Тақырыбы: Тиопентал – кмп (Натрий тиопенталы)


Жүрек-қантамыр жүйесінің ауыр аурулары, ауыр бронх-өкпе аурулары бар пациенттерге және шығу тегі әртүрлі гипертензияда сақтық таныту керек



бет5/8
Дата31.10.2022
өлшемі4,46 Mb.
#46501
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8

  • Жүрек-қантамыр жүйесінің ауыр аурулары, ауыр бронх-өкпе аурулары бар пациенттерге және шығу тегі әртүрлі гипертензияда сақтық таныту керек.
  • Тиопентал-КМП және/немесе басқа барбитураттарға жоғары сезімталдықта Тиопентал-КМП қарсы көрсетілімді.
  • Дәрілермен өзара әсерлесуі

    • Тиопентал-КМП сульфофуразолмен бір мезгілде қолданылғанда бастапқы дозасын азайту, ал қажет болса – қайталамалы дозалармен анестезияны сақтау көрсетілген.
    • Тиопентал β-блокаторлармен және кальций өзекшелері блокаторларымен өзара әрекеттесіп, қан қысымының түсіп кетуін туындатады.
    • Бір мезгілде β-блокаторлар және кальций өзекшелері блокаторлары, АӨФ тежегіштері, α-адреноблокаторлар, ангиотензин-ІІ антагонистері, фенотиазин, бензодиазепиндер, диазоксид, диуретиктер, метилдопа, моксонидин, нитраттар, шеткері вазодилататорлар (гидралазин, миноксидил, нитропруссид) сияқты препараттармен жалпы анестезияға арналған дәрілерді қолданғанда олардың гипотензиялық әсері күшеюі мүмкін.

    Дәрілермен өзара әсерлесуі

    • Анальгетиктер: Алдын ала аспирин қолданылғанда Тиопентал-КМП белсенділігінің жоғарылау деректері бар. Тыныстың тарылуы мүмкін екеніне байланысты, есірткілік аналгетиктермен біріктірілімде Тиопентал-КМП абайлап қолданылу керек. Тиопентал-КМП петидиннің ауыруды басатын әсерін төмендетуі мүмкін.
    • Антидепрессанттар: Үш циклды антидепрессанттармен бір мезгілде қолданылғанда аритмия мен гипотонияның пайда болу қаупі артады. МАО тежегіштерімен Тиопентал-КМП біріктіріліп қолданылғанда гипотония мен гипертензияның даму қаупі болады.
    • Бактерияға қарсы препараттар: Жалпы анестезияға арналған дәрілердің изониазид гепатоуыттылығын күшейтуі мүмкін деректер бар; сезімталдықтың жоғарылауы және жағымсыз реакциялар Тиопентал-КМП біріктіріліп қолданылғанда және ванкомицин көктамыр ішіне енгізілгенде де туындауы мүмкін.


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6   7   8




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет