Топ фмк 21-19 Курс: Семестр: 7


Жер сілкінісінің зардаптарын жою кезіндегі құтқару жұмыстары



бет20/58
Дата31.12.2021
өлшемі323,52 Kb.
#22979
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   58
Жер сілкінісінің зардаптарын жою кезіндегі құтқару жұмыстары.

  • Жер сілкінісінің зардаптарын жою кезінде:

  • Үйінділердің астында қалғандарды шығару және жартылай қираған және жанып жатқан үйлердегі адамдарды құтқару;

  • Адамдарға қауіп төнген, үйлер мен ғимараттардағы өртті жайылдырмау және сөндіру;

  • Жер сілкінісі кезінде қабырғалар, үй қабаттарының арасындағы тіркулер, үйлер мен ғимаратардың тіреуіш колонналары жарылуы, қабар арасындағы тіреулері қисаюы мүмкін. Мұндай конструкциялар халық және құтқару жұмыстарын істеп жатқан құраманың жеке құрамы үшін қауіп туғызады. Сондықтан үйлер мен ғимараттардың конструкциясы құлауы немесе бекілілуі тиіс. Егер қабырға құламаса, онда ол бекітіледі. Ол үшін бір немесе екі жақты тіреу қойылады.

  • Зардап шеккендерге жинау пунктін және медициналық пункттерді жабдықтау үшін бұл мақсаттарға бұзылмай аман қалған үйлер немесе подвалдарды алу қажет, аз уақыт ішінде оларға баратын қысқа жол мен қауіпсіз кіретін жолдар жабдықталады, қажет болған жағдайда осы үйлерді сумен, газбен және электр энершиясымен жабдықтау үшін коммуналды-энергетикалық жүйелерді кақытша қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Есте ұстау керек, зардап шекендерді жинау және медицина пункттерін орналастыруға арналған үйлерде құрылыс жұмыстарын жүргізу қажет болады: бүлінген конструкцияларды күшейту, қабырғаның жарылған жерлерін цементпен бітеу керек; қабат аралығындағы тіреулерге қосымша тіреу қою қажет; бүлінген тас басқыштарды бекіту немесе оларды ағаш басқыштармен ауыстыру, терезені шынылау, есік қою керек. Кейбір жағдайларда ғимаратты жөндеу қажет болады: тұрғын үйлерді, ас үйді және ваннаны, сондай-ақ ғимаратты медициналық кабинет, азық-түлік қоймасын жасау үшін сылау немесе сырлау қажет.

  • Зардап шеккендерге жиналу пунктін және медициналық пункт жасау үшін үй жарамаса, онда шатырлар құрылады немесе уақытша жабулар жасалынады: жер үйлер, қалқалар.

  • Жер сілкінісінің аймағындағы халықты және жұмыс істеп жатқан құрамаларды сумен қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтау пункттері: сақталып қалған су көздерінің: артезиян құдықтарының, шахта құдықтарының, таза су құятын ыдыстардың, ашық суаттардың базасында құрылады. Ең алдымен олар құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыс жүріп жатқан учаскелерде, сондай-ақ жиналу пункттері мен медициналық пункттерге жақын жерлерде жабдықталады.

  • Коменданттық қызмет жер сілкінісі аймағындағы қалған халық арасында тәртіп пен ұйымдастырушылықты қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылады. Негізгі жетекшісі қоғамдық тәртіпті қорғау қызметінің жеке құрамы болып табылады.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   58




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет