Тақырыбы: Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдаланылуын салыстырмалы талдау



бет1/10
Дата29.04.2023
өлшемі1,33 Mb.
#88392
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ҚазҰУ Жерге орналастыру 3 курс Жалын тобы


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті География және табиғатты пайдалану факультеті География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы



Тақырыбы: Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдаланылуын салыстырмалы талдау.

Топтың аты: «Жалын»


3-курс студенттері: Мырзабекова Ә.Ш.
Төлегенова Ә.С.
Тұрғанбай Ұ.Б.
Жетекші: аға оқытушы Дабылова Б. Е.
Алматы, 2023ж

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ…………………………….………………….…...........…..........4-5

  1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің түсінігі.................................4-5

2.Еліміздегі ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің бүгінгі күнгі жағдайы....................................................................................................................6-9
3.Ауылшаруашылығы алқаптарын салыстырмалы түрде талдау.................. 10-13
4.Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалануды бақылау.......14-15
5. Ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерді пайдалануда агроөнеркәсіптік кешендердің рөлі.................................................................................................16-17
6. Ауылшаруашылығын тұрақты дамыту мәселесі..........................................18-19
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………....……………………..20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………………….21

КІРІСПЕ



Мақсаты: Республикамыздың аумағындағы жерлердің нысаналы мақсаты бойынша дұрыс пайдаланылуын соның ішінде ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің ұтымды және тиімді пайдаланылуын салыстырмалы талдау.
Жер – біздің өміріміз үшін яғни адамзат үшін басты керекті материалдық ресурс. Еліміздегі жер қорының жалпы ауданы 272,5млн га. Жер – барлық адамзат баласының өмір сүруінің негізгі іргетасы. Жер дүние жүзінің басым бөлігін алып жатқан құрлық ресурcтары болса, су қоры, орман қоры, өсімдіктер мен жануарлар дүниeсі ажырамас бөлігі. Ұлтарақтай жер үшін қасық қаны қалғанша күрескен ата-бабалар тектен текке таласқан жоқ. Келер ұрпақ үшiн, оның салауaтты өмір сүруін қамтамасыз ету үшін, ел бірлігін сақтау үшін жер мәселесі қашанда өзекті болды. Мемлекетіміздің басты байлығы – оның экономикалық және әлеуметтік қолайлы негізі болып табылатын жер ресурстары.
Жерді пайдалану — қоғамдағы адамдар мен әлеуметтік топтар арасында қалыптасқан әлеуметтік және экономикалық қарым-қатынастар формаларының бірі. Оның жүйесі мен түрлері өндірістік қатынастардың тарихи дамуы мен ауысуына байланысты өзгеріп отырады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы (егінші, мал бағушы тайпалардың бөлініп шығуы) және осыған байланысты отырықшылыққа көшу алдымен рулардың, тайпалардың және қауымдардың арасында, содан соң жеке жанұялардың арасында жер бөлінісін туғызды. Мұның өзі жерді пайдаланудың тұрақты формаларының құрылуына әкелді. Егістік жер, мыс., қауым меншігіне қалғанымен, әр егінші өзіне пайдалануға берілген егістікті өз күшімен өңдейтіндей етуі үшін қауым мүшелерінің арасында жер дүркін-дүркін қайта бөліске салынып тұрды. Қазақстанның табиғи-климаттық ерекшеліктеріне қарай жер әр түрлі дәрежеде, көбінесе, егіншілік, жайылымдықтар мен шабындықтар үшін пайдаланылады. Ол үшін жерді құнарландыру мәселесін қолға алып, жер байлығын мал өсіру мен егіншілікте тиімді пайдаланудың маңызы өте ерекше.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет