Тақырыбы:Қазақ ұлтының қалыптасуы: кезеңдері мен ерекшеліктері(реферат)



бет1/5
Дата06.10.2023
өлшемі95,36 Kb.
#113290
түріРеферат
  1   2   3   4   5

Қарағанды медицина университеті
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси кафедрасы



Тақырыбы:Қазақ ұлтының қалыптасуы:кезеңдері мен ерекшеліктері(реферат)


Орындаған:Жанзаков Кенбай
Қабылдаған:


I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім:
1. Халықтың халық болып қалыптасуы үшін қажетті шарттар
2. Глоттогенез
3. Этносаяси, аумақтық тұтастық
4. Алаш атауы
5. Қазақ атауы
6. Жүздік құрылым туралы
7. Қазақ жүздерінің ішкі белгілері
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Халықтың қалыптасуы өте күрделі, сан қырлы мәселе. Қола дәуірінде, яғни бұдан 3—4 мың жыл бұрын өмір сүрген андрондық тайпаларды біз қазақ халқының тікелей ата тегі деп атай алмаймыз. Одан бергі сақ, ғұн, үйсін, сармат тайпаларын да тек қазақтың ата тегі деп түсіну тарихқа қиянат болар еді. Тіпті түркі тайпаларының өзі Орталық Азия, Еділ бойы халықтарына, қала берді сонау солтүстік-шығыстағы Колымадан оңтүстік-батыстағы Балқан түбегіне дейін шашырап жатқан түркі жұрттарының шығу тегіне қатысы болғандығын есте сақтау керек. Еуразияның кең-байтақ төсінде өзінің тарихи аумағын, мәдениеті мен тілін, дінін қалыптастырған қазақ деген халықтың күні кеше ғана пайда болмағандығы белгілі. Қазақ халқының нәсілдік-генетикалық, мәдени тегінде сонау андрондықтардан бастап үзілмей келе жатқан бір желі бар екендігін анық байқаймыз.


Халықтың халық болып қалыптасуы үшін қажетті бірнеше шарт бар. Олар:

  • 1. халықтың өзіне төн мәдениетінің қалыптасуы;

  • 2. халық мекендеген аумағының қалыптасуы;

  • 3. өзін бір халықтың өкілі санайтын елдік, халықтық сананың орнығуы;

  • 4. халықтың тілінің қалыптасуы;

  • 5. халықтың ортақ атауының қалыптасуы;

  • 6. халықтың өзіне тән антропологиялық бет пішінінің қалыптасуы.

Осы аталған халықтық белгілер, әсіресе этностық, нәсілдік-генетикалық, мәдени, тілдік қасиеттер ұзақ тарихи дамудың нәтижесі. Ал этностық аумақ, этностық сана, халықтық этноним этногенездің соңғы кезеңіне қарай қалыптасты.
Глоттогенез
Қазақ тілінің де қалыптасуы — ұзақ глоттогенездік байланыстың нәтижесі. Қазақстан жерін қола дәуірінде мекендеген тайпалардың қай тілде сөйлегені жөнінде нақты дерек жоқ. Көне түркі жазуын зерттеуші ғалымдардың пікірі бойынша, сақ қорғандарынан табылған жазулар көне түркі руникалық әліпбимен төркіндес. Түркі тілі Орталық Азияға кейініректе келген тіл емес. Бұл тілдің арғы төркіні Оңтүстік-батыс Азиядағы б.з.д. 4—3-мыңжылдықта өмір сүрген шумерліктердің тілімен үндесіп жатыр. Тілші ғалымдардың пікірінше, алғашқы шумер тілінің ескерткіштерінде көне түркі тіліне тән көптеген лексикалық сәйкестіктер бар. Шумерліктер мен түріктердің көптеген мәдени-рухани байланысы бар екендігін және алғаш рет көне түркі тілдерінің маманы А.Аманжолов және дарынды ақын, көне тілдерді зерттеуші ғалым О.Сүлейменов нақты мысалдармен дәлелдеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет