Учебно-методическое пособие для студентов-бакалавров базового уровня владения казахским языком всех направлений подготовки Филиала. / Г. Т


ЛЕКСИКА: Қазақ тілі - мемлекеттік тіл



жүктеу 1.2 Mb.
Pdf просмотр
бет2/17
Дата28.12.2016
өлшемі1.2 Mb.
түріУчебно-методическое пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

ЛЕКСИКА: Қазақ тілі - мемлекеттік тіл 
 
1-
тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз. 
Қазақ тілі - мемлекеттік тіл 
Тіл  байлығы  -  әрбір  елдің  ұлттық  мақтанышы.  Ол  атадан  балаға  мирас 
болып  қалып  отыратын  баға  жетпес  мұра.  Демек,  әр  адам  ана  тілін  көзінің 
қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да 
қарсы тұруы тиіс.  
1989  жылы  22  қыркүйекте:  «ҚР  Тілдер  туралы»  Заң  қабылданып,қазақ 
тіліне  «Қазақстан  Республиқасының  мемлекеттік  тілі»  мәртебесі  (статус) 
берілді.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі. Мемлекеттік 
тіл  –  мемлекеттің  бүкіл  аумағында  қоғамдық  қатынастардың  барлық 
саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу 
және іс қағаздарын жүргізу тілі. 
Қазақстан  халқын  топтастырудың  аса  маңызды  факторы  болып 
табылатын  мемлекеттік  тілді  меңгеру  -  Қазақстан  Республикасының  әрбір 
азаматының парызы. 
Қазақ  тілі  –  Қазақстан  Республикасының  тұрғылықты  халқы  –  қазақ 
халқының және шетелдерде өмір сүріп жатқан қазақтардың ұлттық тілі. 
 
Сөздік 
байлық - богатство 
ұлт - национальность 
мақтаныш - гордость 
мирас - наследие 
мұра - наследие 
қорғау - защищать 
шұбарлану - засоряться 
шетел – заграница 
мәртебе - статус 
парыз - долг 
аумақ - регион 
қоғамдық қатынастар- общественные отношения 
мемлекеттік басқару – государственное управление 
заң шығару - издание закона 
сот ісін жүргізу - судопроизводство  
іс қағаздарын жүргізу - делопроизводство 
меңгеру - овладение 
тұрғылықты халық - коренной народ 
көзінің қарашығындай - как зеницу ока 
мемлекеттік тіл – государственный язык 
аса маңызды - особо важный 
баға жетпес – неоценимый 
 
 

10 
 
2-
тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. 
1.
 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай тіл? 
2.
 
Қазақстан Республикасының тұрғылықты халқы кімдер? 
3.
 
Ана тілі мен мемлекеттік тіл арасында қандай айырмашылық бар? 
4.
 
Мемлекеттіктіл мәртебесін алды дегенді қалай түсінесіз? 
5.
 
«ҚР Тілдер туралы» Заңы қашан қабылданды? 
 
3-
тапсырма. Сөздерді оқып, олардың түсіндірмесін жазыңыз. 
Үлгістудент – жоғарғы оқу орнында оқитын оқушы. 
 
1
.тіл__________________              6.іс қағазы_______________ 
2
.мемлекет_____________             7.фактор_________________ 
3
.қоғам________________             8.аумақ__________________ 
4
.заң__________________             9.қатынас________________ 
5
.сот__________________             10.парыз_________________ 
 
4-
тапсырма. Көп нүктенің орнын мәтіннен толтырыңыз. 
1
.Тіл  туралы  заң  ...  ...  қабылданды.  2.Қазақстанда  ...  тіл  -  қазақ  тілі. 
3.
Қазақ  тілі  ...  қатынастардың  барлық  саласында  қолданылады.  4.Барлық 
қоғамдық  ұжымдарда  ...  ...  жүргізу  мемлекеттік  тілге  көшті.  5.Мемлекеттік 
тілді  меңгеру-аса  манызды  ...  .  6.Қазақша  сөйлеу  -  әрбір  Қазақстан 
азаматының  ....  7.Қазақстан  Республикасының  ...  тілі-  қазақ  тілі.  8.Тіл  ...  - 
әрбір елдің ұлттық мақтанышы. 9.Ол атадан балаға ... болып қалып отыратын 
баға  жетпес  мұра.  10.1989  жылы  22  қыркүйекте  қазақ  тіліне  Қазақстан 
Республиқасының мемлекеттік тілі ...берілді. 
 
5-
тапсырма.  «Қазақ  тілі  сабағында»  атты  мәтінді  өз  бетіңізбен 
құрастырыңыз.  
Біле жүргеніңіз жөн! 
Сәлемдесу (приветствие) 
Кіммен қалай сәлемдесу керек? 
(С кем и как следует здороваться?) 
жасы үлкенмен------------------- Армысыз, Амансыз ба? 
жасты құрбы-құрдаспен---------- Сәлем, қал қалай? 
жасы кішімен —---------------- Аман ба? Жақсы ма? 
жақын туыспен------------------- Есенсіз бе? 
бейтаныспен---------------------- Сәлеметсіз бе? 
Тәулік мезгілдеріне қатысты сәлемдесу түрлері 
(Формы приветствия по отношению ко времени суток
Таңертең      -  Қайырлы таң! 
Күндіз           -  Қайырлы күн! 
Кешке           -  Қайырлы кеш! 
Түнде           -  Қайырлы түн! 
Сөйлеушілердің  ұлтына,  жасы  мен  жынысына  қатысты  сәлемдесу 
ерекшеліктері. 

11 
 
(Особенности  форм  приветствия  по  отношению  к  национальности, 
возрасту и полу говорящих). 
Мужчины  могут  здороваться,  обмениваясь  следующими  выражениями 
«Ассалаумағаләйкүм»  -  «Уағаләйкүмассалам»,  что  в  переводе  с  арабского 
означает «Мир Вам!» – «И Вам мир!». Женщины при встрече со старшими 
родственниками мужа должны кланяться первыми.  
Алыстан 
келген 
қонақты, 
жолаушыны 
қарсы 
алғанда 
қолданылатын сәлемдесу үлгілері 
(Формы  приветствия,  употребляющиеся  при  встрече  гостей,  пассажиров 
из дальней поездки). 
Хош келдіңіз, Армысыздар! – Добро пожаловать!  
Ат-көлік аман ба?  
Аман-есен жеттіңіз бе?  
Шаршамай келдіңіз бе?  
Мал-жан аман ба? 
 
 
2-
САБАҚ 
 
ГРАММАТИКА: Жіктік жалғау. Есім сөздердің жіктелуі 
В  казахском  языке  существительные,  местоимения,  числительные  и 
наречия, так же и глаголы, принимают 
личные окончания
ЖІКТІК ЖАЛҒАУ 
ЕСІМ СӨЗ+ЖІКТІК ЖАЛҒАУ 
І. Мен   -мын; -мін; -бын; -бін; -пын; -пін  
қыз+бын 
алда+мын 
жас+пын 
бірінші+мін 
І. Біз 
-
мыз; -міз; -быз; -біз; -пыз; -піз  
қыз+быз 
алда+мыз 
жас+пыз 
бірінші+міз 
ІІ. Сен  -сың; -сің 
қыз+сың 
алда+сың 
жас+сың 
бірінші+сің 
ІІ. 
Сендер 
-
сыңдар; - сіңдер 
қыз+сыңдар 
алда+сыңдар 
жас+сыңдар 
бірінші+сіздер 
   
Сіз 
-
сыз; -сіз 
қыз+сыз 
алда+сыз 
жас+сыз 
бірінші+сіз 
          
Сіздер 
-
сыздар; -сіңдер 
қыз+сыздар 
алда+сыздар 
жас+сыздар 
 
ІІІ. Ол 
қыз 
алда 
жас 
бірінші 
ІІІ.Олар 
қыздар 
алда 
жастар 
бірінші 
Слова с личными окончаниями всегда выступают в качестве сказуемого. 
В  отрицательной  форме  личные  окончания  присоединяются  к  слову 
«
емес». Например: студентпін - студент емеспін. 

12 
 
1-
жаттығу. Берілген сөздерді жіктеңіз. 
Үлгі: Мен студентпін    Біз студентпіз 
         
Сен студентсің     Сендер студентсіңдер  
         
Сіз студентсіз      Сіздер студентсіздер 
               
Ол студент           Олар студент 
 
1. 
Оқушы. 2. Қыз. 3. Бала. 4. Суретші. 5. Заңгер. 6. Экономист. 7. Есепші. 
8
.  Президент.  9.  Ұшқыш.  10.  Маман.  11.  Ғалым.  12.  Биші.  13.  Ақын.  14
Жазушы. 15. Сатушы. 
 
2-
жаттығу. Берілген сөздерге тиісті қосымшаларын қойыңыз.     
Үлгі: Мен сәулетші... – Мен сәулетшімін. 
 
1
.  Біз  университетте  студент....  2.Біз  ауылда  сауыншы...  3.Менің 
нағашыларым  –  малшы....  4.Сіздер  жұмысшы....  5.Біз  суретші...,  олар 
тоқымашы....  6.Біздің  қарындасымыз  мектепте  мұғалім...  7.Менің  әкем  – 
жүргізуші.... 8.Сен кім..? 9.Біздің қарындасымыз мектепте мұғалім... 10.Біздің 
достарымыз – құрылысшы.... 11.Сіз оқытушы....ба?  
 
3-
жаттығу. Сөйлемдерді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.    
1
.Менің әкем ұшақты жүргізеді. Оның мамандығы қандай? 
2
.Шешем ауылда сиыр сауып жүр. Оның мамандығы қандай? 
3
.Меруерттің ағасы көлік жүргізеді. Оның мамандығы қандай? 
4
.Ләззәт газеттерге мақалалар жазып жүр. Оның мамандығы қандай? 
5
.Жанар сурет салып жүр. Оның мамандығы қандай? 
6
.Апам тамақ пісіріп жүр. Оның мамандығы қандай? 
7
.Сәния балаларды оқытып жүр. Оның мамандығы қандай? 
 
4-
жаттығу. Сөйлемдерді аударыңыз, жіктік жалғауларды белгілеңіз.  
Үлгі: Я – слушатель. – Мен тындаушымын. 
 
1
.  Я  –  студент.  2.Вы  первые.  3.Они  не  на  концерте.  4.Ты  один.  5.Вы 
нужны.  6.Вы  гости.  7.Он  –  начальник  курса.  8.Я  не  врач.  9.Ты  не  плохой. 
10.
Она - учительница. 11.Мы не близнецы. 12. Вы коллеги. 13.Они хорошие 
соседи. 14.Меня нет дома.  15.Ты на уроке. 16.Мой друг в городе. 17.Ты на 
улице Желтоксан. 18.Вы мне нужны. 19.Я тебе нужен. 20.Его нет на лекции. 
 
5-
жаттығу. Берілген сөздерді жекеше түрде жіктеңіз. 
Үлгі: Мен ұстазбын.  Сен ұстазсың. Сіз ұстазсыз.  Ол ұстаз. 
 
Суретші,  саяхатшы,  ардагер,  зейнеткер,  ғалым,  суретші,  сәулетші, 
студент,  оқушы,  бала,  директор,  президент,  жүргізуші,  орындаушы, 
музыкант, ақын, жазушы. 
 

13 
 
ЛЕКСИКА: Менің мамандығым 
 
1-
тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз. 
Менің мамандығым 
Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда 
әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. 
Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам 
еңбекке  қабілетті,  зейінді  болуы  қажет  және  оның  мамандығы  өзі  өскен  ортаға 
маңызды,  бағалы  үлес  қосатындай  болуы  шарт.  Өз  ісіне  сенімді,  дұрыс  таңдау 
жасаған адам ғана жетістікке жетеді.  
Өзінің  сұранысын,  қызығушылығын  жоймаған  кең  тараған  мамандықтарға 
дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті 
мамандықтар  қатарына  жоғары  технология,  байланыс,  коммуникация,  әлеуметтік 
орта,  экономиканы  басқару  мамандықтары  және  еңбек  сұранысына  қажетті  жаңа 
мамандықтар жатады. 
Менің  мамандығым  –  оқытушы.  Мен  бұл  мамандықты  бала  кезімнен 
армандадым.  Балалық  шағымда  мұғалім  ролін  көп  ойнадым.  Бұл  мамандықты 
тандауда  менің  анамның  әсері  күшті  болды.  Себебі  менің  анам  да  оқытушы. 
Анамның  жұмысына  барып,  сабақтарына  да  қатысқан  кездерім  болды.  Кейін 
мектепте  оқып  жүріп  өз  мұғаліміме  де  сүйсіне  қарайтынмын.  Неткен  білімді 
адамдар деп ойлап, өскенде мен де осындай мамандыққа ие боламын деп өзіме сөз 
бердім.   
 
Сөздік 
мамандық - профессия  
мамандық  таңдау – выбор профессии 
жауапкершілікті - ответственный 
маңызды іс - важное дело 
зейінді - сообразительный 
өзі өскен орта - среда, где вырос  
білімді – образованный 
қызығушылық - интерес 
қабілет - способность 
бейімділік - склонность 
қалау - желание 
сүйену керек - надо опираться 
үлес - вклад, лепта 
жетістік – достижение 
 
2-
тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. 
1.
 
Мамандық дегеніміз не? 
2.
 
Мамандық тандауда нені ескеру керек? 
3.
 
Сізге мамандық тандауда кім көмектесті? 
4.
 
Өз мамандығыңызды дұрыс тандадым деп ойлайсыз ба? 
5.
 
Қандай адам жетістікке жетеді? 
6.
 
Сіз тандаған мамандықтың маңыздылығы неде? 
7.
 
Үнемі сұранысқа ие мамандықтарды атаңыз. 
8.
 
Өзекті мамандықтар қатарына қандай мамандықтар жатады? 
 
3-
тапсырма. Көп нүктенің орнын мәтіннен толтырыңыз. 
1
. Мамандық ... - өте жауапкершілікті және ... іс. 2.Мамандық таңдауда әр 
адам  ...  қызығушылығына,  қабілетіне,  бейімділігіне,  қалауына  ...  керек. 
3
.Қазіргі  таңда  ...  түрі  көп.  4.Таңдау  жасау  ...  емес.  5.Ең  бастысы  -  адам  ... 

14 
 
қабілетті,  ...  болуы  қажет  және  оның  мамандығы  өзі  ...  ортаға  маңызды, 
бағалы ... қосатындай болуы шарт. 6.Өз ... сенімді, дұрыс таңдау жасаған ... 
ғана  ...  жетеді.  7.Өзінің  сұранысын,  ...  жоймаған  кең  тараған  ...  дәрігер, 
мұғалім және ... мамандықтарын атап ... болады. 8.Ал, өзекті мамандықтар ... 
жоғары  технология,  байланыс,  коммуникация,  ...  орта,  экономиканы  ... 
мамандықтары және ... сұранысына ... жаңа мамандықтар жатады. 
 
4-
тапсырма.  Берілген  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  аударыңыз,  жай 
сөйлем құрыңыз.  
Үлгі: Қоғам – общество; Біздің мақсатымыз – азаматтық қоғам құру.  
   
Даму,  мамандық  иелері,  жоғары  кәсіби  біліктілікт,  коммуникативтік 
қабілет,  еңбек  ету,  сүйіспеншілік,  қызығушылық,  мамандығы  бойынша,  
біліктілігін арттыру,   мамандық иесі, талап ету, икем, бейімі бар мамандық, 
таңдай білу, қоғамға пайда тигізу, пайдасын ойлау, шабыт, өнім, табыс әкелу. 
 
 
3-
САБАҚ 
 
ГРАММАТИКА:  Тәуелдік  жалғау
  (
Притяжательная  форма 
существительных) 
В казахском языке принадлежность предмета передается двумя словами: 
первое  слово  –  притяжательное  местоимение  –  обладатель,  второе  слово  – 
имя существительное – обладаемый предмет. 
Единственное число 
Множественное число 
I   
мен «я» - менің «мой» 
II  
сен «ты» - сенің «твой» 
    
сіз «Вы» - сіздің «Ваш» 
III 
ол «он»  - оның «его» 
I  
біз «мы» - біздің «наш» 
II 
сендер «вы» - сендердің «ваш» 
   
сіздер «Вы» - сіздердің «Ваше» 
III 
олар «они» - олардың «их» 
Притяжательная 
форма 
образуется 
путем 
прибавления 
к 
существительным следующих окончаний: 
Жақ 
Дауыстыдан соң 
Дауыссыздан соң 
 
жуан/ жіңішке 
мысалы 
жуан/ жіңішке 
мысалы 
I.Менің 
Біздің 
 
 
II.Сенің 
Сендердің 
Сіздің 
Сіздердің 
 
III.Оның 
Олардың 
-
м 
-
мыз/ 
-
міз 
 
-
ң 
-
ңыз/ 
-
ңіз 
 
 
-
сы/ -сі 
 
атам 
атамыз 
әжеміз 
 
атаң 
атаңыз 
әжеңіз 
 
 
атасы әжесі 
-
ым/ -ім 
-
ымыз/ 
-
іміз 
 
-
ың/ -ің 
-
ыңыз/ -іңіз 
 
 
 
-
ы/ -і 
қолым, көзім 
қолымыз 
көзіміз 
 
көзіңқолың 
қолыңыз, көзіңіз 
 
 
 
көзі 
қолы 
 
 

15 
 
1-
жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз. 
Моя  семья,  твой  отец,  Ваша  мама,  его  сын,  её  подруга,  моя  тёща,  твой 
свекор,  Ваш  супруг,  его  жена,    её  супруг,  моя  бабушка,  твой  дедушка,  его 
внук,  её  правнучка,  мой  сват,  твой  свояк,  Ваша  племянница,  его  старшая 
сестра, её младшая сестра, мой младший брат, твой зять, Ваша невеста, его 
ровесник, её семья. 
 
2-
жаттығу. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазыңыз. 
Үлгі: студенті – Университеттің студенті. 
 
... ескерткіші, ... жұмысшылары, ... көйлегім, ... киімің, ... орамалыңыз, ... 
үйірмеміз,  ...  бөлмесі,  ...  тойларың,  ...  сабағы,  ...  беті,  ...  есігі,  ...  дәптері,  ... 
кабинеті. 
Керекті сөздердәрігердің, кітаптың, оқушының, балалардың, бөлменің, 
сендердің, олардың, Абайдың, менің, сенің, біздің, сіздің, заводтың. 
 
3-
жаттығу.  Көп  нүктенің  орнына  тиісті  есімдіктерді  немесе 
жалғауларды жазыңыз. 
Үлгі: ... балам оның ұл...н таниды екен - Менің балам оның ұлын таниды 
екен. 
 
1
. ... досы университетте студент. 2. ... балалары қайда? 3. ... қарындашың 
нешеу?  4.  ...  автобусымыз  мынау.  5.  ...  жолдасың  жақсы  адам  ба?  6. ... 
теледидарыңды қосайық. 7. ... есігіңді жабайын.  8. ... туысқаны ауылда ма? 9
...  қызымыз  осы.  10.  Суретте  –  менің  ата...  .  11.  Таудың  төбесінде  тұрған 
біздің үй... . 12. ... тойлары жақсы өтті. 13. Әдеби кеш Пушкиннің ескерткіш... 
жаныда өтті. 14. Алматыда көшеге Гетенің есім... берілді. 15. Біздің мекеме... 
Абай даңғылында. 16. Сіздің бала... бар ма? 17. Олардың қыз... студент пе? 
18
.  Сіздің  ат...  кім?  19.  Сенің  дәптер...  менің  керует...де  жатыр.  20.  Сіздің 
дос... кім? 21. Сендердің жолдас... керемет адам екен. 22. Қабырғадағы Сіздің 
сағат...  ба?  23.  Біздің  есіг...  ашық.  24.  Оның  кілем...  әдемі  екен.  25. ... 
сыныбымызды ашайық. 26. ... жасың нешеде? 
 
4-
жаттығу. Сөйлемдерді аударыңыз. 
1
Моё имя Салтанат. 2. Как ваша фамилия? 3. Его зовут Коля. 4. Как его 
фамилия, имя, отчество? 5. Моя фамилия Новикова. 6. Как ваше имя? 7. Её 
зовут Алтын. 8. Это мой дом. 9. Это его ребёнок. 10. Ваш ответ правильный. 
11
. Его вопрос хороший12. Твоя семья большая. 13. Мой отец молодой. 14
Твоя сестра хорошая. 15. Это мой младший брат. 16. Ваш сын большой. 17
Её  дочь  маленькая  18.  Мой  брат  инженер.  19.  Твоя  мама  учительница.  20
Ваш зять молодой. 21. Её семья маленькая. 22. Моя бабушка не старая. 
 
5-
жаттығу. Берілген сөздермен сөйлем құрастырыңыз. 
Үлгі: Менің әкем филолог. 

16 
 
Менің 
Сенің 
Сіздің 
Оның 
Біздің 
Сендердің 
Сіздердің 
Олардың 
әке, іні, сіңлі 
шеше, қарындас 
апа, аға, немере 
нағашы, жезде 
жеңге, келін 
бала, қыз, ата 
әже, жиен, туыс 
жолдас, әйел, дос 
филолог, сатушы, іскер 
менеджер, дәрігер, оқушы 
зейнеткер, оқытушы, студент 
инженер, қызметкер 
аудармашы, тәрбиеші 
есепші, заңгер, экономист 
суретші, биші, әнші 
спортсмен, жарнамашы 
 
6-
жаттығу. Сөйлемдерді аударыңыз, тәуелдік жалғауды белгілеңіз. 
Үлгі:  Наши  семья,  друзья,  дома,  подруги.  –  Біздің  отбасымыз
достарымыз, үйлеріміз, құрбыларымыз
 
Ваши  дети,  снохи,  мужья,  родители,  сыновья.  Ваши  бабушки,  парни, 
коллеги, младшие братья. Их дедушки, коллеги, сваты, старшие братья. 
 
7-
жаттығу. Мәтінді аударыңыз. 
Мой коллега 
У меня есть старший коллега. Его зовут Бейсенбай. Бейсенбай – пожилой 
человек. У него взрослые сын и дочь. Бейсенбай и его жена – ровесники. У 
них есть внуки. Они ещё маленькие. 
Их  сноха  –  экономист,  а  зять  –  архитектор.  Бейсенбай  –  хороший 
дедушка. У него много родственников, знакомых, друзей. 
 
ЛЕКСИКА: Отан отбасынан басталады   
 
1-
тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз. 
Отан отбасынан басталады 
«Отан  отбасынан  басталады»  деп  айтып  кеткен  ата-баба  сөзінде  терең 
мән-мағына жатыр. Шын мәнінде, әрбір отбасы өзінше бір Отан.  
Отан дегеніміз - ол біздің жанымыз жабырқағанда, қуанышқа бөленгенде 
ішкі  тебіреністерімізді  бөлісетін  және  өзімізді  ең  еркін,  жайлы  сезінетін 
баспана,  жылы  ұямыз.  Отбасы  шағын  Отан.  Оның  басшысы  отбасының 
қамқоршысы мен тіреуі – әке. Әке отбасына қатысты бар мәселелерді шешіп, 
өз отбасының намысын қорғау жолында бар күш-жігерін салады. Сондай-ақ, 
отбасы мүшелерінің де өзіндік атқаратын міндеттері бар. Баршамыздың осы 
ұядан  ұшып  шығатынымыз  шындық.  Отбасына  деген  сағыныштың  жүрек 
түкпірінде  мәңгілік  сақталатыны,  оның  бізді ақ  үрпек  балапан  шағымыздан 
жылы  бауырына  басатыны,  бізді  мәпелеп,  өмірдің  қатал  заңына 
тәрбиелейтіні.   
Сондықтан отбасы мүшелері бір-бірі үшін жанын қиюға да даяр тұрады. 
Сол  сияқты  Отанды  қорғау  да  әр  азаматтың  азаматтық  парызы.  Отанымыз 
алдындағы  азаматтық  борышымызды  орындау  мақсатында  бар  күш-
жігерімізді  салып  аянбай  еңбек  етсек,  бір-бірімізбен  етене  жақын  болсақ, 
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет