Теңге – тәуелсіздік келбеті



Дата26.12.2023
өлшемі3,41 Mb.
#143525

Теңге – тәуелсіздік келбеті
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – Теңге 1993­жылдың 15 қарашасында дүниеге келді. Теңгенің тарихы ҚР Президентінің 1993 жылдың 12 қарашасында қол қойған «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Заңынан бастау алды. Теңгенің авторлары Тимур Сүлейменов, қылқалам шеберлері Қайролла Ғабжалилов, Меңдібай Әлин мен Ағымсалы Дүзелханов. Алғашқы теңгенi «Harrison&Sons» компаниясы Англияда басып шығарды. 
Қажетті жабдықтар мен заманауи технология алынған соң, теңге өз елімізде шығатын болды. Бұл 1995 жылдың мамыр айы еді. Тұңғыш банкнот фабрикасын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі ашты. Теңге туралы ой толғаған Елбасы кейінірек ақшаны дайындау барысында түрлі жайттар орын алғанын айтты. Күллі қазақтың мақтанышына айналған теңгенің тұңғыш келбеті осы күнге дейін мұражайларда тұр. Оларда Әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абай және Әбілхайыр мен Абылай хандардың суреті болған. 90-шы жылдары біздің теңге дизайны жағынан ТМД-дағы ең көрікті ақша болып танылды.
1993 жылы алғашқы тиындар қағазбен басылып шыққан болатын. Аз уақыттан кейін осы қағаз тиындар айналымнан алынып, олардың орнына монета нысанындағы тиындар айналымға енді.
Банкнота – Алматы қаласындағы Ұлттық Банктің Банкнот фабрикасында , ал монета Өскемендегі монета сарайында дайындалынып шығарылады.
Айналымдағы монеталар және банкноталар
Инвестициялық, коллекциялық және айналыста жүретін монеталар
Инвестициялық монеталар – инвестициялау және жинақталған ақша қаражаты объектісі болып табылатын, қымбат металдан дайындалып жасалады.
Коллекциялық монеталар – коллекциялау және жинақталған ақша қаражаты объектісі болып табылатын, қымбат металдан жасалған монеталарды айтамыз.
Айналыста жүретін монеталар – күнделікті тіршілкте қолданып, жұмсап жүрген монеталар мен теңгелер.

Жұмбақтар

 Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы

Тугрик


Сом
Теңге

Қандай компания қазақстандық теңгені шығарған?

  • Harrison & Sons
  • Koenig&Bauer
  • KBA-NotaSys SA

Қазақстанда банкнот фабрикасы қандай қалаларда ашылды?

  • Шымкент, Тараз
  • Алматы ,Өскемен
  • Семей, Көкшетау

Теңгенің авторлары:

  • Тимур Сүлейменов, Қайролла Ғабжалилов, Меңдібай Әлин
  • Мурат Танирберген, Әлибек Омар , Ғалымжанов Тимур
  • Әлибек Әлин, Тимур Меңдібай, Касенов Аян

Купюрада кім бейнеленген?


20- Құрманғазы
50- Сүйінбай Аронұлы
100- Абай
20- Абай Құнанбайұлы
50- Әбілқайыр хан
100- Абылай-хан
20- Сүйінбай,Аронұлы
50- Абай Құнанбайұлы
100- Абылай-хан

Теңге нышаны



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет