Құрметті жарысқа қатысушы оқырман!



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата19.06.2023
өлшемі313,73 Kb.
#102250
  1   2


Құрметті жарысқа қатысушы оқырман! 
Қуат Қиықбайдың «Жынды» әңгімесінің осы 
электронды нұсқасын таратуға рұқсат бермеймін. Бұл 
шығарма kitapjaris ұйымдастырған кітап сайысында 
оқытылды. Ӛзіңіз ғана оқыңыз. Еңбегімді бағалаңыз. 
Аманатқа қиянат жасамайсыз деп сенемін. 
 
 

 
 
Біздің кӛршінің жынданып кеткеніне екі жылдан 
асты. 
Жақын тартып сӛйлессең есінен алжасқан адамға 
мүлде ұқсамайды. Кей күндері кӛрсең әдемі бітімді, 
келіскен жүрісті әйел. Ол кісіден кӛршілерінің бәрі қорқып 
оңаша жүреді. Тек біздің үйдегі атам ғана тартынбайды. 
Соның тӛріне шығып алып қара шайды сіміріп, тӛбесі 
тершіп отырада-ау, шіркін… 
Ескі заманнан қалған екі қабатты ескі үй. Бұнда 
жиырма тӛрт отбасы тұрамыз. Жиырма тӛрт пәтерде 
тұратындардың бәрі жәй адамдар емес. Біздің үстімізде, 
екінші қабатта тұратын Тұраш аға, Ауған соғысының 
ардагері. Ал оның кӛршісі, жетінші пәтердегі ғарышкердің 


оқуын оқып аспан кӛгін кӛре алмай қалған «ұлы 
ғарышкер» бар. Осылай жалғасып кете береді. Олардың 
қатарына және де есін біліп, етегін жиғалы бері түрмеден 
шықпайтын орыстың шалын қосыңыз. Бостандықтан тез 
зерігіп кете ме кім білсін. Келген күнінің ертеңінде тәртіп 
сақшыларының алдында тайпалып басып бара жатқанын 
кӛресің. Бұндай қарапайым туылмаған адамдардың 
арасында менде бармын. «Қорқыт дүние есігін ашқанда 
жер бетінде алапат дауыл тұрыпты-мыс» деуші еді ғой. 
Сол сияқты мен ӛмірге келгенде қақарынан халық 
именетін Кеңес одағының қабырғасы қақырап құлап 
түсіпті… Тағы да сол тізімде біздің жынданып кеткен 
кӛршіміз бар… 
Ол әйел педагог болатын. Жасы жеткен, еңбегі сіңген. 
Зейнетке шығуына алты-ақ ай қалғанда шенеунік 
баласының шекесінен шертіп, ол бала артынан әкесін 
ертіп… Ақыр аяғында мейірбан мұғалімін жұмыстан 
шығарып тыныпты. Әділетсіздікке тап болған әйел әділдік 
іздеп сабылып сарсаңға түседі. Сӛйтіп жүргенде жалғыз 
ұлы істі болып темір торға қамалған. Ақыр аяғында 
қамқоршысы жоқ жесір әйел жынданып кеткен екен. 
Кӛршіміздің жынды адамға тән ауытқушылығы оның 
қараңғы түнде тәтті ұйқыда жатқан кӛршілерін ән айтып 
оятудан басталған. Иә, жәй ғана ән айтудан. Дүйім халық 
баладай балбырап, қарттай қалжырап ұйқыға кеткенде ол 
дауысын созып, жыны қозып шырқайды-ай дейсің келіп. 
Онысымен қояр болса жақсы ғой. Жеті қараңғы түнде 
кімді балағаттап, кімді сабайтыны жұмбақ. Әйтеуір оның 
пәтерінен естілетіні боқтық сӛз, шаң-шұң, сарт-сұрт еткен 
дыбыс. Жер бетіне адамдарды азғыруға келген албасты 
дерсің. Бір түрлі қорқып дірілдеп, ұйықтай алмаған соң үй-
ішіндегілер ӛзара күбірлеп жататын болдық. Кӛрші-қолаң 


тынышынан, маубастар таңға жуық ұйқысын соғып, 
кешігіп қалып жұмысынан айырылды. Сол жынды 
әйелмен бірге біз де жынданатын болдық. 
«Кӛршің соқыр болса бір кӛзіңді қысып жүр» дейтін 
бе еді?! Қысуға болатын жердің бәрін де қысып жүрдік 
қой. Құлағымызды тығындап қойып ұйықтадық. Болмады. 
Болмаған соң кӛршілердің баршасы жиылып оның үстінен 
арыз жазатын болды. Кәдімгі арыз. Апта сайын ақ 
парақтағы қара сиясын құрғатпай ашықтан ашық жазылып 
жатты. Кӛршілердің бастамасына шешемде қосылып 
әкемді қыздырған еді. Оған атам «Ӛзімен кеткір кәпір, 
ӛзімен кетсін. Нелерің бар сол бейшара қатында. Кейін 
ӛшігіп алып жүрер» деп әкеме тоқтау салды. Атамның 
байғұсты обалсынғаны болар деп ұқтық. Әкем кӛнді де біз 
арызданушылардың санатынан тыс қалдық. 
Ән айтатын әдетін кӛршіміз екінші айға жалғағанда, 
түн ортасы ауған кез болатын. Дәлізде айғай-шу кӛтерілді. 
«Не болды екен» деп кӛзімізді тырналап атып-атып 
шықсақ. Шошақтау біткен қарны бар, кӛзі сығыр, тісі 
қисық, бұты талтақ полицей кӛрші әйелдің қоңыр есігін 
ұрғылап тұр. Мынау ашыңыз дейді. Анау ары жақтан 
«жоғал, әрі» деп қасарысып қояды. Есі ауысқан адамда ұят 
бола ма, болмай ма итім білер. Кӛршіміз қысылды ма әлде 
қызық кӛрді ме есігін ашты-ау. Полицей оң қолын 
шекесіне сәл ғана жақындатып ӛзін таныстырды. Сыртқы 
сұлбасы тойған мысықтай кӛрінген бәленің тегі 
«Тышқанбаев» екен. 
- Азаматша, сіздің мұныңыз не? – деді ол әйелге 
сыпайы сұрау тастап. 
- Мұныма не бопты – деді кӛршіміз түкке түсінбей. 
- Сіздің мұныңыз тәртіп бұзушылық. Түнгі он бірден 
кейін тыныштық сақтау керек қой. Заңда солай жазылған. 


Ән салып халықтың мазасын алуыңызға жол болсын… – 
деп полицей қатуланды. 
- Ән салған жалғыз мен бе екем, айналаңа қарасаңшы. 
Не бір зәулім үйлердің асты да, үсті де таңға дейін тыным 
алмай тойлай беретін мейрамханалар. Соны сен неге 
кӛрмедің?. . Алдымен соларды түзетіп ал да маған келші, 
жарқыным. Жалғызды жӛнге салу қашанда оңай ғой – деді 
де кӛрші әйел есігін тарс жапты. Шарасыз Тышқанбаев 
«тфу» деп түкірді де жӛніне кетті. 
Ол ол ма. Арада бір ай ӛткен соң «қуырдақтың 
кӛкесін» қураған ағаштардың құлағанында кӛрдік. Балалар 
кӛлеңкелеп ойнайтын аулада тұрған ешкімде еш жұмысы 
жоқ ағаштарды кӛрші әйел шетінен балталап шауып 
құлата бастасын. Ұясына жылан ӛрмелеген балапандай 
шуласып, тәртіп сақшысы Тышқанбаевқа тағы жүгіндік. 
Оның шошақтау қарыны шартиып жеткенше жынды әйел 
он ағашты отап үлгерді. Тышқанбаевтың ұшып келгені 
болса керек, қызарақтап жетті. Жынды әйел мен 
полицейдің де амандасулары қысқа қайырылды. 
- Тағы сіз бе – деді Тышқанбаев 
- Тағы да сен бе! – деді біздің кӛрші. «Сенен басқа 
естілеу жан жоқ па» дегендей таңырқай қарады.
- Мынауыңыз не, тападай тал түсте ағаштарды шауып 
жатқаныңыз. Бұл ағаштардың жазығы не – деп 
Тышқанбаев айналасына жалтақ-жалтақ қарап қойды. 
Жынды әйелдің қашанда жауабы әзір тұратын сияқты. 
Бастырмалата сӛйлей жӛнелді. 
- Ағаш шауып жүрген жалғыз мен бе? Олай болатын 
болса, қаланың шетіндегі қарағайлардың не кінәсі бар. 
Оны да дәл мен сияқты екі аяқты пенделер шетінен құртып 
жатқан жоқ па, сен соларға барып айтып кӛрші 
«мыналарың қалай?» деп. Айта алмайсың. Сендердің 


заңдарың мына мен сияқты маңдайынан соры сорғалаған 
қамқорсыздарға ғана жүреді. Ал шауып жатырмын. Олар 
қарағай құлатса, мен кәрі қайыңдарды құлаттым. Неғыл 
дейсің маған? Алаңға апарып атып тастасаң да құзырың 
жетеді. Ӛзің біл – деп кӛршіміз шімірікпестен шап ете 
түсті. Тышқанбаев тосылып қалды білем. Аз-маз 
қыбжықтап, ырғалып тұрды да: 
- Азаматша, сӛзді қойыңыз. Олар ерігіп жүрген адам 
емес. Халыққа қызмет етуде. Құлатқан ағаштарынан небір 
тұрмысқа керекті зат жасап шығарады. Ел үшін керек 
нәрсе. Сол құлаған ағаштардың бізге пайдасы бар. Сіздікі 
не мынау қып-қызыл зияннан басқа… – деп Тышқанбаев 
сӛзін соза бастап еді, оған жынды әйел тайсалмады. 
- Мен ерігіп жүрмін бе, менің де ісім пайдалы. Бұл 
ағаштар жерде қалады деймісің. Мен бұны анау тұрған 
моншаға апарып беремін. Есесіне соның жылуына халық 
жуынып, кірін кетіретін болады – деді де қолындағы 
балтасымен ӛзі құлатқан жуан ағаштарды бұталай 
бастады. Тышқанбаев тағы шарасыз күй кешті. Біз 
кӛршілер ешкімді де жақтай алмадық. Жынды кӛршіміз 
айтқанында тұрды. Біздің кӛшені екі аялдамадай жоғары 
ӛрлегенде жеке меншік жұпыны монша болатын. Әйелдің 
қолымен шабылған ағаштар сол жерден орынын тапты. Біз 
қуандық. Сол ағаштың буымен екі рет тегін моншаға түсіп 
кірімізді езігілеп алдық. 
Осы оқиғадан кейін Тышқанбаевтың ісі шығар 
кӛршімізді жындыханаға тӛрт айға алып кетті. Әй, бір 
қуандық асыр салып. Ол әйелді жындыханаға алып кеткен 
күні кӛршілер қауқылдасып, бір-бірінен сүйінші сұрасып 
жүгірді. «Ана қатынды бақандай тӛрт айға жауыпты» деп 
біреуінің аузы кӛпірсе. «Ой, сол бір әдірем қалғырды 
содан әрмен кӛзін құртса екен» десіп екінші біреуі 


лепіреді. Содан үшінші біреу тілегін айтып, тӛртіншісі оны 
қостап, бәрі қуанды. Тек атам ғана үндеген жоқ. Апам 
ӛмірден бүгін қайтқандай тыпыршып қалды… 
Мазаны алатын адам жоқ. Ұйықымызды қандырып 
жетісіп жүрдік. Жегеніміз жұғын, ішкеніміз іркіліп май 
болды. Бір жылға жуық ұйқы кӛрмей жүрген кӛршілер 
тӛрт айдың ішінде семіре бастады. Тіршілігіміз қайнап
кӛзіміз жайнап рахат күндер кештік. Қашанда жақсылық 
тез түгесіледі емес пе, зымырап тӛрт айдың ӛткенін 
сезбедік. Кӛршіміз оралды. Біздер момақанси қалдық. Бір 
жақсысы кӛршіміз ән айтуын қойыпты. Тек адамға 
қарағанда ӛткір жанары ӛңменіңнен ӛтердей бір түрлі суық 
тартқан. Атам да ол кісіге кӛп жолағыштай бермейтін 
болды. 
Бірде қыстың қақаған түнінде кӛршілер бір-бірінің 
есіктерін ұрғылап оята бастады. Бізді келіп оятқан үстіңгі 
қабаттағы Ауған соғысының ардагері Тұраш аға еді. 
«Батырға да жан керек» қой енді. «Ой-бай-й ӛртенеміз, 
далаға қашыңдар» деп жуан әрі зілді дауысымен гүж-гүж 
етеді. «Ӛрт» деген соң жан қалсын ба, бұтымыздағы екі елі 
лыпамыздың сыртынан жамылып жатқан кӛрпемізге орана 
салысымен далаға ытқи жӛнелдік. Ауланың іші толған 
адам. Біздер шығып ес жиып үлгергенше ӛрт сӛндіруші 
машина келіп тоқтай қалды. Үйдің қай бұрышы ӛртеніп 
жатқанын ӛз басым аңдай алмадым. Қорқынышты түс 
кӛргендей діріл қағып тұра бердім. Машинадан секіріп 
түскен ӛрт сӛндірушінің даусы үрейленіп: 
- Ӛрт қайда, қай пәтер ӛртеніп жатыр – деген еді. 
Оған Тұраш аға жӛн сілтеді: 
- Ӛртеніп жатқан бірінші қабаттағы екінші пәтер 
«Екінші пәтер, жынды әйел тұратын, ӛліп қалмаса, игі 
еді». Мен алғаш рет кӛршімізді аяп кеттім. Біраздан соң 


ӛрт сӛндірушілер бригадасының бастығы қайта айналып 
шықты. 
- Ӛртеніп жатқан ештеңе жоқ. Бекерге байбалам 
салып жүргендерің қайсыларың, пожарныйды несіне 
шақырасыңдар осы… – деді де тағы бір ұғынықсыздау 
бірдеңелерді айтып бара жатты. 
- Ӛрт болмаса несіне шықтық 
- Ӛй, не болды екен ә… 
- Е, баяғы ана жынды қатын тағы бірдеңе ойлап 
тапқан шығар жүріңдер бара кӛрейік – деп Тұраш ағай 
аңтарылып тұрған кӛршілерді дереу бастай жӛнелді. 
Қызығушылық жеңген кӛршілер желдей есіп, бір-
біріміздің жолымызды кесіп жетіп барсақ. Түбіт шәлісіне 
оранып алған жынды әйел пәтерінің ішінде от жағып отыр. 
Сүйіктісінің алдында қысылған бозбаладай дағдарып, 
тосын кӛрініске таңырқап қалдық. Біз есікті ашып кіре 
бергенде пәтердің ішіне толып алған әппақ түтін есіктен 
сыртқа қарай қаша жӛнелді. Отқа маздап жанып жатқан 
кірпіштей-кірпіштей қалың кітаптар екен. Қайдан құлағдар 
болғаны беймәлім Тышқанбаев келді. Үймелеп тұрған 
халықты кимелей ӛтіп, кӛрші әйелге жетіп барды. Екеуінің 
жаттанды болған сол баяғы амандасулары: 
- Тағы да сіз бе? 
- Тағы да сен бе? 
- Елді дүрліктіріп. Адам секілді ӛмір сүре алмайтын 
болдық қой осы – деп кейісті үнмен Тышқанбаев бәлсінді. 
- Ие, не бүлдіріппін тағы мен – деді кӛршіміз орнында 
қозғалақтап қойып. Ашуланып тұрған Тышқанбаев одан 
әрмен ӛршеленіп: 
- Мына отырысыңыз не, бұл сіздің жеке пәтеріңіз 
болса да, жер үй емес қой. Неге от жағасыз. Осы үйде 
тұратын бүкіл ел ұйқыда жатқанда қырылып қалса 


қайтесіз. Ӛкіметке қанша шығын келмек. Соны ойласаңыз 
етті – деді Тышқанбаев маңында маңғазданып тұрған бір-
екі кісіні нұсқап. 
- Жаным-ау… – деді де жынды әйел отқа шетелдік бір 
жазушының қалың томдығын тастап жіберіп қайта сӛйледі 
– «Ӛкімет» деп ӛңешің үзілердей ӛңмеңдей бермеші. Мен 
бұл адамдар ӛртенсін деп жүргем жоқ қой. Пәтерім суық. 
Сондықтан ӛзімнің ӛмір бойы жиған-терген кітаптарымды 
ӛртеп, жылынып отырмын. Отқа жанса да кітаптың 
пайдасы тиіп жатыр. Ӛкімет ӛздеріне шығын келмесін десе 
біздің пәтерімізге жылуды аямай берсін. Ал ажал жетсе 
ӛлетін адам мынандай суық үйде үсіп те ӛліп қалады ғой – 
деп ыржалақтай күлді жынды әйел. Тышқанбаев оның 
ваннасында тұрған бір шелек суды лапылдап жанып 
жатқан кітаптардың үстіне лақ еткізіп құя салды. Кӛрініс 
кӛрушілер тез тарап кеттік. Жынды әйелдің айтса 
айтқанындай біздің пәтерлеріміз шынымен де суық еді. 
Бойында қызуы бар жастарға білінбеуі мүмкін. Ал атам 
пимасын шешпестен қорылға басатын еді. 
Қылышын сүйретіп келген қыс қылышын сүйреткен 
бетінде кетіп тынды. Бір күні кӛктемге тақау біздің 
кӛршімізге ермек болсын деген болу керек. Әлдебіреулер 
оның есігінің алдына екі қара күшік салынған қағаз қорап 
қойып кетіпті. Ӛз нанын әрең тауып жүргенде ол 
күшіктерге азық қайдан болсын қарыны шұрқыраған 
күшіктер мазасыз қыңсылай беретін. Ал кӛршіміз олармен 
үздіксіз сӛйлесіп жүреді. 
- Күшігім, несіне қыңсылай бересің. Анаңды сағынып 
кеткен боларсың – дейді жайбарақат. Күшіктерде ӛз 
тілінше сӛйлеп береді. «Қаңқ-қаңқ». 
- Күшігім, анасынан айырылған жалғыз сен бе. 
Қыңсылай бермеші. Қазір безбүйректер кӛбейген заман. 


Иттерді қойып адамдар да баласын далаға тастап безіп 
жатыр. Далаға тасталған сендердей күнәсіз сәбилер де кӛп 
– дейді тағы кӛршіміз құшағына басқан оларды жұбатқан 
болып. «Қаңқ-қаңқ» етіп күшіктерде қоймайды. Оның 
сӛзін түсінген сәбидей шыр-шыр етіп жылайтынға 
ұқсайды да тұрады. 
Оның пәтерінен естіліп жататын осынау сӛздерге 
кӛршілер соншалықты таңырқай қоймады. «Жындының 
аты жынды ғой» деп күңкілдесті оңашада. Түн баласында 
әуелетіп ән айтқаннан жақсы ғой бұл… 
Кӛктемнің кӛңілді марқайтар шуақты бір күнінде 
біздің кӛршімен атам екеуі аулада жолығысып қалды. 
Есендік-саулық сұрасқан соң тез шүйіркелесті. Мен де сол 
жерде болатынмын. Жайланып отырып алған кӛрші әйел: 
- Ата, түнде мен түсімде ұлымды кӛрдім – деді бірден 
солыңқы жүзі нарттай жанып. Атам не десін үнсіз ғана 
басын изеді. 
- Ол тірі екен деймін. Түрмеден босап келіпті. 
Айтпақшы, сізде келіпсіз. 
- Қайдан? – деп атам қолапайсыз қозғалып кетті. 
- Қайдан болушы еді. Қонаққа келіпсіз деймін 
құттықтап. 
- Е, енді кӛршілердің бәрі де келген шығар – деп атам 
сабасына түсе бастады. 
- Иә бәрі келіпті. Сіздің мына немереңіз де сонда 
жүрді – деп кӛрші әйел сұқ саусағын шошайтып мені 
кӛрсетті. Оның сұсты реңімен қоса оқыстау қимылынан 
сескеніп ӛнебойым бір түрлі тызылдай жӛнелді. 
- Ояна келсем түсім екен ғой… – деді де танауының 
ұшы жыбыр-жыбыр еткен соң, ыңыранып жылап қоя 
бергені – Ата, менің ұлым нақақ қан жүктеді, кінәсіз еді… 
Түрмеде ӛліп қалды ғой сорлы… Ақтап алмақ болып 


ӛзімнің шәкіртім бар ғой… Анау қалалық соттағы… Соған 
барғам, ақшаға сатылып кетіпті… Мен оған ӛмір бойы әділ 
болуды үйреткенмін… Қараңызшы, біздің қоғам, адамдар 
неткен әділетсіз… Неткен қатыгез – деп қалған сӛздерін 
үздіге отырып әрең бітірді. Атам да, мен де қатты 
ыңғайсызданып не тұрып кетудің орайын таппай омалып 
отыра бердік. Аз бӛгелістен соң: 
- Сен осы біздің елді қайтесің, ӛзіңнің орыстарың 
сияқты Ресейді аңсап жүрген боларсың. Егер Отаныңа 
ораламын десең біз жәрдемдесейік – деді атам оны 
жұбатпақ ниетте сӛз аңғарын басқаға бұрып. 
- О-йй, ата, сізде айтасыз. Мен Мәскеуді қайтемін. Біз 
тұратын кӛше Чехов. Ал анау ар жағындағысы Толстой, 
одан Гоголь. Дүкендер, базарлар, біз бара бермейтін 
саябақтар бәрінде орысша атаулар. Мұндағы кез-келген 
адам орысша біледі. Қиналмай ӛмір кешесің. Бұның 
Мәскеуден не айырмасы бар. Бұл қала менің Мәскеуімнен 
де артық – деп кӛңілденіп кеткен кӛршіміз кеудесін 
түйгіштеп-түйгіштеп қойды. Мен күліп жібердім. Атам 
күлген жоқ, ұзақ ойға шомып қалды. Қош айтысқан 
кӛршісіне де ештеңе демеді. Ұ-з-ақ ойланды. 
Сол бетінше біз кӛрші әйелді кӛрмедік… 
Жаздың соңына қарай нағашымның ауылына қонаққа 
барып, екі жұмадай дем алып қайттық. Атамның құдалары, 
әкемнің қайын жұрты, шешемнің тӛркіні, менің нағашы 
жұртым болған соң бұлай бӛгелмесіңе еш амал жоқ еді. 
Келген соң қайғылы хабар естідік. Біздің есі ауысқан 
кӛршіміз бір жұма бұрын қайтыс болыпты. Мазамызды 
алса 
да, 
жуылмаған, 
жалбыр-жұлбыр 
шашымен 
жалмауыздай қорқынышты болып жүрсе де «ӛкпеге қиған 
адамды, ӛлімге қия алмадық». 


Үш ай ӛткен соң біз тұратын үйдің бұрышына марқұм 
кӛршімізге арнап оның оқушылары ескерткіш-тақта 
орнатты. Жынды әйелдің кӛршілері ескерткіш-тақтаға 
қарауға бір түрлі сескенеді. Кӛршіміз бір бұрыштан әнін 
салып немесе қолына балтасын алып тұра жүгірердей 
қорқынышпен қарайды. Ескерткіш-тақтада: «Бұл үйде 
аналық мейрімін тӛккен үлгілі ұстаз Татьяна Асылзадаевна 
тұрған» деген жазу бар. Бейтаныс адамдар осы сӛзді оқып 
сол жерден тебіреніп кетіп жатады. 
Әділеттілік аңсап ӛткен әйел үшін бұл ӛте әділетті іс 
болған шығар. 
…Сіз де әділеттілік аңсап жүрсіз бе? 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет