«Тарих тағылымы» бөлімі бойынша тоқсандық жиынтық бақылау



бет1/3
Дата24.05.2023
өлшемі20,6 Kb.
#96481
  1   2   3

Қазақ әдебиеті, 10- сынып ТЖБ (4-тоқсан)
«Тарих тағылымы» бөлімі бойынша тоқсандық жиынтық бақылау


Шығарма: Ш.Мұртаза «Бесеудің хаты», Ж.Бөдешұлы «Жалғыз»
Оқу мақсаты:
10.3.1.1 шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау;
10.3.3.1 шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу;


1-тапсырма. Тест тапсырмасын орында
1. Шерхан Мұртазаның Мемлекеттік сыйлық алған шығармасы:
А) «Қара маржан» В) «Қызыл жебе» С) «Мылтықсыз майдан» D) «Әзиза» Е) «Бесеудің хаты»
2. Қай қаламгер Шерхан Мұртазаны Қызыл жебеге теңеген?
А) Ә.Кекілбаев В) Ш.Айтматов С) Ф.Оңғарсынова D) Ж.Шаштайұлы Е) Қ.Жұмаділов
3. «Бесеудің хаты» драмасындағы бесеу:
А) Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Т.Рысқұлов, О.Исаев, Қ.Қуанышев
В) Т.Рысқұлов, Е.Алтынбеков, Ғ.Мұстафин, М.Ғатаулин, О.Исаев,
С) О.Исаев, Ш.Мұртаза, Т.Рысқұлов, Е.Алтынбеков, М.Дәулетқалиев,
D) Ғ.Мүсірепов, М.Ғатаулин, Е.Алтынбеков, М.Дәулетқалиев, Қ.Қуанышев
Е) Ғ.Мұстафин, Ғ.Мүсірепов, Ш.Мұртаза, Т.Рысқұлов, Е.Алтынбеков
4. ҚХР-дағы Ж.Бөдешұлы дүниеге келген жер:
А) Құлжа В) Сібеті С) Шыңжан D) Жайыр тауы Е) Үрімші
5. «Ақ борықтай Ай жалғыз, Айдан нұрлы Күн жалғыз» көріктеу құралын анықта
А) теңеу В) эпитет С) метафора Д) жай қайталау
6. Мәтіндерді оқып, берілген тапсырмаларды орында
1-мәтін
Жалғыз жарлы ас үйде:
Жалғыз ошақ. Жалғыз қазан. Жалғыз шөміш.
Жалғыз көсеу. Жалғыз табақ. Жалғыз кесе. Жалғыз қасық.
Жалғыз шәугім. Бәрі-бәрі жалғыздан.
Жалғыз жүрек. Жалғыз қалам. Жалғыз жан.
Тас қораның сыртында:
Төңкерілген ит-аяқ.
Жалғыз боран. Жалғыз бөрі ұлып тұр.
Емен есік күзеткен жалғыз шойын құлып құл...
Босағада мөңірей ді іші қуыс тұлып құр.
Ағаш науа ішін де қатып қалған тұнық су.
Қатып қалған сіресіп жалғыз қайың құрық тұл.
Беу, жалғыздық әлемі, беу, жалғыздық әлемі,
Ғұламаға ғұмырлы жарасқаның әдемі...
Жалғыздықтан қорқады
обыр, жемқор, топшыл, құзғын, күшіген.


2-мәтін
Күн қиядан аунап, батып бара жатты. Теңіз беті қызғылтым тартты. Алыстан арғы беттегі тауда көрінді. Ол алтын арқалы айдаһар сияқты еді. Сол тауға, батқан күнге, қызғылтым теңізге пристаньнан қарап тұрған үшеудің суретін майда толқын тербеді. Әлдеқайда көз ұшында күннің батқан жеріне асыққандай жалғыз қайық кетіп барады. Жайшылықта назар түспейтін әлгі қайық қазір мүлде аянышты. Теңіз шетіне шыға ма, шықпай ма, жағаға жете ме, жетпей ме деген мүсіркеу сезімін тудырады.
«Жолың болсын, жалғыз қайық», – деді ішінен Әрлен. Қайық теңіз бен аспан қиюласып жатқан қара сызықтан ары аунап түсіп жоқ болатындай көрінсе де, әлі үзілмеген үміттей көз ұшында бұлдырады да тұрды.
Жағада жан азая берді. Кешкі тамақтың кезі де келіп еді. Бірақ осы бір кештің суретне тоймаған үшеу ғана пристаньда оқшау қалған. Олар әлгі қайықты көзбен әлі шығарып салып тұрғандай. Түн жамыла бастаған теңізде кеспек-бұйлар ғана жалғызсырап, қылтың-қылтың қараңдайды.
«Ей, адамдар, күндіз сендерге жол көрсетіп, жақсылық жасап едік, енді бізді тастап кетпеңдер», – деп қол бұлғап жалынғандай болады. Олардың тілін шағалалар ғана түсінсе керек, айналшақтап-төңіректей ұшып, төсі мен жанай өтіп жүргені.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет