Тиімді сабақтар негізгі жүйесіндегі педагогикалық технология



Дата06.01.2022
өлшемі15 Kb.
#13401
түріСабақ
Байланысты:
ТИІМДІ САБАҚТАР НЕГІЗГІ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ


ТИІМДІ САБАҚТАР НЕГІЗГІ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ (А.А.ОКУНЕВ)

Жақсы сабақ-ол сұрақ,күмән,қуаныш,жаңашыл ашу сабақтары.

Жоғары өнімді, нәтижелі сабақ технологиясының негізгі ерекшеліктері ретінде оқушылардың өзіндік ақыл-ой белсенділігі мен танымдық қызығушылығының жоғары деңгейін қамтамасыз етуді, сабақ уақытын тиімді пайдалануды, оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдері мен құралдарын пайдалануды, оқушылардың ақыл-ой әрекеттерін қалыптастыру мен жаттықтыруды, оқушылардың тұлғалық сапаларын, ең алдымен тұлғаны өздігінен басқару механизмдерін қалыптастыру мен дамытуды, оқушы мен мұғалімнің өзара тұлғалық қарым-қатынасының жоғары жағымды деңгейіне қол жеткізуді, оқушылардың сабақта алған білім, білік, дағдыларының көлемі мен беріктігін тұжырымдайды.

Оның шарттары:

-теориялық тапсырмалар жоғары деңгейде берілуі керек,ал жауабы-қабілетіне қарай;

-оқытудағы ілім мен тәжірибенің байланысы;

-алған білімін түрлі жағдайларда пайладану;

-білімді түсіну оңайлылығы;

-оқушы өзінің мүмкіншілігіне қарай жұмыс істеуі;

-мұғалім дарындылылығы-сол мүмкіншілігін көру,қиындық дәрежесін дұрыс анықтау;

-оқытудың саналылығы: оқушы нені оқығанын білу;

-жатқа білу емес, мазмұнының мағынасын білу;

-оқушының білім меңгерудегі нақтылы есте сақтау негіздерін беру;

-ойлау қабілеті есте сақтау қабілетінен жоғары болуы керек;

-оқыту материалдары үлкен тарауларға бөлініп,аз мөлшермен беріледі;

-оқытудың көрнекілігі;

-оқытудың қолайлылығы.

Әдістеме ерекшеліктері

Сабақ технологиясының негізгі ерекшеліктері:

-оқушылардың өзіндік ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушылығыгн құру және қолдау;

-сабақ уақытын үнемі және мақсатты пайдалану;

-оқытудың сан-түрлі  әдістері мен құралдарын пайдалану;

-оқушылардың ой-жүгірту әрекетін және тренинг ойын тәсілдерін қалыптастыру;

-оқушылардың жеке азаматтығын дамыту және қалыптастырудағы өзін-өзі басқару құралы;

-мұғалімдердің және оқушылардың жоғары деңгейдегі азамттық қарым-қатынасы;

-оқушылардың сабақта алған білімі,іскерлігі және дағдыларының көлемі мен беріктігі.

Сабақтың басталуын ұйымдастыру тәсілдері (міндеті:назарларын аудару,сабаққа бейімделу,ынталандыру жүйесін қамтамасыз ету);

-берілген тапсырманың шешуі тек қана балалардың өмірден алған тәжірибесі,іскерлігі арқылы шешіледі;

-тапсырмаларды есте сақтауға, байқағыштыққа, заңдылықтарын ізденуге бағытталған;

-ішінде дұрыс,дұрыс емес жауаптары бар тапсырмаларды шешу;

-жауабы дайын  тапсырмалар беріліп, балама шешімдерін табу;

-берілгені бойынша ізденіс жұмыстарын жүргізу,түрлі тәсілдермен шығару жолдарын талқылау;

-жаңа келелі мәселе қарастырылып,оның шешімін табу жоспарын жасау;

-тақтаға үй тапсырмасы бойынша сызбасы орындалады. Сол бойынша оның шешу жолдары талқыланады;

-сабақты «күшті» оқушылар бастап,қалғандары тапсырманың шешімін қорғайды.

Мұғалімнің негізгі міндеті- оқушылардың өз күшіне өздерінің сенуін тәрбиелеу,жолдастарымен,оқытушылармен қарым-қатынас жасауда қуануға үйрету, оқушының өздігінен жұмыс жасауға назарын,тырысуын тәрбиелеуде сабақтың  қазіргі түрлі әдіс-тәсілдерін қолдану.

 

 



САБАҚТАР ЖҮЙЕСІ (А.А.ОКУНЕВ)

-алған мәліметтерін есте сақтауға үйрету сабақтары;

-тиімді шешімдерін іздеу сабақтары;

-тапсырмалардың қорытындысын салыстыру арқылы шешу сабақтары;

-бір тапсырмасы бар сабақтар;

-шығармашылықпен өз-бетінше тапсырмаларды орындайтын сабақтар;

-түсіндірілмеген тапсырмаларды өз-бетінше орындайтын сабақтар;

- зертханалық жұмыс;

-сабақ-бақылау жұмыс;

-сынақ сабағы (тақырыптық және қорытынды).



Дәстүрлі емес технологиялық сабақтар:

-пәнаралық байланыс негізінде біріктірілген сабақтар;

-жарыс және ойын түрінде өтетін сабақтар: байқау,жарыс,рольдік және іскерлік ойындар,сөзжұмбақ,сұрақ-жауап және т.б.;

-белгілі қоғамдық жұмыс түрлеріне,әдістеріне негізделген сабақтар: зерттеу,басылымдарды талдау,түсініктеме,интервью,жариялама және т.б.;

-оқу материалын дәстүрлі емес түрі негізінде ұйымдастыру сабақтары: даналық сабағы,ашылу сабағы, таныстыру сабағы және т.б.

-көпшілік қарым-қатынас түрін қайталау сабақтары:ақпарат-конференция,аукцион,көрініс,бенефис,шеру,ауызша журнал т.б.

-қиял-ертегілерді қолдану сабақтары: ертегі сабағы, сиқыршы,басқа планетадан келушілер және т.б.

-мекмелер мен ұйымдар қызметіне еліктеу сабақтары: сот,іс-жүргізу,парламенттегі талқылау,цирк,ғылыми кеңес;



-дәстүрлі кластан тыс жұмыстар сабағы: КВН,»Не? Қайда? Қашан?», таңертенгілік,спектакль,концерт,пікірталас,білгірлер клубы;

-қоғамдық-мәдени шарларға еліктеу сабақтары: саяхат,сапар шегу,қонақ бөлмесі,сұхбат,репортаж және т.б.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет