Травматология


Хирургиялық  тазарту  дегеніміз



Pdf көрінісі
бет35/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   297
Хирургиялық  тазарту  дегеніміз-  зақымданған  тіндерді  кесіп-жару 
және  кесіп  алып  тастау,  жарақаттарды  құрғату,  сонан  соң  зақымданған  аяқ-
қолды 
иммобилизациялау 
болып 
табылады. 
Тазарту 
жарақаттың 
шеттеріндегі  теріні  кесіп-жарудан  және  кесіп  алып  тастаудан  басталады. 
Олардан  ұйыған  қанды,  бөтен  заттарды,  тіндердің  бос  жатқан  үзіктерін, 
сүйек  жарықшақтарын  алып  тастайды.  Сонан  соң  зақымданудың  нақты 
мөлшері  мен  ауырлығын  анықтау  үшін  жарақатты  мұқият  тексеріп  шығады. 
Егер жарақаттың жан-жағы мен түбін қарау қиындық келтірсе, тері жарақаты 
кеңейтілуге, апоневроз қосымша жарып-кесілуге тиіс. 


27 
 
Жарақаттарды  хирургиялық  жолмен  алғаш  тазартудың  ең  қиын  да 
жауапты  кезеңі  -  бұлшықеттің  өмірге  қабілетсіз  және  қалайда  некрозға 
ұшырайтын  жерлерін  мүмкіндігінше  көбірек  кесіп  алып  тастау  болып 
табылады.  Өмірге  қабілетсіз  бұлшықеттің  түсі  солғын  келеді,  қанамайды, 
пинцетпен  немесе  басқа  бір  құралмен  түртсеңіз  жиырылмайды.  Бұлшықетті 
тазарту  процесінде  ыстық  физиологиялық  ерітіндісі  бар  компрестерді 
пайдаланған  жөн,  олар  бұлшықеттің  өмірге  қабілеттілігін дәлірек  анықтауға 
мүмкіндік береді. 
Шандырдың  (апоневроздың)  жарақаттанған  жерін  кесіп  алып  тастайды, 
оның  көлемі  зақымдану  дәрежесіне  байланысты  болады.  Зақымданған  ұсақ 
тамырларды түйеді, зақымданған магистральді тамырларды да түйеді немесе 
тамырларды тігу арқылы олардың өткізгіштігін қалпына келтіреді. 
Сүйек ашық сынған кезде жұмсақ тіндерді тазартумен бірге зақымданған 
сүйектерді  де  тазарту  қажет.  Зақымданған  сүйек  фрагменттерінің  қатты 
кірлеген  жерін,  ластанған  ұсақ  сүйек  жарықшақтарын  тістеуіктермен  немесе 
қашаумен  алып  тастайды.  Сүйектердің  орташа  және  ірі,  тіпті  бос  жатқан 
сынықтарын  сақтап  қалу  керек.  Оларды  тазарту,  зарарсыздандыру 
антисептика  немесе  антибиотиктер  ертіндісіне  батырып  алу  арқылы  жүзеге 
асырылады.  Жұмсақ  тіндер  жарақаты  тазартылып  зарарсыздандырылғаннан 
кейін  олар  өз  орындарына  салынуға  тиіс.  Ірі  жарықшақтарды  алып  тастау, 
әсіресе  бөліктерді  резекциялау  сүйек  ақаулығына  әкеліп  соқтыруы  мүмкін. 
Сүйек  резекциясының  көп  болуы  жарақаттың  асқынуын  тоқтата  алмайды, 
бірақ әдетте сынықтың бітпеуіне себеп болады. 
Алғашқы  тігісті  жарақаттың  шеті  мен  түбін  түбегейлі  кескеннен  кейін 
онда  ластанған,  өмірге  қабілетсіз  тіндер  мен  бөтен  заттар  қалмаған  кезде 
және  магистральді  қан  тамырлары  зақымданбаған  жағдайда  әрі  дәл  осы 
кезеңде зардап шегушілерді ең дегенде 7-8 күндей қарауға мүмкіндік болған 
жағдайда рұқсат етіледі. 
Қатты соғылып, мылжаланған жарақаттар кезінде бұларды хирургиялық 
алғашқы  тазартудан  кейін  тікпейді,  жетекші  сирек  тігістер  салып, 
жарақаттың  бұрыштарына  дренаж  енгізеді.  Жарақатты  дренаждау  жұқа 
резеңкенің  тіліктерімен  немесе  ұшында  тесіктері  бар  силикон  түтікшелер 
арқылы  жасалуы  мүмкін.  Дренажды  батыл  қолданған  жағдайда  жақсы 
нәтижеге жетуге болады. 
Егер  алғашқы  хирургиялық  көмек  жеткілікті  түрде  және  тиянақты 
жүргізілмесе, жарақат ашық қалдырылуға тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет