Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Ақбастау ауылы



бет1/4
Дата22.05.2023
өлшемі25,53 Kb.
#95934
  1   2   3   4

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Ақбастау ауылы
Баяндама
Тақырыбы: Ыбырай Жақаев

Биология пәнінің мұғалімі: Дарбишова Сабира


2023 жыл
Жоспар:
КІРІСПЕ:
1.Ыбырай Жақаев туралы жалпы мағлұмат.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
1.Ыбырай Жақаевтың қызмет жолы.
2.Сыр өңіріндегі күріш егіншілігінің пайда болуы.
3.Ыбырай Жақаевтың еңбек жолындағы жетістіктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Ыбырай Жақаев – қазақ тарихындағы орны ерекше, беделді, ірі тұлғаларымыздың бірі.Еңбек сүйгіш, отан сүйгіш, адамгершілік пен азаматтық сияқты құндылықтарды бойына жинаған ардагер қария. Ыбырай Жақаевтың ерен еңбек жеңістері – патриотизм үлгісі ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында белгіленген 20 тапсырманың орындалуы еліміздің әл- ауқатының жақсарып, өмір сапасының артуының, яғни егемендігіміздің нығая түсуінің кепілі деп түсінуге болады. Әлеуметтік жаңғырту саясатының негізіне шынайы өндірістік еңбекті қою қажеті айтылып, тек еңбекпен ғана барлық қиыншылықтарды жеңіп, алға қойған биік мақсаттарға жету жолдары айқын көрсетілді. Осы орайда, бүгінгі таңда жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге еңбегімен ер атанған, өткен ұрпақ өкілдерінің өмірі үлгі боларлықтай. Дәлірек айтпақ болсақ, Сыр өңірінің мақтанышы, ақ күріштің атасы, Ыбырай Жақаевтың ерен еңбек жеңістері. Ы.Жақаев— әйгілі күріш өсіруші, Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы “Қызыл Ту кеңшарының звено жетекшісі болған. Оның жастығы, өмірдің ащы зардабын тартудан басталды. Бұғанасы бекімеген жас бала әкесі екеуі байдың малын бағып «отымен кіріп, күлімен шығып» жүргенде тапқаны тамағына жетпейтін. Сол балаң кездің өзінде-ақ оның жүрегінің терең түкпірінде диқан болсам, аштық азабынан адамдарды арашаласам деген ой ұшқыны маздап жататын. Сонау 1929 жылы Ы. Жақаев туып өскен Қарғалы ауылында он кедей жиналып серіктестік құрғанда, оның бір мүшесі өзі еді. Кейіннен атағы алысқа жайылып кеткен Қызылорда облысы Шиелі ауданының «Қызылту» колхозының ірге тасы, түп қазығы еді бұл. Ы. Жақаев диқаншылық еңбекті Сыр суын кәдеге жаратып, дарияны ырыс арнасына айналдыру мақсатында жүргізілген канал қазу жұмыстарына қатысудан бастады. Жерге деген диқаншылық сүйіспеншілігін қиындыққа қаймықпай, табандылық пен мұқалмас жігерлікпен еңбек етумен танытты. Тәжірибенің де, таланттың да атасы – еңбек. Бұл – Ыбырай атамыздың ұстанған философиясы еді. Соғыс майданында қаза болған тұңғыш ұлының кегін алудың көзі, астықтан мол өнім алумен қайтаруды алдына міндет етіп қойды. Фашистерді жеңген Ұлы Жеңіс диқанның еңбекте де зор табысқа ие болған жылы еді. Әр гектардан 156 центнерден өнім алып, елімізде ешкім, еш уақытта алып көрмеген ғажап жетістікке жетті. Адамдардың арманы деңгей жағынан әр түрлі болады. Олардын бірімен екіншісін әсте салыстыруға келмейді. Ыбырай арманы асқар таудай биік болды. Соған жету үшін ұзак жол жүрді, үлкен қиындықтар көрді, сансыз кедергілерден сүрінбей өтті. Ақыры ол 1949 жылы қарауындағы 5 гектар күріштің әр гектарынан 171 центнерден дән жинап, дүниежүзілік рекорд жасады. Даңқты шебердің омырауында Социалистік Еңбек Ерінің алтын жұлдызы жарқырады. «Өз бақытымды еңбектен таптым. Нағыз бақыт еңбекте, неге жеткізсе де сол жеткізеді», - деуі де сондықтан болар. «Жеке шапқан жүйрік емес» деген халық даналығын Ыбырай ешқашан естен шығарған жоқ. Ол әрдайым өзіне ізбасар іздеп, жастарга қамқорлық жасап жүрді. Диқанның ұрпақ алдындағы борышы өз білгенін жастарға мұра етіп қалдыру екені оны толассыз толғантатын. Бүгінгі таңда Жақаевтың үміті ақталып, жас ұрпақ еңбекқор ердің жолын қуып жүр.

Ыбырай Жақаевтың қызмет жолы


Ыбырай енбек қуанышын 26 жасында, Ұлы Октябрь революциясы сан миллиондаған еңбекші шаруаларды құлдық бұғаудан азат еткеннен кейін ғана көрді.Жастайынан ащы өмірді басынан кешірген Ыбырай ауылда совет өкіметін орнатуға бірден белсене қатысты. Кедейлерді ауыл шаруашылығын коллективтендіруге шашратушылардың бірі осы Ыбекең еді. 1928 жылы Қарғалының бұрынғы жерсіз 15 үй кедей шаруалары жерді бірігіп пайдаланатын серіктік болып құрылды. Бүл серіктікті ұйымдастыруға мұрындық болып, кедейлердің басын косуға Ыбырай Жақаевпен бірге оның жерлестері Қойшыбай Оразымбетов, Паттал Ысмайлов, Абылай Оспанов т.б қатысты. Арада бір жыл өткеннен соң Ыбырайдың ұсынысы бойынша Перешнен болысындағы екі ауылдың шаруалары бірігіп Еңбекші колхозына Сырдария өзенінің оң жақ жағасындағы қазіргі Қызыл ту колхозының іргесін қалады. Ол кезде колхозда 40-50 көлік, 17 соқа, пішен шабатын 2 ескі машина, он шақта арба болған еді. Колхоз орналасқан жердің ол кезде егіс егуге жарамдысы 1-2 проценттен аспайтын.Артель ұйымдасқан алғашқы жылдың өзінде-ақ мемлекет тарапынан ұзақ мерзімге қарызға берілген қаражатқа темір плуг, құрал-сайман, тұқым материалдарын, асыл тұқымды мал сатып алды. Колхозшылар қоғамдық шаруашылықты өркендетіп, оның экономикасын нығайтуға жұмыла күш салды. Колхоз өмірінің жаңа, жемісті өндірісінен Ыбырай Жақаев өзінің лайықты орнын тапты. Жаңа қадам басқан шаруашылықтың алғашқы кезінде-ақ Ыбырай бірден көзге түсті. Колхоз бірте- бірте нығая берді, село салына бастады. Қазір колхоздың ауыл шаруашылығына жарамды 26 мың 200 гектар жері бар.Оның ішінен суармалы егістік жерлері 3200 гектар, шабындығы - 4500 гектар, жайылымы - 16150 гектар. Артельдің егістігін халықтың құрылыс әдісімен салынған Шиелінің бас каналынан таралатын, ұзындығы 30 километр суландыру жүйесі үш жерден кесіп өтеді. Колхоз мүшелері егіншілік мәдениетін көтеру, жаңа жерлерді игеру және оның құнарлылығын арттыру жөнінде көп жүмыс істеді. Соңғы бес жылдың ішінде ғана Сырдарияның оң жаң жағалауындағы шөлейт өңірлерді суландыру арқылы 800 гектар жер шұрайлы күріш плантациясына, 2000 гектар жер шабындыққа айналдырылды. Ауыспалы егіс танабын дұрыс қолдану, егістік жерлерін тегістеп, топырақты мұқият баптау, егіске органикалық және минерал тыңайтқыш беру - егістіктің құнарлылығын арттырып, онда әр алуан ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге жағдай жасады. Осының нәтижесінде қазір колхоз өз жерінің 60 проценттен астамын шаруашылық пайдаланып отыр. Колхоз поселкасы Қазақ темір жолының Шиелі станциясынан 4 километр жерге орналасқан. Онда колхозшылардың барлығы дерлік төбесі шифрмен жабылған, қала тәртібімен салынған 450 үйде тұрады. Мұнда екі сегіз жылдық, бір бастауыш мектеп, 35 балаға арналған балалар бақшасы, үш медицина пункті, әйелдер босанатын үй, екі клуб жұмыс істейді. Биыл Жаңатұрмыс қыстағында 120 бала оқитын жаңа мектеп, медицина пункті салынып, пайдалануға беріледі. Алыстағы мал жайылымында жұмыста жүрген шопандардың 25 баласы интернатта жатып оқиды, оларға тамақ тегін беріледі. 1963 жылы 17 колхозшы, 1964 жылы 22 колхозшы курорт пен демалыс орындарына барып, демалып, Денсаулықтарын жақсартып қайтты. Артельдің өз электр станциясы, диірмені, автомобиль гаражы, көптеген қора-жайлары, өндірістік үйлері бар. Соңғы 3 жылдың ішінде ғана колхозшылар үшін жақсы жабдықталған 49 стандартты үй, монша салынды. Биыл колхоз 10 шопанға үй салып беруді ұйғарып отыр. Келесі жылы 400 орындық жаңа клуб, тұрмыс қажетін өтейтін комбинат салынады. Әр үйде радио, ал көп колхозшылардың үйлерінде радиоқабылдағыш бар. Шаруашылықтың маман кадрлар саны жыл сайын көбейіп келеді. 1940 жылы мұнда 6 тракторшы, 1 омарташы, 2 бухгалтер-есепші болған еді. Енді 40 тракторист, 10 комбайнер, 4 агроном, 8 мал дәрігері, 10 бухгалтер-есепші т.б. небәрі 110 маман жұмыс істейді. Колхоздың 30 қызы мен жігіті облыс орталығындағы және республика астанасындағы жоғары оқу орындарында оқып жүр. Ыбырай Жақаевтың ұлы Сейтбек - Алматыдағы ауыл шаруашылығы институтының студенті. Колхоздың қоғамдық шаруашылығының өркендеуімен бірге колхозшылардың да табысы молаюда. Мәселен, 1960 жылы бір колхозшының айлық табысы 37 сом болған болса Колхозшылардың рухани талғамы да мықтап өсті. Өткен жылы колхозшылар 24 шифонер, 26 диван, 12 буфет, 47 кереует, 13 кір жуғыш машина, жеке кітапханалары үшін 1280 сомга әдеби және саяси кітаптар сатып алды. Биыл 1054 сомның газет-журналдарына жазылды. Шиелі ауданының еңбекшілері жер суландыру мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Төмен арықтан Бәйгі құмға дейін канал қазып, осы канал арқылы Сырдарияның суын шалғай жатқан шөл даладағы Ақтоған аймағына шығарып, мыңдаған гектар тың жерлерді игеру міндетін алға қойды. Бұл канал халықтың құрылыс әдісімен салынды. Оның құрылысына 16 мың колхозшы қатысты. Ыбырай Жақаев Шиелі каналының құрылысына және осы каналдан Қызылту колхозының жеріне баратын суландыру жүйелерін салуға белсене атсалысты. Каналдын, ал одан кейін суландыру жүйелері құрылыстарының аяқталуына байланысты Қызылту колхозының мүшелері күріштен мол өнім алуға жұмыла кірісті. Кәнігі диқаншылардан арнаулы күрішшілер звеносы құрылды. Қызылту колхозында алғашқы құрылған күрішшілер звеносының біреуін басқару Ыбырай Жанаевқа жүктелді. Звено өздеріне бөліп берілген көлемі 20 гектар егістікті өңдеуге күзден бастап кірісті. Қыс бойы егістік жерін бұтадан, томардан арылтып, дөңестерін тегістеді. Арбамен тасып, әр гектарга тонналап көң шашты. Звено мүшелері осы жұмыстардың барлығын кетпенмен істеді, өйткені ол кезде колхозда техника жоқ болатынды. 1940 жылы Жаңа Шиелі каналы салынатын жерге егін егіп Ыбекең күріштің әр гектарынан 22 центнерден өнім алды. Сол жылы күзде канал салынып бітті. Ыбекең колхозға келген жас аграном Алтынбеков Әнеспен танысып агротехника негізін зерттей бастады. Колхозға бірнеше трактор, қуатты плугтар келді. Жақаевтың звеносы көктемде егісті жаңа плугпен терең етіп жыртты. Одан кейін звено мүшелері ол жерлерді атыздарга бөліп, су жіберді, егіске дәні ірі тазартылған тұқым себілді. Ыбырай басқарған звено мүшелерінің егіс даласында ынтасы мен шеберлігі, тәжірибесі арта берді. Олар жылдан-жылға мол өнімнің жаңа сатысына өрлей түсті. 1941 жылы оның звеносында күріш өнімі екі есе жоғарылап, орта есеппен гектарынан 43 центнерден айналды. Мұнын өзі ол кезде осы өңірдегі колхоздарда бұрын-соңды болып көрмеген мол өнім болған еді. 1942 жылы Ыбырай Жақаевтың звеносы жаңадан участок таңдап алды. Олар бұл жерді де бұта қалдықтарынан тазартты, ой-шұңқырын мұқият тегістеді. Күзде тереңдігін 22-25 сантиметр етіп зябь жыртты, қыстыгүні зябыка көп етіп қызған көң төкті. Көктемде егістікті тұқым себуге жақсылап әзірледі. Тұқымды Ыбырай Жақаев өзі қолымен септі және бұрынғыдан бір жарым есе артық септі. Тұқым себерде, одан кейін, өсімдік қияқ алған соң, барлығы екі рет минералды тыңайтқышпен үстеп қоректендірді. Арам шөпті көрінген сайын тамырымен бірге жұлып, құртып тастап отырды. Соның нәтижесінде күріш өнімі өткен жылғыдан екі есеге жуық көбейіп, әр гектардан 84 центнерден алынды. Сөйтіп, күріштен мол өнім алудың сыры ашыла бастады. Күріш плантациясында өнім неғұрлым арта түскен сайын Ыбырайдың өз табысына көңілі толмау сезімі күшейе түсті. Тап сол жылы өзі көп жылдардан бері еңбек етіп жүрген Сырдарияның оң жақ жағалауына егін салған қарт күрішті Ким Ман Сам өз плантациясының ішінде гектар күріштің әр гектарынан 144,7 центнерден өнім жинады. Бұл - дүниежүзілік рекорд болды. Біз гектарынан 80 центнерден өнім алғанға тоқсынып отырмыз. Ал бізбен көршілес Ким Ман-Сам өзінің мол өнімді участогінде бізден өнімді екі eceгe жуық артық алып отыр. Сондықтан мұнда біз білмей жүрген, бабын таппай жүрген бір құпия сыр болуға тиіс, осы сырды білуге тиістіміз деген ой Ыбыкеңнің жүрегіне мықтап ұялады. 1942 жылдың күзі. Ыбырай осы ойдың үстінде жүрген кезінде Қызылорданың күрішшілері озат диханшылардың облыстық кеңесіне жиналды. Бұл кеңеске звено жетекшісі Ыбырай Жақаев та шақырылды. Кеңес елімізге, майданға астықты көп берейік деген ұранмен өтті. Кеңесте баяндама жасаған облыстық партия комитетінің секретары еліміздің ішкі-сыртқы жағдайын, отанымыздың басына төнген қатерлі қауіптің түйіні орыстың ежелгі ұлы өзені Еділдің бойындағы сұрапыл шайқаста шешіліп жатқанын түсіндіре келіп, колхозшы шаруалардың, совхоз жұмысшыларының бүгінгі таңда алдында түрған міндеттеріне тоқтады. Күріштен мол өнім алу өздеріне және агротехникалын шараларға байланысты екенін, мұны озат звенолардың жұмыс тәжірибелері көрсетіп отырғанын нақты дәлелдеп берді. Кеңесте социалистік егіншілік кәсібінің шеберлері өздерінің тәжірибелерін ортаға салды, ғылым жетістіктерімен танысты. Мол өнім алуға бөгет болып отырған негізгі себептерді күрішшілердің өздері ашты. Олар агротехникалық шаралардың дұрыс қолданылмауынан көршілес отырған звенолардың әр түрлі өнім алып жүргендері жайлы көптеген мысалдар келтірді. Жұрт қарт күрішші Ким Ман Самның рекордтық өнім алғаны туралы әңгімесін үлкен зейін қойып, ықыласпен тыңдады. Ыбырай Жақаев жаратылысынан сөзге саран болатын. Тіпті өзі бас болып ұйымдастырған колхозының жиылыстарында да тым сирек сөйлейтін. Оның үстіне өз звеносының мол өнім алу мәселесімен беріле шұғылданьш жүрген ол облыстағы күріш шаруашылығының жайымен, басқа колхоздардьң халініен онша көп хабардар да емес еді. Бірақ озат тәжірибені жинақтауға және облыстың барлық диқаншыларын ауылшаруашылық дақылдарының, оның ішінде күріштің өнімділігін арттыруға, майданға деген көмекті күшейтуге арналған бұл кеңесте сөйлемеске болмас деп түйді ол ойын. Ким Ман Самнан кейін мінбеге Жақаев шықты. Ол өзінің звеносының жұмысын баяндай келіп, былай деді: Қазір елімізге майданға күріш керек. Біз күрішті Отанымызға бұрнғыдан екі-үш есе көп беруге тиістіміз. Отанымыз бізден осыны талап етеді. Сондықтан мен диқаншылардың күріштен мол өнім алу жарысын кеңінен өрістетуді ұсынамын. Ал өзім рекордтық өнім алуға серт беріп, Ким Ман Самды социалистік жарысқа шақырамын. Кеңеске қатысушылар Ыбырайдың бұл ұсынысын бір ауыздан қабылдады. Мұны әсіресе байырғы күрішші Ким Ман Сам қызу құттықтап, онымен сол жерде жарысқа түсіп, шарт жасасты. Мол өнім жолындағы социалистік жарыс күріш плантациясында барған сайын қыза түсті. Облыстың әрбір колхозында күрішшілердің мол өнімші звенолары құрылды. Олар жарысты бастаушы Ыбырай Жақаев пен Ким ман Самның тәжірибесін үйреніп, агротехниканың әрбір шараларын жеке-жеке талдап зерттеуге ұмтылды, ал жарысты бастаушылар өз шеберліктерін онан әрі жетілдіре берді. Ким Ман Сам өзіне мықты бәсекелес кездескеніне балаша қуанды, күріш өсірудегі ширек ғасырлық бай тәжірибесін жаңа досының, алдына жайып салды. Олар плантацияның ішін аралай жүріп ұзақ әңгімелесті, жұмыстарының егжей- тегжейімен танысты. Мол өнім тәңірінің күрішімен емес, күрішшінің білімге және техникаға сүйенген еңбегінен болатынын дәлелдесті. - Зейінді Ыбырай Жақаев күрішшілердің өткен кездегі тәжірибелерін және агрономдық ғылымының жетістіктерін құныға зерттеді. Ол агрономдык, Ғылымның керемет ғажап күшін көзімен көрді. Сол жылдан бастап Ыбырай Жақаев күріштің алдыңғы қатарлы агротехникасымен достасты. Соғыс егіншілер құрамына да көп өзгеріс енгізді. Бұрынғы тәжірибелі күрішшілер мен тепсе темір үзетін тегеурінді жастар қолдарына қару алып, Ұлы Отанын қорғауға майданға аттанды. Осыған байланысты колхозда бригадалардың қатары жаңа кісілермен толықтырылды, Звенолар, оның ішінде Жақаев звеносына да өздерінің майданға аттанған ерлерінің, туыстарының орнын көптеген әйелдер, жас қыздар мен ересек балалар келді. Оларды енбекке баулу, бейнеті мен зейнеті бірдей күріш өсіру жұмысына үйрету жөнінде Ыбырайдың көп еңбек сіңіруіне тура келді. Звеноларға келген жастар күріштің агротехникасын үйренуге жаппай жұмылды. Олар үшін күріш плантациясы әрі еңбек, әрі агротехника мектебі болды. Олар мұнда Жақаевтың күнделікті жұмысымен танысты, одан көргендерін көңілдеріне тоқи берді, өздерінің тәжірибелерін молайтуды көздеді. Ыбырайша жұмыс істеу қисапсыз еңбек сіңіруді, агротехниканың әрбір ұсақ-түйек мәселелерінің өзін жете талдап, терең ойлап, одан тиісті қорытынды жасап отыруды қажет етеді. Көктемгі жұмыстың қызу кездерінде бригадаға Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің сол кездегі бас агрономы Әнес Алтынбеков келді. Ол звеноның күріш плантациясын аралап көріп, жұмыстарымен таныстыБұл сәтте Ыбырай Жақаев атыздарын аралап, күріштің жас өркендерін бір орыннан екінші орынға, сиректеу жеріне отырғызып жүрген болатын. - Ыбеке, бұл өте дұрыс. Ресми агротехника өсімдіктердің қатар аралығының түзу болуын қолдайды, ал Сіз оған қарамастан, плантациядағы өсімдіктің тілегін орындап жүрсіз, - деді оған риза болған пішінін білдіріп агроном. - Ресми агротехника өсімдікке жақсы жағдай жасағанды шет көрмесе керек деп жауап қатты звено жетекшісі. - Күн сәулесі мен топырақтағы қоректік заттарды өсімдік тең пайдалануы үшін, егістіктің барлық жеріндегі онын бітіктігі бірдей болғаны жөн емес пе... Агрономның ақыл-кеңесін пайдалана отырып, Ыбырай Жақаевтың звеносы 1943 жылы күріш егісінің әр гектарынан 130 центнерден өнім жинады. Сөйте келе 1944 жылы Ким Ман Самнан да озып шықты. Өз плантациясының кейбір гектарынан 172 центнерден күріш алды. Ал жалпы участок бойынша орта есеппен әр гектардан жиналған өнім 147,8 центнерден айналды. Тәжірибелі қарт күрішші Ким Ман Сам Ыбырайды жаңа табысымен құттықтап, күріштің түсімділігін онан әрі арттыра беруіне тілектестігін білдірді. Бұл шақ Ыбырай Жақаевтың өз еңбегіне қоса агробиология ғылымына, техникаға сенімі күшейген, тіліне түсініп істесе жердің шексіз көп өнім беретініне көзі жеткен кезі болатын. Ол топырақ категориясы, минерал және жергілікті тыңайтқыштар, үстеп қоректендіру, зиянды жәндіктер мен арам шөпті құрту тәсілдері жайлы өз колхозының мүшелері ғана емес, аудан күрішшілеріне ақылшы, кеңесші бола бастады. Агротехниканы өзінің жұмысында шебер колдана білді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет