ТӘУелсіз еліміздің ТҰҒыры биік болсын!



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата24.03.2017
өлшемі8,93 Mb.
#10173
  1   2   3

11-12

2015 жыл

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің газеті    *   Газет 1957 жылдың 15 қазанынан шыға бастады

  Newspaper of the Kazakh national agrarian university   *   Newspaper is published since October 15, 1957

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМІЗДІҢ ТҰҒЫРЫ БИІК БОЛСЫН!

УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫ ӨЗ 

ЖҰМЫСЫН ЗАМАН ТАЛАБЫНА 

САЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫП КЕЛЕДІ

«БОЛАШАҚТЫ ҚҰРА ОТЫРЫП...» ЖАСТАР ФОРУМЫ

• ҚазҰАУ-85

++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++



2

+++++++


БҮГІНГІ САНДА

+++++++


++++++++++

++++++++++



• Елбасы құттықтауы

2

Қазақ  ұлттық  аграрлық  университеті  –  еліміздегі  ауыл  шаруашылығы  өндірісіне  арнап  білікті 

мамандар дайындайтын ең іргелі оқу орны. Осы жылдар ішінде оны мыңдаған түлектер бітіріп шығып, 

Отанымыздың  агроөнеркәсіп  саласының  өсіп­өркендеуіне  мол  үлес  қосты.  Бүгінгі  таңда  университет 

ұжымы  өз  жұмысын  заман  талабына  сай  ұйымдастырып  келеді.  Студенттерге  сапалы  білім  беріп, 

ғылыми  зерттеулердің  нәтижесін  арттыруда,  инновациялық  ізденістер  танытуда  елеулі  ілгерілеу  бар. 

Университет басшылығы оқу орнының материалдық базасын нығайтуға ерекше көңіл бөліп, көптеген 

шетелдік университеттермен әріптестік байланыстар орнатқан. Осының бәрі студенттердің сапалы білім 

алып, білікті маман болып шығуына оң ықпал ететіні сөзсіз.

Әлемде  халық  саны  өсіп,  сапалы  азық­түлікке  деген  сұраныс  барған  сайын  артып  отырған 

кезде  агроөнеркәсіп  саласы  әрдайым  өзекті  болып  қала  береді.  Сондықтан  университет  ұжымына 

жүктелетін жауапкершілік те арта түсетіні анық. Сіздер шығармашылық ізденіс танытып, бар әлеуеттік 

мүмкіндіктеріңізді жұмылдыра отырып, «Қазақстан 2050» стратегиялық бағдарламасында, «100 нақты 

қадам»  Ұлт  жоспарында  және  5  институционалдық  реформаны  жүзеге  асыру  орайында  белгіленген 

міндеттерді жүзеге асыруға лайықты үлес қосасыздар деп сенемін.

Баршаңызға  зор  денсаулық,  осы  күрделі  де  абыройлы  міндеттерді  орындау  жолында  сәттілік  пен 

табыстар тілеймін.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,

Қазақстан Республикасының Президенті.

20.11.2015



УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫ ӨЗ 

ЖҰМЫСЫН ЗАМАН ТАЛАБЫНА 

САЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫП КЕЛЕДІ

ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ АГРАРЛЫҚ ҒЫЛЫМ 

ДАМУЫНА ҮЛЕСІ

ҚАЗҰАУ–85

8

МЕРЕЙТОЙЫҢ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ҚАЗҰАУ!

3

М ҢГІЛІК ЕЛ ТАРИХЫ

5

МЕН ЕЛІМНІҢ ГҮЛДЕНУІ ҮШІН НЕ ІСТЕЙ 

АЛАМЫН?

6

2

Қазақ ұлттық аграрлық университетіне - 85 жыл

Kazakh National Agrarian University - 85 years

2015  жылдың  27  қараша  күні  уни вер си те ті­

міздің  85  жылдық  мерейтойы  аясында  «АӨК 

да мытудағы  ғылым  мен  білімнің  басымды  ба­

ғыттарының жаңа стратегиясы» атты халық ара­

лық ғылыми­тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияға Алматы қаласының әкімі Ба­

уыржан  Байбек,  ҚР  Ауыл  шаруашылығы  ми­

нистрі  Асылжан  Мамытбеков,  ҚР  Білім  жә не 

ғылым  вице­министрі  Тахир  Балықбаев,  КАҚ 

«Ұлттық  аграрлық  ғылыми­білім  беру  ор та­

лығы»  директорлар  кеңесінің  төрағасы  Ғани 

Қалиев  және  әлемнің  аграрлық  жоғары  оқу 

орындарын  біріктіретін  Жаһандық  консорциум 

мүшелері,  Қазақстандағы  Елшіліктер  мен 

Консул дық қызмет өкілдері, отандық және шет ел 

жо ғары оқу орындарының ректорлары, көрнекті 

ғалымдар,  ғылыми­зерттеу  институттардың 

ди   ректорлары мен қызметкерлері, ауыл ша руа    ­

шылығы  кәсіпкерлері  қатысып,  ұсыныс­пі кір­

лерін ортаға салды.

ҚР  Ауыл  шаруашылығы  министрі  Асылжан 

Сарыбайұлы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы  На­

зар баевтың  құттықтау  сөзін  жеткізді.  Қала 

әкімі  Бауыржан  Байбек  Алматы  қала сы ның 

дамуындағы  аграрлық  саланың  алар  орны 

туралы  айтып  өтіп:  «Мемлекет  басшысы  ғы­

лымның  дамуына  үлкен  мән  беріп  отыр.  Жа­

қын да  Алматыға  сапарында  ол  қаланың 

ау қымды  ме гаполис  ретіндегі  маңызын 

тілге тиек етті. Қала тұр ғындарын азық­

түлікпен  қамтамасыз  ету  аса  өзекті 

мәселе.  Алматының  дамуы  облыспен 

тікелей  бай ла нысты.  Университеттің 

импорттық  өнім дердің  орнын  басу  мақ­

сатында  сала лық  кластерді  қалып тас­

тыруда  қосып  отыр  ған  үлесін  айта  кету 

маңызды»,  ­  деп,  барша  университет 

ұжымын мерейтоймен құттықтады. 

Конференция барысында ауыл шаруа­

шылығы  өнімдерінің  көрмесі  де  бо лып 

өтті.  Көрмеге  отан  дық  тауар  өнді ру­

шілер,  шаруа  қожалықтары  қа тысып, 

өз  өнім дерін  көпшілік  назарына  ұсын ды. 

Қа зақстан  аумағында  ғана  емес,  алыс­жақын 

шет  елдерге  өнімдерін  экспорттап,  түйе  сүтін 

брендке  айналдырған  ЖШС  «Дәулет­Бе­

кет»    қожалығының  директоры  Дәулет 

Сыдықов мырза жүргізіп отырған кәсібі, 

қо жалықтың  тыныс­тіршілігі  жайында 

әңгімелеп берді: «Шаруа қожалығы бір­

біріне  жақын  орналасқан  үш  фермаға 

бөлінген.    Бас  фермада  негізінен  сүтті 

жақсы  беретін  нар  түйелер,  яғни  бір 

өр кешті    дромедар  түйелер  өсіріледі.  

«Дәулет­Бекет» 

ЖШС­нің 

шұбат 


өнімдері бір ғана Алматы облысы емес, 

Астана,  Қарағанды,  Ақтау  сияқты 

қалалармен  қатар,  еліміздің  түк пір­

түкпірлеріне, тіпті шетелдерге де жө нел ­

тіледі.  Бүгінгі  таңда  5  тонна  сүт  сауып 

отырмыз.  Шаруашылықта  800  қазақтың 

қос  өр кешті  бактриан  тұқымы  және  3500  бас 

аруана  тұ қы мы  бар.  200­ге  жуық  қызметкер 

жұмыспен қамтылған. Серіктестіктің өнім өңдеу 

цехы Ақ ши ауылында орналасқан. Өндіріс тех­

но логиясы  шетелдік  озық  технологияларды 

қол да ну арқылы жа сал ған. Аталған технология 

100 пайыз түйе шұбатын қолданады. Шұбатпен 

қа  тар био шұ бат, йогурт, балқаймақ сияқты та­

ғамдар  да  өндіріледі.  Бүгінгі  таңда  Қазақ  ұлт­

тық  аграрлық  университетінің  серіктесі  болып 

табыламыз. Жыл сайын осы оқу орнының сту­

денттері  біздің  қожалығымызда  тәжірибеден 

өтеді».

Конференция  қорытындысы  бойынша  ин­



но вациялық  технологияларды  енгізу  арқылы 

Қазақс танның  агроөнеркәсіп кешенін одан әрі 

дамытуға, ел экономикасындағы аграрлық сек­

тордың  тиімділігі  мен  бәсекеге  қабілеттілігін 

арттыруға, тағам қауіпсіздігін сақтауға мүм кін­

дік беретін Қаулы қабылданды.



Қанат ТӘКЕБАЕВ

«АӨК ДАМЫТУДАҒЫ ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМНІҢ БАСЫМДЫ 

БАҒЫТТАРЫНЫҢ ЖАҢА СТРАТЕГИЯСЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ 

ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

26  қараша  күні  университетімізде  Қазақстан 

Республикасының Ауыл шаруашылығы ми нис­

трі  Асылжан  Мамытбеков  2016  жылдың  қаң­

тарынан  бастап  күшіне  енетін  «Ауыл  ша руа­

шылығы  кооперациялары»  заңнамасына  енетін 

өзгерістер  мен  толықтырулар  туралы  талқылау 

кеңесін өткізді.

Жиынға    Қазақ  ұлттық  аграрлық  универ си­

тетінің  ректоры  Тілектес 

Есполов,  КАҚ  «Ұлттық 

аграрлық  ғылыми­білім 

бе ру  орталығы»  ди рек  ­

торлар  кеңесінің  төра­

ғасы  Ғани  Қалиев,  КАҚ 

«Ұлттық  аграрлық  ғы­

лы  ми­білім  беру  ор та­

лы ғы»  басқармасының 

тө рағасы  Асқар Наметов 

сын ды  беделді  аграршы 

ғалымдармен  қоса  ауыл 

шаруашылығы  өнімдерін 

өндірушілер мен фермер­

лер  қатысып,  аталған 

заңнамаға  қатысты  өз 

ұсы ныс­пікірлерін ортаға 

сал ды.

Министр  Асылжан  Сарыбайұлы  өз  сөзінде: 



«Жаңа  заңнама  арқылы  өзіндік  құнын  бұр ма­

лайтын  субсидияларды  азайтып,  жалпы  си­

пат тағы  субсидияны  ұлғайту  көзделіп  отыр. 

Ол  кәсіпкерлердің  техниканы  жаңартуға,  жаңа 

тех нологияларды ендіруге қол жетімділігін арт­

тырады.  Бізге  фермерлерді  заң  жағынан  емес, 

экономикалық  біріктіруді  ойластыру  керек. 

Ауыл, аудан әкімдері «бірігіп іріленіңдер, жеке 

госактілеріңнен айрылыңдар, колхоз болыңдар» 

дегенді  қоюымыз  керек.  Шаруа  кіші  болсын, 

орта  болсын  қала  береді.  Тек  өзінің  тұтыну 

қажеттілігін,  өндірістік  қажеттілігін  бірігіп 

шешу  мүмкіндігіне  ие  болады.  Бұрын  егер  ко­

оператив  боп  біріксе,  өз  пайдасын  ала  алмай­

тын, салық көп төлеуге мәжбүр болатын. Қазір 

бұл  қиыншылықтардың 

бәрі жоқ. Жүйелі пробле­

малар  заң  жүзінде  алы­

нып  тастады.  Фермерлер 

экономикалық  бірігудің 

өз деріне  тиімді  екендігін 

түсінуі керек» екенін атап 

өтті.

Сондай­ақ, министр ди ­



қандардың несиесін жа ба 

алмай  тұқымдық  дән ­

дерін  сатып  жатыр  де ген 

ақ паратты  жоқ қа  шы ғар­

ды.  «Биыл Қа зақс тан 19 

млн.  тонна  астық  жина­

ды. Банк тер біраз жылдан 

бері  ауыл  шаруашылығы 

кре дит терін  қысқартып 

жатыр.  Мемлекеттік  қар жы  институттарынан 

қаржыландырып отыр. Тұқымдық дәндерін са­

тып, кредитін өтеп жатыр деген ақпарат дұрыс 

емес. Астыққа ішкі нарықтағы сұраныс 6 млн. 

болса,  экспортқа  7  млн.  тонна  шығарылады. 

Қазақстан биыл 2 млн. тонна астық экспортта­

ды», ­ деді министр.

Елбасының  тапсырмасына  сәйкес,  ҚР  АШМ 

ғылыми  ұйымдар  қызметтеріне  бизнес­ассо­

циациялардың шығындарын субсидиялау тетігін 

әзірледі. Министрлік енді ғылыми жұмыстарға 

қатысатын бизнеске субсидия бөлуді жоспарлап 

отыр.  Бұл  механизм  қазір  жетілдірілуде.  Оны 

жүзеге  асыру  үшін  заңға  өзгеріс  енгізу  қажет. 

Қызметтің бұл түрін 2017 жылдан бастап енгізу 

жоспарда бар екенін де айтты.

«АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАЦИЯЛАРЫ» 

ТУРАЛЫ ЗАҢНАМА ТАЛҚЫЛАНДЫ

• 

Кеңес

+++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++

++++++++++++++++++++++++++

++++++++++++++++++++++++++



(Жалғасы. Басы 1-бетте)

Университетіміз  ағымдағы  жылы  өзінің  85 

жылдық мерейтойын атап өтуде.  Мерейтойлық 

апта  шымылдығын  «Болашақты  бірге  құра 

отырып...» атты жастар форумы ашты.

Форумға  Алматы  қаласының  30­ға  жуық 

жоғары  оқу  орнынан  келген  студенттер  қа тыс­

ты.  Студенттер диалогтік блог, яғни еркін пікір 

алмасу әдісі арқылы көпшілік көкейінде жүрген 

сауалдарға  бірігіп  жауап  іздеді.  Аталған  шара 

TED  («көпшіліктің  көкейіне  ой  салу)  форма­

тында  өтті.    Форум:  «Алматы  –  2020»  жастар 

көзімен; жастар және ауыл шаруашылығы; жа­

стар,  сауда,  инновация,  кәсіпкерлік;  жастар, 

мәдениет  және  салауатты  өмір  салты;  жас тар­

дың бос уақытты тиімді өткізу мәселесі сияқты 

негізгі бағыттарды қамтыды.

Бас  ғимараттың  алдында  университет  сту­

дент терінің 

ұйымдастыруымен 

флеш­моб 

өтіп,  бірыңғай  көк  түсті  киім  киген  жастар 

«ҚазҰАУ­85»  деген  жазу  жазып,  аспанға  әуе 

шар ларын ұшырды.

Форумды  университетіміздің  ректоры  Ті­

лек  тес  Иса байұлы  Есполов    кіріспе  сөзімен 

ашып,  жас  талапкерлерге  болашақта  ақ  жол 

тіледі.  Одан  кейін  университет  басшылығы, 

оқытушы­профессорларымен  қатар  Алматы 

жас  тар  саясаты  мәселелері  жөніндегі  басқарма 

бас шысы Нұрлан Ерболатұлы Сыдықов құт тық­

тау сөз сөйледі.

AlmaU  университетінен  келген  Кулакеева 

Диана  «Алматы  –  2020:  Социальная  ответ­

ственность как основной двигатель молодежи» 

тақырыбында,  Қазақ  ұлттық  университетінің 

студенті  Ерниязова  Айсұлу  «Жастардың 

бос  уақыттарын  өткізуі»,  аталған  оқу  ор­

нынан  келген  тағы  бір  қатысушымыз  Ибра­

шев  Эльдар  «Кәсіпкерлік»,  Қазақ  ұлттық 

аграрлық  университетінен  Омарқұлова  Ал­

ты  най  «Ауылшаруашылығы  және  жастар» 

та қы рып тарында  баяндама  жасап,  көп ші лік  ­

ті  толғандыратын мәселелер төңі ре гін де сұ рақ­

жауап ұйымдастырды. 

Шарада  кө ңіл  кө теретін,  сергітетін  түрлі 

ойындар  да  ойна тыл  ды.  Форумның  қоры­

тындысы  бойынша  қатысушылар  алғыс  хат­

тармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.

«БОЛАШАҚТЫ ҚҰРА ОТЫРЫП...» 

ЖАСТАР ФОРУМЫ

Осы  тақырыпта  5  желтоқсан  күні    ха­

лық аралық  ғылыми  практикалық  кон­

ференция  өтті.  Қазақ  ұлттық  аграрлық 

уни верситетінде  болған  бұл  шараға    елі­

міздің  түкпір­түкпірінен  және  алыс­жа­

қын  шетелдерден  келген  докторанттар 

мен  магистранттар  аграрлық  салаға  қа­

лай  үлес  қосуға  болатындығы  жайын­

да  әңгіме  өрбітті.  Олардың  әрқайсысы 

өсімдік  шаруашылығы  технологиясы, 

ве теринария,  өнімдерді  өндіру  және  өң­

деу  технологиясы,  агроинженерлік  мә се­

ле лер,  аграрлық  экономика  және  бизнес 

секциялары бойынша ғылыми жобалары­

мен жиналғандарды таныстырды.  Жиын 

соңына қарай қатысушылар өзара пікірталасып, ұсынған жобалары жөнінде ойларын ортаға сал­

ды.  Биотехнология  әдісімен  қайын  коллекциясын  құру,  су  ресурстарын  тиімді  пайдаланудың 

инновациялық  жолдары,  ет  өнімдері  сапасын  жақсарту,  радиациялық  ластау  көздері,  топырақ 

құрамын жақсарту, Астанадағы орман шаруашылығының жағдайы сынды ғылыми жұмыстар үздік 

бағаланып,  оларға  естелік  сыйлықтар  табыс  етілді.  Аталған  жобалардың  біразы  өндіріске  еніп 

үлгерген және олардың жемісін бүгінде шаруашылықтар көріп отыр. 



Маржан ҒАБДЫСАТТАР

ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ АГРАРЛЫҚ 

ҒЫЛЫМ ДАМУЫНА үЛЕСІ

• 

Халықаралық конференция

• 

ҚазҰАУ-85

3

Қазақ ұлттық аграрлық университетіне - 85 жыл

Kazakh National Agrarian University - 85 years

Мерейтойың құтты болсын, ҚазҰАУ!

Happy anniversary, KazNAU!

++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++     

+++++++++++++++++++++

Бахтияр МӘКЕН,

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 

ҚазҰАУ түлегі

Құрметті  студенттер,  ұстаздар,  Тілектес  Исабайұлы, 

баршаңызды  шын  жүректен  киелі  қара  шаңырақ  – 

Қазақ  ұлттық  аграрлық  университетінің  85  жылдық 

мерейтойымен    құттықтаймын!    Бұл  университет  маған 

ыстық, себебі 1998 жылы оқуға түсіп, осыдан он жыл бұрын 

осы  университетте  қызмет  атқарып,  осы  оқу  орнындағы 

жастар  саясатының  тізгінін  ұстадым.  Осы  кештегі 

бейнекөріністен  де  байқағандарыңыздай  біздің  ҚазҰАУ­

дың – білім, ғылым, мәдениет, спорт салаларында да үлесі 

жоғары.    Енді  осы  дәстүрді  әрі  қарай  жалғастыратын 

осында  отырған  студенттерге  қошеметім  зор.  Биыл 

ерекше, мерейтойлы жыл. ҚР Конституциясының 20, Қазақ 

хандығының 550 жылдығы. Осы айтулы мерекелермен де 

сіздерді құттықтаймын! 

Денсаулық, отбасылық бақыт тілеймін! Осы Республика 

сарайында әр саланың тізгінін ұстаған университетіміздің 

беделді  түлектері  жиналып  отыр.  Олардың  бизнесте, 

өнерде,  ғылымда  жеткен  жетістіктері  мол.  Келген  қа­

дамдарыңызға  нұр  жаусын!  Ата­бабаларымыздың  са­

лып  кеткен  сара  жолын  жалғастыратын  жастарымыз 

аман  болсын!  Лайықты  білім  алып,  ел  мақтанышы  бола 

беріңіздер!

Нұрлан ҚОЯНБАЕВ, Дастан ҚАЛДЫБАЕВ

Нұрдәулет ШЕРТІМ, Даут ШАХИСЛАМОВ

Жоғары лиганың (Ресей) Вице-чемпиондары 

Құрметті  студенттер,  ұстаздар,  Тілектес  Иса бай­

ұлы, мерейтой құтты болсын!

Біз  де  осы  оқу  орнының  қабырғасында  білім 

алдық.  Ректорымыз  Тілектес  Исабайұлының  қол­

дауымен  біздің  құрама  Еуразия  КВН  лигасының 

жеңімпазы,  Мәскеу  қаласында  өткен  премьер  лига 

ой ындарының алғашқы қатысушылары, 16­ға жуық 

кубоктың иегері атанды. 

  Жастығымыздың  жалынды  шақтары  өткен, 

тәжірибе  мен  жоғары  білім  алуға  себеп  болған, 

студенттердің  жан­жақты    дамуына  жағдай  жа сал­

ған    Қазақ  ұлттық  аграрлық  университетінде  оқы­

ғанымызды  әрқашан  мақтан  тұтамыз.  Болашақ 

жарларымызды  да  осы  университетте  кезіктіріп, 

жатақханасында үйленіп, отбасылы болдық. 

Біздің  үлкен  өмірге  жолдама  алуымызға,  тек 

Қазақстанда ғана емес, көршілес Ресей мемлекетінің 

сахнасында өнер көрсетіп, талантымызды шыңдауға 

қолдау  көрсеткен  –  ҚазҰАУ!  85  жылдың  ішінде  талай  белестерді  бағындырып,  аграрлық  ғылым­білімнің  көшбасшысына  айналған 

ҚазҰАУ –болашақта қазіргіден де жоғары мәртебеге ие болатынына сенеміз! Баршаңызды шын жүректен университетіміздің 85 жылдық 

мерейтойымен құттықтаймыз!  



• 

Құттықтау

4

Қазақ ұлттық аграрлық университетіне - 85 жыл

Kazakh National Agrarian University - 85 years

Университет ұжымы 2015 жыл­

дың  30  қараша  күні  Мемлекет 

басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қа­

зақс тан  жаңа  жаһандық  нақты 

ахуалда:  өсім,  реформалар,  да­

му»  тақырыбындағы  Қазақстан 

хал қына  Жолдауын  ұжым  болып 

ықы ласпен тыңдады.

Университеттің  Мәжіліс  за лы­

нан  тікелей  көрсетілім  ұйым дас ­

тырылып,  оған  оқу  ор да сы ның 

ректоры  Тілектес  Есполов  бас­

таған  ректорат  мүшелері,  оқы­

тушы­профессорлар 

құ рамы, 

сту      денттер, докторанттар мен ма­

гис транттар қатысты.

Елбасының  Жолдауы  алдағы 

жылдардағы  жобалар  мен  тапсырмалар,  ре­

фор малар  мен  өз гер тулердің  табан  тірейтін 

басты  құ жаты  болып  саналады.  Миллиондаған 

қазақстандықтармен  қатар  ҚазҰАУ  ұжымы 

үшін  де  биылғы  Жол дау  алдағы  жоспарларды 

жү зеге  асыруға,  же тіс тіктерге  жетуге  қуатты 

серпіліс бермек.

«Терең мағынаға ие әрбір жаңа Жолдау – бұл 

ең  алдымен  егемен  еліміздің  жарқын  бо ла ша­

ғына бастар басты бағыт.

Елбасы  атап  өткендей,  биылғы  Жолдаудың 

өзекті түйіні – Қазақстанды әлемдік қаржылық­

экономикалық дағдарыстан алып шығудың жа­

ңа  жоспарын  анықтау.  Бұл  –  жиырма  бірінші 

ғасырдағы  екінші  дағдарыс.  Біріншісі  –  2007­

2008 жылдары болған. Ол дағдарыс АҚШ­тағы 

ипотекалық  жүйенің  дағдарысынан  бастау 

алып, әлем жұртшылығына өз зардабын тигізген 

еді.  Өткен  жылы  бастау  алған  үлкен  дағдарыс 

мұнай,  газ  өнімдеріне  бағаның  құлдырауынан 

басталды.  Табысы  шикізатқа  тәуелді  мем ле­

кет тер  осы  кезеңде  ерекше  қиындықтарға  тап 

болды. Аз ғана уақыт ішінде мұнай бағасы 142 

доллардан 46 долларға дейін түсті.  Осыған орай 

мұнай экспортынан түсетін пайда үш есеге азай­

ды.  Бюджеттік  табыстың  27  пайызы  мұнайдан 

түскен пайдадан құралатын Қазақстан үшін бұл 

өзгерістер көптеген экономикалық қиындықтар 

тудырды.


Енді санаулы уақыттан кейін біз 2016 жылға 

қадам  басқалы  тұрмыз.  Осы  жаңа  жылдың 

қарсаңында  алдағы  жаһандық  дағдарыстың 

елі  мізге тигізер қаупін сейілту мақсатында Ел­

ба сы баршамызға жаңа мінтедтер жүктеп, жаңа 

тапсырмалар беріп отыр.

Біріншіден,  бәсекеге  қабілетті  тауарлар  өн­

діретін экономика жасау. Ол үшін индустриалды­

инновациялық  даму  бағдарламасын  жүзеге 

асыру маңызды.

Екіншіден,  агроөнеркәсіп  кешенін  заманға 

сай  дамытуды  жолға  қою.  Қазіргі  уақытта  Қа­

зақс тан астық пен ұнды экспорттауда  танымал 

бо лып  отыр.  Алдағы  уақытта  біз  ет,  сүт,  жүн, 

тері сияқты ауыл шаруашылығы өнімдерін экс­

порт тауда  зор  табыстар  табатын  ел ге  ай на лу­

ымыз керек.

Үшіншіден,  біз  шикізат  дай ын даушы  ел ден 

табиғи  таза  әрі  сапалы  өнім  өндіруші  мем ле­

кет  тер  санатына  енуіміз  қажет. 

Ол  үшін  білім,  ғылым,  өндіріс 

интергациясын  жандандыра  тү­

суіміз керек.

Төртіншіден,  елдегі  әлеу мет­

тік,  этносаралық  татулықты 

ны   ғай тып,  білім  мен  ғылымды, 

мә дениет  пен  өнерді  дамыта 

оты рып, өз елінің патриоты бо­

латын маман дайындауымыз қа­

жет.


«Нұрлы  Жол»  бағдарламасы 

мен  «100  нақ ты»  қадам  Ұлт 

жоспарын  іске  асыруда  мем ле­

кеттік­жекеменшік  әріптестікке 

серпін бе ру, Қазақстандықтарды 

жұмыспен қамту, қол же тім ді баспана, өңірлерді 

жандандыру,  халыққа  мемлекеттік  қызмет 

көрсету  сапасын  арттыру,  кадрлар  әлеуетін 

жақсарту,  сот  және  құқық  қорғау  жүйесін 

жетілдіру,  Қазақстанда  адам  капиталының 

сапалы өсуі, зейнетақы жүйесін оңтайландыру, 

индустриялық­инновациялық  жо   балар  және 

ауыл  шаруашылығын  дамыту  –  осы ның  бәрін 

жаңа Жолдауда Ұлт Көшбасшысы шешуі кезек 

күттірмейтін нақты мәселелер екенін атап өтті. 

Мемлекет  басшысының  тап сыр масы  бойынша 

біз  2010  жылдан  бері  ха лық аралық  тәжірибеге 

сүйене отырып, мақ сат  ты түрде Ұлттық зерттеу 

университетіне  транс формациялану  бағытында 

жұмыс атқарып келеміз.

Қазақстан  халқы  Елбасы  Жолдауында  жүк­

тел ген  мінтеттерді  басшылыққа  ала  отырып, 

барлық қиындықтарды жеңетініне сенімдіміз!»,­ 

деді Тілектес Исабайұлы.  



ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ЫҚЫЛАСПЕН ТЫҢДАДЫ

• 

Жолдау

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ 

АРНАЛҒАН ВОЛЕЙБОЛ ТУРНИРІ 

Қазақ  ұлттық  аграрлық  университетінде 

Тұңғыш  Президент  күніне  арналған  ардагер 

волей бол шылар командаларының турнирі өтті.

Жарыстың ашылу салтанатында оқу орнының 

ректоры,  академик  Т.И.Есполов  құттықтау  сөз 

сөйлеп, турнирге қатысушыларға табыс тіледі.

Тартысты  додаға  университетіміздің  екі  ко­

мандасы  және  ҰҚҚ  Шекара  қызметі  Ака де­

миясының,  Тұрар  Рысқұлов  атындағы  Жаңа 

экономикалық университетінің, Еуразия тех но­

логиялық  уни вер ситетінің  командалары  қа ты­

сып, өзара жүлдені сарапқа салды.

Екі күнге созылған турнир нәтижесі бойынша 

ҚазҰАУ  командасы  1­орын,  ҰҚҚ  Шекара 

қызметі  Академиясының  командасы  2­орын, 

Еу разия технологиялық университетінің ко ман­

дасы  3­орын,  Тұрар  Рысқұлов  атындағы  Жа­

ңа  экономикалық  университетінің  командасы 

4­орын иеленді.

Жеңімпаз  командалар  мен  жекелеген  шебер 

ойыншыларға кубок пен медальдар табыс етіліп, 

университетіміздің  85­жылдық  мерейтойына 

бай ланысты арнайы сый­сияпат көрсетілді.

++++++++++++++++++++++++++

+++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++

Университетіміздің  85  жылдық  мерейтойына 

орай «Қазақ ұлттық аграрлық университеті. Кеше. 

Бүгін. Ертең» атты  кітап жарық көрді. Бұл жинаққа 

университет  тарихы,  басшылары,  оқу  орнының 

бүгінгі  тыныс­тіршілігі,  жеткен  жетістіктері  мен 

белестері  жайлы мәліметтер, мұрағат құжаттары 

мен фотосуреттер топтастырылған. 

Тілектес  Исабайұлының  басшылығымен  жа­

рық  көрген  кітаптың  құрастырушылары:  Үкі лай 

Керімова  мен  Қалдыгүл  Жаныбаева;  ре дак  ция 

алқасының  мүшелері:  Қанат  Тіреуов,  Ма рат  Қа­

лиасқаров,  Әбдікерім  Серікбаев,  Аюп  Ыс қақов, 

Жанар  Дәуренбаева,  Марина  Алек се ева;  ре дак ­

торлар: Әсима Ералиева, Қаракөз Ус кен ба ева, Фатима Дүйсебаева; фотограф: Ма мыр жан Ботабеков, 

дизайн  және  техникалық  көр кем де гендер:  Рүстем  Тәуекел,  Анастасия  Таукелова.  Кітап  «Service 

Press» ЖШС баспасынан 1000 та ралыммен басылып шықты.

++++++++++++++++++++++++++

Ағымдағы  жылдың  7  желтоқсан  күні  Ел ба­

сы  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан  жаңа  жа һан­

дық  нақты  ахуалда:  өсім,  реформалар,  даму» 

атты  Қазақстан  халқына  Жолдауын    және 

«Бар шаға  арналған  қазіргі  заманғы  мем лекет. 

100  нақты  қадам  Ұлт  жоспарын»  тал дау­на си­

хаттау  мақсатында  О.  Сүлейменов  атын   дағы 

әлеуметтік­гуманитарлық  білім  беру  жә  не  тәр­

бие  институты,  «Қазақстан  жолы»  тәр  бие­бі­

лім  орталығының  ұйымдастыруымен  «Көш­

бас шымен  бірге  қарыштап!»  атты  та қы рып та 

дөң гелек үстел өтті.

«Қазақстан­2050»  стратегиясында  ғаламдық 

экономиканың  даму  ерекшеліктерін  бағамдай 

отырып  еліміздің  экономикасын  дамытудың 

жаңа бағыты айқындалғаны белгілі. Осы орай ­

да  қоғамдағы әр саланың даму жолдары сара­

ланып,  жаңа  талап­міндеттер  жүктеліп  отыр. 

Экономиканы  алға  сүйрейтін  білікті  маман­

дар  болса,  сол  мамандарды  дайындайтын  жо­

ғары оқу орындарына бүгінде ерекше та лап тар 

қойылуда.  «100  нақты  қадам»  Ұлт  жос пары  – 

мемлекет  анықтаған  стратегиялық  бағ дар ла

 

ма­


ларды тиімді жүзеге асыруға жаңа мүм кін діктер 

бермек.


Мемлекеттік маңызы бар бағдарламалық құ­

жат тарды  жастарға  насихаттау,  студент  жас­

тар мен  пікір  алмасу  арқылы  жеке  тұлғаны 

әлеу меттендіру,  көшбасшылық  қасиеттерін 

да     мыту,  олардың  өз  ұстанымдарын  көрсетіп, 

қор  ғай  білуін  және  толерантты  сұхбат  жүргізе 

білуін  қалыптастыруға  ықпал  ету  мақсатында 

өткізілген  дөңгелек  үстел  барысында  институт 

директоры,  профессор,  Е.Медеуов,  «Қоғамдық 

пәндер және Қазақстан тарихы» кафедрасының 

меңгерушісі,  профессор  С.Борбасов,  биылғы 

Жолдаудың  өзекті  мәселелерін,  сондай­ақ,  Ұлт 

жоспарының қадамдарын жастарға кеңінен тү­

сіндірді.  Ал,  «Қазақстан  жолы»  тәрбие­білім 

орталығы жанынан құрылған «Жас көшбасшы» 

клубының белсенді мүшелері, университет сту­

денттері Ж.Мейірханұлы, Н.Мақсұтова, Д.Кен­

жеева  Елбасының  кезекті  Жолдауы  жайлы  өз 

ойларын ортаға сала отырып, болашаққа деген 

зор сенімдерін білдірді.

Басқосуға Алматы қаласы әкімі аппаратының 

«Қоғамдық  келісім»  коммуналдық  мемлекеттік 

мекемесі  директоры  орынбасарының  міндетін 

атқарушы Н.Мәуленов, «Қоғамдық жоба» меке­

месінің директоры А.Братенков, Медеу ауданы, 

«Жас  Отан»  жастар  қанатының  төрайымы 

Б.Өтеп бергенова қатысты. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет