Ундарға (Ғұндар) Руа патшалық етті. Ол Истра бойын қоныстанған және Римдіктермен одақтасуға ұмтылып жүрген Амилзурларға, Итимарларға, Тонесурларға, Войсколарға қарсы соғыс ашуды шешті



бет1/7
Дата07.01.2022
өлшемі66,98 Kb.
#18698
  1   2   3   4   5   6   7

1 үзінді
Ундарға (Ғұндар) Руа патшалық етті. Ол Истра бойын қоныстанған және Римдіктермен одақтасуға ұмтылып жүрген Амилзурларға, Итимарларға, Тонесурларға, Войсколарға қарсы соғыс ашуды шешті. Ол Римдіктерге Исланы аттандыра отырып, өздері мен Римдіктер арасында туындаған келісеалмаушылықты тоқтату үшін, егер Римдіктер барлық қашқындарды қайтармайтын болса бұрын іске қолданылып келген, мұның алдында жасалынған келісім-шарттың бұзылатынын айтып қорқытты. Римдіктер Ундарға елші жіберу жайын ақылдасты. Бірі Скиф тайпасынан, ал екіншісі Фракийлықтардан Плинфа мен Дионисий, Римдіктер арасында консулдық дәрежеге дейін жеткен әскербасылар өздері елші болып баруды қалады. Исла Руеге Римдіктер аттандырғалы отырған елшілерден бұрын баратын болғандықтан, Плинфа Исламен бірге өзінің жақындарының бірі Сингилих дегенді қоса қоса жіберді, оның мақсаты Руаны басқа Римдіктермен емес, тек өздерімен ғана келісім-шарт жасасуға көндіруге тырысу. Руа қайтыс болып, Ундар патшалығы Атиллаға көшкен соң, Рим сенаты елшілікке Плинфаны бекітті. Бұл ойларын патша бекіткен соң, Плинфа өзімен бірге ерекше парасатты және квестор дәрежесіндегі адам ретінде Эпигеннің баруын қалайтынын жеткізді. Эпиген жаушы ретінде тағайындалған соң, екеуі Ундарға бірге аттанды. Олар Маргаға, Иллириктегі Мисийлік қалаға дейін жетті. Ол Истараның жағалауындағы, өзеннің екінші бетіндегі Константии қамалына қарсы жатқан қала еді. Сонда Скиф патшалары да келді. Съезд қаланың сыртында өтті. Скифтер салт аттың үстінде отырды, жерге түспей-ақ келіссөз жүргізгілері келді. Рим жаушылары да өздерінің беделдерін сақтау үшін амалсыз ат үстінде сөйлесуге мәжбүр болды. Олар ат үстінде отырған адамдармен жаяу тұрып сөйлесуді өздеріне лайық көрмеді.

Қаулы былай болды ...Ундарға Скифиядан қашқан және бұрын қашқан адамдар да сонымен қатар оларда тұтқында болған ешқандай құн төлемей өз жағына өтіп кеткен Римдіктер де берілетін болды, олай болмаған жағдайда әрбір тұтқында болған және өздеріне қашып өткен Римдік үшін Римдіктер соғыс заңына сәйкес ұстап алғандарға сегіз алтын теңгеден (монеттен) төлеуге міндетті; Римдіктер Ундармен соғыс жүргізіп жатқан ешбір варвар халықтарға көмектеспейді; Римдіктер мен Ундар арасындағы сауда тең құқықтық жағдайда және қауіпсіз өтуі тиіс; Аталған келісім-шартты сақтау үшін Римдіктер Патшалық Скифтерге жыл сайын жеті жүз литр алтын (бұл сыйақы кейін үш жүз елу литрге дейін өсті) төлейді; солардың ыңғайына қарай бейбітшілік бітімі жасалды; оны сақтау үшін Римдіктер мен Ундар өздерінің ата-бабаларының жолымен анттасты, бұлар да басқасы да өз жерлеріне қайтты. Варварларға Римдіктерден пана сұраған ундар берілді. Олардың ішінде патша тегінен тарайтын Мам мен Атакамның балалары да болды. Оларды өздеріне қайтарып алған соң қашқындықтың жазасы ретінде Касадағы Фракий қамалында айқышқа шегелеп тастады. Римдіктермен бейбіт келісім орнатқан соң Атилла мен Влиданың маңындағылар Скифиядағы басқа халықтарды жаулап алуға аттанды және Сосоргалармен де соғысты бастап кетті.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет