Тақырып: Мәдениет семиотикасы ұғымының түсініктері қалыптасу ерекшеліктері



Дата06.04.2023
өлшемі57,72 Kb.
#79969

«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ


БОӨЖ
Тақырып: Мәдениет семиотикасы ұғымының түсініктері қалыптасу ерекшеліктері

Орындады: 103Б тобының


Студенті: Ержан Аружан
Қабылдады: Омарғызы Е.Е., Саяси ғылымдарының кандидаты, доцент

Алматы қ, 2023ж.


Жоспары:

• Семиотикаға жалпы түсініктеме;
• Ғалымдар пікірі;
• Семиотика түрлері;
Мәдени код ұғымы;
• Этнос;

ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Семиотика бұл хабаршы таңбалар туралы жалпы теориялық ілім, ол таңбалардың табиғатын, жүйесін, түрлерін, қолдану процесіндегі құбылыстарын, таңбалардың бір-бірімен және 
өздері білдіретінмағынамен қарым-қатынасын зерттейді.
Пайдаланылуы, Семиотика таңба мен белгілерді зерттейді.Бұл таңбаның салынғаны – семиотика болып табылады. Семиотика ғылым саласын қазіргі таңда – лингвистикада, математикада,
әдебиетте, сәулет өнерінде, көркем суретте, пәтерді жобалауда 
пайдаланамыз.
ҒАЛЫМДАРДЫҢ ПІКІРЛЕРІ БОЙЫНША

Аристотель ауызекі айтылған сөздер – ойдағы түсініктің символы, ал жазу — 
сөздің символы деген. Кейінгі заманда өмір сүрген Гоббс, Локк, Лейбниц т.б. философтар 
тіл – таңбалар жүйесі деп есептеген. Тілде таңбалық сипаттың барлығын 19 ғасырдағы 
көрнекті тіл ғалымдары — Ф. Бопп пен В. Гумбольдт та айтқан. Ч. Пирстың басылым 
көрген семиотикалық идеялары лингвистикалық ортадан тыс алыста дүниеге келді, 
сондай-ақ түсінуге ауыр тілмен жазылғандықтан сол уақыттарда АҚШ-тан тыс жерлерде 
кең таныла қойған жоқ еді. 
Пирс тұжырымдамаларының кең оқырманмен табысуы және дамытылуы 1930-жылдарда 
Ч.М. Моррис арқылы жүзеге асты және ол Пирстың әлемге семиотиканың негізін салушы 
ретінде кең танымал болуына ықпал етті. Пирс идеяларының көпшілік сипат алуына Р. 
Якобсон да біраз еңбек сіңірді.
«Таңбалар негізі туралы ілім» кітабындағы «Таңбаның табиғаты» бөлімінде Морристің айтуынша: «Таңба қызметін атқаратын процессті семиозис деп атар едім. Таңба белгіленген 
ойды емес, белгілі бір құпияны жасырады және ол құпия салт – дәстүр немесе астарлы оймен 
байланысты болады. Демек таңба мен белгі - белгілі бір нәрсеге емес белгілі бір мақсатта 
жасалады» деп тұжырымдайды.
Моррис таңбалардың мағынасын зерттей отырып таңбаның белгілену қарай бес
типке бөледі: 
1) таңба – идентификаторы («қайда?» деген сұраққа жауап беретін таңбалар) 
2) таңба – десигнатор («не?» деген сұраққа жауап беретін таңбалар) 
3)бағалауш ы 
таңбалар немесе аппрайзер - таңбалар («не себепті?» деген сұраққа
жауап беретін таңбалар) 
4) прескиптивті («қалай?» деген сұраққа жауап береді); 
5) формальды немесе таңба систематизациясы.
СЕМИОТИКАНЫҢ БӨЛІНУІ:

Иконы - таңба мен таңбалық объект арақатынасы
Мысалы: «портрет» нақты адамды бейнелеу. 
Индексы - кеңістік пен уақыт аралығындағы таңба
мен белгіленетін объект. Оған мысал келтірер болсақ: 
«түтін» оттың белгісі, «жол көрсеткіштер». 
Символ - таңба мен объектің арасындағы конвенционалды келісім. Бұл таңбалық –символға
келісім, салт – дәстүр немесе жай ғана кездейсоқтық
жатады .
МӘДЕИ КОД:
«Мәдени код» ұғымы кез келген хабарламаның мағынасын ашу үшін 
қолданылады. Мәдени код бұл:
1)әлемнің мәдени суретін түсінудің кілті; санадағы, мінез-
құлқындағы стереотиптермен байланысты мәдениеттің мәдени
ерекшеліктері;
2)осы мәдени дәуірдегі тәжірибе, әлем туралы білім, дағдылар, білік 
беру тәсілі, нақты хабарламаларды қалыптастыру ережесі; 
3)мағынасы бойынша кодтың ең жақын мысалы ретінде ғалымдар 
көбінесе «тіл» түсінігін келтіреді, өйткені тіл дұрыс және заңды түрде 
сөйлеуді ұйымдастырудың белгілі бір тәсілі болып табылады (Ф. 
Соссюр.
Этникалық және ұлттық өздік сананың рухани-психологиялық және саналық өзегі мен негізі
тәржімелегендегі – этнос. Мұның грекшеден – әдет-ғұрып, мінез-құлық. сөзбе-сөз Антикалық пәлсапада этнос мағынасы жалпы алғанда әлдеқандай адамның немесе 
құбылыстың ішкі сипатын бейнелейтін ұғым ретінде қолданылған. Ал,
экзистенциялық пәлсапа оны адамның рухани мәнін, сол мәнділіктің
негізін құрайтын функционалдық мазмұндағы ерекшеліктерді білдіретін
термин ретінде қарастырады. Қысқаша маз-мұндасақ, этос – әлеуметтікнормалар мен рөлдік функциялар кейпінде көрінетін қоғамның еркін
білдіруін айтамыз.
Қорытындылай келе, семиотка таңбаларды зерттейтін ғылым, ал таңбалар (символдар) ежелден келе жатқан ақпараттандыру құралы болып табылады. Адамзат пайда болғаннан бері қандайда бір жұмысты болсын, затты болсын неше түрлі белгілерді қолдану арқылы оның маңыздылығын, орынын білдірген, . Сондықтан, семиотка ғылымының адамзат тарихы мен дамып-жетілуде алатын орны маңызды. Себебі бұл ғылым өткен шақ пен қазыргі кезді, қазіргі кез бен болашақты байланыстыратын құрал болып табылатын символдарды зерттейтін сала.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  • Астана 2010 жил Ө.С Төкенов Мәдениет тану Алматы 2005
    Нағымұлы Мәдениеттану Фолиант баспасы;

  • Сайт: emirsaba.org 2023;

  • Еркін әдебиет.





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет