Тақырып: Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын ойын технологиясы арқылы қалыптастыру



бет1/5
Дата08.04.2023
өлшемі1,06 Mb.
#80439
  1   2   3   4   5

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ




Жоба
(тапсырмасы)

Тақырып:Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын ойын технологиясы арқылы қалыптастыру
Қабылдаған: Айтжанова Э.
Орындағандар:Сансызбаева.Н
Ергешова.Ж
Ерболқызы.Б
Алейдар.С

Мазмұны
Кіріспе…………………………………………3
Негізгі бөлім…………………………………...

  1. Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын ойын технологиясы арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері……………………………………..

  2. Ұлттық құндылық бағдарын ойын технологиясы арқылы қалыптастыруға қатысты жүргізілетін әдістемелік жұмыстар........................................................

  3. Зерттеу жұмыстары………………………...

Қорытынды...................................................
Пайдаланылған әдебиеттер……………...


Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі : Қазіргі кезде қоғамымыздың даму бағытында жан - жақты дамыған, сауатты,саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескерсек, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға тұлғаны қызықтыра отырып тұлғаның дамуын қалыптастыруға болады. Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде ойын - сабақ, ойын - жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, логикалық ойындар, ұлттық ойындар т.б. Ойын кезінде оқушылар бір бірімен тығыз қатынаста болып, ұжымдық бірлігі нығаяды. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі.
Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері тарихымен біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибелері бізге сол рухани мәдениет, этикалық, эстетикалық құндылықтарын құрайтын ұлттық әдет-ғұрып, салтдәстүрлер, әдеби, музыкалық, кәсіби, тұрмыстық фольклорлар мазмұны арқылы жетіп отыр. Әр адам өзінің ұлттық тамырын, әдет-ғұрпын, мәдениетін түсіне алады. Өз халқына деген сүйіспеншілігі, өзінің туған жеріне өз халқы өмір сүретін ортаға деген сезіммен ұласып жату керек. Халықтық әдет-ғұрып, салтсанасының байлығы, патриоттық сезім Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет