Тақырыбы: БОТАНИКАНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Дәріс жоспары:
1. Ботаника ғылымының дамуын қалыптастырған ғалымдар
2. Қазақстан Республикасындағы ботаникалык зерттеулер
3. Өсімдіктер дүниесін қорғау
Ботаника ғылымының дамуын қалыптастырған ғалымдар
Биология ғылымының классиктері (Ж.Кювье, Ж.Б.Ламарк, Ч.Дарвин, К.Линней, К.Ф.Рулье, А.Каверзнев, М.Ломоносовтың және т.б.) енбектеріндегі палеонтологиялық деректерге караганда адамзат ертеден-ақ өсімдіктер дүниесімен таныс болып, оларды өз қажеттеріне жаратқан. Мысалы, ежелгі тас ғасырындағы (палеолиттегі - осыдан 800 мың жылдан бастап 13 мың жылға дейінгі) адамдардың өздері де жабайы өсімдіктердің тұқымын, жемісін, жемтамырын жеп күнелткен. Біздің эрамыздан 6 мың жыл бұрын болған Жаңа тас ғасырының (неолиттің) адамдары жабайы өсімдіктердің тұқымын егіп өсіре бастаған. Бұған неолит заманыңдағы адамдардың мекен-жайларынан кейінгі кездерде зығыр талшығынан істелген ұлпалардың, жанғақ пен талшын жемістерінің, алма, алмұрт және жүзім тұқымдары қалдығының табылуы дәлел.
Біздің эрамыздан 3 - 3,5 мың жыл бұрын жүзім өсіру кәсібі өрістеген, тегі жағынан біріне-бірі жақын өсімдіктерді өзара телу және кесінділеп өсіру әдістері де қолданылған. Осыдан 2-3 мың жылдар шамасы бұрын біраз жерлерде мақта, әр түрлі дәнді дақылдар және бұршақ тұқымдас өсімдіктердің түрлері өсірілген.
Сонымен адам баласы мындаған жылдар бойы өсімдіктерді өсіріп, олардың ішінен жақсыларын тандап, тұқымға қалдырып отырған. Сөйтіп, өсімдікті сұрыптау жұмысы басталған. Көне заманның өзінде-ақ өсімдіктердің мәдени және әр түрлі қажетке жарайтын жабайы түрлері көбейе түседі. Ал оларды бір жүйеге салып, зерттеу ісін өмірдің өзі қажет етеді. Осыдан келіп бұларды зерттеуге, касиеттерін білуге ынта туады.
Өсімдіктер дүниесін бір жүйеге келтіру бізге ескі грек философтары мен рим ғалымдарының еңбектерінен белгілі.
Көне заман ғалымдары әуелгі кезде өсімдіктерге медициналық (дәрі-дәрмектік), азық-түліктік (шаруашылық) тұрғысынан ғана қарады. Сол кездің «ботаниктерін» ризотомд а р (тамыр қазушылар) - өсімдік шикізатын жинаушылар. Фармакопалдар - дәрі-дәрмектік өсімдіктерді сатушылар. Геопониктер (георгиктер) — қажетті өсімдіктер түрлерін өсіруге маманданушылар деп бөлген.
Гомер мен Геродоттың еңбектерінде өсімдіктердің 60-тан астам, ал атақты Гиппократтың (біздің ғасырымыздан 460 — 377 жыл бұрын өмір сүрген) еңбегінде 200-ден астам әр алуан өсімдік түрлері баяндалған.
Аристотель (384 - 322) мен Аристокл Плат о н н ы ң (427 - 347) шәкірті (біздің заманымыздан бұрынғы 371-286 жылдары өмір сүрген) Т е о ф р а с т (Тиртам) өз отанының және басқа жерлердің 500-ден астам түрлі өсімдіктерін жинап, оларды ағаштар, бұталар, шөптер деп жіктеді. Сонымен қатар құрлықтағы өсімдіктерді жапырақ түсіретін және мәңгі жасыл, ал суда өсетін өсімдіктерді: тұщы су өсімдіктері және теңіз өсімдіктері деп бөлді.
Теофраст өсімдіктерді жүйелеуде олардың тіршілік формаларын ескерді және өз классификациясының негізі етіп экологиялық көрсеткішті қолданды. Сөйтіп, ол «Өсімдіктер тарихы» («История растений»), «Өсімдіктердің себебі туралы» («О причине растений») атты бағалы еңбектерін қалдырды.
Теофраст еңбектерінде өсімдіктердің географиялық жағдайларға қарай таралуы, биологиялық негізгі қасиеттері, келтіретін пайдалары, қолдан өсірудің жолдары баяндалады. Сондай-ақ осы кездегі ботаника ғылымының негізгі бөлімдері көрсетіледі. Соңдықтан да Теофрасты «ботаниканың атасы» деп атаған. Өсімдіктерді сипаттау жөніндегі мәліметтерді рим ғалымы Үлкен Цлинийдің (Гай Секунд, біздің заманымыздың 24 - 79 жылдарында) еңбектерінен де табуға болады. Ол агрономиялық және медициналық мәні бар 100-ден астам өсімдікті сипаттап жазды. Ол ағаштарды экзотикалық, жұпар-иісті, бақшалық, жемістік деп жіктеп топқа бөлді.
Біздің заманымыздың бірінші ғасырында өмір сүрген Диоскорид еңбектеріңде 600 түрлі өсімдіктер сипатталады.
Үлкен Плиний «Табиғат тарихы» («Естественная история») атты мол еңбек (37 кітап) калдырды. Бұл еңбегіңде ол табиғат жөнінде көп деректер береді.
Жалпы алғаңда Шығыс елдеріңде де өсімдіктер жөніндегі білім жинақталған. Әсіресе араб ғалымдарының калдырған еңбектері өз алдына мол қазына. Бірак олар өсімдіктерді көбінесе медициналық жағынан ғана қарастырады.
XI ғасырдың 20 жылдарында жазылған Абу - Али Ибн-Синаның (Авиценнаның, 979 - 1037) «Медициналық конон» деп аталатын еңбегі өсімдіктердің дәрі-дәрмектік қасиеттері жөнінде ғана айтылады.
Ботаника жөніндегі деректер, тек XV ғасырда ғана қанат жая бастады. Бұл кезде Теофрастың шығармалары грек тілінен латын тіліне, Ибн Синаның «Медициналық кононы» араб тілінен латын тіліне аударылды. Сонымен қатар дәрі шөптер жөнінде жинақтар шыға бастады. XV ғасырдың аяғы мен XVI ғасырдың бас кезінде саяхатшылар Еуропада өспейтін өсімдіктерді басқа елдерден әкелді. Емдік қасиеттері бар өсімдіктерді кептіріп сақтау әдістері табылды. Кептірілген өсімдіктер алғашында құрғақ бақша деп, кейіннен бұл гербарий деп аталды. Басқа жақтардан әкелген өсімдік түрлерінің тұкымы, әсіресе, олардың ішінен пайдалылары, арнаулы жерлерде егіліп өсірілді, бұларды XVI ғасырдың өзіңде-ақ аптекалық бақ немесе ботаникалық бақ деп атайтын болды.
Өсімдіктердің алуан түрлерін өз аттарымен атап, оларды танып-білуде және дертке қарсы емдік қасиеттерін ашуда емгерлер (травники) шыға бастады.
Сөйтіп, өсімдіктер жөніндегі жинақталған материалдар, оларды марфологиялық жағыдан бір жүйеге келтіруді, сондай- ақ нақтылы өз атымен атауды, бұларды ғылыми тұрғыдан мұқият зерттеуді қажет етті.
(Ботаник К. Баугин (1550 - 1624) 600-ге жуық өсімдік түрін зерттеп, оларды сипаттап жазып шықты. Тіпті өсімдіктердің кейбір түрлерінің табиғи топтарын жасауға да әрекеттенді.
Сөйтіп, XVI ғасырдан бастап XVIII ғасырдың ортасына дейінгі аралықта өсімдіктер жөнінде орасан көп материал жиналды.
Өсімдіктерді бір жүйеге келтіруге талпынған ғалымдардың бірі, итальян ботанигі - Цезальпин Андреа (1519 - 1603) еді. Ол зерттеуге алған өсімдіктердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын негізге ала отырып, оларды топ-топқа бөлді. Ол өз еңбегінде негіз болып табылатын организмнің субъективтік емес, объективтік белгілері болу керек дегенді айтты. Алайда ол өсімдіктер жемісінің, гүлінің белгілерінің өзгергіштігіне ғана сүйенген еді. Цезальпин жүйесі табиғи түрдегі эволюциялық жүйе емес, жасанды жүйе болды. XVII ғасырдың аяғында өсімдіктерде жыныс мүшелерінің болатындығы жөнінде мәліметтер жинақталды.
Неміс ботанигі және дәрігері, Тюбинген университетінің профессоры Камерариус Рудольф Якоб (1665-1721) 1697 жылы өзінің «Өсімдіктер жынысы туралы» («О поле растений») деп аталатын еңбегінде ол өсімдіктер денесінде жыныс мүшелері болатынын, атап айтқанда, гүл тозандығы аталық, ал оның түйіні (жатыны) мен мойыны аналық жыныс мүшелері болып табылады деген тұжырымға келді. Бұл пікірін дәлелдеу үшін Камерариус тәжірибе ретінде үпілмәлік гүлін алып, оның тозандығын жұлып тастаған кезде одан тұқым (жеміс) пайда болмайтынын дәлелдеді. Алайда ол гүлдегі ұрықтану процесіне түсінік бере алмады.
XVIII ғасырдың ботаник ғалымдары өсімдіктердің жаңа түрлерін зерттеумен және оларды сипаттаумен қатар өсімдіктер дүниесінің жүйесін жасады.
Ағылшын табиғат зерттеушісі - Джон Рей (1627-1705) негізінен өсімдіктер мен жануарлар дүниесін жүйелеуге еңбектенді. «Өсімдіктер тарихы» («История растений») деген еңбегінде ол сол заманда белгілі 18 мың өсімдік, түріне сипаттама берді. Рей өсімдіктерді олардың гүлдерінің, жапырақтарының, тамырларының және жемістерінің морфологиялық пішіндері мен құрылымына қарай жіктеді. Ол түр мен туысты негізге алды.
Француз ботанигі, профессор Турнефор Жозеф Питтон (1656-1708) өсімдіктер дүниесін зерттеуде көптеген елдерге (Греция, Англия, Армения, Грузия) саяхат жасады. Ол өсімдіктерді шөптер мен ағаштар деп бөліп, одан әрі қарай кластарға, секцияларға, туыстарға және түрлерге ажыратты. Бұлай жүйелеуге негіз болған белгілер - өсімдіктердің көбінесе күлте желектері, ішінара жемістері мен тұқымдарының сыртқы пішіні еді. Турнефор гүлдің қызметін ажырата білмеді және өсімдікте жыныс мүшесінің болуын мойындамады.
XVI-XVIII ғасырлардағы өсімдіктер дүниесінің жаңа жүйесін жасаған ботаниктердің бірі - шведтің аса көрнекті табиғат зерттеушісі, ғалымы Карл Линней (1707-1778). Ол Теофраст пен Цезальпиннің жүйесін қабылдамай, негізгі жүйелік белгі өсімдіктегі гүл аталықтары және аналықтары болу керек деп топшылады. Ол барлық гүлді өсімдіктерді 23 класқа бөліп, ал 24-ші класқа гүлсіздерін («тайнобрачные») жатқызды. К. Линней өз жүйесін жасаған кезде көбінесе өсімдік гүлдеріңде орналасқан аталықтарының санына, көлеміне, олардың кірігу және кірікпеуіне, бойларына, гүлдерінің бір үйлі, қос үйлі және көп үйлі болу жағына көңіл бөлді. Сондықтан, оның жүйесін кейде жыныстық жүйе деп те атайды. Әрине, К, Линнейдің жүйесі, біріншіден, жасанды жүйе болды. Өйткені, ол зәйтүн тұқымдасыда жататын серігүл (сирень) мен астық тұқымдасына жататын алтын масақты олардың екі-екіден аталықтары болғаны үшін ғана бір жүйелік топқа жатқызды. Ал бір отрядтың ішіндегі сарғалдақты, сары ағашты және мүйіз жапырақты тегі жағынан алғанда өзара жақындықтарына қарамастан, әр түрлі кластарға енгізді.
Алайда К. Линней еңбегі - жануарлар мен өсімдіктер дүниесін жүйелі түрде тануға жол ашты.
Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің табиғи жүйесін жасауда зор еңбек сіңірген ғалымның бірі - француздың атақты ботанигі А. Л. Жюсье болды. А.Л.Жюсье «Өсімдіктер жүйелілігі» (1789) деген еңбегінде Грианон ботаникалық бағында жұмыс істейтін ағасы Б.Жюсьенің тәжірибесін пайдаланды. А.Жюсье ондағы өсімдіктердің ішінен 100 қатарын сипаттап жазып шығады. А.Жюсье әрбір тұқымдасқа барлық белгілерінің жиынтықтары бірдей келгендерін ғана жатқызады.
А.Жюсье балдырлардан бастап астық тұқымдас өсімдіктерге дейінгілерді орналастыра отырып, жүйелі түрде өсімдіктердің бір-бірімен байланысты, біртұтас екенін сипаттайды.
Сөйтіп, А.Жюсьенің жүйесі ғылыми да маңызды өзгеріс жасады. Теофраст заманыдан басталған 200 жыл бір өсімдікті екінші өсімдіктен қалай ажыратудың жолын іздестірумен өткен еді.
Ғылыми жүйе жасалды. Мұндай табиғи жүйені жасауда француздың табиғат зерттеушісі, аса көрнекті ғалымы Ж. Ламарктың (1744-1829) еңбегі зор. Метафизикалық дәуірде өмір сүрген ол сол кездегі реакцияшыл бағыттарға қарсы тұрды.
Ламарк 1780-1782 жылдары бүкіл Еуропаны аралады. Ондағы мақсаты француздың ботаникалық бағын жасау еді.
Ламарк ботаника ғылымын зерттеу ісімен шұғылданды. Ол жер бетінде өсетін өсімдіктердің көптеген палеоботаникалық мәлімет-деректеріне сүйене отырып, түрдің тұрақтылығы және оның өзгермеуі туралы сол кездегі үстем болған бағытқа үзілді- кесілді қарсы шықты. Ол түрді өзгеруіне негізгі себеп тірі организмді қоршаған ортаның, климаттың, топырақтың, қоректің, жарықтың, температураның, атмосфераның әсер етуі деген қағиданы ұстады.
Түр жөніндегі Ламарктың бұл ілімін сол кезде қуаттамағандардың бірі француздың аса көрнекті ғалымы Жорж Кювье (1769-1832) еді. Ж.Кювье тірі табиғаттың өзгеруі жөніңдегі Ламарктың материалистік идеясын жоққа шығарғысы келді. XIX ғасырдағы прогресшіл Ч. Дарвин, К. А. Тимирязев, И.В.Мичурин және т. б. ғалымдар түр жөніндегі және өсімдіктер жүйесін жасау туралы Ламарктың ілімін өте жоғары бағалады. Ф.Энгельс те өз кезінде Ламарктың еңбектерін эволюциялық ғылымның пионерлерінің бірі деп атап көрсетті. Ламарктың «түр өзгереді» деген негізгі қағидасы Дарвин теориясының негізгі арқауы болды.
Чарлз Роберт Дарвин (1809-1882)- органикалық дүниенің тарихи даму заңын материалистік тұрғыдан тұңғыш рет ашқан ғалым. Ч. Дарвиннің түрдің пайда болуы жөніндегі бұл теориясын ашуда асыранды жануарлардың жаңа тұқымдары мен мәдени өсімдіктердің жаңа сорттарын шығару жолыңдағы жиналған орасан көп мәліметтерге сүйеңді. Дарвин: «хайуандар мен өсімдіктердің түрлерін ешнәрсеге байланысы жоқ, кездейсоқ құдайдың өзі жаратқан және өзгермейтін нәрсе» деген көзқарасқа қарсы шықты. Ол организм түрлерінің өзгеріп отыратындығын, олардың өзара сабақтастығын анықтады, биологиялық ғылыми негізін қалады.
Биология ғылымында Ч.Дарвиннің жасаған төңкерісі ғылыми жүйе тарихындағы эволюциялық, яғни филогенездік жүйе дәуірі болды.
Орыс ғалымдары ботаника ғылымына XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап үлес қоса бастады. Бұл жөнінде Петербург пен Мәскеудегі А.Н.Бекетов, В.Л.Комаров, Н.В.Воронин, А.А.Ячевский, Б.А.Федченко, В.Н.Сукачев, М.А.Максимович және тағы басқалардың мектебін, олардан кейін Н.И.Кузнецов, А.А.Гроссгейм, Б.К.Шишкин, Н.Н.Воронихин және т. б. мектебін, сондай-ақ ортаазиялық ботаниктердің бір тобын Коровин, Павлов және т. б. айтуға болады. Өсімдіктерді жүйелеудің эволюциялық теориясы мәселесіне орасан зор еңбек сіңіргеңдердің бірі - В.Л.Комаров. Ол бұл жөніңде «Өсімдік түрлері жөніндегі ілім» деген еңбегін жазды.
Достарыңызбен бөлісу: |