Тобы: вм-503 Тексерген: Ахметжанов О. Н. Семей – 2018 жыл Жоспар


В) ішектің орынан жылжып кетуі, жарықтар және түсіп кетулер және қарын-ішек тастары



бет9/12
Дата07.01.2022
өлшемі194,17 Kb.
#18270
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
В) ішектің орынан жылжып кетуі, жарықтар және түсіп кетулер және қарын-ішек тастары

Ішектің орыннан жылжып кетуі бұралу, инвагинация және жарықтар түрлерінде байқалады.



Ішектің бұралуы-ішектің әдеттегі қалпы өзгеріп, оның өз бойымен 90, 180, 360 градусқа бұралуы. Көбінесе жылқы шошқа мен ет қоректілер ұшырайды.

Ішектің бұралуы шажырқайдың да бұралуына, ондағы веналардың жаншылуына, сөйтіп қанның іркілуіне, одан әрі ішектің іркілу инфарктісіне әкеледі. Өлексені сойып зерттегенде құрсақ қуысында бірнеше литр, қара-қызыл, мөлдір сұйық болады. Ішектің бұралған бөлігі ылғалды және кілегейлі қабықтарды күңгірт-қызыл түсімен, қабырғаның қызғылт жалқаяқпен кеуленіп қалыңдаумен ерекшеленеді. Кілегейлі қабықта лас сұрғылт реңкті өліге ұшыраған телімдер байқалады. Тоқ ішектің тікелей бұралған жерінде ішек қабырғасы жаншылып, ағарады.

Осындай өзгерістер ішек ілмегі ісіктің бауымен қысылғанда да байқалады.

Ішек ілмегінің қысылып, түтігі бітеліп, қабырғасының қанталаған инфарктіге ұшырауы ішек ісік бауымен, ылғалды қабықтағы сырқаттық процестерге байланысты пайда болған дәнекер өрмелік талаптары мен буылғанда туындайды.

Ішек инвагинация- ішектің бір бөлігінің екінші көршілес бөлек ішіне енуі. Негізінен жіңішке ішек ұшырайды. Ішек ілмегінің төменгі ілмек ішіне енуі, яғни төменге түсетін және жоғарыға көтерілетін инвагинациялар түрлерінде байқалады. Инвагинацияға ұшыраған телім бір-біріне еңген үш-сыртқы, ортаңғы және ішкі түтіктерден тұрады. Сыртқы және ортаңғы түтіктер бір-біріне кілегейлі қабықтармен, ортаңғы және сыртқы түтіктер-ылғалды қабықтар мен бағытталған.

Көп мәртелі, яғни екі, үш мәртелі инвагинацияларда кездеседі. Мұндай жағдайда инвагинацияға ұшыраған телімдегі қабаттар саны да артады. Ортаңғы және ішкі түтіктер арасында шажырқай қысылып, ондағы тамырлар жаншылып, ішектің осы телімінде іркілу инфарктісінің туындауына әкеледі.

Инвагинаттар ылғалды қабығы көкшіл-қызыл, қара-қызыл тартады, онда көптеген дақ және жолақ қанталаулар болады. Кілегейліні, оның астындағы қабатты эритроциттер жайлайды.

Бір-біріне енген ішек ілмектерінің қабықтарына микрофлора еніп, ылғалды қабықты фибринді қабынуға ұшыратып, ішек ілмектерінің бір-біріне әуелі фибринмен, одан әрі дәнекер өрме мен желімденуіне әкеледі. Кейде инвагинациялар жанталас кезіндегі ішек жиырылуының бұзылуына байланысты пайда болады. Көп және қысқа болатын, жеп-жеңіл түзілетін бұл инвагинация сырқаттық процесс емес және сырқаттық процестен ішек қабықтарында қанның іркілуінің болмауымен ерекшеленеді.

Жарақаттар және түсіп кетулер. Ішек ілегінің немесе белгілі бір мүшенің құрсақ қуысы бет пердесімен бірге анатомиялық немесе потологиялық тесік арқылы тері астына, ұма қуысына, т.б жерлерге өтіп кетуін жарық дейді. Яғни жарық ішек ілмегінің және қапшықтан тұрады. Құрсақ қуысының бет пердесі жыртылып, тек ішек ілмегі құрсақ қуысын тастап шықса оны түсіп кету дейді. Тумыстан болған, жүре пайда болған, кіндіктік, құрсақтық, шаптық және диагфрагмалық жарықтар болады. Әдеттегі орыннан көшкен ішек ілмегі қысылып, жаншылған жағдайда, онда қан іркіліп, домбығу, инфаркті туындайды, шаншу пайда болады. Малдың денсаулығына қауіп төнеді.

Қарын-ішек тастары. Нағыз және жалға тастар түрлерінде болады. Нағыз тастар негізінен минералдық заттардан түрады. Олар ауыр салмақты, тегіс бетті, тіліп қарағанда кқп қабатты болады. Жалған тастар құрамында өсімдіктердің қортылмаған ірі сабақтары, ұйысқан жүн, азықтың қатайған қалдықтары кіреді. Олар жеңіл, көбінесе кедір-бұдырлы, сирегірек тегіс бетті болады.. тастар әсерінен созылмалы катарлы абыну, некроз туындауы мүмкін. Кейде тастар ішекте бітеліп, химио-капростазға, ішектің жыртылуына әкеледі, сөйтіп жануарлар өлімге ұшырайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет