Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Дидактикалық материализм (энциклопедизм). Я.А. Коменский, Г. Спенсер, Б.С. Блум



бет64/226
Дата20.10.2022
өлшемі0,69 Mb.
#44463
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   226
Дидактикалық материализм (энциклопедизм). Я.А. Коменский, Г. Спенсер, Б.С. Блум білім берудің негізғі мақсаты оқушыларға түрлі ғылым салаларынан кең көлемді білімді неғұрлым көбірек жеткізу деп санады.
Дидактикалық формализм(И.Г. Песталоцци, И.Ф. Гербарт, Ф.А.В. Дистервег). Формализм(франц.formalismе, лат. formalis – форма, пішінге қатысты) – шығарманың пішініне артық мән бергенсіп, мазмұнды мансұқ ететін ағым. Формалистер үшін стиль дегеніміз - мазмұннан тысқары жатқан бітім қалыптастырушы принцип. XIX ғасырдың басында білім беру мазмұнын таңдаудың дидактикалық материализммен бәсекелес дидактикалық формализм пайда болды. Ол ағым оқытуды оқушының ішкі әлемін, танымдық қызығушылығы мен қабілетін дамытудың негізгі құралы деп қарастырды.
Дидактикалық утилитаризм (Дж. Дьюи, Г. Кершенштейпер, В.А. Лай, У.Х. Килпатрик). Бұл ағымды америкалық философ әрі педагог Дж. Дьюи ұсынды. Оның ойынша, философия мен білім беру парапар, білім беру арқылы білім мен құндылықтар бірігіп, адамның дүниеге өзіндік көзқарасын қалыптастырады деп түсіндірді. Қазіргі уақытта дидактикалық утилитаризм идеясы негізінде зерттеу негізіндегі оқыту тұжырымдамалары білім берудің инновациялық модельдерін жасауға қол жетіп отыр.
Педагогикалық білім саласы дидактикаға жаңалық ендіру қажеттілігі туындады: білім беру жүйесіндегі инновацияға қоғам мен мұғалімдердің оң көзқарасын қалыптастыру; білім беру жүйесінде жаңалықты іздейтін, табатын, пайдаланатын инновациялық орталықтар ашу; жоғары педагогикалық оқу орындарында болашақ мұғалімдерді инновациялық технологиялармен қаруландыру, олардың инновациялық құзіреттілігін, психологиялық даярлығын қалыптастыру.
Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Педагогика ғылымы мен дидактиканың өзара байланысын сипаттаңыз.

  2. Педагогиканың дидактикалық формализмді сипаттаңыз.

  3. «Дидактика – оқытудың педагогикалық теориясы» және «дидактика – білім берудің педагогикалық теориясы» ұғымдарын салыстырыңыз. Жауабыңызды негіздеңіз.

  4. Педагогиканың дидактикалық материализм мен утилитаризмді сипаттаңыз. Мысал келтіріңіз.

  5. Постмодерндік дидактиканың негізгі белгілері қандай болу керек?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   226




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет