Тығыз талшықты ұлпалар. Маманданған дәнекер ұлпалары



Дата28.11.2022
өлшемі0,51 Mb.
#53128
Байланысты:
722377874667 Тығыз талшықты ДҰ


Тығыз талшықты ұлпалар. Маманданған дәнекер ұлпалары

Тығыз талшықты дәнекер ұлпасының жасушааралық затында талшықты компонент аморфты заттан басым. Жасушалық элементтер аз: тек фиброциттер болады.


Талшықтардың орналасу сипатына байланысты тығыз талшықты дәнекер ұлпасы екіге бөлінеді:

  1. ресімделген (талшықтары бір-біріне жиі параллель орналасады) - ағзада сіңірлер, байламадар, фиброзды мембраналар түрінде берілген;





  1. ресімделмеген (талшықтар ретсіз орналасады) - тері дермасының торлы қабатын құрайды.



Сіңірдің құрылысы. Сіңір негізінен тығыз ресімделген дәнекер ұлпасынан тұрады, бірақ қабаттар түзетін борпылдақ талшықты дәнекер ұлпа да болады.
Сіңірдің көлденең және бойлық қимасында оның I, II және III реттік шоқтарды құрайтын параллель орналасқан коллаген талшықтарынан тұратындығы көрінеді. I реттік шоқтар - ең жұқа, бір-бірінен фиброциттермен бөлінген. II реттік шоқтар шеткі жағын борпылдақ талшықты дәнекер ұлпасының қабатымен қоршалған эндотенонияны құрайды, бірнеше I реттік шоқтардан тұрады. III реттік шоқтар II реттік шоқтардан тұрады және перитеноний деп аталатын борпылдақ талшықты дәнекер ұлпасының қалың қабаттарымен қоршалған.
Барлық сіңірлер сыртынан эпитенониямен қоршалған. Борпылдақ талшықты дәнекер ұлпасының қабаттарына сіңірдің трофикасын және иннервациясын қамтамасыз ететін қантамырлар мен нервтер өтеді.


Арнайы қасиеттері бар дәнекер ұлпалары
Ретикулярлы ұлпа ретикулярлы жасушалардан және ретикулярлы талшықтардан тұрады. Қан түзуші ағзалардың (тимусты қоспағанда) стромасын түзеді және тірек функциясынан басқа, басқа да функцияларды орындайды: гемопоэздік жасушалардың трофикасын қамтамасыз етеді, олардың саралану бағытына әсер етеді.





Майлы ұлпа май жасушаларының жиналуынан тұрады және екі түрге бөлінеді: ақ және қоңыр май ұлпасы.
Ақ май ұлпасы дененің әр түрлі бөліктерінде және ішкі органдарында кеңінен таралған, әртүрлі субъектілерде және онтогенезде бірдей емес. Май жасушаларының (адипоциттердің) жиналуынан түзіледі. Май жасушаларында алмасу процестері белсенді өтеді.
Қоңыр май ұлпасы тек жаңа туған балаларда кездеседі. Ол тек белгілі бір жерлерде ғана шоғырланады: кеуде, жауырынның жанында, мойында, омыртқа бойында. Қоңыр май қоңыр май жасушаларының жиналуынан түзіледі. Қоңыр май жасушаларының цитоплазмасында липосомалар көп. Қоңыр май жасушаларының тотығу процестері ақ жасушаларға қарағанда 20 есе қарқынды өтеді. Негізгі функциясы – жылу өндіру.



Шырышты дәнекер ұлпасы эмбрионалды кезеңде провизорлық органдарда және ең алдымен кіндік бауының құрамында ғана кездеседі. Ол негізінен жасушааралық заттардан тұрады, онда муцинді синтездейтін фибробласт тәрізді жасушалар (шырышты) орналасады.


Пигментті дәнекер ұлпасы меланоциттер жиналған ұлпаның бөлігі (емізік, мошонка, анальды тесік, көз алмасының тамырлы қабығы) .



Бақылау сұрақтары:



  1. Тығыз талшықты дәнекер ұлпасының борпылдақ дәнекер ұлпасынан айырмашылығы қандай?

  2. Тығыз талшықты ДҰ-ның түрлерін атап, сипаттама беріңіз.

  3. Маманданған дәнекер ұлпасы дегенімі не? Қандай түрлерін білесіз? Сипаттама беріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет