Т. Е. Тұмашбай «Әлеуметтану және саясаттану» пәні б ойынша дәрістер жинағы Шымкент 2021ж


Қазақстан Республикасы - зайырлы, құқықтық, әлеуметтік, демократиялық мемлекет және халықаралық қатынастың субъектісі ретінде



бет84/89
Дата31.12.2021
өлшемі434,02 Kb.
#22040
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89
2.Қазақстан Республикасы - зайырлы, құқықтық, әлеуметтік, демократиялық мемлекет және халықаралық қатынастың субъектісі ретінде.

Елімізді қазір дүние жүзінің 120 мемлекеті таныды, олар-дың 105-імен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Шетелдерде 29 елшілік ашылып, Алматыда 40 елшілік пен миссия, халықаралық және ұлттық ұйымдардын 16 өкілдігі жұмыс істейді.

Қазақстанның сыртқы саясатының негізінде өзінің қауіпсіздігін, егемендігі мен территориялық тұтастығын қамта-масыз ететін, мемлекетіміздің дүниежүзілік қауымдастыққа енуіне, республика ішіндегі реформаларды жүзеге асыруға, оның тиімді және өсіңкі экономика, тұрақты демократиялық институттар жасауға, барлық республика халқының құқығы мен бостандықтарын қорғауға қолайлы жағдайлар жасау мүдделері жатыр. Ол өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери құрал-дарды емес, парасатты, салмақты дипломатияға сүйене отырып, саяси құралдарды пайдалануды мақсат етіп отыр. Ол халықаралық байланыстарының негізінде таяу және алыс шетелдердің бәрімен езара тиімді саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени қатынастарды орнатуға ұмтылуда.



Біздің елімізбен дәйекті байланыстарды дамытуға бірталай мемлекеттер ықылас білдіруде. Оған себеп болатын ең алды-мен, өткен тақырыпта айтылғандай, қыруар қазба байлықтары-мыз. Тұтас алғанда жыл сайын Қазақстанда 1,5 млрд. тоннадан астам пайдалы қазбалар игеріледі. Республикамыз астық енімдерімен өзін-өзі қамтамасыз етіп қана қоймай, біраз бөлегін әлемдік нарыққа экспортқа шығаруға мүмкіншілігі бар. ТМД елдерінің қой шаруашылығының 25%-і қазақ даласында өсіріледі. Мұның бәрі шетелдерді қызықтырмай қоймайды. Оған қоса республикамыздың демократияландыруға, экономиканы нарықтық жолмен реформалауға алған бағыты да себеп болуда. Сонымен қатар бұрынғы Кеңес империясының ыдырауының нәтижесінде мүлдем жаңа географиялық саяси жағдай пайда болды. Қазіргі Қазақстан жері Еуропаны Азия-Тынық мұхит аймағымен байланыстыратын сыртқы саяси жән стратегиялық тиімді кеңістікті алып жатыр. Бұл байланыстырушы буын мүмкіндігі де Республикамызға септігін тигізуге тиіс.

Біздің географиялық жағдайымыздың тиімсіз де жері бар. Ол ашық теңізге тікелей шығу мүмкіндігінің жоқтығы, қаты-нас жолдарынан қашықта орналасуымыз. Мұның бәрі халық-аралық экономикалық байланыстарға қатынасуымызды қиын-дата түседі және сыртқы саясатты құруға да әсерін тигізуде. Сондықтан көршілес мемлекеттермен, оның ішінде ең алды-мен Ресеймен өзара қатынастардың болуының мәні зор. Бұл ел, біріншіден, Батыспен қатынас жолының қақпасы болып тұр. Екіншіден, республикамызда тұратын орыстардың саны көп. Үшіншіден, Ресейде де бірталай қазақтар тұрады. Төртіншіден, Петр Біріншіден бастап Ресей Қазақстанға Азия елдерінің кілті мен қақпасы ретінде қараған. Екі елдің арақатынасы дұрыс бол-са, ел де тыныш болады. Сондықтан 1992 жылғы 25 мамырда Н. Ә. Назарбаев пен Б. Н. Ельцин Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Достық, ынтымақтастық және әзара көмек туралы шартқа қол қойды. Онда мемлекеттік егемендік пен аумақтық тұтастықты өзара құрметтеу, даулы мәселелерді бейбіт жолмен реттеу және күш қолданбау, ішкі істерге араласпау және т.б. карастырылды. "Байқоңыр" ғарыш айлағын пайдаланудың реті туралы" келісімге қол қойды. Ре-сей Федерациясы "Байқоңыр" кешенін пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасына жылына 115 мың АҚШ доллары колемінде жалға алу ақысын төлеп отырады. Ол 20 жылға жа-лға берілді, екі жақ өзара келіскенде жалға алу мерзімі содан кейінгі 10 жылға ұзартылады. Екі ел арасында әскери-саяси, мәдени-гуманитарлық салаларда шарттарға қол қойылды. 1998 жылдың 12 қазанында Ресеи Федерациясымен Қазақстан және Ресей арасындағы шекараны делимитациялау туралы хаттамаға қол қойылды. Мұның бәрі екі ел арасындағы қарым-қатынас-тың ербіп келе жатқанын керсетеді.

Қазакстанның Қытай Халық Республикасымен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық-та, шекара бойындағы аудандарда еркін сауда аймақтарын ашу мәселелері жөнінде айтарлықтай жылжу бар. Қытай Қазақстан-ға қарсы ядролық қаруды қолданбауға, күш жұмсамауға неме-се күшпен қорқытпауға, егемендік пен аумақтық тұтастықты қүрметтеуге міндеттенді. Өз кезегінде, Қазақстан ҚХР-дың аумақтык тұтастығына қатысты осындай міндеттемелерді мой-нына алды. 1994 жылғы сәуір айында Алматыда Қазақстан мен ҚХР арасындағы мемлекеттік шекараның өтуі туралы Шартқа қол қойылды. Бұл құжаттың маңызы ете зор екендігі айтпаса да түсінікті. 1997 ж. батыс Қазақстаннан батыс Қытайғы жөне Иранға мұнай құбырын тарту туралы келісімге қол қойылды. 2010 ж. қарай Қытай бізден жыл сайын 200-210 млн. тонна мұнай сатып алмақ.

Өмір бойы көршілес болып, шаруашылығымыз, мәдениетіміз тығыз байланысып, араласқан Орта Азия елдерімен біздің ортақ мүдделеріміз көп. Әлбетте, олармен ізгі қатынастарға ал-дыңғы қатарлы орын берілді. Тегі бір, тарихы тамырлас, руханибауырлас Түркиямен екі арада өзара тиімді экономикалық ын-тымақтастықты дамытуға, мәдени байлықтармен алмасуға де-ген екі жақты ұмтылыс бар. Сол сияқты Иран елімен де дос-тық, ынтымақтастық қатынастар дамып, бекіп келеді. Екі ел Каспий теңізін Қазақстанды Солтүстік Иранмен және Парсы шығанағымен байланыстыратын көлік артериясына айналдыру туралы уағдаласты.

Біз Азия қүрлығында өмір сүріп отырмыз. Мұндағы еддердің экономикалық қоғамдык құрылымы сан алуан. Сондықтан бұл аймақ үшін өзара тиімді іс-қимыл және сенім мен қауіпсіздікті сақтаудың маңызы зор. Аймақ мемлекеттерінің экономикалық, экологиялық және т.б. бірлесе отыра шешетін ортақ мәселелері бар. Соның бәрін ескере отырып, республикамыздың Прези-денті Н. Ә. Назарбаев Еуропадағы кауіпсіздік пен ынтымақтас-тық жөніндегі кеңес сияқты Азия аймағында да қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың құрылымдарын құру идеясын Б¥Ү Ассам-блеясының 47-сессиясында, Брюссельде НАТО елшілерімен кездесу кезінде және т.б. жоғары мәжілістерде ұсынды.

Таяу Шығыс аймағындағы негізгі мемлекеттер Египет, Сирия, Сауд Арабиясы, Оман және Израильмен саяси және іскер байланыстар орнатылуда. Сондай-ақ Батыс Еуропа мен Солтүстік Американың белді, жетекші елдерімен де жан-жақ-ты ынтымақтастықты одан әрі дамыту көзделіп отыр.

Қазіргі жағдайда қай ел болмасын нарықтық жүйенің орталығы болып отырған, дүниежүзілік саяси істерде ролдері ора-сан зор Америка Құрама Штаттары, Батыс Еуропа және Жапо-ниямен байланыстарды бекітіп, іс-қимылдарды үйлестірудің орны ерекше екендігі айтпаса датүсінікті. Дегенмен, бұл карым-қатынастар біздіңтүпкідікті мүдделерімізге нұқсан келтірмегені жөн.

Бұрынғы Кеңестер Одағының ыдырауына, Ресейдің ортақ ақша, экономика аумағынан ығыстыруына байланысты Орта Азия елдері ездерімен тамырлас Орта және Таяу Шыгыс мұсыл-ман елдерімен қарым-қатынастарын кеңейтуде. Ал мұны кейбіреулер пантюркизм, панисламизм қайтадан бас көтеріп келе жатыр деп байбалам салмақ. Бұл дұрыстыққа жатпайды. Себебі, бұрынғы коммунистік идеяның устемдік етіп тұрған кезінде Шығыс мәдениеті шеттетіліп, олармен жөнді байланыс болмады. Енді ол құрсаудан құтылған соң ислам мәдениетінің рухани негіздеріне деген халықтардың табиғи ұмтылыстарын түсінуге болады. Оның үстіне, ислам дүниесі зор ресурстардың иесі екендігін, оның халықаралық саясатта өзіндік орны бар екендігін де ескеру керек. Қазакстан болса бұл бауырлас ел-дермен қатынасын халықаралық қүқықтық жалпыға бірдей ережелердің негізіңде өзара тиімді, еліміздің экономикасы мен бүкіл халқының әл-ауқатын көтеру түрғысында құрады.

Республиканың сыртқы саясатына экономикалық байланы-старды нығайтып, дамыту да кіреді. Бүгінде республикада 200-ге жуық шетел фирмаларының, банкілерінің, өзге ұйымдары-ның өкілдері бар. Қазақстан қазір әлемнің 80-нен астам еліне өнімдер шығарады. Тауар айналымының Қытайға 22%-і Герма-нияға— 13,6, Үлыбританияға — 11,6, Швейцарияға— 11, Нидер-ландыға — 4,7, Австрияға — 2,5%-і келеді. Елімізде 2000-нан астам бірлескен кәсіпорындар тіркелген. Біздің серіктес-теріміздін ішінде дүние жүзіне белгілі "Шеврон", "Эльф Аки-тан", "Бритши Гэз", "Мобил", "Токсако", "Амоко", "Аджип" мұнай, газ өндіретін компаниялары және басқалары бар. Мұндай байланыстар алдағы уақытта да арта түспек.

Сыртқы саясат экология мен айналадағы ортаны қорғау мәселелерімен де астасып жатыр. Бұл орайда, алдыңғы қатарда Қазақстанның екі қасіреті тұр. Біріншісі — тартылып бара жат-қан Арал теңізі. Оның бассейнінің шөлге айналуы аймақтағы экологияның күрт нашарлауына әкеліп соғып отыр. 150 млн. тонна түзды шаң-тозаң аспанға көтерілуде. Ол айналасында тұратын 3 миллионнан астам адамның денсаулығы мен эконо-микасына теріс зардаптарын тигізуде. Бұл қасірет қазір сол адамдарға ғана зардаптарын тигізсе, ертен ол талай-талай миллиондаған адамдарға қайғы болып шығуы мүмкін. Сондықтан бұл өңірді дүниежүзілік көлемдегі экологиялык апат аймағы деп түсініп, оған шүғыл әрі көлемді халықаралық көмек көрсетпесе болмайды.

Екінші экологиялық касіретіміз — Семейдегі ядролық по-лигон. Мұнда 1949—1963 жылдары атом және сутегі бомбала-рының жарылыстары жер беті мен атмосферада еткізілген. 1963—1983 жылдары жер астында жүргізілген. Онда ©ткізілген 752 жарылыстын 26-сы атмосферада, 78-і жер бетінде, қалғаны жер астында жүргізілді. Ал олардың қуаты Хиросима мен Нагасакидегі қасіреттің көзі болған қондырғылардың қуатынан жүздеген есе көп. Жарылыс зардаптарынан жарты миллионнан астам адам жапа шекті.

Сыртқы саясатпен тікелей байланысты әскери саясат. Бұл саладағы негізгі мақсат — Қазақстан жерінің тұтастығы мен тә-уелсіздігін қорғай алатын, соған сай жарақталған, шағын да икемді армияны үстау. Республика стратегиялық шабуыл қару-ын қысқартуды жақтайды, жаппай қырып-жоятын қарудың ба-сқа түрлеріне тыйым салуға бағытталған бастамаларды дұрыс деп табады.

Қазақстанның қазіргі сыртқы саясатының негізгі мақсатта-ры мен принциптеріне мыналар жатады:

  • мемлекеттік мүддені қорғау;

  • елімізде экономикалық реформаларды жалғастыру, демок-ратиялық институттарды күшейту үшін сыртқы жағдайды ба-рынша қамтамасыз ету;

  • әлемдегі барлық елдермен теңқұқықты және серіктестік қатынастарды дамыту;

  • ғаламдық және аймақтық интеграциялық процестерге бел-сене қатысу;

— халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты терендету.
Сайып келгенде, Қазақстан егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты және әлемдік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі, оның ажырағысыз бөлігі болып еніп отыр. Ол өзінің сыртқы саясатында барлық ұлттармен, көршілермен тең дәрежелі достық қатынас орнатпақ. Сонымен қатар республи-камыздың халықаралық деңгейде мүдделі болып отырған көкейтесті мәселелері — қарусыздану және халықаралық қауіпсіздікті нығайту, аймақтық жанжалдарды реттеу және бейбітшілікті қолдау жөніндегі операциялардың тиімділігін арттыру, адам қүқықтары, айналадағы ортаны қорғау, дамыту және т.б. Республикамыз дәйекті сыртқы саясат жүргізіп, ішкі өл-ахуалымызды жақсартып, болашақта өркениетті, құқықтық қоғам орнатуына сеніміміз мол.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет