Ағза жасушасына сәулелену өтуінің екі жолы бар: Бірінші жолы – ағзаға қатынасы жоқ көздерінен (қоршаған орта кеңістігінде) сыртқы сәулелену; Екінші жолы – ағзаға радиобелсенді заттың қтуімен байланысты ішкі сәулелену. Осы сіулеленудің негізгі қасиеті иондалған әрекеті болып табылады. Олардың жасуша арқылы өту кезінде нейтралды атомдар және молекулалар иондарға айналады.
α-сәулелену ионизацияның жоғары тығыздыққа жол береді. Альфа- бөлшектер адам киімі, тер беті арқылы өте алмайды. Егер сәулелену көзі ағзадан тыс орналасатын (ішкі сәулелену) болса , онда адам үшін зиянсыз болып табылаы. Егер осы көздің ағзаның ішіне кіретін (сыртқы сәулелену) болса, онда адам денсаулығы үшін зиянды болып табылады.
α- сәулеленумен салыстырғанда β –бөлшектерінің иондалған әрекеті төмен болады. Бэта – бөлшектері киіммен ұсталып қалады, адамның ашық денесінің сәулелену кезінде пигментацияны(«ядерлі күюі»), тері күйіп қалуын, дене бетіндегі жараны тудыратын тері эпителиясында жиналу мүмкін. Β – бөлшектерінің ішкі сәулелену кезінде адам денсаулығы үшін қауіпті болып табылады.
γ – бөлшектері адам жасушасы арқылы аса өтімді қабілеттілігіне ие, сондықтан олар ішкі жіне сыртқы сәулелену кезінде бірдей қауіпті болып саналады.
Нейтронды сәулелену жасанды радиобелсенді ыдырау кезінде ғана өтеді. Нейтронды сәулеленудің ерекшелігі зат арқылы өткеннен кейін ол радиобелсенді болып табылады және бүкіл иондалған сәулелеленуін α, β, γ шағылыстырады. Ол ішкі және сыртқы сәулелену кезінде қауіпті болып есептеледі. Өмір процесі кезінде адамның сәулеленуі космос сәулеленуден, табиғи көздерінен, тұрмыс және қоршаған ортадағы жасанды көздерінен, ядерлі қаруды сынаудан кейін пайда болатын радиобелсенді тұнбаларынан, атомды энергетика кәсіпорындарынан, медициналық қаралудан және радиотерапиядан болады.
Жасушада адам ағзасына сәулелену әсерінің нәтижесінде күрделі физикалық , химиялық және биохимиялық процестер өтеді. Ол бөлек функциялар мен жүйелердің өмір тіршілігінің және ағзаның толығымен бұзылуына әкеледі. Сіңу дозасына және ағзаның жеке ерекшеліктер өлшемдеріне тәуелді өзгерістер қайтымды және қайтымсыз болу мүмкін.
Адамның сыртқы сәулелену кезінде 150-400 рад мөлшерінде ауыртпалықтың жеңіл және орта дәрежесінің сәулелі ауруына, 400-600 рад – ауыр сәулелі ауруына, 600 рад аса - өлімге әкеледі. 100-1000 рад мөлшерінде сәулелену кезінде зардаптың негізінде сәулелену аурудың дамуының жілік майы механизмы жатыр. 5000 рад аса мөлшерінде аса уыр сәулелену кезінде сәулелену аурудың кенет формасы дамиды. 200000 рад аса мөлшерде сәулелену кезінде «сәуле астында» өлім болу мүмкін.
Биологиялық әсердің ерекшеліктері келесі: - адаммен иондалған әсері сезілмейді - терінің көрінетін зақымдалуы бірден көрінбейді, біраз уақыт өткеннен кейін ғана болады; - мөлшердің қосындысы жасырын өтеді, ол сәулелену науқастарына әкеледі.
Жеке қорғану заттары (ЖҚЗ) ретінде халаттар, комбинезондар, қабықты киім, қолғап, пневмокостюмдер, респираторлар, газқағар болып табылады. Көзді қорғау үшін көзілдірік қолданылады. Бүкіл қызметкерлерде жеке дозиметрлер болу керек.
Зиянды әсерден қорғану үшін радиопротекторлер (дәру-дәрмектер) қолданылады. Егер сәулелену алдында ағзаға енгізілген болса және сәулелену кезінде оның құрамында болса, онда ол белсенді әсер етеді. РС-1 препараты жедел әсер ететін радиопротекторы болып табылады, қорғау эффекті 40-60 мин болады және 4-6 сағ сақталады. Шұғыл әсердің Б-190 препараты, эффекті 5-15 мин болады және 1 сағ сақталады. РДД-77 препараты - ұзақ әсерлі, қорғау эффекті екі тәуліктен кейін болады және 10-12 тәулік бойы сақталады.
Ағзаны радиациядан қорғайтын жемістер мен жидектер - өріктер, жүзім, алмұрттар, мүк жидек, қарлыған, бүрген, итмұрын, алмалар және т.б. Радияцияға жақсы бір қарсы болатын сәбіз көкөнісі саналады. Радионуклидтердің кішігірім мөлшері крахмалда, қантта, қарақатқа, тазартылған өсімдік майда болады. Тағамдардың радиоактивті ластанудың мүмкін деңгейі – килограмға немесе литрге 4 килобеккерел (4кБк/кг (л)). Салауатты өмір сүру – ағзаға жақсы сүйеу: витаминдермен байытылған сапалық қоректену, дене тәрбиесімен айналасу, мойша, темекі мен алкогольды қабылдамау.
ұл тәсілдің ұйғаруы бойынша, дер кезінде қол-аяқты денені жылы су мен жуып отыру керек. Қолға арнаулы түрде дайындалған перчаткаларды кию керек. Қатты радиоактивті элементтердің бөлшектерінің кішкентай түйіршіктері ішкі органдарға өтіп кетпеуін қадағалап отыруы керек.
Егер кішкентай бөлшектер ішкі органдарға өтсе, олар тез арада ағзадан шыға қоймайды. Әсіресе радий, уран, плутоний, стронций, иттрий және цирконий бөлшектері ағзаларға өтсе қауіпті ісіктер туғызуы мүмкін. Олар радиоактивті сәулелер таратады. Цезий тез еритін тұздарды түзеді. Сөйтіп адам ағзаларының жұмсақ тканьдерінде жиналады да үнемі иондалған сәулеленуді таратады. Радиоактивті стронцийдің бөлшектерін адам ағзаларынан шығару оңай емес. Стронцийді кальциймен ығыстырып шығаруға болады.
Тез еритің цезий – 137 бөлшектерін ағзалардан ығыстырып шығару үшін көп мөлшерде су ішу керек. Радиоактивті элементтерді ағзалардан шығару үшін қымыздық сірке қышқылы мен лимон қышқылынкөп мөлшерде пайдалану керек. С, Д витаминің ішу өте пайдалы (сәбіз, редис). Арақ-шарап ішуге болмайды. Олар радияцияның әрекетін күшейтіп жіберуі мүмкін. Бірақ кейбір адамдар Уран өндіретін шахталарда істеп жүріп күніне азды- көпті арақ ішіп жүрген. Ол адам күні бүгінге тірі. Ал арақ ішпеген оның әріптестері жарық дүниемен баяғыда қоштасқаның ол жіпке тізгендей айтып беріп отырады. Біздіңше, азды-көпті арақ-шарап ішіп отырған жөн болғаны. Радиациядан қорғанудың химиялық және биологиялық жолдары. Радиацияға қарсы қолданатын препараттарды радиопротекторлар деп аталады. Олар радиоактивті элементтердің бөлшектері ағзалардан шығару үшін неше түрлі химиялық препараттарды пайдаланады. Олар ағзаларды радияциядан сақтап қалады. Иондалған сәулеленуді ем-дом ретінде пайдалануға болады. Дерттерге диагностика қою үшін де таңбаланған атомды пайдаланады. Сәуле тератиясы мен қан, ауруларын емдеуге болады. Қауіпті ісіктерді де емдеу үшін бета-сәулесін пайдаланады. Адамдарды Радиациядан қорғау Қазақстан Республикасының алдында тұрған аса күрделі мәселе. Қазақстан Республикасында адамдардың денсаулығына өте үлкен көңіл бөлінеді. Әсіресе экологиялық аппатқа ұшыраған аймақтарда да тұратын халықтардың денсаулығы қатаң бақылауға алынған. Осы айтылғандарды қорыта келе, радияция (сәуле) дертіне шалдықпау үшін халыққа, әсіресе, жеткіншіктерге радиоэкологиядан жан-жақты білім және тәрбие беру екенін естен шығармауымыз керек. Адамзат баласы осы кезде бұрын – сонды болып көрмеген орасан көп ғылыми табыстарға жетіп, техника мен технологияны дамыта түсуде. Оларды төтенше түрде дамуы биология ғылымдарына тікелей байланысты. Ол жаратылыстану ғылымдарының көрнекті салаларының бірі. Оның басты міндеттері жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуын, оның эволюциялық жолмен дамуын зерттеу. Биология жердің тіршілік иелері адамдар мен жануарлар өсімдіктер мен неше түрлі көзге көрінбетін микроорганизмдер әлемін зерттейді. Алынған мәліменттердің негізінде сигнал хабарды дәл тіркейтін сезімтал машиналар мен механизмдер шығару жұмыстарын жүргізеді. Кейінгі кезде биологиялық ғылымдар орасан зор ілгерлеп, алға басты. Осы уақыттың ішінде тіршілік дүниесі адамдар, жан-жануарлар, өсімдіктер әлемі туралы көптеген түсінігіміз бар. Тірі организмдердің пайда болу жолдарын, биохимиялық процестерін білеміз. Бірақ көптеген биологиялық көріністердің құпия сырлары әлі күнге дейін өз шешімін тапқан жоқ.[1]
2. Сәулелік ауруы:
- адам ағзасының сәулелік ауруы (лучевая болезнь);https://stom.tilimen.org/seulelik-aurular-trleri-kezederi-jiti-radiaciyali-zaimdanudi-t.html
Қазіргі кезеңде дүние жүзінде ядролық жарылғыш заттың 18000 мегатоны жиналған, ол Хиросимадағы 1 миллион бомбаға немесе екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жарылған 600 бомба, жарылған заттардың қорына тең келеді. Сәулелену ауруы — ионданған сәулелердід зиянды биологиялық әсерінен туатын аурулар. Адам сәулелену ауруымен тұтас денесінің немесе оның көпшілік белігінің сәулеленуі нәтижесінде ауырады, сондай-ақ ішкі ағзаға радиоактивтік заттардың сумен, тамақпен және ауа жұту арқылы кетуімен де ауырады. Сәулелену аурулары бір рет үлкен дозамен сәулеленуден болатын қатты сәулелену ауруларына және ұзақ уақытқа созылған, үнемі аз дозамен сәулеленуден дамитын сәулелену ауруына бөлінеді. Қабылданған мөлшеріне карай сәуле ауруы төрт түрлі дәрежеде болады:
1-дәрежесі жеңіл түрі - 100-200 рентген мөлшерінде;
2-ші дәрежесі орташа - 200-300 рентген;
3-ші дәрежесі ауыр - 300-500 рентген мөлшерінде;
4-ші дәрежесі өте ауыр - 500 рентгеннен астам мөлшерде сәуле алған кезде болады.