Балаларды қабылдау: таңертеңгі сүзгі, балаларды жақсы көңіл-күймен қарсы алу. Балалар үшін қолайлы жағдай жасау, баланың бүгінгі көңіл – күйі туралы, оны не қызықтыратыны туралы әңгіме, жеке пікір білдіруге баулу (сөйлеуді дамыту-коммуникативті іс-әрекет). Ата-аналармен бала денсаулығы, баланың үйдегі және көшедегі күн тәртібі туралы әңгімелесу
Балалардың дербес іс-әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, эксперимент, кітаптар қарау және өзіне-өзі қызмет ету, тағы басқа іс-әрекеттер)
Үстел-үсті ойыны картотека №23 «Мысалдарды шеш» Мақсаты: зейінді, қиялды, логикалық ойлауды дамыту.
Міндеттері: «Логопішін– 5» ойынымен таныстыру; - балалардың геометриялық фигуралар (шеңбер, сопақ, шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш) туралы білімдерін бекіту; екі бөліктен тұратын фигураны құрастыру қабілетін дамыту; зейінді, логикалық ойлауды дамыту.
(математика негіздері-танымдық, ойын іс-әрекеті)
Сурет салу-шығармашылық, қарым-қатынас, ойын іс-әрекеті (кітап қарау)
Еркін ойын
Үстел-үсті ойыны картотека №24 «Төртіншісі артық» Мақсаты: зейінді, қиялды, логикалық ойлауды дамыту.
Ойынның міндеттері: балалардың геометриялық фигуралар (шеңбер, сопақ, шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш) туралы білімдерін бекіту; бөлшектерді тұтастай талдау, салыстыру, біріктіру қабілетін дамыту.
(математика негіздері, қоршаған ортамен таныстыру-әлеуметтік, ойын іс-әрекеті)