Тақырыбы: «Шоқтығы биік- шоқан»



бет1/3
Дата08.02.2023
өлшемі23,44 Kb.
#66077
түріСабақ
  1   2   3

Тақырыбы: «Шоқтығы биік- Шоқан»
Мақсаты: Қазақ халқының біртуар перзенті Шоқан Уәлихановтың өмірі мен өскен ортасы, тәрбиесі жайлы тереңірек таныстыру;
оқушының өз бетімен ізденушілік қабілетін ұштастыру, тұжырымды пікір айта білуге үйрету;
Шоқан өмірін үлгі ете отырып, оқушыларды саналылыққа , еңбексүйгіштікке, өз елін, отбасын сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Ш. Уәлиханов суреті,слайд, бейнебаян, топтық тапсырмалар
Сабақтың барысы. 
 I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Адамның басшысы –ақыл,
Жетекшісі –талап,
Шолушысы –ой,
Сынаушысы- халық,
Қорғаушысы- сабыр,
Қорғанышы –мінез,
Ең қымбаттысы –ар,
Таусылмайтын –арман,
Барлығынан ардақтысы -өмір.

1 жүргізуші: 1835 жылдың қоңыр күзі еді. Ел жайлаудан қозғалып,күзекке келіп қонған-ды. Жер бетін дымқыл тұман басып,арагідік қара сұр бұлт төмен сырғи көшеді. Ертелі-кеш мал-жанды бүрсеңдетіп ызғырық жел соғады.Осыған қарап ақсақалдар жағы-«тырна жоғары ұшады, биыл қыс жылы болуға тиіс»,-деген болжам айтысады.


2-жүргізуші: Киіз үй пана болмай бара жатқан соң, жұрт қыстауларына тарап қона бастаған. Аға сұлтан Шыңғыс төре Құсмұрындағы қыстауына жеткенше асықты.Олай болатын себебі де бар еді.Зайыбы Зейнеп ай-күні жетіп отырған. Көп кешікпей әйелі босанды. Зейнептің бұл тұла бойы тұңғышы еді. Жас нәретені жерден көтеріп алып,бауырына салған әжесі Айғаным болды. Төренің қуанышында шек болмады,ақыры ұлан-асыр той-томалаққа айналды. Бүкіл ауыл жас нәрестеге Мұхаммедқанафия деген ат қойды. Ене мен келін сәбиді бәйек болып күтіп, қырқынан шығарып,бесікке бөледі. Бала ерте еңбектеп, шоқиып отыратын халге жетті.


Автор. Сол кезде әжесі көбіне балаға «Бесік жыры», «Әлди бөпемді» айтып береді екен.
Сахналық көрініс (Әжесі «Бесік жырын» айтып отырады. Жанына кішкентай бала келіп, шоқиып отырады. )
Автор сөзі: Әжесі сәбиінің шоқиып отырғанын қызық көріп,
Әжесі: «ой, ақылдым», «жан серігім», «шоқиған жаным», «шоқиған ботам»
Автор сөзі: деп жиі еркелететін көрінеді. Міне, содан бөбектің о бастағы Мұхаммедқанафия аты былай қалып, Шоқан атанып кетіпті.

Шоқан өмірі жайлы бейнебаян


1-оқушы: Әлемді шолып ой көзбен,
Тереңге сүңгіп бойлаған.
Қайғыны жазып бойды езген
Толғанған әр кез ойлы адам.
Тарихшы елді зерттеген,
Сапармен барып Қашқарға!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет