Тіркес түрлері


Матасу амалы арқылы құрылған зат есімді сөз тіркестері



бет6/8
Дата10.09.2022
өлшемі193.63 Kb.
#38785
1   2   3   4   5   6   7   8

Матасу амалы арқылы құрылған зат есімді сөз тіркестері

Матасу деп сөз тіркесіне енген екі сөздің де біріне-бірі іліктес грамматикалық формалар алып байланысу амалы айтылады. Бұл формалар –ілік жалғауы мен тәуелдік жалғауы. Басым сөз тәуелдік жалғаулы тұлғада тұрып, бағыңқы сөз ілік септікті тұлғада тұрады. Сөз тіркесі анықтауыштық қатынасты білдіреді: көшенің жиегі, машинаның кабинасы.

Сөз тіркесіндегі екі сөздің формасы біріне-бірі үнемі қатысты. Тәуелдік формалы сөз, ілік формалы сөзді қажет етсе, ілік формалы сөз де тәуелдеулі сөзді тіркеске шақырып тұрады. Ең жалпы грамматикалық сипатына қарай, біз матасып тіркескен сөздерді өзара анықтауыштық қатынаста тұрады деп атадық. Судың түбі, үкінің қанаты, құстың қауырсыны, желдің лебі.

Матасып байланысқан сөз тіркестерінің бағыңқы сөз басыңқы сөз атаған заттың, құбылыстың меншіктілік сапасын білдіреді.

  • Матасып байланысқан сөз тіркестерінің бағыңқы сөз басыңқы сөз атаған заттың, құбылыстың меншіктілік сапасын білдіреді.
  • Матасып байланысқан сөз тіркестерінің бастапқы және негізгі мағынасы меншіктілік қатынас болғанмен, осыдан дамып шыққан басқа дамағыналық қатынастар көрініп тұрады. Матасып байланысқан сөз тіркестері білдіретін мағыналық қатынасты іштей былай саралауға болады:
  • 1. Меншіктілік қатынас : інімнің кітабы, фермердің үйі.
  • 2. Бүтін зат пен оның бөлшектерінің қатынасы: көлдің ортасы, пышақтың жүзі, етіктің қонышы.
  • 3. Зат пен заттың арасындағы (релятивтік) қатыстық байланыс: желдің лебі, қылыштың жарасы т.б.

Матаса байланысу амалы екі түрде көрінеді: толық құрамда, толық емес (толымсыз) құрамда: көл жағасы, көлдің жағасы. Сөз тіркесіне бағыңқы сөз ілік жалғаусыз формада кіріксе, матаса байланысу амалының толық емес (толымсыз) құрамда жұмсалғаны.

  • Матаса байланысу амалы екі түрде көрінеді: толық құрамда, толық емес (толымсыз) құрамда: көл жағасы, көлдің жағасы. Сөз тіркесіне бағыңқы сөз ілік жалғаусыз формада кіріксе, матаса байланысу амалының толық емес (толымсыз) құрамда жұмсалғаны.
  • Матасудың толымсыз түрі толық түрінің негізінде қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет