Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


«Операциясыз емделуге болмас па екен?»



бет264/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   273
«Операциясыз емделуге болмас па екен?», дегенімізде, Мұхаң осы сөзді ауырлағандай қабағын шытып, «Полиптің арты жаман ауруға, дертті ісікке соқтыру қаупі және бар. Мен оны да сезем, асқындырып алғанша, тәуекел қылып, несіне болсын шыдап баққан мақұл», деді. Үзілді-кесілді айтты.

Емделме, операция жасатпа деп ақыл айтарлық жер емес. Бұл – дәрігерлердің және өзінің кесіп-пішкен байламы. Көркем шығарма тағдыры сөз болса, дауласып бір нәрсе айтар едік. Ал мына жайға келгенде дағдарып отырып қалдық.

Майдың 28 - күні Жұмағали қайтыс болды. Мұхаң қабырғасы қайыса қатты жылады... Бір жағынан Жұмағали өліміне қайғырып, әсіресе, оның семьясына жаны ашып күйінетін болса, екінші жағынан, іштей өз сырқатының жайын да ойланғаны байқалғандай еді. Жұмағалидың жабдығына жұмсалсын деп Мұхаң мен арқылы бірталай қаражат беріп жатып: «Біздің семьямыз дәл Жұмағали семьясындай жетімдік көрмес-ау», деп күрсінді. «Біз» деген сөзінен көңілім тағы да бір секем алғандай боп түршігіп қалдым.

Артынша Мұхаң Мәскеуге жүруге дайындалып жатты. Дәл жүрер күні Зейін Шашкиннің «Теміртау» романын менен сұрап, бірге ала кетті. Ең соңғы хаты осы романға арналғандығы жұртшылыққа аян. Июньнің 3-күні Мұхаңды аэродромға шығарып салып, қоштасып қала бердік. Біздің Мұхаңды ақырғы көруіміз еді бұл. Одан кейін екі рет хат жазысып, бір рет телефонмен сөйлесіп хал-жәйін білдім. 18 июнь күні ауруханадан жазған хатын 22-күні алдым. Мен осы хатты алғаннан кейін қатты ойландым, қоштасып отыр ма, өсиет айтып отыр ма? Мен тағы да хат жаздым, екі рет жазып, екі рет жыртып тастадым, ақыры хатты Москваға бара жатқан жұбайы Валентина Николаевнадан беріп жібердім, осы хат Мұхаңа июньнің 25 - күні табыс етіліпті. Хат ашылып оқылған, бірақ ешбір белгі жоқ...».

Ырымшыл адам үшін мұндай тағдырлы тоғыстың жүрегіңді құмықтыра мұңға батырып, мәңгілік аңсары басылмайтын сағынышпен жаныңды күйдіре сыздататыны бар. Өмір мен өлімнің, бар мен жоқтың, пәни мен бақилықтың ыстық өкінішті табы кеудесін қарығаны анық. Осынау бір дертті ақынның көз алдында баяу сөнген ғұмыры Әуезовке жалған дүниенің жалғандығын барынша терең тебірендіре сезіндірген, түршіктіре тітіркендірген, шымырлата шамырқандырған сияқты.

А.Брагин: «Мен оны соңғы рет көргенім жадымда мәңгілік сақталып қалды. Ол ақын Жұмағали Саинды жерлеу кезіндегі зират басындағы мамырдың желді күндерінің бірі еді. Жерлеу рәсімі басталған сәтте ол арадан Әуезов көрінбеп еді. Ол жаңа ғана ауруханадан шықты – дескен болатын. Біз ашық қабірдің басында иықтіресе дөңгеленіп тұрғамыз. Әлдекім бақұлдасу сөзін айтып жатқан. Бір жолдасым:

Оң жағыңа қарашы,– деп сыбырлады.



Қарасам, Мұхтар жұрттың бәрінен оңаша, жалғыз өзі оқшаулана мұңға батып тұр екен. Денесі ысылған, жүдеген өңі әдеттегідей қара қоңырқайланып, өзінің уайымына өзі батып, қатып қалыпты, оның көзінен парлап тұрған жас тамшылары маған қорғасыннан құйылғандай ауыр көрінді.

Ол адамдарды шын жүрегімен беріле сүйетін еді, сондықтан да қайғыға қабырғасы тез қайысады,– деді сол күні кеште бір қазақ ақыны. – Ол бәрін де бізден терең сезінетін. Ол өмірдің бағасын білетін, оның еңбекке деген құлшынысының сыры да сонда жатыр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет