Төл тенге Тәуелсіздік тұғырым



Дата08.02.2023
өлшемі128,97 Kb.
#66203



«Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп» кмм



Төл тенге – Тәуелсіздік тұғырым”




(сынып сағаты)



2-«А» сынып жетекшісі
Б.М.Қайратқызы


2022 – 2023 оқу жылы

Сынып сағаты

Мұғалімнің аты-жөні:

Б.М.Қайратқызы

Күні:

14.11.2022 жыл

Сынып:

2 «А» Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Тәрбие бағыты:

Ұлттық тәрбие

Жұмыстың тақырыбы:

«Төл тенге – Тәуелсіздік тұғырым»

Жұмыстың мақсаты:

Ақша түрлері және оның тарихы туралы түсінік беру.Өз Отаны - Қазақстанға деген мақтаныш сезімін ояту. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, ұлттық теңгемізді қастерлеуге үйрету.

Құндылықтар:

Оқушыларды адамгершілікке, жақсы үлгі өнегеге, ұлттық теңгемізді құрметтеуге тәрбиелеу.

Барысы:

Сабақтың кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы
(8 минут)



  1. Амандасу

Сәлеметсіңдер ме, балалар. Бүгінгі көңіл-күйлерің қалай? Қанекей, біріміз өз көңіл-күйімізді «Бас бармақ» әдісімен көрсетейікші!

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін кім біледі?




  1. Менің қолымдағы не нәрсе?


  1. Дұрыс айтасыңдар! Менің қолымдағы ақша.Бүгінгі тақырыбымзда осы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңгеге арналмақ.




  1. Біздің ұлттық теңгемізде біздің мемлекеттік рәміздеріміз бейнеленген. Мысалы бұл монета- тиын деп аталады.Бұл тиынның артында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі елтаңба бейнеленген. Ал қағаз ақшамызда ту бейнеленген.

  1. Амандасады

Көңіл-күйлерін «Бас бармақ» әдісі бойынша көрсетеді

2.Еліміздің рәміздерін айтады.


3.Менің қолымдағы заттың атын айтады. (Ақша)


4.Ақшада белгіленген мемлекеттік рәміздерімізді байқайды.



Қағаз ақшалар,
тиын.



Сабақтың ортасы
(30 минут)

.



Қазақстан теңгесі — Қазақстан  ұлттық валютасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылы 15 қарашадағы жарлығы бойынша айналысқа енгізілді.
Ұлттық валюта-бұл елдің заңмен белгіленген ақша бірлігі. Өзінің ұлттық валютасын енгізу Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуда және дербес дамуында маңызды рөл атқарады. Теңге елдің қаржылық Тәуелсіздігінің ажырамас символына айналды. 

Бәріміз интерактивті тақтаға назар аударайықшы!


Мен сендерге еліміздің ұлттық валютасы жайлы қызықты мәліметтермен бөлісейін.


Ендеше бейнероликке назар аударайық!


Бейнероликтен қандай мәліметтермен таныстыңдар?
Ендеше қызықты ойын ойнайық!
Ойынның атауы «Әлем ақшалары»


Шарты:
Тақтада әр елдің ақшалары бір-бірімен араласып кетіпті.Сендердің міндеттерің әр елдің ақшаларының отанын тауып, сәйкестендіру.


Сергіту сәті:
Балалар LearningApps бағдарламасы сендерге қызықты тест дайындап қойыпты,қанекей бірге орындап көрейікші.
Тақтаға 5 оқушы шықсын.
Менің қолымда конверт бар.Конверттің ішінде сендерге сұрақтар жасырылған,сендер сол сұраққа жауап бересіңдер.


Сұрақтар:

    1. Сенде 200 теңге бар.Сен сол 200 теңгеге не алар едің?




    1. Суреттен 100 теңгені тауып берші.


    1. 1000 теңге тиын ба әлде қағаз ақша ма?




    1. Егер Сенде көп ақша болса,сол көп ақшаға не алар едің?




    1. Айгүлде 50 теңге бар, ал Гүлімде 100 теңге бар.Кімнің ақшасы көп?

Тақтаға қарай отырып, қызықты мәліметтермен танысады.


Бейнероликті көреді.


Өз ойларын еркін жеткізеді.


Балалар әр елдің ақшасын тиісінше сәйкестендіреді.


Балалар LearningApps бағдарламасынан тапсырманы орындайды.
Тақтаға шығып,конверттен сұрақтарды алады.
Өз жауабын ұсынады.
Суреттердің ішінен 100 теңгені табады.
Жауабы: 1000 теңге қағаз ақша.

Өз жауабын ұсынады


Жауабы: Гүлімде көп ақша бар.

Презентация






https://youtu.be/ES_XKhhWQKA


Плакат,фломастер.


https://learningapps.org/watch?v=pgf4vufkt22

Конверт,
сұрақтар жасырылған парақтар.





Сабақтың аяғы (8минут)
Қорытынды



Қорытынды кезеңі.
Құрметті оқушылар, біздің ұлттық валютамыз- теңге.Теңгенің артында біздің рәміздеріміз бейнеленген,біз өз еліміздің рәміздерін,ұлттық теңгесін үнемі құрметтеп жүруге міндеттіміз.
Егер көшеде ойнап жүріп 5 теңге тауып алсаң,айналаңа кімнің ақшасы деп 3 рет сұра,егер ешкім жауап бермесе оны өзіңе алып қой,ол ақшаның жерде жатуына жол берме.Себебі ол ақшадан біздің рәмізіміздің бірі елтаңба бейнеленген.

Балалар,мен сендерге парақтар беремін.Сендер сол парақтарға бүгінгі сабақ қалай өткенін СМС арқыды жазып,маған бересіңдер.





СМС әдісі арқылы кері байланыс жасайды.










Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет