Түлектер қауымдасты­ ғының кезекті жиыны



жүктеу 4.91 Mb.
Pdf просмотр
бет2/4
Дата09.01.2017
өлшемі4.91 Mb.
1   2   3   4

Нәзира ЕЛЕУХАН

БАСҚОСУ


29 мамыр күні Қазақ мемлекеттік 

қыздар педагогикалық 

университетінде Түлектер 

қауымдастығының кезекті кездесуі 

өтті. 2014 жылы университеттің 

70 жылдығы мерейтойына орай 

Түлектер қауымдастығы құрылып, 

«Парасат мектеп түлектерінің 

жұлдызды күндері» атты кеш алғаш 

рет өткізіліп еді. Бұл басқосу жыл 

сайын өтетін дәстүрге айналып отыр. 

Ұлағатты ұстазды сонымен қатар Жа­

ратылыстану факультетіне қарасты төрт 

кафедраның меңгерушілері құттықтады. Химия 

кафедрасының ұжымы атынан сөз сөйлеген 

кафедра меңгерушісі Нұрбала Мырзахметова: 

өмірден тоқығаны мол, кең ойлап, қамқор 

қолын ұсынып жүретін аяулы азамат, аға 

ретінде биология саласын дамытуға сіңірген 

белсенді қызметі, тың ғылыми жаңалықтарды 

енгізуде озық ойлайтын кемел қабілеті кім­

кімді де тәнті етпей қоймайтындығын, жастарға 

ұлағатты ұстаз, өнеге болатын тұлғалы аза­

мат екендігін ерекше атап өтіп, ақжарма 

тілегін жолдады. География кафедрасының 

ұжымы атынан тілегін білдірген кафедра 

басшысы Күләш Мамирова ұлтжанды, адами 

құндылықтарды бойына жиған, ары таза, елі 

мен жерін сүйетіндігін ісімен дәлелдеген, кемел 

ойлы тұлға үлкен азаматтық парасат иесі деп 

білетіндігін жеткізді. «Жаны жомарт, қамқор да 

талапшыл, ізденімпаз ардақты ұстаздың абзал 

қасиеттері – жас ұрпаққа нағыз өмір мектебі» 

деп баға берді.

Бірі білсе, бірі білмес, «Сегіз қырлы, бір 

сырлы» Р.Сәтімбекұлы білікті ұстаз ғана емес, 

шешендік өнер дарыған оның бойында со­

нымен қатар, ақындық, жазушылық қасиеттер 

бар. Бұл қырларын оқу орын ұжымы мен 

әріптес достары жақсы біледі. Оның жыр 

маржандары «Асыл сөзді ағайынға арнадым» 

(1999), «Халқым менің – қазынам» (2000) атты 

жыр жинақтарында жарық көрген. Ақынның 

«Наурызға ақ тілек», «Қазақстан – арайлы 

өлке», «Шырайлым», «Әлдилеген бір сезім», 

«Қыз ұзатқан халықпыз үкі тағып» және т.б. 

көптеген өлеңдеріне әндер де шығарылған. 

Р.Сәтімбеков Композиторлар Одағының 

бірнеше дипломдарымен марапатталған. Білім 

ошағында ұзақ жылдан бері қызмет атқарып 

келе жатқан оқу орнының құрметті профес­

соры, әріптес­досы Қазына Аймағамбетова: 

«Қыз балаларға сабақ беріп келе жатқан ұстаз 

үшін, 50 жыл үзбей сүйкімді, қадірлі, құрметті 

педагог болып жүру адамның бойындағы 

үлкен білімімен қатар, адамгершілік қасиетті

педагогтық­ұстаздық шеберлікті керек етеді. 

Оның ерекше бір қасиеті – адамгершілігі. Ол 

қашан да адамгершілік пен парасаттылықтың 

ақ туын биік ұстайтын жан. Оның қазақ 

халқына деген, еліне деген, жалпы жұртқа 

деген көңілі ұшан теңіз. Ол сөйлеген кезде 

ағылып, әдеби­көркем тілмен шығады. Оның 

жан дүниесі керемет, таза, нәзік, ешкімнің 

көңіліне келмейді. Осындай адамдар, дархан 

мінезді жандар көп болсын деп тілеймін!» – 

деп ғалымның ұстаздық қызметінен өзге адами 

қасиетіне ерекше тоқталып өтті.

танымдық, публицистикалық мақалалары жиі 

жариялап келеді.

Ұстаздық ғұмырында «ҚазКСР оқу­ағарту 

ісінің үздігі», «Ы.Алтынсарин атындағы және 

ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері», 

«Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық 

университетінің профессоры» деген атақтары 

мен мемлекеттік дәрежедегі «Ерен еңбегі 

үшін» медалінің, ҚазМемҚызПУ­дың 70 жыл­

дығының құрметіне «Ұлағат» алтын медалімен 

марапатталды. Бұл берілген төбелгілер мен ме­

дальдар оқу­ағарту саласында талмай атқарған 

еңбектің бағалануы, еленуі екені рас.

Кызығы мен қиыншылығы қатар жүретін, 

жауапкершілігі өте зор ұстаздық қызметте тек 

сәйкес дипломы бар ғана маман емес, бала 

тәрбиесін жанымен ұғатын, ғылымды дамытуға 

ниет білдірген нағыз педагог қана тұрақты 

қызмет атқара алады. Салтанатты ашылуын­

да сөз алған ғылыми­педагогикалық құрам 

өкілдері саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге 

арнаған нағыз ұстаз туралы лебіздері мен 

құттықтауларын жеткізіп жатты. 

Жаратылыстану факультетінің деканы 

Қажымұқан Кішібаев ғалымның Жаратылыста­

ну факультетінде студенттерге сапалы білім мен 

тәрбие беріп келе жатқан ұстаздық қызметіне 

тоқталып, сіңірген еңбегін атап өтсе, Биология 

кафедрасының меңгерушісі Рысмаханбет Жек­

сембиев Рысбай Сәтімбекұлының биология 

ғылымын дамытуға қосқан өлшеусіз үлесін 

атап өтті.

«Қазақ қыздарының қарашаңырағында 50 

жылға жуық ұстаздық қызмет атқарып келе 

жатқан, өз ісіне шынайы берілген Рысбай 

Сәтімбекұлы 47 жыл ішінде биология саласы 

бойынша мыңдаған сапалы кадр дайындауға 

өз үлесін қосып қана қоймай, жастарға ұлттық, 

патриоттық, эстетикалық және адамгершілік 

тәрбие беруде ел сүйсінерлік сүбелі үлесін 

қосып, сапалы білім мен саналы тәрбие беру са­

ласында ерен еңбегімен көпшіліктің құрметіне 

бөленіп жүрген біздің факультетіміздің ұлағатты 

ұстазы. Оқулықтар жазуда көп еңбек сіңірген 

Р.Сәтімбекұлының білім мен ғылым саласына 

қосқан үлесі ұшан­теңіз. Ол еліміздің барлық 

мектептері мен ЖОО­ға дайындалған биология 

оқулықтары авторларының бірі. Студенттер мен 

мұғалімдерге арналған 10­нан астам кітапты 

орыс тілінен қазақ тіліне аударған. Оның 

800­ден астам ғылыми, ғылыми­әдістемелік 

мақалалары ағылшын, орыс және қазақ 

тілдерінде халықаралық және республикалық 

журнал беттерінде жарияланған. Бұл ғылыми 

жұмыстар жастарымыз, болашақ ұрпағымыз 

үшін баға жетпес мұра», – деді факультет бас­

шысы Қ.Кішібаев.


4

4

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



№7 (130)

29 мамыр


2015 жыл

С И М П О З И У М   –   2 0 1 5

Қ а з М е м Қ ы з П У   б а с ш ы с ы 

Динар Жүсіпәлі қызы екіжақсы 

келісімшартпен  қос  универ  си теттің 

студенттері тегін білім ала  тындығын, 

сондай­ақ тегін жатақханамен 

қамтамасыз еті летіндігін жеткізді. 

Бұл Қыздар университеті үшін қос­

дип ломдық бағдарламасы бой­

ынша қол қойылған шетелдік 

үшінші жоғарғы оқу орны. Аме­

р и к а   Қ ұ р а м а   Ш т а т т а р ы н ы ң 

Миссиссиппи мемлекеттік уни­

верситетімен, Англияның Лондон 

Менеджмент және ғы лым акаде­

миясымен келісім­шартқа отыр ған 

ҚазМемҚызПУ өз студенттеріне 

әлемдік және отандық дипломдарға 

ие болуға мүмкіндік жасады. 

Қ о с д и п л о м д ы қ   б і л і м   б е р у 

бағдарламасы бойынша білім ала­

тын студенттерді іріктеу жүргізетін 

бірегей мектеп. Бұл мектеп сту­

денттерге АҚШ, Ұлыбритания, 

Түркия сынды шет мемлекеттерде 

білім алуға үлкен мүмкіншіліктер 

ж а с а й д ы .   Н ә т и ж е с і н д е   с т у ­

дент Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық университеті мен 

серіктес университеттің дипломда­

рын қатар алуға мүмкіндік беретін 

Әлемдік білім беру мектебін құру 

туралы келісім­шартқа бірегей оқу 

ордасының 70 жылдық мерейтой­

ында қол қойылған еді.

АҚШ пен Англиядағы оқу 

о р ы н д а р ы н д а   б а к а л а в р   м е н 

магистратураның «Менеджмент», 

«Есеп және аудит», «Информати­

ка», «Ақпараттық жүйелер», «Мек­

Шараны мақсаты – түркітану 

және тіл тарихы курсы бойын­

ша оқитын студенттердің уни­

верситет қабырғасында алған 

білімдерін этномәдени тұрғыда 

қауымға таныстыру, түркі ха­

лық тарының ұлттық дәстүрі, 

салт­сана жоралғыларымен 

тәрбиелеу арқылы адамгершілік, 

имандылық, инабаттылық қа­

сиет терді олардың бойына дары­

ту, түркі халықтарының тілін, та­

рихын, рухани құндылықтарын, 

жазба дәстүрін, әдет­ғұрыптары 

мен дүниетанымын дұрыс түсініп, 

қадірлеп, құрметтей білуге үйрету 

болып табылады.

Фестиваль Қыздар уни верси­

теті студенттері мен оқы тушы­

ла рынан құралған ұлт­аспаптар 

оркестрінің  орын дауындағы 

«Шаттық отаны» күйімен және 

мыңдаған шақырым жер басып 

келген Түрік елі өнерпаздарының 

концерттік бағдарламасымен 

ашылды.

«Танысайық сіз бен біз», «Ата 



салтым – асыл қазынам» атты 

екі бөлімнен тұрған фестивальдің 

бірінші бөлімінде түрік, қырғыз, 

өзбек, башқұрт, әзірбайжан сын­

Сахна төріне көтерілген 

Бейзанур Чакмак пен Фейза Ву­

рал фортепиано мен скрипкада 

керемет классикалық музыка 

ойнап, көрерменді бір серпілтті. 

Жүрек қылын тербер әдемі 

әуен тұнық тұңғиыққа, қиял 

әлеміне ерітіп әкетердей әсем 

күйге ендірді. Бірінен­бірі өткен 

әсем әуендер жүрек қылын 

тербеп, ішкі болмыс­бітіміңді 

елжіретердей күйге ендірді. 

Психологтардың зерттеуі бой­

ынша, классикалық музыка 

әуенімен баурап алуымен қатар, 

мидың дамуына көмектесетіні 

және қарттық ақылдан адасу­

ды кешіктіретіндігі әу бастан 

дәлелденген. Ендеше, бір емес, 

бірнеше мәрте орындалған әр­

түрлі түрік әуені талай жанды 

еліктіргені аян.

Сондай­ақ, доцент Ти­

мур Вуралдың дирижерлігімен 

т ү р і к   х а л ы қ   ә н д е р і   Х о р 

негізінде орын далды. Олар 

«Аллаға мадақ», « Нийде бала­

лары», «Қуа нышты күндер», 

«Судағы ба лық» сынды кере­

мет әндерді әуе лете шырқады. 

Астын сыза отырып айтатын 

бір жәйт, «Түбіміз бір түркіміз» 

деген жаңа әнді біздің еліміз 

үшін арнайы шығарыпты. Бұл 

әнде түркі тектес халықтардың 

сыйластығы, достығы, бауыр­

малдығы керемет суреттелген. 

Үнемі оансүйгіштікке шақырып, 

ұлттың рухын көтеріп жүретін 

халықтардың көздеген мақсаты, 

арманы бір екендігін білдіретін 

ырғағы да, мазмұны да тамаша 

әнге деген құрметін жұртшылық 

қол шапалақтау арқылы білдірді. 

Концертте ең бір ұтымды тұсы, 

қазақ халқының тарихында 

ерекше орын алатын «Қамажай» 

ә н і н   о р ы н д а ғ а н ы   б о л д ы . 

Көрермен қауым таныс әуенге 

тегіс қосыла шырқап кетті.

Қашанда, қай заманда да, 

қай халықта да музыка ұлт пен 

тілге бөлінген жоқ, бөлінбейді 

де. Кез­келген музыканы тыңдау 

арқылы жүрек түкпіріне терең 

бойлап, саз сиқыры еріксіз ар­

бап алады. Жан­дүниені байыту­

мен бірге, сезім пернелерін дөп 

басып, ой­қиялға қанат бітіріп, 

сұлулықты суреттеп, көңіл са­

райына нұрын төгеді. Осылай, 

мәдениет пен өнер бір арнада 

тоғысып жатады.

Грек философы Аристотель 

«Музыка арқылы біз өзімізді 

үлгілі өнерге бейімдеп өркендете 

аламыз. Біз оның әсерінен руха­

ни нәр аламыз. Музыканың шын 

мәнінде біздің жан дүниемізді 

толқытып, көңілімізді көтеруге 

құдіреті әбден жетеді» деп 

айтқандай, өнердің құдіреті 

шексіз екендігіне тағы бір көз 

жеткіздік. 



Арай ӨТЕЕВА

ІІ Түркі әлемі зерттеулері симпозиумы 

аясында Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық университетінің 

ректоры Динар Нөкетаева мен Түркия 

Республикасының Нийде мемлекеттік 

университеті Аднан Гөрур қос-

дипломдық бағдарлама бойынша 

екіжақты келісім-шартқа қол қойды.

20 мамыр күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагоги ка лық 

университетінде «II Халықаралық түркі әлемі зерт теу-

лері» симпозиумы аясында Нийде университеті му зыка сы 

мемлекеттік консерваториясының концерті өтті. 

«ІІ Халықаралық түркі әлемі зерттеулері» симпозиумы аясында 

«Түбі бір түркіміз» фестивалі болып өтті. Осымен сегізінші рет 

өткізілген дәстүрлі фестивальдің биылғы ұйымдастырылуының 

маңызы ерекше. Қыздар университетінде бас қосқан әлем 

түркілері түркі халықтарының мәдениетімен, өнерімен танысып, 

тың серпіліс алып қайтты.

Кәсіби маман дайындаудағы 

бағдарлы қадам

Бауырластық сыйы

тепке дейінді және бастауыш білім 

беру», Бастауыш білім беру педа­

гогикасы мен әдістемесі, «Био­

логия», «Шет тілі, екі шет тілі», 

«Әлеуметтік жұмыс», «Педагогика» 

секілді бірнеше тиісті мамандық 

бойынша білім берілсе, Нийде 

университетінде «Тарих», «Эконо­

ми ка», «Химия», «Музыкалық 

білім» мамандығында бакалаврлық, 

ма гистр лік дипломдар алуға бола­

ды.


Шетелдік жоғарғы оқу орын­

д а р ы м е н   б а й л а н ы с   о р н а т қ а н 

Қыздар университеті құзыретті 

әрі бәсекеге қабілетті мамандар 

дайындау жолында қосдипломдық 

бағдарламасын жүзеге асырып 

отыр. Былтырғы оқу жылын­

да Қ.Бабатаева мен Ә.Бахрамова 

АҚШ­та біліп алып, алғашқы қос 

дипломды маман атанған бола­

тын. Енді олардың қатары жыл 

сайын Нийде университетінің 

түлектерімен артатындығына сенім 

мол.


Қ.ТЕЛМАН   

ШАРА


КОНЦЕРТ

ды түркі халықтарының ұлттық 

ән, билері орындалса, екінші 

бөлімде түркі әлеміндегі әр 

жұрттың әдет­ғұрпы, салт­дәстүрі 

көрсетілді. Атап айтқанда, түркі 

жұртына ортақ «Шілдехана, бесік 

той», «Наурыз», «Бастаңғы», «Са­

бантой», «Сүндет той», «Қына 

геджесі», «Келін түсіру, бета­

шар тойы» сынды қойылымдар 

сахналанды. Әдемі де, әсерлі, 

үлкен қошеметпен өткен кеш­

те көрермендер мен қонақтар 

жерұйық іздеген Асан Қайғы баба­

мыздай әр түркі мемлекетіндегі бір 

ұлттық шараның куәгері болды.

Фестиваль барысында соны­

мен қатар, «Халықтар достығы» 

биі, Түркі әлемі жастарының 

«Ұлы дала ұланымыз» әнұраны 

орындалды. Фестивальдің басты 

құндылықтарының бірі – түрлі 

ұ л т   ө к і л д е р і н   с о м д а ғ а н   с т у­

дент жастардың сол халықтың 

тілінде еркін сөйлеуі мен мен 

ұлттық билерін тамаша көрсете 

білгендігі, тамыры ортақ, діңі бір, 

рухы асқақ, ділі бір тұтас жұрттың 

жаңғырып жеткен жақсылықтары 

м е н   ж е т і с т і к т е р і н   б а у ы р л а с 

халықтардың тілі мен тарихын, 

мәдениетін білуге деген асқан 

құмарлығы болды десе болады.

« Қ ы з д а р   у н и в е р с и т е т і н і ң 

студенттері оқу орнында ағыл­

шын тілімен қатар, корей, қы­

т а й ,   ф р а н ц у з ,   п а р с ы ,   а р а б , 

түркі тілдерін оқиды. Бір сөзбен 

айтқанда, филолог қыздарымыз 

өз мамандықтарының қыр­сы­

рымен қатар, түбі бір түркі жұр­

тының барлық тілдерін біліп 

ш ы ғ а д ы .   А л ,   б ү г і н г і   ш а р а ғ а 

келетін болсақ, биылғы фести­

валь Қазақ хандығының 550 

жылдығы мен Қазақстан халқы 

Ассамблеясының 20 жылдығына 

орай өткізілді. Дәстүрге айналған 

шара бүгінгі ұрпаққа түбі бір түркі 

жұртының мәдениетін, тарихын, 

салт­дәстүрін, тілін насихаттай 

отыра бірлікке шақыру, ұлттар 

арасындағы ынтымақтастықты, 

б а у ы р л а с т ы қ т ы   о д а н   ә р і 

нығайту мақсатында өткізіліп 

к е л е д і » ,   д е д і   а т а л м ы ш   ш а р а 

ұйымдастырушыларының бірі, 

Қазақ тіл білімі кафедрасының 

меңгерушісі, профессор Тыныш­

тық Ермекова.

Елдігіміз бен ерлігімізді, ке­

шегі тірлігіміз бен бүгінгі бір­

лігімізді айдай әлемге әйгі­

леген, әдемі әдептің, өміршең 

өнегенің үлгісін көрсеткен фес­

тиваль соңында үздік өнер көр­

сет кен дер білім ордасының, Ний­

де университетінің және Түркі 

халықтарының мәдени қорының 

арнайы бағалы сый лықтарымен, 

мақтау қағазда рымен марапат­

талды.

Айта кетейік, кеше басталған 



симпозиум жұмысына ТМД 

елдері мен Түркия, АҚШ, Қытай, 

К о р е я ,   Н и д е р л а н д ы ,   С е р ­

бия сынды әлемнің 20­ға жуық 

мемлекеті мен Қазақстанның 

барлық аймағынан 500­ден астам 

түркітану ғылымымен айна­

лысатын ғалымдар қатысуда. 

Дүниежүзілік басқосу ертең де 

жалғасын табады.



Нәзира ЕЛЕУХАН

Түркі мәдениетінің фестивалі

5

5

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



№7 (130)

29 мамыр


2015 жыл

С И М П О З И У М   –   2 0 1 5



(Басы 1-бетте)

 Түркі әлемі – өте бай мұра, ашылмаған 

қазына. Ол зерттеуді, зерделеуді, дамы­

туды қажет етеді. Түркі халықтарының 

өзіндік мәдениеті, өркениеті, бүгінгі 

ұстанып отырған салт­дәстүріміз, әдет­

ғұрпымыз – ұрпақтар жалғастығымен 

б е р і л і п   к е л е   ж а т қ а н   қ а л ы п т а с қ а н 

мәдениеттің белгісі. «Кешегі күннен алыс 

жоқ, ертеңгі күннен жақын жоқ» дейді 

қазақ халқы. Өтер күніміз тарих қойнауына 

ертеңгі күнге деген өзіндік үнімен енсе 

– біздің ғаламдық жаһандануда жоғалып 

кетпеуіміз үшін қосқан үлесіміз сол болар 

еді», – деп, халықаралық шараның мән­

маңызын түсіндіріп өтті. 

Түркі халықтарының атақонысы, ал­

тын бесігі Қазақстанда мамыр айының 

2 0 ­ 2 2 ­ с і   к ү н д е р і   а р а л ы ғ ы н д а   т ү р к і 

жұртының ортақ тақырыбы негізгі 13 

ғылыми бағытта – түркітану ілімінің даму 

бағыттары мен келешегі, білім интегра­

аймақ алшақтығына қарамастан, тіліміздің, 

өткеніміздің және мәдениетіміздің ортақ 

екенін ұмытпай, өзара ынтымақтастықта, 

бір ниетте болған. Қазақстанмен терең тари­

хи байланысқа ие Түркия елі Қазақстанның 

тәуелсіздігін алғаш мойындап сол күннен 

бері халықаралық аренада өз орнын табу 

үшін қолдау көрсетуде. Тәуелсіздіктен 

бүгінге дейін аз ғана 24 жылға қарамастан, 

түрік­қазақ қарым­қатынасында үлкен 

өзгерістер байқалады. Тәуелсіздіктен кейін 

Түркия мен Қазақстан арасында қолдау 

тапқан көптеген келіссөздер, хаттамалар 

әр түрлі салада ара қатынасымыздың және 

ынтымақтастығымыздың негізін құрады. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2009 

жылғы Түркияға келген сапары негізінде 

қойылған келісімімен қатынасымыз 

стратегиялық серіктестік мәртебесіне жетті.

Қазақстан – еліміздің Орта Азиядағы ең көп 

салым салатын өлкелердің бірі. Қазақстанда 

еңбек жасап отырған 100 салымшы түрік 

фирмасының тамақ, мұнай, дәрі­дәрмек, 

құрылыс, қонақүй бизнесі салаларында 

инвестицияның жалпы көрсеткіші 3 мил­

лиард долларға жеткен, – деп Қазақстан–

Түркия ынтымақтастығы жөнінде мол 

мағлұмат беріп, түркі әлемін зерделеуде 

өзіндік жолын салып отырған симпозиум 

жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар 

отырыста Түркі халықтарының мәдени қоры 

президенті Ахмет Дағдұран халықаралық 

жиын жұмысына ақ тілегін жеткізді.

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін 

жариялағалы бері түркітілдес мемлекет­

термен ынтымақтастығын орнатып, сая­

си, әлеуметтік, экономикалық, мәдени 

қарым­қатынастарды нығайтып келеді. 

Соның арқасында қазіргі таңда түркітілдес 

мемлекеттердің арасында ынтымақтастық 

күшейіп, достық қарым­қатынастың 

артуы нан ғалымдар түркі әлемін қызу 

зерттеу үстінде. Мемлекет басшысы 

Н.Ә.Назарбаев «Байырғы түркі этносының 

дара болмыс­бітіміне әлемдік өркениет 

тұғырынан қарайтын мезгіл жетті» деген 

еді. Бағыты мен мақсаты айқын басқосу 

түркі әлемінің рухани бірлігін нығайтуды, 

мәдени­рухани құндылықтарды, тари­

хи жәдігерлерді зерттеуді дамытуға үлес 

қосты. Осы мақсатта түркітанушы Әбуақап 

Қара: «Латын әліпбиін жасауда біршама 

қателіктер орын алып жатыр. Қазақ тілі – 

таза тіл. Қазақстанның қай аймағы болма­

сын, халық бірін­бірі жақсы түсінеді. Ендігі 

мәселе – латын қарпіне өту үшін әліпбиді 

«ұ», «ү», «у» секілді әріптердің сақталуына, 

жазылуына, айтылуына мән беріп жасау 

керек. Ахмет Байтұрсынұлы төте жазу бой­

ынша әліпбиді өте сауатты әрі нақты етіп 

жасаған», – деп түркі әлеміндегі әліпби 

мәселесіне кеңінен тоқталды.

Пленарлық жиында Нийде универ­

ситетінің профессоры Селен Доған 

түр  кі әлеміндегі гендер мәселесіне, 

ҚазМемҚызПУ профессоры Бақытжан 

Х а с а н о в   т ү р к і   х а л ы қ т а р ы н д а ғ ы   р у , 

т а й п а   т а қ ы р ы б ы   ж а й ы н д а   б а я н ­

дама жасаса, секциялық отырыстарда 

түркі халықтарындағы тіл, мәдениет, 

әлеуметтану, жаратылыстану сынды  

мәселелер 13 бағытта өрбіді. Сонымен 

қатар, жаратылыстану, тарих, филология 

және т.б. ғылыми бағыттарға арналған 

стендтік сессия өткізілді.

Түркі филологиясының өзекті мәселе­

лерін талқылауға арналған жиында түрік 

ағайындар елімізде қазақ әдебиетінің 

жауһарлары «Бабалар сөзі» 100 томдығы 

болып жинақталып жарық көргенін 

естігенде таңғалысты. Шетелдік ғалымдар 

Ғылыми кітапханаға барып, 100 томдықты 

көрмейінше айтқан ауызға, естіген құлаққа 

сенбеді. Қазыналы дүниеге қызыққан 

Нийде университетінің ректоры дереу тап­

сырыс берді. Қазақ әдебиетінің мол мұрасы 

бар екендігін білді. Бұл халықаралық 

жиыннның бір ғана жемісті жеңісі.

Сан түрлі талқылаулармен қызу өткізілген 

симпозиум 22 мамыр күні  өз жұмысын 

аяқтады. Іс­шараның жабылу рәсімінде 

ҚазМемҚызПУ ректоры Д.Нөкетаева 

симпозиум жұмысына тоқталып өтті. Со­

нымен қатар, халықаралық шараға үлкен 

жауапкершілікпен атсалысып, қолдау 

білдірген барша қонақтарға, ғалымдарға, 

оның ішінде Нийде университеті ректо­

ры А.Гөрурға, Түркі халықтары мәдени 

қорының басшысы Ахмет Дағдұранға, 

ғалым М.Алыпқа, Қазақстан халқы 

Ассам  блеясының  мүшесі  Қ.Касимовқа, 

М.Ақмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік 

педагогикалық университетінің проректо­

ры Гүлназ Шафиковаға, атақонысқа келген 

ағайын дарды құшақ жая қарсы алып, жай­

лы орын берген «Қазақстан» қонақүйінің 

бас директоры Шейхмус Есинге үлкен 

алғысын білдірді. 

Жабылу салтанатына жиналған қа уым 

Қыздар университеті мен Нийде уни­

верситеті арасында академиялық ұтқырлық 

бағдарламасы аясында қос дипломды 

білім беру келісім­шартына қол қою 

рәсіміне куәгер болды. Студенттер бұған 

дейін АҚШ­та, Англияда қосдипломдық 

бағдарламасы бойынша білім алса, ендігі 

кезекте олар үшін Түркияға да баруға 

мүмкіндік туды. Келісімшарт бойынша 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық 

университетінің магистранттары Нийде 

университетінде тегін білім алып, тегін 

жатақханамен қамта масыз етілетін болды. 

Екі оқу орнының студенттеріне осындай 

жағдай қарастырылған.

Симпозиум аясында университет рек­

торлары кеңесі өтті. Кеңес отырысында 

қарар қабылданып, «III Халықаралық 

түркі әлемі зерттеулері» симпозиумы 

2016 жылдың мамыр айында М.Ақмулла 

а т ы н д а ғ ы   Б а ш қ ұ р т   м е м л е к е т т і к 

университетінде өтетін болып келісілді.

Түркі әлемі зерттеулері симпозиуымы 

жыл сайын жаңа бір түркі мемлекетінде 

өткізілетін болады. Ол әр симпозиум сай­

ын келісіліп, анықталады. Түркі әлемін 

зерттеуге бағытталған тың бастама түркі 

халықтарының  тілі, әдебиеті, мәдениеті 

салаларындағы ортақ құндылықтарды 

зерттеуге, нәтижесінде ғылыми еңбектер 

мен оқулықтар шығаруға зор мүмкіндік 

береді. Оқу орындар ара сындағы байланыс 

түркі әлемін зерделеу ге, ғалымдардың пікір 

алмасып, тәжірибе жинақтауына ықпал 

етеді. Симпозиумға қатысушы жоғары оқу 

орындарының маман даярлайтын кафе­

драларында таңдау компоненті есебінен 

түркітанудың жалпы мәселелерімен бірге же­

келенген түркі халықтарының мұраларынан 

жан­жақты ақпар беретін арнайы пәндер 

енгізуді қолға алып отыр. Болашақта түркі 

әлемі толық зерттеліп, өз ұлылығын таны­

татын болады.

Симпозуимда бас қосқан ғалымдар 

атажұрттың ауасымен тыныстап, Орталық 

музейді аралап, Медеудің сұлулығына там­

санды. Қонақтар ендігі жылы Уфада кез­

дескенше амандық тілеп, ризашылықпен 

тарқасты.



Каталог: images -> news -> KARLYGA -> pdf -> 2015
2015 -> Жүктелді Отбасы ұйытқысы – баға жетпес байлық
pdf -> Семинар өткізілді 2-бетте 6-бетте 7-бетте Ғаламшар болашағы өз қолымызда
pdf -> Елбасы саясатының жеңісі – Тәуелсіз Қазақстанның жемісі
pdf -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады
pdf -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады «Атыңнан айналайын, Қазақ қызы!» Филология феномені атындағы
2015 -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады Қош келдің, әз-Наурыз! Арулардың жанданған бірлестігі
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Тарихи тұлға ұлықталды
2015 -> Шәкіртақы иегерлері «Экспо –2017» жастар назарында


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет