Технологиялық карта Тәрбиеші : Кайрошова Г. М. «Балауса» мектепалды даярлық тобы Күні : 19



бет2/4
Дата31.12.2021
өлшемі25,76 Kb.
#22690
1   2   3   4
Мотивациялық-қозғаушылық


-Балалар,бүгін бізде ерекше күн,келген қонақтармен амандасып алайық.

Шаттық шеңбері.

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз.

Қонақтарды көргенде,

Амандасып аламыз.

-Сәлеметсіздер ме!

-Здравствуйте!


Балалар жарты шеңберге тұрып келген қонақтармен амандасады.




Ұйымдастырушылық-ізденістік


-Балалар, бүгін бізде ашық оқу қызметі : «Дұрыс тамақтану», «Дәрумендер»туралы болмақ.

Кіріспе әңгіме.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде нелер піседі?

-Біз бүгін дұрыс тамақтану үшін қандай тағамдарды қолдану керек екендігімен танысамыз.

-Балалар, тамақтану дегеніміз не?

-Тамақтану дегеніміз адам үшін, яғни ағзасы үшін аса маңызды қажеттілік. Біздің денсаулығымыз өзіміздің тамақтануымызға байланысты. Адам өмірде жүреді, жұмыс жасайды, түрлі күш жұмсайды. Соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтануы керек. Дұрыс тамақтану дегеніміз аз-аздан әр түрлі тамақтарды қабылдау, яғни жеу.

-Біз қандай тамақтарды жейміз?

-Тағам өнімдері өсімдіктен алынатын және жануарлардан алынатын тағамдар болып бөлінеді.

Өсімдіктен алынатын тағамдарға жемістер мен көкөністер,нан, қант, өсімдік майы жатады. Жануарлардан алынатын тағамдарға ет, жұмыртқа, сүт, балық, құс еті, сары май жатады.

Тамақты артық мөлшерде көп жеу денсаулыққа зиян.

-Ал енді айтыңдаршы дұрыс тамақтануға нелер жатады?


  • Дәруменді тағамдарды пайдалану.

  • Еттен,балықтан жасалған тағамдар жеу.

-Дұрыс тамақтанбау дегеніміз не?

  • Газды сусындарды ішу.

  • Көшедегі дайын тағамдарды жеу.

-Дәрумендер деген не және ол қайда болады?

-Дәрумен дегеніміз адам мен жануарлар тіршілігіне өте қажетті органикалық қоспалар.

Дәрумендер мықты әрі деніміз сау болуға ықпал етеді. Дәрумендер әсіресе жемістер мен көкөністер- дің құрамында өте көп. Сондықтан күнделікті тамақта жемістерді көп пайдалану керек және оларды мұқият жуып жеу керек. Егер дәрумендерді көптеп жесек, деніміз сау болып, жиі ауырмаймыз. Әр дәруменнің өзіндік атаулары бар. Дәрумендерді біз үлкен 4 топқа бөлеміз.

А- дәруменіне қызанақ, шие, алма, сәбіз, өрік, асқабақ, тәтті бұрыштар жатады. Егер біз осы дәруменді тағамдарды көптеп пайдалансақ, біздің бойымыз өседі және де көзіміздің көруі жақсарады.

В -дәруменіне бұршақ, картоп, балық, қара нан,банан жатады. Бұл дәрумендер миымыздың дұрыс жұмыс жасауына жағдай жасайды.

С -дәруменіне қарақат, лимон, сарымсақ, пияз, апельсин, алма жатады. Бұл дәрумендер бізді суық тиюден, тұмаудан қорғайды.

Д -дәрумені алмұрт, пияз, жүзімде болады. Бұл денсаулықты жалпы нығайтады.

-Балалар, біз дәрумендер туралы тақпақтар білеміз бе?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет