Студенттің өзіндік жұмысы Орындаған : Саулебек Ғарифулла



Дата08.12.2023
өлшемі274,99 Kb.
#135139


Студенттің өзіндік жұмысы

Орындаған : Саулебек Ғарифулла


Тобы : ОСФ 20-5

Оқу жылы 2022-2023


4 тақырып. Эссе
Қағида
Менің спорт түрім волейбол спорты. Волейбол спорты қызығушылықты көп қажет ететін, жас талғамайтын, ең қауіпсіз, командалық ойын түрі. Бұл спортта командалық ойын болғансоң жетістікке жету үшін команда бірлік, ынтымақ, бір-бірін түсінушілік, жетістікке жетуге деген аянбай еңбек ету қажет. Спортты күрес спортынан бастадым. Күреспен 1 жыл аралығында айналысып менің спортым емес екендігін түсініп футбол спортымен айналыстым. Футболмен 2 жыл айналысып жақсы нәтижеге жеттім. Алайда көбінесе 2,3 орындардан көрінетінмін. Менің бапкерім волейболға деген икемділігімді, спорттық қалпымды көріп волейболмен айналысқанымды қалады. Волейболмен айналысып екі жыл ішінде көптеген жітістіктерге жеттім. ҚРның көптеген қалаларында болып жүлделі орындарды жеңіп алдым. Қазақстан Республикасының чемпионы болдым. Волейболмен 10 сыныбымда айналысып бастадым. Маған көптеген керітартпа пікірлер көптеп келетін. Спортты кеш бастадын, көп ұзамай тастап кетесін, саған тамақ болмайды, жетістікке жету кемі бес жылдай жаттығу қажет деген секілді. Мен жетістікке өзімнің бапкерімнің қағидаларды дұрыс қолдана отырып, үздіксіз жаттығу, еңбек және тәртіптің арқасында жеттім. Жетістікке жету жолында біртіндеушілік, даралық, жүйелік, жалпы және арнайы қағидаларын қолдандым. Маған ең керек болған көп қолданған қағида біртіндеушілік және жүйелік қағидасы. Біртіндеушілік қағидасын қолданып орындайтын жаттығудың техникасын біртіндеп жоғарлаттық. Жүйелік қағидасын қолданып жүктемені бір жылға жүйелі жоспарлап алатынбыз. Жетістікке жету үшін осы тоғыз қағиданы қолданып, ерінбей еңбек етіп, тәртіпті қатар ала жүрсе, мақсатқа жетем деген ынтасы, ерік жігері болса ол спортшы міндетті түрде биік-биік белестерді бағындыратынына сенемін!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет