Травматология


Дистрофиялық және гормоналдық зат алмасу әсерінен болған қисаю



Pdf көрінісі
бет257/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   297
Дистрофиялық және гормоналдық зат алмасу әсерінен болған қисаю 
Дистрофиялық  қисаю  көбінесе  балаларда  омыртқа  сүйегінің  денесінің 
остеохондропатия  болғаннан  кейін  кездеседі  (Шойерман  -  Мау).  Бұл 
қисаюлар  ұлғаймайды.  Зат  алмасу  процесі  бұзылған  ауруларда  Марфан 
синдромы  жиі  кездеседі.  Бұл  өте  сирек  кездесетін  туа  болған  жүйелік  
аурудың негізінде жалғамды ұлпалардағы зат алмасудың бұзылуы себебінен 
болып,  оның  мықтылығын  азайтады.  Марфан  синдромымен  ауырған 
балалардың  еттерінің  дамуы  өте  нашар  болып,  солып  және  буындардың 
тұрақсыздықтары,  жалпақ  –  вальгустық  табан,  кеуде  пішіні  омыртқалары-
ның деформациясы болады. Марфон синдромының әсерінен болған қисаюда 
жалғамды  ұлпалардағы  зат  алмасу  өзгерістері  жүйке  жүйесіндегі 
патологиялық өзгерістермен қатар жүреді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет