Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Орхон-Енисей ескерткіштері мен қазақ тіліндегі дауысты, дауыссыз дыбыстар жүйесі. Дыбыстық өзгерістердің тарихилығы
Орындаған: Серікова Ұлнар
Қабылдаған: Абитжанова Жанар
Кіріспе.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Алфавиттік жазудың пайда болу тарихы, шығу тегі өте күрделі де, шешілмеген жұмбақтарға толы. Өйткені алфавиттік жазу - дүние жүзі мәдениетінің қол жеткен орасан зор табысы болса, бұл мәдени мұраға біздің ата-бабаларымыз да өзіндік үлес қосып, келер ұрпаққа мирас еткен. Алғашқы әріп жазуының бір тармағы - руникалық көне түркі алфавиті болып табылады. Бұл алфавитпен жазылған ескерткіштер - көне түркі тайпаларының жоғары тіл мәдениеті мен білім өресінің ауыз толытырып айтарлықтай көрсеткіші Зерттеу нысаны: Туыстас тілдердің фонетика жүйесін зерттеуге негіз болатын көне түркі жазба ескерткіштері.
Зерттеу жұмыстың мақсаты: Көне түркі тілінің фонетикалық жүйесін анықтау арқылы олардың негізгі заңдылықтарын ашу. Зерттеу жұмысының міндеттер: - Орхон-Енисей және Талас ескерткіштері жайында мағлұмат беру; - көне түркі тіліндегі фонетика ғылымына түсініктеме беру; - тарихи фонетика және оның зерттеу әдістерін анықтау; - қазақ тілі құрамында сақталған көне түркі тілінің фонетикалық алыжүйесін анықтау.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Орхон-Енисей ескерткіштерінің зерттелу тарихы, алфавиттік жазудың пайда болу тарихы, шығу тегіне тоқталынады. Алғашқы әріп жазуының бір тармағы - руникалық көне түркі алфавиті болып табылатындығын дәлелденді. Көне түркі жазба ескер кіштеріндегі фонетика саласы бойынша бүгінгі күнге дейін сақталып келген құнды деректерді қазіргі түркі тілдері тарихи-салыстырмалы талдау негізінде жүргізілді.
Зерттеу жұмысының дереккөздері: Ғ. Айдаровтың «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» (1986), А.С. Аманжоловтың «Түркі филологиясы және жазу тарихы» (1996), М. Томановтың «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» (1988) және т.б. түркология ғылымы бойынша жазылған ғылыми әдебиеттер пайдаланылды.
Достарыңызбен бөлісу: |