерия, технологиялар мен математиканың әр түрлі білім беру салаларынан алынған білім керек. STEAM бұл тек оқыту бағдарламасы емес, бұл әр оқушының ерте жастан алған білімін өз қолына алатын және қай салаға дайын екендіктерін анықтаған кезде сол бағытта өзін-өзі дамытуға қолдау көрсететін бағдарлама. Ғылым, математика, технологиялар,өнер және инженерия сияқты басты академиялық салаларды оқытудың біріктірілген тәсілі STEAM (science, technology, engineering art and mathematics) зор сұранысқа ие.
Достарыңызбен бөлісу: |