«Тәуелсіздік – Мәңгілік елдің тұғыры»
Жүргізуші-1: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар!
Жүргізуші-2: Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – Мәңгілік елдің тұғыры» атты мерекемізге қош келдіңіздер!
Жүргізуші-1:Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы
Енді ағайын көгінде қалықтасын
Қазағымның қастерлі – Әнұраны!
/Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау/
Жүргізуші-2: Қалың жұртым, қазағым, мақтан бүгін,
Жан сырыңды жайып сап ақтар бүгін.
Мерейі үстем мерекең болсын құтты,
Сан ғасырлар жоғалтып тапқан бүгін
Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толды. Бұл – қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Бостандық бізге оңайлықпен келген жоқ. Ата-бабаларымыз азаттық жолында арпалысты. Талай зұлмат замандар мен нәубеттерді бастан өткерді.
Жүргізуші-1: Тәуелсіздіктің түп – тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екеніне ешкім дау айта қоймас. Биыл әйгілі Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толып отыр. 1986 жылы өрімдей жас аға-әпкелеріміз Кеңес Одағының намысы үшін алаңға шықты. Осы күннен соң тура 5 жыл өткенде Тәуелсіздігімізді жариялауымыздың символдық мәні зор.
Видеоролик тамашалау: https://www.youtube.com/watch?v=fYWipZjSsm0
1-оқушы. Тәуелсіздік – тартуы ол тәңірдің,
Тәуелсіздік – маңдайдағы бағым бұл.
Тәуелсіздік – сыбағасы халқымның,
Тәуелсіздік – таймайтұғын тағым бұл.
2-оқушы. Тәуелсіздік – бабам берген аманат.
Тәуелсіздік келешектің кепілі.
Тәуелсіздік жүрмін сені бағалап,
Тәуелсіздік өткен күннің өтілі
3-оқушы. Тәуелсіздік – тәубе екен бүгінде.
Тәуелсіздік – тәубе сенің барыңа,
Тәуелсіздік әр сәбидің үнінде.
Тәуелсіздік әр қазақтың жанында!
4-оқушы. Тәуелсіздік – елімнің шамшырағы
Тәуелсіздік – халқымның бәйге пырағы.
Тұрақты болсын , қуатты болсын әрқашан,
Шырағы мен пырағының тұрағы.
Тәуелсіздік – бабалардың ұраны,
Бейуақытта бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,
Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.
5-оқушы. Тәуелсіздік бостандығың еліңде
Желбіреді көк тұлпарың көгіңде
Жарқын болсын тәуелсіз ел әлемге
Теңесті халқың терезесі тең елге.
6-оқушы. Шаттық нұры шашылып зеңбіректен
Шуағын күн төгнді енді көктен.
Шылбыр үзді даланың арғымағы,
Тәуелсіздік жалауын желбіреткен.
Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке
Ақ боз аттың алдынан жанды үміт те.
Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,
Қазақстан бет алды мәңгілікке!
7-оқушы. Тәңірім алла туымды мәңгі құлатпа
Сүріндірме ауыр қилы сынықта.
Еліме менің қыдыр дарып бақ қонсын,
Жаратқан ием халқымды енді жылатпа!
Жүргізуші-2: Еліміздің тәуелсіздік алуы - халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол-баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.
Достарыңызбен бөлісу: |