Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова


КС.  Компьютерлік сауаттылықтың компоненттері



жүктеу 1.71 Mb.
Pdf просмотр
бет3/19
Дата18.03.2017
өлшемі1.71 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

КС. 
Компьютерлік сауаттылықтың компоненттері: 
1.  Компъютермен  «сұхбаттасу»  икемділігі.  Компьютермен 
«пайдаланушы  деңгейінде»  қарым-қатынас  жасау  –  бұл  компьютерді 
жұмысқа  дайындау,  оны  іске  қосу  және  сөндіру  шеберлігі, 
дисплеймен  жұмыс  істеу  шеберлігі,  яғни  пернетақтамен  жұмысты 
меңгеру,  сандар  мен  айнымалыларды  енгізу,  алу,  енгізілген 
мәліметтерді  түзету,  бағдарламаны  енгізу,  іске  қосу  және  түзету 
болып  табылады.  Бұған  оқушылардың  мәтіндік  және  графикалық 
редакторлармен, 
электрондық 
кестелермен, 
әртүрлі 
 
ойын 
бағдарламалары  сияқты  қарапайым  сервистік  бағдарламалармен 
жұмыс  істеу,  сонымен  қатар,  компьютермен  сұхбаттық  режімде  
жұмыс  істеу  сияқты дағдылары мен икемділіктері жатуы мүмкін. Бұл 
бағытта білім, біліктілік және дағды – өз ерекшеліктеріне байланысты 
төменгі  сыныптарға,  мектепке  дейінгі  жастағы  балаларға  да  пайдалы 
болуы мүмкін. 
2.  Компьютер  үшін  қарапайым  бағдарламалар  кұру.  Жалпы 
орта  білім  беретін  мектептердің  мақсаты  бағдарламалаушылар 
дайындау 
болып 
табылмайды, 
сондықтан 
ЭЕМ 
үшін 
бағдарламалаудың  негізгі  принциптерін  түсіну  жалпы  білім  беру 
жүйесіне кіруі тиіс.  
Бұл  процестің  жүзеге  асырылуы  бірте-бірте  және  ұзақ  уақытқа 
созылуы мүмкін. Дербес бағдарламалар жазудың, әсіресе тармақталу 
мен  циклдерді  ұйымдастыруға  енетін  окушылардың  алғашқы 
икемділіктері,  бағдарламалауға  дейінгі  қарапайым  және  көрнекілік 
құралдардан  тұратын  алгоритмдік  мәдениеттің  компоненттеріне 
негізделеді.  
Білім  берудің  жоғары  сатыларында  пәнді  тереңдетіп  оқыту 
мақсатында  бірнеше  бағдарламалау  тілдерімен  таныстыруға  болады. 
Бұл  деңгейде,  дегенмен,  бағдарлама  жазылатын  тілді  таңдаудың 
қажеттілігіне 
қарағанда 
бағдарламалаудың 
негізіне 
жататын 
алгоритмдерді  құра  білу  үшін  қажетті  білім,  біліктілік  және 
дағдылардың қажеттілігі басым болып келеді. 
3.  ЭЕМ-нің  құрылысы  мен  жұмыс  істеу  принципі  туралы 
түсінік.  Компьютерлік  сауаттылықтың  бұл  компоненті  екі  негізгі 
құраушы бөліктен тұрады: 
а) компьютердің құрылысы және оның негізгі құрылғыларының 
атқаратын қызметі; 
ә)  компьютердің  негізгі  әлементтерінің  физикалық  негіздері 
және жұмыс істеу принциптері. 

 
23 
Бұл  компоненттің  оқушылардың  меңгеруіне  қиын  болса  да, 
маңызды  дүниетанымдық  мағынасы  бар.  Алғашында  бұл  туралы 
мәліметтер  информатика  курсында  қолданбалы  сипатта  болуы,  ең 
алдымен  қолданушының  қажетіне  жарауы,  оған  жеке  машинаның 
мүмкіндіктерін  бағалауға  немесе  әртүрлі  компьютерлі  салыстыруға 
кемектесуі тиіс деп есептелінген.  
4. ЭЕМ-нің мүмкіндігін және қолдану ауқымын, компьютерлен-
дірудің әлеуметтік әсерін елестету. 
Компьютерлік  сауаттылықтың  бұл  компонентін  қалыптастыру 
информатика  курсының  негізгі  міндеті  болып  табылмайды,  себебі  ол 
оның  шегінен  шығып  кетеді.  Оқушыларға  бірқатар  оқу  пәндерінен 
әртүрлі  мәселелерді  шешуде  компьютерді  практикалық  қолдану 
процесінде, еңбектің ұтымдылығын арттырудағы ЭЕМ-нің қолданылу 
ауқымы  мен  рөлі  туралы  ашып  айту  мақсатқа  сай  келеді.  Мектеп 
компьютерін  оқушылар  математика,  физика,  химия  пәндерінде 
есептеу  жұмыстары,  оқу  эксперименті  мәліметтерін  талдауда  және 
зертханалық  жұмыстарды  жүргізудегі  заңдылықтарды  іздеуде, 
алгебра курсында функцияны зерттеуде, математикалық модельдерді, 
физикалық,  химиялық,  биологиялық  және  басқа  құбылыстар  мен 
процестерді  құру  мен  талдауда  қолдануы  мүмкін.  Оқушылар  арнайы 
ЭЕМ-ді  география,  тарих  және  басқа  да  гуманитарлық  пәндерде 
ақпараттық  жүйе,  мәліметтер  қоры,  автоматты  анықтама  ретінде 
қолдануларына болады [2]. 
Пәнді  мектепке  енгізудің  алғашқы  кезеңінде  пайда  болған 
компьютерлік  сауаттылық  түсінігі  бұл  күнде  де  әдістемелік 
әдебиеттерде  белсенділігін  жойған  жоқ.  Жоғарыда  айтылған 
қысқартылған 
төрт 
компоненттен 
тұратын 
компьютерлік 
сауаттылықтың  құрылымы  белгілі  төрт,  яғни  қарым-қатынас, 
багдарламалау,  құрылғы,  қолдану  сөздердің  жиынтығы  ретінде 
көрсетілуі 
мүмкін. 
Компьютерлік 
сауаттылықтың 
барлық 
компоненттері  сақталғанның  өзінде  олардың  біріне  аса  көп  көңіл 
аудару  информатика  пәнін  оқытудың  мақсатын  елеулі  өзгеріске 
ұшыратады.  Мәселен,  егер  қарым-қатынаста  болу  компоненті  үстем 
бола  бастаса,  онда  курс  айрықша  қолданбалы  болады  да, 
компьютерлік 
технологияларды 
меңгеруге 
бағытталады. 
Бағдарламалау  компоненті  үстем  болғанда  курстың  мақсаты 
бағдарламалаушылар дайындауға алып келеді және т.с.с. 
 

 
24 
1.5.3.  Оқушылардың  компьютерлік  сауаттылығы  және 
ақпараттық мәдениеті 
Мектептегі  «Информатика  және  есептеуіш  техника  негіздері» 
пәнінің  алғашқы  бағдарламасының  әдістемелік  тұжырымдамасы 
байқау  оқу  құралын  жасаумен  шектелді.  Сонан  соң  бағдарламаның 
екінші  түрі  өңделіп  жарияланды.  Бұл  жаңа  бағдарлама  мектепте 
информатика  саласынан  білім  беру  мазмұны  мен  мақсатының 
дамуында  ерекше  орын  алды  және  тарихқа  «Информатика  және 
есептеуіш  техника  негіздері»  мектеп  пәні  бағдарламасының 
«машиналық» нұсқасы ретінде енді [2, 37]. 
«Информатика  және  есептеуіш  техника  негіздері»  пәнінің 
алғашқы  бағдарламасы  жарияланғаннан  бастап  бір  жыл  өткен  соң, 
мектепте 
информатиканы 
оқытудың 
мақсаты 
компьютерлік 
сауаттылықпен шектелмейтіндігіне көз жеткізілді.  
Белгілі  «компьютерлік  сауаттылық»  түсінігімен  қатар  жаңа 
бағдарламада  алғаш  рет  жаңа  ұғым  «оқушылардың  ақпараттық 
мәдениеті»  ұғымы  пайда  болды.  Сайыстық  бағдарламаларда 
жобаланған  «Информатика  және  есептеуіш  техника  негіздері»  пәні 
оқушыларда: 

 
практикалық  іс-әрекеттерде  пайда  болатын    есептердің 
сауатты қойылуы, оларды ЭЕМ көмегімен шешу дағдыларын; 

 
қойылған 
есептердің 
формалды 
жазылу 
дағдылары, 
математикалық  модельдеу  әдістері  туралы  қарапайым  білім  және 
қойылған  есептердің    қарапайым    математикалық    модельдерін  құру 
икемділігін; 

 
негізгі  алгоритмдік  құрылымдарды  білуі  және  білімдерін 
есептердің  математикалық  моделъдері  бойынша  оларды  шешу 
алгоритмін құру үшін қолдану шеберлігін; 

 
ЭЕМ-нің құрылғылары мен жұмыс істеуі туралы түсінік және 
құрылған    алгоритм    бойынша  жоғары  деңгейдегі  бағдарламалау 
тілдерінің  бірінде  ЭЕМ  үшін  бағдарлама  құрудың  қарапайым 
дағдыларын; 

 
практикалық  есептерді  ЭЕМ  көмегімен  шешу  нәтижесін 
сауатты түсіндіріп  беру және  осы  нәтижелерді практикада қолдану 
шеберлігін қалыптастыруы тиіс. 
Бұл 
талаптардың 
төмен 
дәрежеде 
жүзеге 
асырылуы 
оқушылардың компьютерлік сауаттылығының бірінші деңгейіне жету 
міндеті, ал толық қамтылуы оқушыларды  ақпараттық мәдениетке 
(АқМ) тәрбиелеу болып табылады [2,37]. 

 
25 
Келтірілген  түсініктемелер,  ақпараттық  мәдениет  ұғымы 
компьютерлік  сауаттылылықтың  жаңа  және  алдыңғы  ұғымдары 
біршама кеңейтілген компоненттерінен құрылғандығын білдіреді. 
Сондықтан  «ақпараттық  мәдениет»  ұғымына  енетін  барлық 
жаңа  түсініктер  ЭЕМ  көмегімен  есеп  шығаруға  арналған 
математикалық  модельдеу  әдістерін  қолдану  мәселелеріне  ерекше 
қатысты болады. Практикалық  есептерді  шешудің  барлық  кезендерін 
қарастыру  әрекеті  мен  математикалық  модельдеу  әдісі  туралы 
алғашқы мәліметтерді мектептің білім беру  мазмұнына енгізу көптен 
бері  ғалымдар  мен  әдіскер-математиктердің  басты  мақсаты  болып 
келеді.  Оқушыларға  оның  мазмұнын  пайдалы  және  көрнекі  түрде 
ашуға  мүмкіндік  беретін,  бірақ  әдістемелік  өңдеуге  оңай 
берілмегенімен,  жаратылыстану  ғылымының  бұл  бөлімі  өте 
қызығарлық  білім  мен  дүние  танымдық  күшке  ие.  Міне,  сондықтан 
математикалық  модельдеу  идеясын  бейнелеуге  тырысуды  біз  мектеп 
«Информатика  және  есептеуіш  техника  негіздері»  пәнінің  алғашқы 
бағдарламасынан табамыз [2,32 6-б.].  
Жаңа  бағдарламада  тағы  да  бір  мақсаттың  кеңеюін 
көрсетейік    компьютерлік  сауаттылық  компоненті  бұрынғы 
редакцияда ЭЕМ-мен «қарым-қатынас» дағдыларын дамыту болса, ал 
жаңа  жүйеде  «қазіргі  заманғы  ақпараттық  жүйелердің  негізгі 
түрлерін  жетік  пайдалану»  және  «осы  жүйелердің  қызметі  негізіне 
жататын негізгі принциптерді түсіну» дағдыларымен сәйкес келеді. 
Бұл  кезеңде  мектептің  информатика  курсының  мазмұнды-
әдістемелік  саласы  ретінде  ақпараттық  технологиялар  бөлімін 
тұрақтандыру мақсатында жүмыс істейтініміз белгілі. 
Информатика  саласынан  оқушыларға  білім    беру  мақсатының 
даму эволюциясын схема түрінде былай белгілеуге болады: 
АлгМ

КС

АқМ

? 
Тізбектің  соңындағы  сұрақ  белгісінің  сақталуы  толық  түсінікті. 
Оқушылардың 
ақпараттық 
мәдениетінің 
бағдарламаның 
«машиналық»  нұсқасымен  бірге  енгізілген  жаңа  түсінік  сол  уақытта 
жарияланған компоненттердің қатарына тұйықтала алмады, бұл оқыту 
мақсатының дидактикалық сипаттамасына қарама қайшы келеді.  
Сонымен  бірге,  «ақпарттық  мәдениет»  термині  мектепте 
білім берудің информатика саласындағы мақсатымен ұзақ теңестіруге 
керекті жеткілікті ойдағыдай тұжырымдау тапты.  
Ал  қазірггі  кезеңде  ақпараттық  мәдениетті  қалыптастыру 
қажет екені белгілі болып отыр. 
Ақпараттық мәдениет дегеніміз не ? 

 
26 
Дәл  қазіргі  уақытта  педагогиканың  алдында  тұрған  міндет  – 
оқушыға әлемнің ақпараттық бейнесін түсіндіру.  Ақпараттық бейне 
дегеніміз  не?  «Ол  оқушыға  өзін  қоршаған  ақпараттық  сферада 
бағдар  алуға  мүмкіндік  беретін  ақпараттық  байланыстар  мен 
сигналдар,  белгілер  жүйесінің  жиынтығы;  ақпараттық  ағымды 
пайдаланып,  оны  мүмкіндігіне  қарай  басқарып,  оның  мазмұнын 
сапалы  түрде  талдай  білу,  қоршаған  ортаға  бейімделу  мақсатында 
тура  және  кері  байланысты  жүзеге  асыру  және  оның  саяси  - 
әлеуметтік,  экономикалық,  экологиялық  құрылымын  жетілдіру»  – 
деп түсіндіреді Н.Ф. Талызина
1

Әрине, бұл міндетті жүзеге асыру оқыту технологиясын өзгерту 
арқылы  шешілетіні  белгілі.  Олай  болса,  информатиканы  оқытудың 
мақсаты  компьютерлік  сауаттылықты  қалыптастыру  ғана  емес, 
оқушыны  ақпараттық  қоғамда  өмір  сүруге  дайындау,  яғни 
ақпараттық  мәдениетті  қалыптастыру  болып  табылады.  Ал бұл 
мақсатты  жүзеге  асыру  үшін  бүкіл  педагог  -  оқушылар  қауымы 
ақпараттық мәдениетпен қарулануы тиіс.  
1.5.4.  Оқушылардың  ақпараттық  мәдениеті  ұғымының 
қалыптасуы 
Информатикадан  орта мектептерге арналған  оқу құралдарының  
[4],  [18],  [25]  бірнеше  нұсқаларына  өткізілген  байқаудан  кейін 
информатика саласынан оқушыларға білім беру мазмұны, мақсаттары 
кейбір бөлімдерде әртүрлі баяндалғандығын байқадық.  
Мысалы,  [25]  оқу  құралы  авторларының  бағдарламасына 
түсіндірме  хатта  «жалпы  білім  беретін  орта  мектепте 
информатиканы  оқытудың  негізгі  мақсаты  -  оқушылардың 
алгоритмдік  ойлауын  дамыту  және  курстың  орталық  ұғымы  - 
алгоритмдер,  ал  оқу  іс-әрекетінің  негізгі  мазмұны  алгоритмдерді 
құру және талдау» деп айтылған [2,38,4-б.].  
Сол  кездері  басқа  оқу  құралдарының  [4]  авторлары  өздерінің 
бағдарламаларында  «өмірге  қажетті  есептерді  ЭЕМ  көмегімен 
шығаруды  оқушыларға  оқыту  курстың  негізгі  мақсаты  болып 
табылатындығын» баяндайды [2,38,32-б.].  
Сонымен  информатиканы  оқытудың    мақсаттарына  әдеттегіден 
тыс  түсінік  беріледі  -  «ол  ЭЕМ-де  ақпаратпен  жұмыс  істеу 
шеберлігі:  ақпаратты  жазу,  оқу,  санау  және  сурет  салу,  іздеу, 
жинау және компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеу» [2]. 
                                                 
1
 Талызина  Нина  Федоровна  (28.12.1923)  —    психология  ғылымының  докторы,  профессор, 
ССРО ПҒА-ң корреспондент мүшесі. 

 
27 
Информатика  курсын  оқыту  тәжірбиелерін  таңдау,  мектепте 
информатиканы  оқыту  мақсатының жаңа түсінігі  – мектептегі оқу 
процесіндегі  ақпараттық  мәдениетті  қалыптастыру  мен 
информатика  негіздерін  меңгеруді  бірнеше  кезеңге  бөлу  қажеттілігін 
туындатты.  
Сонымен  орта  мектепте  информатикадан  үздіксіз  білім  беру 
мақсатында  оны  оқыту  төменгі  сатыларға  түсірілді.  11  жылдық 
мектепте информатиканы оқытудың жаңа мақсатын жүзеге асыру үш 
кезеңді қамтиды: 

 
Бірінші  кезең  (I-VІ)  –  пропедевтикалық.  Бұл  кезеңде 
оқушылар  компьютермен  алғаш  танысады,  ойын  бағдарламаларын 
және  қарапайым  компьютерлік  жаттықтырушыларды  математика, 
физикада    және  т.б.  сабақтарда  қолдануда  ақпараттық    мәдениеттің  
алғашқы әлементтері қалыптасады. 

 
Екінші  кезең  (VІІ-ІХ)    –  негізгі  курс,  оқушылардың 
информатикадан  жалпы  білім  алуы  негізін  қамтамасыз  етеді.  Ол 
оқушылардың  есептерді  шешудегі  ақпараттық  технологияның  әдіс- 
тәсілдерін  меңгеруге,  кәсіптік,  оқу    әдістеріне    компьютерді  тиімді 
және саналы қолдануға дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. 

 
Үшінші кезең  (Х-ХІ) – оқушыларды информатика саласында  
қызығушылығына  байланысты  және    кәсіптік  дайындық  бағыттары 
көлем бойынша кәсіптік сараланған оқыту ретінде білімнің жалғасуы.  
Оқушылардың  информатиканы  ертерек  үйренуіне  байланысты 
мектептегі  барлық  оқу  пәндерін  оқып-үйренуде  жаңа  ақпараттық 
технологияның  әдістері  мен  тәсілдерін  жүйелі  қолдану  мүмкіндігі 
жоғарылайды. 
Міне,  бұл  фактор  информатика  саласында  оқушыларға  білім 
берудің  мақсатын  қайта  бөлу  мәселесін  қамтамасыз  етеді. 
Сондықтан  кіші  сыныптардан  бастап  компьютерді  барлық  пәндерді 
оқытуға 
қолдану 
оқушылардың 
компьютерлік 
сауаттылық 
икемділіктері  жалпы  оқыту  сипатына  ие  болады  және  ол  тек 
информатика  курсында  ғана  емес,  барлық  оқу  пәндерінде 
қалыптасады.  Айтылғандардан  шығатыны,  информатика  курсы 
төмендегенде  компьютерлік  сауаттылықтың  көптеген  компоненттері 
ерте, әрі басқа пәндер арқылы қалыптаса бастайды.  
Төменде  жалпы  білім  беретін  мектептерде  информатиканы 
оқытудың  жобаланған  мақсаттарының  толық  сипаттамасы 
келтірілген [2]: 
1. Ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыру. 
Бұл  жағдайда,  ең  алдымен  әңгіме:  әлемнің  қазіргі  кездегі 
ғылыми  бейнесі  құрылатын,  ғылымның  үш  негізгі  ұғымдарының:   

 
28 
зат,  әнергия,  ақпараттың  біреуі  ретіндегі  ақпарат  туралы  түсінікті 
қалыптастыру  туралы;  табиғаты әртүрлі  өзін-өзі  басқару  жүйелерінің 
құрылысы  және  жұмыс  істеуінің  ақпараттық  принциптерінің  бірлігі 
туралы. 
2.  Ақпаратпен  жұмыс  істеудің  жалпы  оқулық  және  жалпы 
мәдени дағдыларын қалыптастыру. 
Мұнда ақпарат көздерін сауатты қолдану икемділігі, ақпараттың 
дұрыстығын  бағалау,  ақпарат  пен  білімнің  байланысы,  ақпараттық 
процесстерді дұрыс ұйымдастыру икемділігі, ақпараттық қауіпсіздікті 
бағалау туралы. 
3. Оқушыларды мамандыққа дайындау. 
Мамандыққа  көзқарастың  өзгеруіне  және  экономикадағы 
ақпараттық  сектор  үлесінің  өсуіне  байланысты  оқушыларды 
ақпаратты  өңдеумен  шұғылданатын  іс-әрекеттің  әртүрлі  саласына 
дайындау  қажет  болып  отыр.  Бұл  ақпараттандыру  және  ақпараттық 
технологиялар  құралдарын  меңгеруді  өзіне  қосып  алады.  Басқару 
саласында 
алғашқы 
дайындықтың 
қажеттігін 
ерекше 
атап 
көрсеткеніміз жөн. Көптеген технологияға байланысты дамыған елдер 
мұнда  мемлекеттік  және  экономикалық  дамудың  табысты  кепілін 
көретіні белгілі. 
4.  Ақпараттың  және  коммуникациялық  технологияларды 
меңгеру  үздіксіз  білім  беру  жүйесіне  өтудің  қажетті  шарты 
ретінде. 
Мұндай  дайындықтардың  қажеттілігі  үздіксіз  білім  беру 
ерекшеліктерінен: жекелей білім беру бағыттарының жүзеге асуынан, 
білім  беру  процестерінің  саралануынан,  оқыту  құралдары  рөлінің 
күшеюінен  шығады.  Оқушыларға  информатикалық  білім  беру 
мақсатына  неғұрлым  толық  түрдегі  қазіргі  көзқарастар  ғасырлар 
тоғысында қаралған 12 жылдық мектеп тұжырымдамасының [2], [22] 
[26] негізделуімен байланысты жарыққа шықты.  
Информатиканың  және  ақпараттық  процестердің  табиғат  пен 
қоғам  дамуындағы  орнын  философиялық  қайта  болжау  жүзеге 
асырылуда,  ақпараттық  ыңғайдың  ғылыми  таным  тәсілі  ретіндегі 
жалпы ғылыми мағынасын түсіну өсіп келеді. 
1.6. Информатика негіздерін оқытуға қажетті құжаттар  
Жалпы  білім  берудегі  оның  ішінде  информатиканы  оқытуға 
қажетті нормативті құжаттарға мыналар жатады: 
-
 
ҚР  «Білім  туралы»  Заңы  –  бұл  білім  берудегі  ең  басты 
нормативті құжат; 
-
 
Мемлекеттік  білім  стандартында  –  жалпы  білім  берудің 

 
29 
негізгі  бағдарламасының  мазмұнынының  міндетті  минимумын 
анықтайтын мөлшер мен талаптар, білім алушының оқу жүктемесінің 
максимальды  көлемі,  білім  беретін  мекемелерді  бітірушілердің 
дайындық  деңгейі,  сондай-ақ,  білім  беру  процесін  қамтамасыз  етуге 
қойылатын  негізгі  талаптар  (оның  ішінде  оның  материалдық-
техникалық,  оқу-зертханалық,  ақпараттық-әдістемелік,  кадрлық 
жабдықтау)  айқындалады. 
Жалпы  білім  берудің  Мемлекеттік  стандарты  төмендегі 
қызметтер түрлерін:   
-
 
барлық  азаматтардың  бірдей  мүмкіндікте  сапалы  білім 
алуын; 
-
 
Қазақстан Республикасында білім кеңістігінің бірдейлігін; 
-
 
білім  алушының  шамадан  көп  жүктемеден,  олардың 
психикалық және физикалық денсаулығын сақтауын қорғауды; 
-
 
білім  беру  бағдарламаларының  жалпы  білім  берудің  әр 
сатысындағы сабақтастығын, кәсіптік білім алу мүмкіндігін; 
-
 
білім алушының әлеуметтік қорғалуын; 
-
 
педагогтардың 
әлеуметтік 
және 
кәсіби 
қорғалуын 
қамтамасыз етеді. 
Мемлекет  білім  беру  мекемелеріндегі  мемлекеттік  стандартпен 
айқындалып  берілетін  жалпы  білімнің  қолжетімділігіне  және 
ақысыздығына  кепілдік береді.  
Жалпы білім берудің мемлекеттік стандарты:   
-
 
 базистік  оқу  жоспарын  дайындаудың,  бастапқы,  жалпы 
негізгі  және  жалпы  орта  білім  берудің  оқу  бағдарламаларын,  білім 
беру 
мекемелерінің 
оқу 
жоспарларын, 
оқу 
пәндерінің 
бағдарламаларын жасаудың; 
-
 
білім беретін мекемелерді бітірушілердің дайындық деңгейін 
объективті бағалаудың; 
-
 
білім беретін мекемелердің қызметін  объективті бағалаудың; 
-
 
ҚР  аумағында  жалпы  білім  беру  туралы  құжаттың 
эквиваленттілігін (нострификация)  орнатудың; 
-
 
білім  беретін  мекемелерде  оқу  процесін  айқындайтын,  оқу 
бөлмелерін  жабдықтауға  қойылатын  талаптарды  орнатудың  негізі 
болып табылады. 

 
Базистік  оқу  жоспары    (БОЖ)  –  негізгі  мемлекеттік 
нормативті  құжат  ретінде,  мемлекеттік  стандарттың  құрама  бөлігі 
болып, сондай-ақ нақты білім беретін мекемелердің оқу жоспарының 
негізі  және  оның  финанстық  жабдықталуының  басты  құжаты  болып 
табылады; 

 
Білім  беретін мекемелердің оқу  жоспары  – БОЖ негізінде 

 
30 
дайындалады. 

 
Оқу бағдарламасы – оқу пәні бойынша білім, біліктілік және 
дағды  мазмұнын,  негізгі  дүниетанымдық  ілімді  оқыту  логикасын 
ашатын,  оларды  оқытуға  жұмсалынатын  уақыт  мөлшері,  тақырыптар 
реті мен сұрақтар көрсетілген нормативті құжат. 

 
Бұйрықтар, жарлықтар, әдістемелік хаттар т.б.  – білім 
беру басқармалары шығаратын  құжаттар. 
Сонымен,  ҚР  «Білім  туралы»  Заңының  талаптарына  сай 
стандартта мыналар болуы керек: 
–  әрбір  мектептің  оқушыға  беретін  білім  мазмұнының  ең  аз 
(базалық) көрсеткіші;  
– оқушының білім деңгейіне қойылатын талаптар; 
–жалпыға  бірдей  білім  стандартының  талаптарына  сәйкес, 
оқушылардың жетістіктерін бағалайтын тәсілдер. 
Мектептегі  білім  сапасын  жақсарту  мақсатында  оқушыларға 
берілетін білім мазмұны білім мен білімділікке қойылатын талаптарды 
белгілейтін нормативтік құжат – пән стандартты болып табылады.  
Базистік  оқу  жоспарына  сәйкес  информатикаға  бөлінген  сағат 
санының  қысқалығына  байланысты  білімге  қойылатын  талаптар  да 
қайта қаралып нақтыланады.  
Стандарт  құрылымы  талапқа  сәйкес  төмендегідей  бөлімдерден 
тұрады: 
-
 
қолданылу аймағы; 
-
 
нормативті  сілтемелер;  анықтамалар  мен  қысқартылған 
сөздер; 
-
 
жалпы ережелер, информатика пәнінің жалпы сипаттамасы; 
-
 
оқу бағытының түрлері мен мазмұны; 
-
 
информатикадан оқу жүктемесінің көлемі; 
-
 
информатикадан білім берудің базалық мазмұны; 
-
 
оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар; 
-
 
оқу үрдісін ұйымдастыру мен оны жүзеге асыру шарттарына 
қойылатын талаптар. 
Қазіргі  жалпы  білім  беретін  мектептерде  информатика  курсын 
үздіксіз 
оқытудың 
төмендегідей 
құрылымы 
ұсынылады: 
пропедевтикалықбазалық  (негізгі) және бағдарлы  кезеңдер.  
Бірақ,  бұл  ұсынысты  барлық  мектептер  толық  меңгермейді, 
мектептің спецификасына байланысты біреулері – толық, ал біреулері  
толық емес.  
Информатика курсы бойынша мектептегі білімнің негізгі өзегі – 
информатиканың  базалық  курсы,  өйткені  информатика  бойынша 
білім  беру  стандартының  жобасына  сәйкес  базалық  курс  «оқушының 

 
31 
информатика  бойынша  дайындығының  міндетті  жалпыбілімдік 
минимумы » болып табылады. 
Мектептегі  информатика  пәнін  негізінен  іске  асыратыны 
информатиканың  базалық  курсы,  себебі  информатикадан  білім  беру 
жобасының  стандарты  бойынша,  базалық  курс    информатикадан 
оқушылардың 
дайындықтарының 
міндетті 
жалпы 
білімдік 
минимумын қамтамасыз етеді. 
Информатиканың  базалық  курсының  құрылымын  мына 
мазмұндық сызықтар (бағыттар)  құрайды: 
1)
 
ақпарат және ақпараттық процесстер сызығы; 
2)
 
ақпаратты ұсыну сызығы; 
3)
 
компьютер бағыты сызығы; 
4)
 
формализациялау және модельдеу сызығы; 
5)
 
алгоритмдеу және бағдарламалау сызығы; 
6)
 
ақпараттық технологиялар сызығы. 
Базалық  курс  міндетті  білім  берудің  элементі  ретінде  ол 
қолжетімді  болуы  тиіс.  Қолжетімділік  екі  аспект  бойынша 
түсіндіріледі: біріншіден, курстың теориялық материалы пәнді оқитын 
оқушының  білімі  мен  дамуы  деңгейіне  сәйкес  болуы,  екіншіден
жалпы  білім  беретін  мектептер  үшін  оқытуды  қамтамасыз  ететін 
қажетті компоненттердің бәрі болуы керек. 
Информатиканы оқыту деңгейі, басқа пәндермен салыстырғанда 
оның  қамтамасыз  етілу  деңгейіне  байланысты.  Ең  басты  мәселе 
пәннің техникалық және бағдарламалық қамтамасыз етілуі.  
Информатиканың  базалық  курсын  оқыту  әдістемесінің 
мәселелерін  талдай  отырып,  біз  ҚР  Білім  министрлігі  ұсынған, 
баспадан шығарылып жалпы білім беретін орта мектептерге арналған  
республикалық  оқулықтар  жиынына  енгізілген    оқулықтар  мен  оқу 
құралдарына сүйенеміз. 
Каталог: modules -> kaf -> inf -> images
kaf -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
kaf -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
kaf -> Ерғалиев Қуаныш Советұлы Ерғалиева Самал Жанатқызы КӘсіби қазақ тілі «Дене шынықтыру және спорт»
kaf -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
images -> А. Ж. Асамбаев криптография негіздері


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет