Тақырыбы: «Инклюзивті білім беру» ұғымы Жоспар



бет1/5
Дата23.09.2024
өлшемі29,42 Kb.
#145271
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Инклюзия ұғымы


Тақырыбы: «Инклюзивті білім беру» ұғымы
Жоспар:
1. Инклюзивті білім берудің мәні. Инклюзивті оқыту барысында қолданылатын терминдер мен негізгі ұғымдар.
2. Инклюзивті оқытуды енгізудің шарттары.
3. Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері.
4. Қорытынды.
Мақсаты:
Инклюзивті білім беру туралы мағлұмат беру. Инклюзивті білім беру - білім алудағы барлығының, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар балалардың, қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жалпы білім беруді дамытуға арналған мемлекет саясаты екендігі туралы түсінік беру. Инклюзивті білім берудің міндеттерін айқындау, жүзеге асырудың негізгі шарттарына тоқталу.
Ресурстар:
Ақ қағаздар, плакаттар, түрлі-түсті маркерлер, нұсқаулық, суырма сұрақтар.
Барысы:
Алдымен барлығымыз бір – бірімізбен амандасып алайық. Амандасу тәсілін сіздерге түсіндіріп өтейін. Үш түсті алақан көрсетемін, оның өз амандасу тәсілі болады:
Жасыл түсті алақан – қол беріп амандасу.
Қызыл түсті алақан – арқамен амандасу.
Сары түсті алақан – құшақтасып амандасу.
«Құшақтасу» жаттығуы
Мақсаты: топты эмоционалдық біріктіру, эмоционалдық қатынас орнату, белсенділіктерін арттыру.
Қатысушылардың біріншісі біреуін құшақтайды, екіншісі ол екеуін, үшіншісі ол үшеуін солай жалғаса береді, соңында үлкен құшақтасқан- шар пайда болады. Микротоп арасындағы пікірлесу жаттығуы, белсенді емес адам шетте қалып қоймауын қадағалау.
Топтың ереже қабылдауы:
Жүргізуші танысып болғаннан кейін, топтың ережесін қабылдауын сұрайды, егер қатысушылар келіскен болса, алақандарын соғады, егер келіспесе – аяқтарын топылдатады.
* Ашық қатынаста болу (сұрақ қою)
* Белсенділік таныту (белсенді қатысу)
* Бағасыз пікір(өз ойларын ашық, толық жеткізу
* Ерікті қатынасу (көтеріңкі көңіл-күй)
* Телефондар тыныштықта (дыбыссыз режимге қою)
* Уақыт қымбат (регламент сақтау)
* Эфирде бір микрофон (сөйлеушінің сөзін бөлмей тыңдау, кезекпен сөйлеу)
Ойтүрткі:
1. «Инклюзивті білім беру дегенді қaлaй түciнeciздeр?»
Қатысушылар өзара ой бөліседі (5 мин.)
2. «Инклюзия» сөзін естігенде қандай қауымдастық пайда болатынын талқылаңыз. (Сөздер осы сөздің әріптерімен басталуы керек, 5 минут). Топтың пікірін сұрау (5мин.)
И – даралық... И – индивидуальность...
Н – жаңалық... Н – новизна...
К – кешенді тәсіл... К – комплексный подход...
Л – жеке тұлға... Л – личность...
Ю – құқықтық сауаттылық... Ю – юридическая грамотность..
З – заңдылық... З – законность...
И – бала үшін жеке даму бағдарламасы И – индив.прогр.разв.ребенка...
Я – Мен – тұжырым... Я – Я-Концепция...




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет