Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


жылы халық мүддесін қорғаған «әділ билер» туралы ұлтшыл идеяны көтерген Мәметованың диссертациясын мақтап пікір білдірді



бет196/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   273
2.1944 жылы халық мүддесін қорғаған «әділ билер» туралы ұлтшыл идеяны көтерген Мәметованың диссертациясын мақтап пікір білдірді.

3.1940 жылы Әуезовтің жетекшілігімен 1930 (негізінде 1931) жылы кулактардың көтерілісі кезінде атылған халық жауы Шәкәрім Құдайбердиннің шығармалары баспаға дайындалды. 1939 жылы осы бандиттің «Қалқаман – Мамыр» дастаны бойынша балеттің либреттосын жазды.

4.1946 жылы Әуезовтің редакторлығымен Крыловтың мысалдар жинағы басылды, ол бұл жинаққа алашордашылардың атаманы Байтұрсыновтың аудармаларын қасақана саналы түрде кіргізіп жіберді.

5. Сондай-ақ Әуезовтің Кенжебаев пен Қоңыратбаевтың, халық жаулары Саманчиннің (қырғыз ғалымы – Т.Ж.), Исмаиыловтың, Мұхамедхановтың және басқалардың шірінді, ұлтшыл диссертацияларына мақтау пікір білдіргені бәрімізге аян»,– деп санамалап шығады да өзге әдебиетшілерге көшеді.

Осы баяндамада қамтылған және санамалап берілген әр бір «саяси-идеологиялық қателіктер мен ұлтшыл-буржуазияшылар бұрмалаушылықтар» келесі жылдың да «азығына айналды». Ал ондай «ырыздықты» Қ.Жармағамбетов тағы да жомарттықпен дастарханға санамалап тұрып салып берді. Көкек айында жасаған баяндамасындағы деректерін өзгеше қырынан толықтырып, енді жазалау үкімінің баптарына қарай бейімдеді. Сөйтіп әдебиетіміздің тұлғалары тауқыметті тағдырды басынан кешірді, идеялық және шығармашылық тұрғыдан империялық қысымға ұшырады.

Мұның барлығы – М.Әуезов пен С.Мұқанов арқылы ұлттық тұлғаларды тұншықтырудың тұзағы еді.

Сондықтан да тақырыптан тысқары көрінсе де, тікелей қатысы бар – деген уәжбен, енді кім мұның барлығын жинақтап, жүйелеп, бір ізге ге қашан түсіреді – деген алаңмен, мысалдарды толық мазмұндап өтеміз. М.Әуезовпен қасарыса қақтығысуы Қ.Жұмалиевті қазақ әдебиеті мен ғылымындағы екінші бір суыт тізімге іліктірді.

Қ.Жармағамбетов (жалғасы): «Келесі бір әдебиеттанушы Қ.Жұмалиев өзінің 1940-1950 жылдары аралығында орта мектептің оқулығына арнап шығарған оқулықтарында және «Қазақ әдебиеті тарихының» бірінші томындағы «Батырлар жырының» тарауында, Махамбет Өтемісовтің шығармашылығы және Абай шығармаларының тілі туралы еңбектерінде, қазақ әдебиеті тарихының кейбір мәселелерін зерттеу барысында өзінің жүйеге түсірілген ұлтшылдық тұжырымдарын өткізіп отырды.

Біріншіден, Жұмалиев тарихи шындықты бұрмалап, Кенесары мен Наурызбайды ұлттық қаһарман дәрежесіне көтерді, ал сарай ақындары Нысанбай мен Досқожаны халық мүддесін жоқтаушы жырау деңгейіне көтерді.

Екіншіден, буржуазияшыл-ұлтшыл Жұмалаиев еңбекші бұқарасының зұлым дұшпаны, қазақ феодалдарының сарай ақындары тудырған реакциялық-феодалдық «Едіге», «Қобыланды», «Орақ», «Қарасай-Қази», «Тарғын» эпостарын сандаған ғасырлар бойында халықтың өзі тудырған халық шығармашылығы, халық қаһармандарының мұрасы ретінде кеңестік мектептің оқулығына енгізді.

Үшіншіден: өзінің оқулықтары мен өзге де мақалаларында, институтқа арналған әдебиет бағдарламасында Жұмалиев ҚК(б)П Орталық комитетінің 1947 жылғы 21-қаңтардағы қаулысына қарамастан, Бұқардың, Шортанбайдың, Мұраттың, Дулаттың, Нысанбайдың өлеңдерін кіргізу арқылы, олардың халыққа қарсы туындыларына жол ашты. Одан да зорғысы, соңғы уақытқа дейін контрреволюциялық «Алаш» партиясының Бөкей ордасындағы мүшесі Шәңгерей Бөкеевті ашық насихаттады.

Төртіншіден, арнайы мақала жазу арқылы («Әдебиет және искусство», 1940, №3) «Едіге» эпосын насихаттап қана қоймай, 1944 жылы «Едіге батыр» атты пьеса жазып, орыс жерін қанға бояп, өрт жіберген Алтын Орданың ханы Едігенің бейнесін сомдады.

ҚК(б)П Орталық комитетінің ҮІІІ пленумының қарарында аталып өткеніндей, Жұмалиевтің осындай ұлтшылдық бұрмалаушылықтары кездейсоқ қате болудан әлдеқашан қалған, керісінше, оның көзқасының жүйелі ұстанымы болып табылады».

Сонда, Әуезовке қарата тура осындай айып таққан Жұмалиев қандай ұстанымды мақсат еткен? Екі тұлғаның көзқарастары арасында қандай көркемдік, не идеялық қайшылықтар бар? Мәселе, көзқараста емес, екеуін аңдыстырып қойған «күшті өкіметте» сияқты. Өйткені, Қ.Жұмалиевтің 1940 – 1951 жылдары арасында Орталық комитеттің партиялық бақылау бөлімі мен қауіпсіздік мекемесінің тапсырмасы бойынша М.Әуезовтің тікелей «құпия сарашысы» болғаны жоғарыда аталып өтті. Сол «аңдысу» енді мінбеде ашық тайталасқа түскен сияқты. Бұл да Абай айтқан «ғылыми бақастықтың» бір түрі болса керек. Ендігі кезек Б.Кенжебаевқа келді.



Қ.Жармағамбетов (жалғасы): «Әдебиеттанушы Кенжебаев та өзінің мерзімді баспасөздегі мақалалары арқылы жастардың санасын одан кем улаған жоқ. Қазбалап жатпай, бірнеше мысал келтірейін:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет