Тұнбалау әдісі. Аргентометрия. Мор,Фаянс және Фольгард әдістері



Дата15.11.2023
өлшемі3,19 Mb.
#123328

Тұнбалау әдісі.Аргентометрия.Мор,Фаянс және Фольгард әдістері.

Дайындаған : Жалал М.

Джаркимбаева Ж.

Солтанмурат А.

Тұнбалау әдісі

  • М+ +X- =MX↓
  • • Бұл әдісте анықтылытын компонент титрант пен суда нашар еритін қосылыс түзеді.
  • Жүретін реакцияларға қойылатын талаптар:
  • 1. Реакция жоғары жылдамдықпен жұру керек;
  • 2. Реакция қайтымсыз болу керек;
  • 3. Индикаторды дұрыс таңдау керек;
  • 4. Реакция стехиометриялы болу керек;
  • 5. Суда нашар еритін қосылыстың ерігіштігі төмен болу керек S < 10-5 моль/л және анықтылытын зат сандық жағынан толық тұнбаға түсу қажет;
  • 6. Титрлеу нәтижесінде адсорбция т.б.
  • 7. Тұнбаны ластайтын құбылыстар әсер етпеуі қажет.

Тұнбалы титрлеудің бірнеше әдістері белгілі.


Аргентометриялық титрлеу (аргентометрия): титрант — AgNO3.ерітіндісі. Ол галогенид (AgCl, AgBr, AgI), тиоцианат (AgSCN) және цианид (AgCN) иондарының тұнбаларын түзеді, оларды анықтау үшін қолданылады.
Меркурометриялық титрлеу (меркурометрия): титрант — Hg2(NO3)2 ерітіндісі. Әдісті, галогенид (Hg2Cl2, Hg2I2, Hg2Br2)тұнбалары) , тиоцианат (Hg2(SCN)2тұнбасы).иондарын анықтау үшін қолданады.
Сульфатометриялық титрлеу: титранттар — H2SO4 және BaCl2.ерітінділері. Сульфат-иондар мен барий тұзының (BaSO4тұнбасы) иондарын анықтау үшін қолданылады.Тұдыру реак. қолданып,соңғы титрлеу нүктесін анықтау үшін, әртүрлі индикаторлар қолданады.

Аргентометрияда негізінен галогенидтерді анықтау үшін күміс нитратының ерітіндісін қолданады. Әдістің әр түрі бар: Мор әдісі бойынша хлорид және бромид иондарын олардың тұздарынан анықтау; Фаянс әдісі бойынша бромидтер, иодидтер және родонидтерді адсорбциялық флуоресцеин индикаторымен анықтау; Фольгард әдісі бойынша бромидтер, иодидтерді анықтау.

  • Аргентометрияда негізінен галогенидтерді анықтау үшін күміс нитратының ерітіндісін қолданады. Әдістің әр түрі бар: Мор әдісі бойынша хлорид және бромид иондарын олардың тұздарынан анықтау; Фаянс әдісі бойынша бромидтер, иодидтер және родонидтерді адсорбциялық флуоресцеин индикаторымен анықтау; Фольгард әдісі бойынша бромидтер, иодидтерді анықтау.

Мор әдісі

  • Мордың әдісі бойынша титрлеудің соңындағы нүктеде күміс хроматының қызыл кірпіш тұнбасының түзілуіне әдістің идеясы негізделеді. Күміс хроматы тұнбасының мұндай концентрациясын көзбен көруге болмайды. Күміс хроматы тұнбасын көзбен көру үшін анализделетін ерітіндісіне AgNO3 ерітіндісінің бір тамшысын артық тамызып титрлесе болғаны, индикатор түсін байқай аламыз.

Мор әдісі

  • Бұл әдісте индикатор калий хроматы болып табылады. Хроматпен титрлеу бейтарап немесе әлсіз сілтілікортада, ерітіндінің рН-ы 6,5-10,5 аралығында болғанда жүргізіледі. Сілтілік ортада гидро-хромат-ионмен тепе-теңдікте болатын хромат-иондары басымырақ, алдыңғысының түзілуі қышқылдау аймақта мына теңдеуге сәйкес келеді:
  • CrO4 + H ↔ HCrO4 

Мор әдісі

  • рН<6,5 болғанда индикатордың сезгіштігі төмендейді, ал рН>10,5 болса, тұнбаға түсіп, анализ нәтижелерін дұрыс көрсетпейтін күміс гидрооксидтері және оксидтері түзілуі мүмкін Бұрын аталғандай Мор әдісімен хлоридтер және бромидтер анықталады.

Фольгард әдісі

  • Фольгардтың әдісі бойынша күмістің тиоцианат-ионымен әрекеттесу реакциясын есепке алып, галогенид-иондарды анықтау үшін кері титрлеу әдісін қолданады. Галогеидтердің анализденетін ерітіндісіне күміс нитратының титрленген ерітіндісінің артық мөлшеріне қосады, тұнбаға түспеген күміс иондарын темір (III) тиоцианат ионымен титрлейміз. Индикатор – темір (III) тиоцианат комплексі.
  • Фольгард әдісі күміс ионымен нашар еритін қосылыстар түзетін мысалы оксолаттар, фосфаттар және басқалар сияқты аниондарды титрлеуге мүмкіндік туғызады. Титрлеуді қышқыл ортада өткізеді, бұл әдістің елеулі құндылығы болып табылады.

Фаянс әдісі

  • Фаянстың әдісі бойынша адсорбциялық индикатор қосылыстар қолданылады, олар тұнбаға адсорбцияланғанда өзінің түсін өзгертеді, ең бірінші түзілген тұнба бетіне онымен біраттас иондар адсорбцияланады.

Бромидті күміс нитратымен титрлегенде AgBr тұнбасының бетіне бромид-иондары эквиваленттік нүктесіне дейін көбірек адсорбцияланады, ал артық теріс зарядты бейтараптау үшін тұнба бөлшектеріне ерітіндіден оң зарядталған иондар тартылады.

  • Бромидті күміс нитратымен титрлегенде AgBr тұнбасының бетіне бромид-иондары эквиваленттік нүктесіне дейін көбірек адсорбцияланады, ал артық теріс зарядты бейтараптау үшін тұнба бөлшектеріне ерітіндіден оң зарядталған иондар тартылады.
  • Хлоридті титрлеу үшін жиі қолданылатын адсорбциялық индикатор флуоресцеин болып табылады. Бұл индикатормен титрлеуді рН=7-10 болғанда жүргізеді, себебі ол әлсіз қышқыл болып табылады

Бақылау сұрақтары:

  • Бақылау сұрақтары:
  • 1. Аргентометрияның басқа әдістермен ұқсастығы және айырмашылығы қандай ?
  • 2.Фаянстың әдісі мен Фольгардтың әдісін қандай жағдайларда қолданады ?


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет