Тақырыбы:Ұлы Жібек жолы халықтарының мәдениет аралық коммуникациясындағы Қазақстан түркілері



бет6/9
Дата11.04.2022
өлшемі86,81 Kb.
#30602
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Сайрам (Испиджап) туралы алғашқы деректер біздің жыл санауымызға дейінгі ІV ғасырда парсылардың шежіре кітабы "Авестада" кездеседі. Аталмыш бастау хатта қаланың орналасу ендігі Сайрам елі деп көрсетілген екен. Соған қарағанда бұл атау қаланың ықпал ету аймағын білдірсе керек. Көне түрік тілінде "Сайрам" тастақ сай деген ұғымды білдіреді. Ал Испиджаб "екі дария аралығы" деген сөздің баламасы екен. Қаланың одан басқа да Орынкент, Аққала деген атта-ры болған. Бірақ, тарихи жазбаларда да, кейінгі замандары да бұл атаулар сирек қолданылады. Жібек жолының үстінде тұрған қаланың дамуына сауда мен кәсіпкерліктің ықпалы зор болды. Онда ірі бай, іскер адамдар тұрды. Қалада әкімшілік басқару жүйесінің құрылуы қаржыларды қорландыруға, қазынаны мақсатты бағыттарға жұмсауға, экономиканы жүйелі дамытуға, оған бай адамдарды тартуға мүмкіндік берді.

  • Сайрам (Испиджап) туралы алғашқы деректер біздің жыл санауымызға дейінгі ІV ғасырда парсылардың шежіре кітабы "Авестада" кездеседі. Аталмыш бастау хатта қаланың орналасу ендігі Сайрам елі деп көрсетілген екен. Соған қарағанда бұл атау қаланың ықпал ету аймағын білдірсе керек. Көне түрік тілінде "Сайрам" тастақ сай деген ұғымды білдіреді. Ал Испиджаб "екі дария аралығы" деген сөздің баламасы екен. Қаланың одан басқа да Орынкент, Аққала деген атта-ры болған. Бірақ, тарихи жазбаларда да, кейінгі замандары да бұл атаулар сирек қолданылады. Жібек жолының үстінде тұрған қаланың дамуына сауда мен кәсіпкерліктің ықпалы зор болды. Онда ірі бай, іскер адамдар тұрды. Қалада әкімшілік басқару жүйесінің құрылуы қаржыларды қорландыруға, қазынаны мақсатты бағыттарға жұмсауға, экономиканы жүйелі дамытуға, оған бай адамдарды тартуға мүмкіндік берді.

Атырау қаласынан 55 шақырым жерде, Жайықтың оң жақ жағасында бір кездегі атақты Сарайджук (Сарайшық) қаласының қираған орны жатыр. Қаланың іргесі XI ғасырда қаланған, гүлденген дәуірі XIII-XIV ғасырлар аралығы. Қала Еуропа мен Азияны жалғастыратын керуен жолы бойында орналаскан. Мұнда салтанатты сарайлар, керуен-сарайлар, моншалар, мешіт-медреселер салынды. Қала кейінірек Алтын Орда хандары жерленген қасиетті орынға айналған. Жібек Жолының бойында сонымен қатар, Суяб, Баласағұн, Сауран, Түркістан сынды ірі қалалар да бар болатын. Шапқыншылық, соғыстар кезінде аталған шаһарлардың барлығы дерлік жер бетінен жоғалды. Ғалымдар осынау қалалар бүгінгі күнге дейін жеткенде Қазақстанның бүгінгі жай-күйі мүлдем басқа болар еді дегенді айтып жүр. Қазіргі таңда бұл тарихи орындардан тек қана кішкентай төбелер қалған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет