Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!



Pdf көрінісі
бет121/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   150
3
Гераклит
4
деген жазушылар бақа-балық 
жауды деп кеткен. Гераклит: – Бақа жауып, үйді, қара жолды 
басып кетті, – дейді де, – өзен бақаға толды, бақадан аяқ басар 
жер қалмады, шірік бақа сасығы әуені жайлап, Пения, Сарди-
ния елі жерін тастай қашты, – деп тынады.
Промон: – 1685-інші жылы Турне қаласының қақпасының ал-
дына жауған әр түсті бақадан күн көзі тұтылды, – дейді. Мұны 
Промон көп жолдастармен бірге келе жатып көрген.
Портанеаполь мен Пуссу [?] қалаларының арасындағы 
жолда жаңбыр жауып тұрғанда басы, көзі, арқасы, қарыны 
диірменшідей шаң болған бақаны қара жолдың шаңында көп 
көрдім деп жазады. Мұны осы екі қаланың тұрғын халқы да бір 
емес, екі емес, көп көріпті.
1818, 1847-нші жылдарда Қағорда [?] өрмекші жауған. Да уыл, 
құйын балық, бақаны сирек алып кетеді. Өрмекші, бақа жау-

Херонеялық Плутарх (шамамен 45 – шам. 127) – ежелгі грек фило-
софы, биограф, моралист.
Плутарх из Херонеи (ок. 45-ок. 127) – древнегреческий философ, биограф, 
моралист.

Эфестен шыққан Гераклит (б. э. д. 544–483 жж.) – Сократқа дейінгі 
ежелгі грек философы. Оның үш бөлімнен тұратын («Табиғат туралы», «Мем-
лекет туралы», «Құдай туралы») жалғыз шығармасы – «Табиғат туралы» 
кітабы. Оның бірнеше ондаған ғана үзіндісі сақталған.
Гераклит Эфесский (544–483 гг. до н. э) – древнегреческий философ-досо-
кратик. Единственное его сочинение, от которого сохранилось только несколь-
ко десятков фрагментов-цитат, — книга «О природе», состоявшая из трех ча-
стей («О природе», «О государстве», «О боге»).


373
ында қоңыр салқын болды, тамақ аулайық деп інінен шығып, 
қатты жел оларды сонда келіп қара жолдың шаңына тастайтын 
да болар.
«Шегірткедей қаптады» деп, біздің алаш келеді. Шегіртке, 
жұмыртқа, құрт, бұршақ мүшелін жер астында жасап өсіп, 
шегіртке болып ер жеткенде дауылға ілесіп ұшады. Күннің көзі 
тұтылады, аспанға қарасаң, онда шегірткеден аман оймақтай да 
ая қалмайды. Қанатының сыбдыры қара бурадан асып, таспен 
тасыған тоған суындай сатырлайды. Қонған ағаштың бұтағы 
ауырлығынан майысып сынады, шегірткеге қонып аттанған 
ағаш жапырақтан апырылып, үй киізден айырылып сырдай 
жалаңаш болады. Бірнеше сағатта талай жерді таздың басын-
дай айна қылады. Бидай, сұлы, арпа сықылды өсімдікті тамы-
рымен таза жейді. Егініне шегіртке түскен ел санын соғып құр 
алақан қалады. Біздің Семей облысы шөлде, шегіртке тарыны 
жемейді. Қонған жерін таза мүжіп, құралы шегіртке орын ау-
дара ұшады. Кейде тамақты тауысып өзі де аштан қырылады. 
Өлік сасығы микропты жинап, адамға жұқпалы ауруға да ұя 
болады. 1809-ыншы жылы бірінші Петрден жеңіліп Бессара-
бия барған ХІІ-нші Карлды
5
ұшқан шегіртке тосып алған. Карл 
әскері әуелі шегірткені бұршақ деп қалған, қанатының сыб-
дыры Қара теңіз толқынының үнін де есіттірмей қойған. Карл 
қашқан жолды алдымен шегіртке алып, жымдай қылып жолды 
тазалап кетіп, Карлдың әскерін жұтатқан.

XII-нші Карл (шведше Karl XII; 1682–1718) – 1697–1718 жж. билеген 
Швеция королі, ел билеген уақытының басым бөлігін Еуропада ұзақ соғыс 
жүргізуге сарп еткен қолбасы. ХІІ-нші Карл таққа әкесі – ХІ-інші Карл өлген соң 
15 жасында отырды да, 3 жыл өтісімен елді тастап кетіп, Швецияны Солтүстік 
Еуропаның жетекші күшіне айналдыру мақсатымен 18 жылға созылған талай 
соғыс науқанына кірісті.
Карл XII (швед. Karl XII; 1682–1718) – король Швеции в 1697–1718 годах, пол-
ководец, потративший большую часть своего правления на продолжительные 
войны в Европе. Карл XII взошёл на трон после смерти отца Карла XI в возрас-
те 15 лет и спустя 3 года надолго покинул страну, приступив к растянувшимся 
на 18 лет многочисленным военным кампаниям с целью окончательно сделать 
Швецию доминирующей силой в Северной Европе.


374
Швед королі ХІІ-нші Карл (1682–1718).
Шегірткені жұмыртқа, құрт, бұршақ мүшелінде улап 
қырады. Францияда үш жүз мың килограмм тартқан үш мың 
қап жұмыртқасын бір-ақ қазып алып, Руна өзеніне тоғытқан 
(бір килограмм екі қадақ жарымға теңеседі, аз ғана кем). Қазып 
алған шегіртке жұмыртқасы 300 пұт болған, бір қапта бір пұт 
жұмыртқа болғанда, саны бір миллион жеті жүз елу мың бола-
ды. Ана тоғытылған жұмыртқа саны 5 миллиард 250 миллион 
болады. Күнді түнелтіп, аймақты таптайтына осы көптік.
1825-інші жылы Ең-Мұртта, Ақ теңіз қабағы, 1518 қаппен 
шегіртке өлігін қаптап алады, ауырлығы 689 пұт тартады.
1887-нші жылы майда [мамырда] Алжирде бір аймақтан 
бір мың 82 шелек шегіртке жұмыртқасын қазып алады. Осы 
жұмыртқа өсіп-өнсе – 7 миллиард екі жүз елу жеті миллион 
шегіртке болар еді.


375
Біздің шөлде, Сарыарқаның түстігі шегірткенің үлкен жауы, 
егіншінің үлкен досы қара, қараала торғай. Бұл да неше мыңдап 
тобымен жүреді. Қораға түскен қасқырдай шегірткені босқа да 
өлтіре береді, бұл торғайды Еуропа елі, біздің орыс қобды ұя 
жасап, қораның сырғаулына, далаға іліп өзіне үйір қылады. 
Бұл торғай жылда жазғытұры қайтып келіп жұмыртқасын 
қарлығаштай үйір болған ұясына салады. Шегірткеден басқа 
да қолдағы өсімдіктерді жейтін жұлдыз-құрттарды жейді. 
Баққа, гүлдікке, егінге, пішенге қорғаушы болады. Бұл тоғайды 
ұя салып беріп қыстау, қала болған ауылға үйір қылса, өзін 
қаршыға, қырғи, тұрымтай жауынан қорғаса, өсімдік, егін жауы 
– шегіртке, қоңыр көбелек, шыбын, жұлдыз-құртпен күрескен 
болып табылады. Бұ жолда елге мектеп оқытушысы бастайды.
Тағы да ер жетіп қоңыз болып, дауылға мініп майда [мамыр-
да] бір қоңыз ұшады. Латын тілінде «ақ анетон», орыс тілінде 
«май қоңызы». Бұл да өсімдік баққан елге шегірткеден кем 
соқпайды.
1574-інші жылы анетон Англияда жауып, судың құлағын ба-
сып бар диірмен қызметтен қалады.
1688-інші жылы Ирландияда анетон жауып, ел жүрістен 
қалады. Қонған жерін шаш алғандай тазалайды. Гүлдеп тойдағы 
арудай малынған табиғатты жалаңаш, жаудыраған шалға ай-
налдырып жібереді. Қыс болды. Өсімдікті тісі қырыққанда 
мыңдап үйші келіп, тақтай тілгендей шулап қанаты, мыңдап 
әскер жүріп дабыл соққандай дөңгірлеп аймақты күңіретеді. 
Ирландия елі тамақтан айрылып жұтап, анетонның өзін 
қуырып жейді.
1894-інші жылы Сурық көліне түсіп өлген. Анетон көлді са-
сытып, аймақтағы ауаны былғайды.
1832-нші жылы Телмонтте [?] анетон жауып, құсты, керуенді 
жүргізбей қояды.
«Май қоңызы» – анетонды да жер астында болатын 
жұмыртқа, құрт, бұршақ мүшелінде аулап қырады. Анетонның 
жауы – көртышқан. Көртышқан да өзге ісімен де өсімдік баққан 
елдің досы.


Қан жауын, сүт жауын, күкірт жауын, шөп жауын, бақа, 
құрт, қоңыз жауын бәрі де болады. Бірақ, мұнда зәредей кере-
мет жоқ. Құдірет басын жала жауып ауыртпаңдар!
Қыр баласы.
«Жаңа мектеп» журналы, № 7–8, 1926 жыл.
Қызылорда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет