Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова


  Мектептегі  информатика  пәні  тарауларының  мазмұны



жүктеу 1.71 Mb.
Pdf просмотр
бет4/19
Дата18.03.2017
өлшемі1.71 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

1.7.  Мектептегі  информатика  пәні  тарауларының  мазмұны  
мен құрылымы 
Негізгі  мектепте  информатиканы  оқытуда  берілетін  білім 
мазмұнының құрылымы төмендегідей
1)
 
Ақпараттық үрдістер, ақпараттың ұсынылуы: 

 
адам  өмірінде,  тірі  табиғатта,  техникада  ақпаратты 
пайдалану, тарату, түрлендіру және сақтау; 

 
ақпараттың сандық өлшемі, ақпараттың өлшем бірліктері; 

 
тіл  ақпаратты  ұсыну  тәсілі  ретінде,  ақпараттың  екілік  түрде 
ұсынылуы және оның ерекшеліктері мен артықшылықтары; 

 
32 

 
компьютердегі  бұйрықтарды  және  мәліметтердің  берілу 
принциптері. 
2)
 
Алгоритмдеу және бағдарламалау: 

 
алгоритмдер,  алгоритмдердің  қасиеттері,  алгоритмдерді 
атқару арқылы адам қызметін автоматтандырудың мүмкіндіктері; 

 
шама:  атауы  және  мәні,  шамалардың  типі,  мәліметтердің 
негізгі құрылымы; 

 
алгоритмдердің  негізгі  құрылымы  және  оны  алгоритм  құру 
үшін пайдалану, алгоритмдер кітапханасы; 

 
мектептік алгоритмдік тіл (немесе бағдарламалау тілі). 

 
компьютерде  есеп  шығару  кезеңдері:  есептің  қойылысы, 
модель құру, алгоритм жазу және атқару, нәтижелерді талдау; 
3)
 
 Компьютер және оны бағдарламалық қамтамасыз ету: 

 
ЭЕМ  жұмысын  басқаруды  ұйымдастыру,  компьютердің 
негізгі  құрылымының жалпы жұмыс істеу принципі; 

 
ЭЕМ-де бағдарламаның автоматты түрде атқарылу принципі; 

 
ЭЕМ- ді бағдарламалық қамтамасыз етудің түрлері (базалық 
бағдарламалық қамтамасыз ету, трансляторлар, бағдарламалау тілдері, 
саймандары, қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету). 
4)
 
Формальдау және модельдеу негіздері: 

 
формальдаудың негізгі принциптері; 

 
компьютерлік модель құру және оны пайдалану. 
5)
 
Ақпараттық технологиялар: 

 
мәтіндік,  графикалық  редакторларды  пайдалану,  мәліметтер 
қоры, электрондық кестелер; 

 
телекомуникациялар,  әртүрлі  типтегі  телекомуникациялық 
желілер  (жергілікті,  аймақтық,  аумақты),  оның  қызметтері  және 
мүмкіндіктері, электрондық телекоммуникациялар; 

 
мультимедиа технологиялары. 
6)
 
Әлеуметтік информатика: 

 
Ақпараттық  ресурстар  қоғамның  әлеуметтік-экономикалық 
және мәдени дамуының негізі ретінде; 

 
ақпараттық технологияның қоғамдағы рөлі; 

 
әлеуметтік  ақпараттық  технологияның  (АТ)  ерекшеліктері 
мен түрлері; 

 
ақпарараттық қаупсіздіктің өзекті мәселелері. 
Бұл  жалпы  білім  беретін  орта  мектепте  информатика  курсы 
бойынша  берілетін  білім  мазмұны.  Әрбір  мәселені  оқыту  тереңдігі 
мен деңгейі, оқушылардың білімі, іскерлігі мен дағдысына қойылатын 
талаптарды  анықтау  осы  пән  бойынша  мемлекеттік  білім  беру 
стандартына  сәйкес  жасалады.  Ал,  материалдың  жүйелі  баяндалуы, 

 
33 
логикасы    мектепте  информатиканы  оқытудың  әдістемесін  жасайтын 
оқулық  авторлары,  мұғалім,  әдіскер,  ғылымдардың  жұмысы  болып 
есептеледі.  
1.8. Информатиканы оқытуда мұғалімнің рөлі  
Ақпараттық  және  коммуникациялық  технологиялардың  (АКТ) 
қоғамның барлық саласына белсенді түрде енуі білім беру жүйесін де 
шет қалдырмады. Адамдарды ақпараттық қоғам өміріне даярлау үшін, 
осы жаңа қоғамның технологияларын үйрету қажет.  
Мектепте  компьютер  мен  АКТ-нің  пайда  болуы  білім  берудің 
негізгі  субъектілері  –  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  қарым-
қатынастың  өзгеруіне  әкелді.  Оқушы  біршама  еркіндікке  ие  болды, 
яғни  ол  қажетті  ақпараттық  кеңістік  шеңберінде  қала  отырып, 
әзірленген  ережелер  шегінде  ақпаратпен  алмасудың  бастамашысы 
бола бастады.  
Педагогикалық  әрекеттің  көп  бөлігін  өзіне  міндеттеп  алған 
интерактивті педагогикалық құралдарды пайдаланатын  компьютерлік 
оқыту  технологиясының  таралуына  орай,  мамандар  арасында 
мұғалімнің  рөлі  мен  міндеттерінің  ықтимал  өзгерісі  туралы  пікір-
талас  болып  жатады.  Сабақ  барысында  мұғалім,  оқушылар  алдында 
баяндаушы рөлінде емес, кеңесші немесе нұсқаушы кейпіне енеді. 
Компьютерлік  оқыту  бағдарламалары  «әңгімелесу»  диалог 
режімінде  тағы  бір  –  «компьютер-оқушы»  жүйесін  қалыптастырды. 
Оқушының  интерактивті  режімде  ұзақ  уақыт  бойы  мұғалімінің 
қатысуынсыз  компьютермен  тікелей  қарым-қатынас  жасау  арқылы 
оқуы  –  бұл  оқытудың  жаңа  түрі  болып  табылады.  Жақсы  оқытушы 
бағдарламалар  белгілі  бір  шектеулеріне  қарамастан  оқушыға  дербес 
қарым-қатынасты  қамтамасыз  еткенімен,  адами  қарым-қатынасты 
ауыстыра алмайды.   
Оқушыға  білім  алудың  көптеген  бағыттарын  ұсынатын 
гипермәтіндік  технологиялардың  пайда  болуы,  оқытуда  компьютерді 
қолданудың  жаңа  кезеңі  болып  саналады.  Осыған  орай  оқушының 
танымдық  әрекетінің  беталысынан,  білім  алуды  өздігінен  басқаруға 
ауысуы байқалады.  
Қазіргі  информатика  мұғалімі  өз  пәнін  үйретіп  қана  қоймай, 
АКТ-ні  пәндік  сабақтарға  енгізіп,  пән  мұғалімдеріне  сабаққа 
дайындалу  кезінде  компьютерлік  техниканы  пайдалануына  көмек 
беруі  тиіс.  Компьютерлік  сыныпта  өтетін  сабақтар  ашық-жарқын, 
қызықты  және  есте  қаларлықтай  болып  өтеді.  Бірқатар  мамандардың 
айтуынша, ақпараттық технологиялар сабақтың тиімділігін арттырып, 
оқушылардың білімін бақылауға мүмкіндік береді.  

 
34 
Ақпараттық 
технологиялар 
білім 
беруді 
адамзаттан 
алшақтатады  деген  үрейдің  іс  жүзінде  жаны  жоқ,  керісінше, 
компьютерлік  сыныпта  сабақ  өткізген  мұғалімдер  оқушылардың 
компьютермен  жұмыс  істеуге  құмар  екендігіне,  талап  етілген 
нәтижені  алған  кезде  қандай  қуаныш  сезімінде  болатындығына  көз 
жеткізді,  мұндағы  басты  қиындық  сабақты  уақытылы  аяқтау  болып 
табылады.  Техника  мұғалімдердің  орнын  басады  деген  теріс  түсінік 
негізсіз,  қайта  ақпараттық  технологиялар  мұғалімдердей  бола 
алмайды да, олардың талантын, шығармашылық қабілеттерін бағалай 
алмайды.  
Оқушының  компьютерде  жұмыс  істеуі  кезінде  басты  рөлді 
мұғалім  атқарады,  себебі  оның  білімі  де,  тәжірибесі  де  мол,  енді  ол 
оқу  үрдісінің  –  ұйымдастырушысы,  кеңесшісі,  сарапшысы.  Мұғалім 
оқу  және  қарым-қатынас  ортасын  ұйымдастыру  ережелерін  ойлап 
табады.  Әйтсе  де  енді  ақпаратпен  алмасуда  бастамашы  жалғыз 
мұғалім  ғана  емес:  оқу  жағдайына  байланысты,  ол  оқу 
бағдарламасына  әдістемелік  амалдарды,  қарым-қатынас  түрлерін 
өзгерте  алады.  Оның  басты  міндеті,  білім  алудың  жайлы  ортасын 
қалыптастыру болып табылады.  
Компьютерлік  технологиялар  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы 
диалог  режіміне  сәйкес  қарым-қатынас  пен  ынтымақтастықтың  жаңа 
амалдарын  құрайды.  Компьютер  мен  педагогикалық  бағдарламалық 
құралдар  бұрыннан  қалыптасқан  қызметтерді  (тренаж,  мәтіндік 
бақылау  және  т.б.)  өзіне  міндеттеп,  мұғалімге  неғұрлым 
шығармашылық,  оқыту,  тәрбиелеу  және  дамытудың  нағыз  адами 
міндеттерін  қалдыра  отырып,  мұғалімге  жұмыс  стилін  жетілдіруге 
көмек  береді.  Пікір-талас  жүргізу,  пайымдауды  мадақтау,  пәнді 
қолдау,  оқушыларға  алуан  түрлі  материалдарды  түсіндіру  кезінде 
қажетті  бөлшектеу  деңгейін  таңдай  білу  сияқты  оқу-тәрбиелік 
үрдістің  маңызды  компоненттерінде  мұғалім  әлі  де  (мүмкін  өмір 
бойы)  компьютерден  әлдеқайда  күштірек  болады.  Компьютер, 
мұғалімнің  оқушымен  және  оның  ата-анасымен  жеке  сұхбаттасуын 
ауыстыра алмайтынын айтпағанда.  
«Барлық  пікірлер  бір  ғана  басты  тезиске  келіп  тіреледі: 
мұғалімнің  рөлі  компьютерлік  оқыту  кезінде  де  сақталады, 
компьютердің  рөлі  қай  кезде  де  мұғалім  мен  оқушының  сенімді  әрі 
жақын  көмекшісі  ретінде  ғана  болып  қалады»  [26],  басқа  да  оқыту 
құралдары сияқты әдістемелік құрал болып есептеледі.  
Қорыта  айтқанда,  компьютерлік  оқыту  үрдісінде  басты  рөлді 
информатика  мұғалімі  атқарады,  сол  себепті  ол  жаңа  жетістіктер 

 
35 
туралы  тұрақты  ақпаратқа,  тәжірибемен  алмасуға,  оқытудың 
материалдық базасын жақсартуға әрдайым мұқтаж болады.  
1.9. Семинар сабақтарын өткізуге ұсыныстар 
1-семинар  
Тақырыбы «Информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесі» 
Мақсаты
1) ИОӘ курсы пәнімен және оның міндеттерімен танысу; 
2)
 
 мектеп  информатикасы  курсының  құрылымы,  мақсаты  мен 
міндеттері; 
3)
 
 информатиканың  ғылым  ретінде  дамуының  тарихын  оқып 
үйрену. 
Қарастырылатын сұрақтар : 
1.
 
Информатиканы  оқыту  әдістемесі  педагогикалық  ғылымның 
бір бөлімі және мұғалімдерді даярлауға қажетті оқу пәні ретінде. 
2.
 
 Қазіргі  заманғы  информатитка  пәні  мұғалімі  қандай  болуы 
керек? 
3.
 
 Мектеп 
информатикасының  дамуының  тарихи  алғы 
шарттары.  
4.
 
Информатиканы 
оқыту 
мазмұны 
мен 
мақсатының 
динамикасы. 
5.
 
 Информатиканың  жалпы  білім  беретін  мекептегі  оқу  пәні 
ретінде. Мектептегі информатика курсының  құрылымы. 
6.
 
 Орта  мектепте  информатиканы  оқытудың  мақсаты  мен 
міндеттері. 
7.
 
 Информатиканың  мектептегі  басқа  пәндердің  мазмұны  мен 
оқыту әдістемесіне әсері. 
2-семинар  
Тақырыбы «Информатика курсының қазіргі кездегі мәселелері» 
Мақсаты: 
мектептегі 
информатика 
курсының 
даму 
тенденциясын оқып үйрену, оның қазіргі кездегі  жағдайы және даму 
болашағы. 
Қарастырылатын сұрақтар: 
1.
 
Информатиканы  оқытудың  жеке  даралықтығы  мен  диффе-
ренциациясы. 
2.
 
Орта  мектепте  информатиканы  оқытудың  үздіксіздігі  мен 
сабақтастығы. 
3.
 
Информатиканың 
пропедевтикалық 
курсы: 
мақсаты, 
міндеттері, оқыту әдістемесінің ерекшелігі. 
4.
 
Негізгі  мектептегі  информатика:  негізгі  курс  и  элективті 
курстар (мақсаты, міндеттері, оқыту әдістемесінің ерекшелігі). 

 
36 
5.
 
Жоғарғы сыныптардағы информатика: негізгі және бағдарлы 
деңгей (мақсаты, міндеттері, оқыту әдістемесінің ерекшелігі). 
6.
 
Әртүрлі 
жастағы 
оқушылардың 
психологиялық, 
физиологиялық ерекшеліктері. 
7.
 
Мектеп информатика  курсының даму тарихы мен болашағы. 
Әдебиеттер: 
1.
 
Бидайбеков Е.Ы., Лапчик М.П., Беркімбаев К.М., Сағымбаева 
А.Е.  Информатиканы  оқыту  теориясы  мен  әдістемесіне  кіріспе:  Оқу 
құралы. – Алматы, 2008. – 280 бет. 
2.
 
Бочкин А.И. Методика преподавания информатики. – Минск: 
Вышэйшая школа, 1998. 
3.
 
Қойбағарова  Т.Қ.,  Ельтинова  Р.А.  Информатиканы  оқыту 
әдістемесі: Оқу құралы. І-ІІ-бөлім. Павлодар: ПМПИ, 2012. – І-бөлім. 
195 бет. ІІ -бөлім. 214 бет.  
4.
 
Лапчик  М.П.  и  др.  Методика  преподавания  информатики.  – 
М.: Академия, 2001. – 624 с. 
5.
 
Малев  В.В.  Общая  методика  преподавания  информатики.  – 
Воронеж: ВГПУ, 2005. – 271 с 
6.
 
Веб-сайт: http://www.infojournal.ru. «Журнал «Информатика и 
образование».  
7.
 
Веб-сайт:  http://inf.1september.ru.  Газета  «Информатика» 
(приложение к газете «Первое сентября»).  
 
 

 
37 
2-тарау. Информатиканы оқытуды ұйымдастыру 
Оқытуды ұйымдастырудың негізгі қағидалары 
Оқытуды  ұйымдастырудың  негізіне  мына  айқындалған 
қағидалар жатады: 
-
 
үздіксіздік – оқытудың барлық кезеңдеріндегі сабақтастықты 
есепке  ала  отырып,  оқытудың  мазмұндылығы  мен  білімді 
бақылаушылық жүйесін құру арқылы жасалады; 
-
 
сызықты  емес  –  білім  беру  үрдісінің  қатысушыларының 
мүмкіндіктері  мен  әлеуметтік  тапсырысқа  қатысты,  оқыту  мен  
бақылау жүйесінің дамуы мен мазмұнын өзгертуге рұқсат етіледі;   
-
 
өзін-өзі  ұйымдастыру – оқытуды ұйымдастырудың оңтайлы 
өзін-өзі  жоғарылататын  моделін  таңдау  мүмкіндігін  ұсыну  арқылы 
жасалады; 
-
 
ашықтығы  –  пәнаралық  тәсілде  оқытудың  мазмұнын 
құрумен  негізделеді  және  бағдарлама  мен  бақылау  жүйесін  дайын 
ақпараттық блоктардан жобалау мүмкіндігін болжайды. 
2.1 Әдістеме және оқыту технологиясы  
Қазіргі  білім  берудің  ең  басты  мақсаттарының  бірі  – 
оқушыларды өмірге бейімдеу, өз бетімен  білім алуға дағдыландыру, 
алған білімін жасампазды қолдануға икемдеу екені белгілі.  
Педагогикада,  дәстүрлі  педагогикалық,  әдістемелік  және 
дидактикалық  жүйелерге  қарағанда,  педагогикалық  технологиялар 
немесе оқыту технологиялары зор маңызға ие болып озық дамуда.  
«Педагогикалық  технология»  термині  шетелде,  өткен 
ғасырдың  60-жылдарында    пайда  болды.  Содан  бері  әр  елдерде, 
мысалы АҚШ-та, Жапонияда «Педагогикалық технология», Англияда 
«Педагогикалық  технология  және  оқыту  процессі»  журналдары 
баспаға  шыға  бастады.  Ал  ЮНЕСКО-ң  халықаралық  білім  беру 
бюросының  бюллетені  «Педагогикалық  технологиялар»  топтамасын 
шығарды.   
«Оқыту  технологиясы»  ұғымы  60-жылдардың  аяғында  пайда 
болып,  70-жылдары  көптеген  жақтаушыларға  ие  болды.  Қазіргі 
уақытта, ол педагогикалық сөздікке бекем енді.  Әйтсе де, оны түсіну 
және  қолдану әртүрлі болуда. 
Қазіргі  заманның  педагогикалық  теориясында  жаңа  оқыту 
технологиясын мектепке енгізуде бірінші зерттеу жүргізген академик 
В.  Беспалько  [1]  болатын.  Оның  айтуы  бойынша  –  «Педагогикалық 
технология – бұл оқу үрдісін жүзеге асырудың мазмұнды техникасы»   
Ал  жаңа  технологияның  жеке  сүрақтарын  зерттеген  және 
«Модулді  оқыту технологиясын» енгізген В.М. Монаховтың  пайымы 

 
38 
бойынша  –  «Педагогикалық  технология  –  бұл  оқушы  мен  мұғалімге 
барлық  жағдай  жасау  арқылы  оқу  үрдісін  жобалау,  ұйымдастыру 
және  өткізу  бойынша  бірлескен  педагогикалық  іс-әрекеттің  жан-
жақты ойластырылған моделі»   
«Педагогикалық  технология  –  техникалық  және  адами 
ресурстарды,  олардың  өзара  байланысын  ескере  отырып,  оқыту 
және  білімді  игерту  үрдістерін  құрайтын,  қолданатын  және 
белгілейтін,  білім  беру  түрлерін  оңтайландыруды  міндет  санайтын 
жүйелі әдіс» (ЮНЕСКО). 
Дегенмен,  әдебиеттерде,  мысалы:  «массив  ұғымын  енгізу 
әдістемесі»,  «бағдарламалауға  оқыту  әдістемесі»,  «ақпараттық 
технологияларды оқыту әдістемесі» және т.б. сөз тіркестері кездеседі. 
Мұндағы  «әдістеме»  ұғымы  мүлдем  басқа  мағына  беретіні  анық,  ол 
«алгоритм», «әдіс», «технология» түсініктеріне жақын.  
Осыған 
байланысты, 
«әдістеме» 
және 
«технология» 
ұғымдарын бөлу мәселесі туындайды.  
А.В. Хуторской айтқандай, «оқыту теориясы „бәріне барлығын“ 
(жалпы  дидактика)  және  жеке  оқу  пәнін  оқыту  немесе  белгілі  типті 
мекемелерінде  оқыту  теориясы  (дербес  дидактикалар)  болып 
ажыратылады.  Дербес дидактикалар ... оқыту мәселелерін сәйкес  оқу 
пәндеріне қарай үйлестіреді және де әртүрлі деңгейде – бала бақшадан 
бастап  орта  және  жоғарғы  оқу  орындарына  дейін.  Дербес 
дидактикаларды оқыту әдістемелері деп те атайды... Олардың мақсаты 
– сәйкес оқу пәнін немесе пәндер тобын оқыту үрдісінде оқушыларды 
дамыту  және  тәрбиелеу,  оқыту  құралдары  және    жолдары 
заңдылықтарын зерттеу» [45, 9–21б.].  
Г.К.Селевко 
педагогикалық 
технология 
ұғымының 
үш 
иерархиялық деңгейін бөліп көрсетеді [41]: 
-
 
бүтіндей 
білім 
беру 
үрдісін 
сипаттайтын 
жалпы 
педагогикалық  немесе  жалпы  дидактикалық  деңгей  (аймақта,  оқу 
орнында, оқу деңгейінде), синонимі – «педагогикалық жүйе»; 
-
 
бір  пән,  сынып,  мұғалім  және  т.б.  аясындағы  білім  беру 
үрдісін сипаттайтын жеке әдістемелік немесе пәндік деңгей, синонимі 
– «жеке әдістеме»; 
-
 
оқшауланған  немесе  модульдік  деңгей,  яғни  оқу-тәрбиелік 
үрдістегі  жеке  элементтер  технологиясы  (ұғымдарды  қалыптастыру, 
бақылауды ұйымдастыру, жаңа білімді игеру және т.б.).  
Сонымен мынадай бастапқы тұжырымды қабылдайық: 
Информатиканы 
оқыту 
теориясы 
мен 
әдістемесі 
(информатиканы  оқыту  әдістемесі)  –  кез  келген  жас  шамасында 
және  кез  келген  ұйымдастырушылық-әдістемелік  оқыту  түрінде 

 
39 
информатиканы үйрету объектісі болып табылатын педагогикалық 
ғылым [27].  
«Технология»  сөзі  грек  тілінде  «techne»  –  өнер,  шеберлік  және 
«logos»  –  ғылым,  заң  дегенді  білдіреді.  Сөзбе-сөз  аударғанда, 
«технология» – шеберлік туралы ғылым болып табылады. Кез келген 
технологияның  негізгі  өзіндік  белгілері  болады:  ол  процессуалды 
категорияға жатады; объектінің  жағдайын өзгерту әдістерінің жиыны 
түрінде ұсынылуы мүмкін; экономикалық үрдістерді тиімді жобалауға 
және пайдалануға бағытталады.  
Сонымен,  технологияның  әдістемеден  айырмасы,  мына 
сипаттамалардың болуымен анықталады: 

 
аспаптылығы  –  яғни,  мақсатқа  кепілді  жеткізетін,  қатал 
анықталған орындау нұсқамалар жүйесінің болуы; 

 
жаңғыртылымдығы (орысш. – воспроизводимость); 

 
кепілді және өлшемді нәтиженің болуы. 
Технологиялық  оқытудың  мәселелерін  қарастырудың  осыған 
ұқсас  сипаттамалары  М.Е.  Бершадскийдің,  И.П.  Волковтың,  
В.В. 
Гузееваның, 
М.В. 
Клариннің, 
В.Ю. 
Питюкованың,  
В.П.  Тихомированың,  П.М.  Эрдниевтің  және  басқа  да  ғалымдардың 
еңбектерінде ұсынылған.  
Қазақстандық  педагог  зерттеушілерден  М.Ж.  Жадрина,  
Н.Н.
 
Нұрахметов,  Ж.А.  Қараев  (деңгейлеп  оқыту  технологиясы),  
Ж.У.  Кобдикова,  М.М.  Жанпеисова  (модульді  оқыту  технологиясы) 
атауға болады.  
Ресейлік және шетел авторларының (Б.П. Беспалько, Б.С. Блум, 
М.В. Кларин, И. Марев, Г.К. Селевко және тағы басқа) педагогикалық 
технологиялар 
мәселелері 
бойынша 
еңбектерін 
сараптаудың 
нәтижесінде,  педагогикалық  технологияға  ғана  тән  белгілер 
анықталды, олар [30]: 
Тұжырымдамалық (орысш. – концептуальность, ғылыми негіз) 
– әрбір педагогикалық технологияда білім беру мақсаттарына жетудің 
өзіне  лайық  белгілі  бір  ғылыми  негіздемесі,  ғылыми  концепцияға 
тірегі болуы тиіс.   
Жүйелілік    педагогикалық  технологияда  жүйенің  барлық: 
үрдістің  логикасы;  барлық  бөліктерінің  арасындағы  байланыс; 
тұтастық  белгілеріне ие болуы керек.  
Диагностикалық  мақсатты  құру  және  нәтижелілігі  – 
мақсаттарға кепілді жету және оқыту үрдісінің тиімділігі.  
Басқарылушылық    диагностикалық  мақсатты  тұжырымдау 
мүмкіндігі; жоспарлау; оқыту үрдісін жобалау; сатылық диагностика; 
нәтижелерді түзету үшін құралдармен және әдістермен түрлендіру.   

 
40 
Тиімділік  –  нәтижелер  тиімділігі  мен  шығынның  оңтайлылығы, 
қысқа мерзімде оқытудың жоспарланған нәтижелеріне жету кепілдігі.  
Іс  жүзінде  қолданымдылығы  (алгоритмденуі,  жобалануы, 
бүтіндігі,  басқарылымдылығы)  –  педагогикалық  технологияларды 
басқа  да  ұқсас  білім  беру  мекемелерінде,  басқа  субъектілермен 
қолданылу мүмкіндігі.  
Түзетілімдігі – тұрақты түрде жедел кері байланысу мүмкіндігі.  
В.П.  Беспалко  тіпті  басқа  қағиданы  ұстанып:  «белгілі  бір 
шартпен өтетін кез келген үрдістер осы шарттармен бірлесіп, жүйе 
деп  аталады... Педагогикалық  үрдістерді  іске  асыратын  жүйелерді, 
педагогикалық жүйелер деп атайды» – дейді [1,26-б.].  
Ол  педагогикалық  жүйелер  құрылымын  өзара  байланысқан  екі 
топқа  бөледі:  педагогикалық  тапсырмаларды  қалыптастыратын 
элементтер тобы (оқушылар, білім беру мақсаттары, білім мазмұны) 
және  педагогикалық  технологияларды  түзетін  элементтер  тобы 
(оқу  үрдісі,  оқытуды  ұйымдастыру,  мұғалім  және/немесе  оқыту 
құралы) [1,21-22 б.] (2.1-сурет). 
2.1-сурет.  Педагогикалық  жүйенің  құрылымы  (В.П.Беспалко 
бойынша). 
Педагогикалық 
технологиялардың 
терең 
мағынасын 
В.П.Беспалко былай түжырымдайды:  
1)
 
 кездейсоқтан шығып, алдын ала жобалауға көшу; 
2)
 
 оқушылардың  оқу-танымдық  әрекетінің  құрылымын  және 
мазмұнын дайындау; 
3)
 
 оқушылардың  жаңа  материалды  игеру  және  тұлғаның 
бүтіндей  даму  сапасын  объективті  бақылау  және  диагностикалық 
мақсат қою;  
4)
 
 оқу-тәрбиелік үрдіс компоненттерінің мазмұны мен құрылым 
бүтіндігінің қағидасын жүзеге асыру.  
Қазіргі  педагогикада  білім  беру  жүйесі  компоненттерінің 
 
Педагогикалық тапсырма  
Педагогикалық технология 
Әлеуметтік тапсырыс 
Мақсаттар 
Оқушылар 
Мазмұны 
Дидактикалық 
үрдіс 
Мұғалім 
Ұйымдастыру 
түрлері 

 
41 
(мақсаттардың,  мазмұнның,  әдістердің,  оқыту  түрлері  мен 
құралдарының)  тұтастығы  туралы  түсінік  қалыптасты.  Білім  беру 
мазмұны  білім  беру  технологиясының  маңызды  бөлігі  ретінде,  көп 
жағдайда  оның  процессуалдық  бөлігін  (әдістер  мен  құралдар 
жиынтығын) анықтайды.  
Нақты  пән  саласында  білім  беру  мазмұны  өзгерген  кезде, 
тиісінше  оқыту  мақсаттары  да  өзгереді,  ал  оған  байланысты 
әдістемелер мен оқыту технологиялары да өзгерері анық.  
Педагогикалық технологиялардың жіктелуі  
Педагогикалық  технологияларды  әртүрлі  белгілер  бойынша 
жіктеуге болады [27] (2.1-кесте).  
2.1-кесте. Педагогикалық технологияларды жіктеу белгілері 
Каталог: modules -> kaf -> inf -> images
kaf -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
kaf -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
kaf -> Ерғалиев Қуаныш Советұлы Ерғалиева Самал Жанатқызы КӘсіби қазақ тілі «Дене шынықтыру және спорт»
kaf -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
images -> А. Ж. Асамбаев криптография негіздері


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет