Тұлғаның индивидуалды-психологиялық ерекшеліктері: мінез. Мінездің құрылымы. Э. Кречмер, А. Е. Личко, К. Леонгард, Э. Фромм бойынша мінез типологиясы. Мінездің қалыптасуы. Мінез қырлары қалыптасуының жастық ерекшеліктері



бет1/8
Дата16.10.2023
өлшемі73,19 Kb.
#115926
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7   8


М. Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Реферат
Тақырыбы: Тұлғаның индивидуалды-психологиялық ерекшеліктері: мінез. Мінездің құрылымы. Э.Кречмер, А.Е.Личко, К.Леонгард, Э. Фромм бойынша мінез типологиясы. Мінездің қалыптасуы. Мінез қырлары қалыптасуының жастық ерекшеліктері.

Орындаған: Ермек Назерке


Қабылдаған:

Шымкент 2023



Жоспар

  1. Мінез туралы жалпы ұғым

  2. Темперамент пен мінез айырмашылығы

  3. Мінез құрылымы

  4. А.Е.Личко бойынша мінез типологиясы.

  5. К.Леонгард бойынша мінез типологиясы.

  6. И.И.Павлов бойынша мінез типологиясы.

  7. Э. Фромм бойынша мінез типологиясы.

  8. Э.Кречмер бойынша мінез типологиясы.

  9. Мінездің дамуы мен қалыптасуы 


Мінез туралы жалпы ұғым
Әр адам сыртқы дүниенің сансыз тітіркендіргіштеріне өз өлінше түрліше жауап қайтарып отырады. Бүл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсетумен қатар, біртіндеп беки келе, сол адамның үйреншікті өдетіне, мінез-қүлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп, өр адамда әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым-қатынас жасауының нәтижесі болып табылады. Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы оның мінезін қүрайды.
Адамның үйреншікті әдеті болып қалыптасқан мінез бітістерінің кейде оның сыртқы ортамен жасайтын негізгі қатынастарына сәйкес келмейтін кездері де болады. Мәселен, біреудің қатал, не тымыр болуының негізінде адамды менсінбеу, тәкаппарсыну сияқты мінез қатынас-тарының түрақты жүйесі жатпай, оның темпераментінің жүйке жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты қалыптасып кеткен өдеттерінің жатуы ықтимал. Мінез — адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік өрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы озгешелік. Ол — көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар, адамды әр қырынан корсететін қасиет. Мінез бітістері кеп. Олардың бәрі де жеке адамның қасиеттері болып табылғанмен, мүның кез келгені мінездің бітістері болып саналмайды.
Мінезді даралық озгешеліктің,өзегі, адамның негізгі тіршілік бағытының өрнегі деуге болады. Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасының тарихы бейнеленеді. Мінез — кең мағыналы үғым. Онда түрлі сапалар тоғысып жатады. Мінездің моральдық жағынан тәрбиелілігі, бірқалыптылығы, толықтылығы, күші мен айқындығы, салмақтылығы — оның негізгі сапалары болып есептелінеді. Моральдық жағынан тәрбиеленген міңез адамды мінез-қүлық түрғысынан да, оның айналасымен байланысы түрғысынан да сипаттап отырады. Инабаттылық, гуманизм, адамдарға қамқорлық, жолдастықты қадір түту, жүртшылық пікірімен санаса білушілік, езі міндетін орындаудағы жауапкершілік пен адалдық — мінездің осы сапасының негізгі компоненттері.
Рухани дүниесі бай қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой-өрісі кең адамдарды толық мінезді адам дейді. "Адамның басына қонған бақыттың түрақты болуы жақсы мінез-қүлыққа байланысты" (Әл-Фараби). Мінез сапаларының бірі — оның бірқалыптылыгы. Мүндай адам қүйындай үйтқып түрмайды, оның қастерлейтіні ылғи да сөз бен істің бірлігі. Кімнің мінезі толық болса, соның мінезі бірқалыпты да келеді. Бүл екеуі мінездің егіз қозыдай, бірінен екіншісі ешқашан ажырамайтын бітістері. Мінездің түрақтылығы адамның саяси моральдық үғымынан, түсініктерінен туындайды. Бүл қасиеттер адамның өмір сүруінің мөн-мағынасын, әрекетінің мазмүнын белгілейтін мінездің сапасы.
Бірқалыпты, түрақты мінезі бар адам басқалардың жетегінде кетпейді, оның өзінің белгілі козқарасы, принципі, өзіндік мінез-қүлқы болады, ол қауіп-қатерден бой тасаламайды, керек жерінде батылдық кәрсете біледі. Инициатива мен белсенділік, достық пен жолдастық, адалдық пен шыншылдық осындай мінезді адамға тән қасиеттер. Ал мінездің күшіне мақсатқа жету жолында алда түрған кедергілерді жеңе білуде көрінетін адам үстамдылығының мөлшері жатады. Соңғы сапа болмаса да мінез өз мәнінде болмайды. "Бойда қайрат, ойда көз, болмаган соң айтпа саз"деп Абай тегіннен тегін айтпаған. Жақсы мінезге тән сапалардың біріне оның байсалдылығы жатады. Мінез адамның дүниеге козқарасы мен сеніміне байланысып жатса ғана жоғарыда аталған сапалар қоры молаяды. Тек осындай мінезі бар адам ғана алдына айқын мақсат қоя алады. Соңғысы берік сенімнен туады. Темперамент қасиеттеріндегі көптүрлілік даралық ерекшеліктер кешенін тұтастай сипаттай алмайды. Адамдар арасындағы айырмашылықтардың көптүрлілігі соншалық, олар өмірдің барлық қырларынан көрінеді. Адамдар тек сырт бейнесімен ғана емес, күллі психикалық құрылымымен, яғни басқа адамдар мен зеттаға қатысты әрекет-қылық мәнерімен, қарым-қатынасқа түсу тәсілдерімен ерешеленеді. Әр адамның психикасы мен тұлғасына қайталанбастық тән. Бұл адамның даралығын көрсетеді. Мінез – даралықтың негізгі құраушы бөлігі.
«Мінез» сөзі өмірде және көркем әдебиетте кеңінен қолданылады. Басқа адамдармен қатынаса отырып әр адам өз мінезі танытады және өзгенікін бағалайды. Күнделікті өмірде қауым мінезді «жақсы», «жаман», «ауыр», «жеңіл» деп сипаттайды. Ара қатынасымыз бұзылған жағдайда, әдетте: «Мінезіміз келіспеді»,- деп жауап береміз. Түрліше мінез иелері ұқсас жағдайларда әр-түрлі ірекет етеді, күйзеледі. Егер біз келесі адамның мінезін жетік білетін болсақ, онда бізге оның әрекеттерін түсіну де оңайға соғады, ендеше, ол адаммен қатынасудың тиімді стильін таңдап, белгілі жағдайлардағы әрекет-қылықтарын болжай аламыз. Мінез ерекшеліктері жайлы білім мамандарды жұмысқа қабылдауда, жауапты қызметке тағайындауда, бірлескен әрекетті орындауды тапсыруға байланысты топтарға біріктіруде маңызды. Сонымен қатар, шиеденістерді шешуде, ұжымда жағымды психолгиялық ахуалды орнатуда, қарым-қатынас тиімділігін арттыруда мінез жайлы түсінік аса қажет.
Мінез туралы алғашқы ғылыми түсініктер ерте заманнан келеді, ол әр адамның өзіндік адамгершілік қасиеттерінің мен ойларының боларын сипаттаған Аристотельдің есімімен байланысты. Оның шәкірті, ежелгі грек философы Теофраст (б.э.д. 372-287) адами ерекшеліктерді жүйелеп, оның 30 қасиетін көрсеткен, мысалы: сайқал, жасапмаз, сөзшең, т.б. Теофраст өзінің «Этические характеры» тракты арқылы ғылымға «мінез» (грек. сharacter – қасиет, сапа) терминін енгізген. Кейіннен, француз жазушысы Ж. Лабрюйер (1645-1696) ұзақ уақыт бойында зиялы қауымның қылықтарын бақылай келе, мінездің мыңнан аса типтік қасиеттірін сипаттаған. Психологияның басты мақсаты тұлға мен мінезді зерттеу деп есептеген А.Ф. Лазурский (1874-1917) мінездің мәнін, құрылымын, типтерін және дамуын қарастыратын психология ғылымының бір саласы – мінезнаманы жасады.
Бүгінгі күні мінез тұлғаның тұтастай көрінісі ретінде, зерттеу пәні адамдар арасындағы даралық ерекшеліктер болыпп табылатын, дифференциалды психологияда қарастырылады. Мінез дегеніміз адамның белгілі жағдаяттарда жасайтын типтік әрекеттерін сипаттайтын тұрақты даралық ерекшеліктердің бірлігі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет