Токиева Сара МиФ 417 Қай жылы радиоактивтік құбылысы ашылды?


Н. Бордың постулаттарының мазмұнын түсіндіріңіз



бет4/6
Дата03.12.2022
өлшемі64,51 Kb.
#54602
1   2   3   4   5   6
Н. Бордың постулаттарының мазмұнын түсіндіріңіз;

Н. Бордың 1-постулаты;
Н. Бордың 2-постулаты
Н.Бор 1913-жылы батыл қадам жасап, сол кездегі қалыптасқан ғылыми көзкараспен үйлеспейтін, өзінің атакты постулаттарын ұсынды. Сонымен, атомның ядролық (планетарлық) моделі (классикалық механика және электродинамикамен қосылып) атомның орнықтылығын да, атомдық спектрдің сызықтық сипатта болатынын да түсіндіре алмады.Осы тұйыққа тірелуден шығу жолын 1913 ж. Дания физигі Нильс Бор (1885-1962) тапты. Ол үшін оған классикалық физика түсініктеріне қайшы келетін жорамалдар енгізуге тура келді.
Борша: Атомдағы электрондар стационар орбиталар бойымен ғана қозғала алады жөне бұл қозғалыс кезінде олар нұр шығармайды. Бұл орбиталар үшін электронның импульс моменті еселенген Планк тұрақгысьша (һ) тең
mr  nħ
мұнда n-бүтін сан, т, v, r -сәйкес, электронның массасы, жылдамдығы және оның орбитасының радиусы (1-постулат).
Электрон бір стационар орбитадан екінші стационар орбитаға өту кезінде ғана нұр шығарады немесе жұтады, және ол нұрдың жиілігі электронның осы күйлердегі энергияларының айырмасымен анықталады (2- постулат).
E  E1  E2  h
мұнда: һ = 2πћ.
Бор постулаттары атомдық үдерістерді дұрыс түсіндіруге мүмкіндік берді, бірақ ол өзінің ішкі қайшылықтарын - неге атомдық құбылыстар үшін дағдылы классикалық ұғымдардан бас тарта отырып, есептеулерді классикалық әдістермен жүргізу керектігін түсіндіре алмады.
Осы қағидалар негізінде құрылған Бор теориясы тек сутек және сутек тәріздес атомдардың құрылысын түсіндіруге қолданылады. Бор қағидалары классикалық физика заңдылықтарына толығымен қайшы келеді. Бұл қағидалар – микродүние қасиеттерін түсіндіру үшін табылған алғашқы тұжырымдар. Атом құрылысы кванттық механика арқылы ғана толық түсіндіріледі.

  1. Протонның ашылуы атом ядросының протон-электрондық моделінің пайда болу тарихын баяндаңыз

Резерфорд альфа бөлшектермен жасаған тəжірибелерін жалғастыра отырып, азот ядросынан жəне басқа да заттардан ыдырау кезінде, одан оң зарядты, массасы сутек атом ядросына тең бөлшек ұшып шығатынын анықтап, бұл сутек атом ядросына тең «протон» деп атады. Осы протонның ашылуы атом ядросының протон-электорндық моделін ұсынуға мүмкіндік берді.
Боте мен Беккер кейбір жеңіл элементтерді (α) альфа бөлшектермен атқылағанда протонның орнына заттарда нашар жұтылатын бөлшектер ұшып шығатынын байқады. Ерлі зайыпты Кюрилер бұл бөлшектің жеңіл ядромен əсерлесу кезінде ядролардан тебілетінін анықтады. Импульс пен энергияның сақталу заңдарына сүйеніп зерттеу нəтижесінде Чедвик осы бөлшектің массасы протон массасына жуық екенін анықтады. Бұл бөлшек затта нашар жұтылу үшін электрбейтарап болу керек. Осы массасы протон массасына жуық электрбейтарап бөлшек «нейтрон» (оның өмір сүру уақыты τ≈16 мин.) деп аталды. Олай болса атом ядросы ұсақ бөлшектерге (протон мен нейтронға) жіктеледі. Осыдан кейін ядроның протон нейтрондық моделін Д. Д. Иваненко мен В. Гейзенберг ұсынды. Атомның бұл моделі Томсон моделін алмастырды.
Э. Резерфорд 1919 жылы жылдам альфа бөлшегімен азот атомын атқылау нəтижесінде, азот атомынан сутек атом ядросы – протон бөлініп шығатынын байқады. Бұл атом ядросын зерттеудегі үлкен жетістік болып саналады. Осындай түрлену ядролық реакция деп аталды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет