Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


Жоғарыда атап өткенімдей, әдебиет зерттеушісі есебінде бірыңғай ағым теориясының маған жасаған ықпалы осы тұста «Абай» романының алғашқы тарауларына теріс әсер етті



бет240/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   273
Жоғарыда атап өткенімдей, әдебиет зерттеушісі есебінде бірыңғай ағым теориясының маған жасаған ықпалы осы тұста «Абай» романының алғашқы тарауларына теріс әсер етті.

Абай туралы жазылған шығармаларымды бұдан әрі ұқыпты және қатал түрде қарап шығуды, сондай-ақ қажет болған жағдайда оны барынша қайтадан өңдеуді өзімнің парызым деп есептеймін. Романдардың жаңа басылымында, Абай туралы романдар жүйесін қорытындылайтын соңғы «Абай жолы» атты кітабімда идеялық-көркемдік жағынан барынша толыққанды дәрежеге жеткізу барысында бұл міндетті орындаймын деген ойдамын.

Қазақ және орыс тілдерінде жарияланған менің басқа да зерттеу мақалаларымдағы идеялық-саяси қателіктерімді «Правда» газетінің мақаласы орынды атап өткен. «Правда» да басылған «Қазақстан тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын» атты мақаланы талқылау барысында және одан кейінгі кездегі талқылауларда қателіктерімнің бір қаншасын атап-атап бергемін. Бұл мақалада өзімнің зерттеулерімдегі қателіктерімнің барлығын түсіндіріп беру мүмкін емес болғандықтан да, осы тектес жұмыстарымның барлығына ортақ және ең басты жайды ғана мағлұмдаймын.

Бұл мәселенің түп төркіні мынау: мен әдебиеттану ғылымына маркстік-лениндік методология саласынан хабарым аз және білмейтін кезде араластым. Отыз жылдан астам уақыт ішінде өмірімнің әр белеңдерінде көп мақалалар, пікірлер, зерттеулер жаздым және кейбір мәселелер жөнінде баспасөзде бірінші боп пікір білдірдім. Соның барлығын екшей келе менің 1932 жылға дейінгі буржуазияшыл-ұлтшыл идеяны ұстанған көзқарастарымды былай қойғанда, одан кейін де, өзімнің осы өткен күндерімді қатты айыптаған соң да идеялық-творчестволық тұрғыдан ілгері серпіле ұшқан едім, бірақ та мен ұзақ уақытқа дейін (1948-1950 жылға дейін) аса жоғары бағаланып келген, жоғары оқу орындарында, оқулықтарда, жоғары оқу орындарындағы әдебиеттану саласындағы оқу құралдарында идеялық-методологиялық тұрғыдан қате тұжырымдалып келген, ғылымға жат буржуазиялық обьективті бірыңғай ағым теориясын кеңес ғылымының нағыз жетістігі деп түсініп келдім.

Өзімнің барлық қателіктерімді шын пиғылыммен мойындайтындығыма қарамастан, мен, сонымен қатар Қазақстандағы кейбір ғылыми қызметкерлердің маған қаратыла айтылған, көзімді құртып жіберуге бағытталған сойқан сынымен ешқашанда келіспеймін.

Бір адамның 30 жыл бойғы еңбегін тұтастай талақ етіп, дөрекі сыңар езулей мазақ етудің сорақы нұсқасын елестету үшін «Қазақ ССР Ғылым Академиясының Хабаршысының» №4 санында басылған С.Нұрышевтың мақаласындағыдан артық тірідей теріңді сыпырудың өзге жолын табудың өзі қиямет. Ғылыми мекеменің көшбасшысы бола тұра, алдына «Абай творчествосын зерттеудегі буржуазиялық-ұлтшыл бұрмалаушылықтың тамырына балта шабайық» – мыс-деп байсалды ғылыми міндеттер қоя отырып және өзінің деректерінің нақтылығы мен пікірінің дұрыстығына еш күдіксіз сендіре сөйлесе де, бұл мақала Абайдың еңбектері мен өмірін зерттеу жолындағы ең сенімді, тарихи тұрғыдан мойын бұрғызбастай дәлелдермен дәйектелген маңызды деректерді қасақана бұрмалау және қасақана теріс пікір туғызу пиғылы мен арандатуды көздеген.

«Казахстанская правда» газетінің 1951 жылғы 13-қазан күнгі санында абайтану мәселесі туралы пікір таласының қорытындысы ретінде Қазақ ССР Ғылым Академиясының Президиумы мен Қазақстан кеңес жазушылары Президиумының біріккен қарары басылды, онда Әуезовтің қателіктерін сынаумен қоса оның романы туралы: «Мұхтар Әуезовтің «Абай» романы көпшілікке кеңінен танымал, онда ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық өмірінің суреттері шынайы берілген және Абайдың алдыңғы қатарлы ойшыл, ақын ретінде өсуін көрсеткен»,– деп атап өтті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет