«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі



Pdf көрінісі
бет15/17
Дата12.03.2017
өлшемі1,79 Mb.
#9251
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

1. Ұжымдық жұмыс.  
Оқытушы  алдын  ала  дайындалған  бірінші  және  үшінші  бағандарға  мәліметтер 
жазылған дайын кестені экранға шығарады. Оқушыларға қандай ауру түрі екендігін табу 
және екінші бағанға ЖЖБЖ-ның атауларын жазу тапсырылады.  
Қашан? 
(жұқтырғаннан 
кейін қанша 
уақытта?) 
Не? 
Қалай білінеді? 
7–10 күн 
Гонорея 
Шірікті бөлінулер, қызару, зәр шығару кезінде жиі болатын 
ауырсынулар 
Трихомоноз 
Арнайы иімі бар бөлінулер, қышу 
3–4 апта 
Мерез 
(Сифилис) 
Жара (шанкр), лимфотүйіндердің үлкеюі, дене 
температурасының көтерілуі, бөртпе 
 
Бірнеше күн – 2–
3 ай 
Герпес 
Қызару – көпіршіктер – ауыру мен ашу арқылы болатын 
эрозия 
1 ай – 15 жыл 
АИТВ-
жұқпасы, 
ЖИТС 
Бастапқы сатысында – ӨРА (ОРЗ) белгілері, ЖИТС 
сатысында - пневмония, ісік, тұрақты ашытқы-
саңырауқұлақтар, туберкулез 
2 апта – 1 ай 
Хламидиоз 
Білінбейтін әйнек тәріздес шығындылар, сондықтан 
оларды ешкім байқамайды. 
2. «Тәуекел театры» жаттығуы. 
Бұл  жаттығу  алдын  ала  картоннан  дайындалған,  тақтаға  ілінген  адам  бейнелерін 
пайдалану арқылы жүргізіледі. Жаттығуды өткізу үшін қағаздан адам бейнелерін жасап 
алу керек (қыздар мен ұлдар: бір беті ақ, ал қарама-қарсы беті қызыл болады). 
Бір  заманда  Дина  мен  Тима  атты  екі  жас  болған  екен.  Бір  күні  олар  кездесіп,  бір-бірін 
ұнатып қалыпты. Бейнелер тақтаға ілінеді. 
Оларда бұрын нағыз махаббат сияқты шынайы және сенімді қатынас болмаған екен. 
Бұрын әрқайсысында болып өткен жайттар, екеуі үшін ешқандай маңызы жоқ екен. Бұл 
кездейсоқ кездесулер, шынайы емес қатынастар, және олары тым көп емес екен. 
Динада бір қысқа ғана жазғы роман болған екен. Ал Тима бұрын 2 қызбен жақын қарым-
қатынаста болған екен. 
Динаның бұрынғы жігітінің жүретін қызы көп, тіпті ұшқалақ болған екен. Ал Тиманың 
бұрынғы қыздарының бірі жеңіл жүрісті екен. Сол үшін олар ажырасып кетіпті. Екінші 
қызы басқа қалаға көшіп кеткендіктен, біз оның қанша жігіті болғанын біле алмаймыз. 

115 
 
Егер  бұл  сызбаны  ары  қарай  сыза  берсек,  біз  айтқан  адамдар,  басты  кейіпкерлермен 
таныс емес, Тима және Дина жайлы естімеген де шығар. Неге біз оларды есімізге алдық? 
Себебі осы адамдардың бірі АИТВ-жұқпасына шалдыққан (бейненің қызыл түсін бұрып 
қояды),  және  онымен  жақын  қатынаста  болған  әрбір  адам  зақымдалуы  және  жұқпаны 
өзінің серіктесіне беруі мүмкін (барлық бейнелердің қызыл түсі бұрылып қойылады). 
Сондықтан, ең жақын адамымызбен де қорғанышсыз жыныстық қатынасқа түскенде біз 
тәуекелге  барамыз,  себебі  бір  уақытта  оның  бұрынғы  серіктестерімен  де  қатынасқа 
түсеміз. 
Бұл қорқынышты көрінуі мүмкін. Бірақ, вирусқа кімді зақымдаса да бәрібір, өйткені онда 
адамгершілік  жоқ.  Сонымен  қатар,  сызбада  көрсетілгендердің  қайсысы  жұқпа 
жұқтырғанын  біз  білмейміз.  Мұндай  «тосын  сый»  кез  келген  адамның  өмірі  мен 
махаббатын талқандауы мүмкін. 
Бақытымызға  орай,  бұл  тек  ойдан  шығарылған  оқиға.  Бірақ  ол  кез  келгеніміздің 
басымызға келуі мүмкін. 
3. Рөлдік ойын. 
Төменде  келтірілген  көрініс,  ЖЖБЖ  мен  АИТВ-ға  шалдығудың  қаупін  талқылауға 
тамаша мүмкіндік береді. Оқытушы 4 еріктінің шығуын өтініп, оларды екеуден екі топқа 
бөледі.  Әр  жұп  бір  жағдайды  алып,  оны  ойнап  шығады.  Қалған  қатысушылар  оларды 
бақылап, рөлдік ойын соңында жағдайды талқылайды. 
1. Сіздің  бір  құрбыңыз,  жігіті  біраз  уақыт  қолданып  жүрген  есірткіні  пайдаланып 
көрмекші  болады.  Бұл  жігіт  айтқан,  есірткі  тамаша  сезім  шақырып,  ол 
отбасындағы  және  мектептегі  барлық  мәселелерді  ұмытасың  деген.  Сіз  қалай 
әрекет жасайсыз? Не ойлайсыз? Құрбыңызға не айтасыз? Не істейсіз? 
2. Сіздің  досыңыз,  кеште  болып,  алкогольді  сусындар  татқаны,  сонда  кездескен 
әйелдермен  жыныстық  қатынаста  болғаны  туралы  айтып  мақтанды.  Ол  осы  түні 
болған оқиғаларды түгел білмейтінін айтты. Осындай ұқсас жағдайлар әр аптаның 
соңында бола береді. Сіз оған не айтасыз? 
14. Сабақтардың қорытындысын шығару. 
Сабақ  соңында  оқытушы  қорытынды  шығарып,  оқушылардан  сабақтың  қай  бөлігінің 
қызығырақ болғандығын сұрайды. 
Содан  кейін  оқытушы  алынған  жауаптарды  түйіндеп,  жалпы  қорытынды  шығарады: 
ЖЖБЖ-дан қорғанудың ең сенімді тәсілі ретсіз жыныстық қатынастардан толықтай аулақ 
болу.  Сексуалды  серіктеспен  байланыс  кезіндегі  жұқтырудың  алдын  алу  үшін  міндетті 
түрде  контрацепция  құралдарын  пайдалану керек  және  жеке  гигиена  ережелерін  сақтау 
қажет.  
Модуль 6. 
Бойжеткендер мен бозбалалардың репродуктивті денсаулығын сақтау (4 сағат) 
Сабақ 6.2. Жауапты тәртіп. АИТВ және адам құқығы. (2 сағат). 
Мақсаты: 
Оқушылар санасында репродуктивті денсаулықты сақтауға көмектесетін, АИТВ-мен өмір 
сүретін адамдарға толерантты және жағымды көзқарас қалыптастыру. 
Міндеттері: 
-  Жауапты мінез-құлық түсініктемесінің мағынасын ашу. 
-  Стигма (таңба) және дискриминация (шеттеушілік) түсініктемелерінің мағынасын 
ашу. 
-  Жыныстық қатынасқа түсу жауапкершілігін қалыптастыру.
-  АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқығымен таныстыру. 

116 
 
-  Жеке  басының,  айналасындағылардың,  туыстары  мен  достарының  қауіпсіздігіне 
жауапты көзқарас қалыптастыру. 
-  Өз мінез-құлқын саналы басқару қабілетін қалыптастыру.
-  Жыныстық  қатынасты  бастауды  саналы  түрде  кейінге  шегеру  ақылға  сыйымды 
балама екеніне көз жеткізуге көмектесу, «жоқ» деуді үйрету. 
Түйінді  түсініктер:  жауапты  қауіпсіз  мінез-құлық,  толерантты  қарым-қатынас,  стигма 
және дискриминация, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқығы. 
Сабақ  жүргізу  әдістері:  ми  шабуылы,  шағын-дәріс,  шағын  топпен  жұмыс,  пікірталас, 
щығармашылық тапсырма, рөлдік ойындар, синквейндер құрастыру. 
Жабдықтар мен материалдар: флипчарт (магнитті тақта); флипчартты қағаз; маркерлер;  
мультимедиапроектор;  талас  пікірлер  жазылған  4  парақ;  анкеталар;  «ашық  сыр 
парақтары»; жағдай тақырыптары жазылған карточкалар. 
Сабақ барысы 
1. Оқытушы кіріспе сөзінде сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды. 
2. Жаттығу. Менің үміттерім. 
Оқытушы оқушылардан осы сабақта нені білгісі келетінін анықтап алады. Әр оқушы 
өз үміттері туралы айтады. 
«Үміт ағашын», «үміт себетін» немесе «үміт гүлшоғын» жасауға болады. Ол үшін 
тақтаға  гүлшоқтың,  себеттің  немесе  ағаштың  жобасы  салынады,  оған  балалар  осы 
сабақтан  нені  күтетіндері  туралы  жазылған  түрлі-түсті  стикерлер  (сәйкесінше  гүлдер, 
жемістер, жапырақтар) жапсырылады. 
3. «Талас пікірлер» ойыны. 
Алдын  ала  дайындалған  4  парақ  қағаздың  әр  қайсысында  келесідей  пікірлер 
жазылған:  «Толық  келісемін»,  «Келісемін,  бірақ  түсініктерімен»,  «Толықтай 
келіспеймін», «Білмеймін, сенімді емеспін» - бөлменің төрт қабырғасына бекітіледі. 
Оқытушы  АИТВ  мәселесіне  байланысты  талас  пікірлерді  оқып  шығады.  Әрбір 
пікір  оқылып  болған  соң  оқушылар  өз  көзқарастары  бейнеленген  парақтардың  жанына 
барып тұруы тиіс. 
Оқушылардан  неге  дәл  осы  пікірді  таңдағаны  туралы  түсіндіріліп  айту  өтініледі. 
Әртүрлі  көзқарастарды  тыңдап  болған  соң  оқушылар  өзіне  лайықты  деген  пікірлерді 
таңдауға рұқсат беріледі, сәйкес пікірлер жазылған параққа өтеді. 
Талас ой-пікірлер: 
1. АИТВ-мен ауыратын балалар балабақша мен мектептерге баруға болмайды. 
2. АИТВ-мен ауыратын адамдарды қоғамнан оқшаулау керек. 
3. Ер адамдар мен ер балалар АИТВ туралы қосымша мағлұмат алуға мұқтаж емес, 
бұған тек қыздар мен әйелдер мұқтаж. 
4. АИТВ-мен ауыратын адамдарды жұмыстан шығаруға болмайды. 
Талқылау: 

  Осы сұрақтар бойынша ой өрбіткенде қандай сезімдерге бөлендіңіз? 

  Қатысушылар алдында өз көзқарасыңызды айтып беру оңай болды ма, әсіресе 
сіз шағын топта болып қалғаныңызда?

  Өз көзқарасыңызды өзгерту оңай болды ма? 
Осыдан  кейін  істелінген  жұмыс  бойынша  қорытынды  жасалады.  Ол  үшін 
оқушылар  осы  жаттығу  қандай  сезімдерге  бөлегені  туралы  «Ашық  сыр  парақтарын» 
толтыру қажет. 
 
 
 
 

117 
 
4. «Ми шабуылы». Стигма және дискриминация. 
Оқытушы оқушыларға жауап беруге сұрақ ұсынады: 
«Стигма» деген не және «дискриминация» деген не? 
Оқушылардың  жауаптарын  жинақтап  оқытушы  оларды  «стигма»  және 
«дискриминация» түсініктемелерінің анықтамаларына әкеледі. 
Стигма – таңба ілу: қандай да бір адамның айырмашылығы көзге түседі және ол өз 
иесінің көкейкесті айырмашылығының көрсеткіші болып саналады. 
«Стигма» термині ежелгі грек сөзі «клеймо» сөзінен пайда болған; оны қандай да бір 
жаман қасиетін көрсету үшін адам денесіне түсірілетін болған. Таңбаланған адамдар өз 
атына  айтылған  сынды  кемсіту  деп  қабылдауға  мәжбүр  болған  немесе  тағылған 
стереотиптерге қарсы шығып, саналы түрде стигматизация процесін жоққа шығарған. 
Дискриминация  –  ниетті  шектеу  немесе  нәсіл  белгілері  бойынша  қандай  да  бір 
ұйымдарды немесе мемлекеттерді, жеке тұлғаларды артықшылықтарынан, құқықтарынан 
айыру. 
5. Оқытушының  «АИТВ  кезіндегі  стигма  және  дискриминация»  атты  шағын 
дәрісі. 
АИТВ-ға байланысты медициналық күтім және тиімді алдын алу шараларын іске 
асыру жолында стигма және дискриминация аса салмақты тосқауыл болып саналады. 
Дискриминацияға  тап  болу  үрейі  адамдарды  өзінің  АИТВ  статусын  ашық 
мойындаудан  ұстап  тұрады.  АИТВ-жұқпасы  бар  немесе  болуы  мүмкін  адамдар 
медикосанитарлық көмек алуға, баспаналы болуға, қызметке тұруға, сақтандыруға, шетел 
мемлекеттеріне шығуға рұқсат етулмей ме деп, олардың достары мен қызметтестері теріс 
айнала  ма  деп  қауіптенеді.  Кейбір  жағдайда  оларды  өз  отбасылары  үйлерінен  қуады; 
жұбайы  ажырасуға  арыз  береді;  зорлық-зомбылық  көрсетіледі  немесе  өлтіріген 
жағдайлар да белгілі. 
АИТВ-ға  байланысты  стигма  келер  ұрпаққа  өтіп,  АИТВ-дан  қайтыс  болған  ата-
аналарының  қазасының  зардабын  жеңуге  тырысып  жүрген  балалардың  иығына  түскен 
ауыр  жүк  болып  табылады.  Стигма  мен  дискриминацияға  соғыс  жариялап  барып  қана 
АИТВ-ны жеңіп шығуға болады. 
Дүние  жүзіне  АИТВ  індетінің  таралу  тәжірибесі  көрсеткендей,  бұл  адамдардың 
жақсы  да,  жаман  да  қасиеттерін  көрсетуге  мүмкіндік  береді.  Үкімет,  қоғам  және  жеке 
тұлғалар тарапынан ынтымақтастық остракизмге қарсы күреске, сонымен қатар, АИТВ-
мен  өмір  сүретін  адамдарға  көмек  көрсетуге  біріккенде,  жақсы  қасиеттер  көзге  түсе 
бастайды.  Ал  егерде  туыстары  мен  жақын  адамдары  және  бірлестіктер  тарапынан 
адамдар  стигматизация  мен  остракизмге  ұшыраса,  сонымен  қатар  жеке  тұлғалар  мен 
қоғам тарапынан дискриминацияға тап болса, онда жаман қасиеттер біліне бастайды. 
Неге  барлық  жұқпалы  аурулардың  ішінде  дәл  АИТВ  стигмаға  «жолы  болғыш» 
болады?  Стигманың  таралуының  негізгі  себебі:  сауатсыздық  пен  қорқыныш.  Егер  де 
адамға  мәліметтер  жетпесе,  онда  оның  орны  жинақталған  және  ойдан  шығарылған, 
жалған  стереотиптермен  толығады.  Егер  осы  стереотиптер  адамды  үрейлендіретін 
нәрсемен  байланысты  болса,  онда  осындай  қасиеттері  бар  адамдарға  қорқыныш 
сезімдерін  қуаттайтын  жағымсыз  ерекшеліктер  жазылады.  АИТВ-сы  бар  адамдардың 
стигматизациясына бірқатар факторлар әсер етеді: 
1. АИТВ  –  адам  өміріне  қауіп  төндіретін  ауру,  ал  өлім  тақырыбы  біздің  қоғамда 
тыйым салынған және қорқынышты тақырып болып саналады. 
2. АИТВ-дан мәліметі аз адамдар, оны өте нашар көңіл-хошпен, сыртқы бет-бейненің 
өзгеруімен теңейді. 
3. АИТВ жұқпалы болып саналады және оның таралу жолдары туралы хабарсыздық 
әлі кездеседі. 

118 
 
4. Адамдар  АИТВ-ны  қоғамда  стигматизацияға  ұшыраған  адамдарды  есірткі 
тұтынушылармен, секс-жұмысшыларымен, гомосексуалдармен теңейді. 
5. АИТВ  датталған,  түрлі  үрей,  күнәлармен,  т.б.  байланысты  жүретін  секс  
тақырыбын қозғай жүреді. 
6. АИТВ  қоғамда  көбіне  тең  емес  және  шеттетілу  ахуалындағы  адамдарды  көбірек 
қозғайды:  әйелдер,  жасөспірімдер,  ер  адамдар,  ер  адамдармен  жыныстық 
қатынасқа түсушілер, есірткі тұтынушылар және т.б. 
Қоғамда  стигманы  және  оның  зардаптарын  қалай  азайту  керек  екені  әлі  белгісіз. 
Сонымен қатар өзінің тиімділігімен ұсынылып отырған екі маңызды тәсіл бар: 
Адамдарды логикаға жатпайтын көзқарастар мен қорқынышты ойлардан – білімнен 
басқа ешқандай антидискриминацияның қолынан келмейді. Бұл тұрғыда маңыздысы сол, 
адамдар  вирустың  таралу  жолдары  туралы  ғана  емес,  сонымен  қатар,  АИТВ-мен  өмір 
сүретін адамдардың құқығы, АИТВ-ның алдында стигма мен дискриминация туралы да 
білімдерін толықтырғаны абзал. 
Эмпаурмент  –  «күшке  ие  болу»,  бұл індетке  іліккен  адамдардың  өздері  білім мен 
дағды  жинақтап,  іштей  стигманы  жеңіп,  көпшіліктің  көзқарасы  мен  дискриминацияға 
қарсы  тұра  білуі.  Эмпаурмент  АИТВ-мен  өмір  сүретін  адамдарға  өздерінің  құқығын 
қорғап  қалуға,  АИТВ-ға  қатысты  шешімдер  қабылдауға  тікелей  қатысуға,  әр  түрлі 
құрылымдарда өз мүдделерін ортаға салуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде қалыптасқан 
теңсіздік жойылады және дискриминацияның пайда болуы мүмкін болмай қалады.
Егер  АИТВ-індетінен  қандай  да  бір  сабақ  алуға  болатын  болса,  ол  тек  қана 
адамзаттың өз түсініктерін өзгерту және стигмаға адамдар өмірін күйретуге жол бермеу 
керек. 
Стигма адам құқығының бұзылуы мен қоғамдағы дискриминацияның басты себебі 
болып  саналады.  Жағдайды  өзгерту  үшін  әрқайсымыз  өзімізден  бастауымыз  керек.  Өз 
денсаулығымызды  әр  күн  сайын  ойлап,  АИТВ-ның  әркімге  қатысты  екендігін  саралап, 
вирустың таралу жолдары мен таралу қауіпін төмендетуін анықтау керек. 
6. Өмірлік жағдайларды ойнап шығу. 
Оқытушы  оқушыларды  3  топқа  бөледі.  Әр  топқа  өмірлік  жағдайлардың  біреуін 
кейіптеп шығу ұсынылады: 
1. Колледждегі позитивті оқушыда АИТВ-ның пайда болуы. 
2. АИТВ-ны жұқтырған адам бір мекемеге жұмысқа тұруға келеді. 
3. Отбасы  қызының  барып  жүрген  балабақшасында  АИТВ-ны  жұқтырған  баланың 
пайда болғаны туралы біледі. 
Оқушылар рөлдерге бөлініп, топ алдында кейіпті жағдайды ойнап шығады. 
Жағдайларды тамашалап болған соң оқытушы оқушыларға талқылауды ұсынады. 
7. «Ми шабуылы». Жауапты қауіпсіз тәртіп. 
Оқушыларға мына сұрақтарға жауап беру ұсынылады: 
Жауапкершілік деген не? 
Қандай тәртіп қауіпсіз және жауапты болып саналады? 
Оқушылар  жауабын  жинақтап,  қорытындылай  отырып,  оқытушы  оларға 
түсініктердің анықтамасын ұсынады. 
Жауапкершілік – өз істері мен әрекеттері және олардың зардаптарына субъективті 
жауап беру міндеті. 

119 
 
Жауапкершілік – адамның жағдайды барынша талдауға мүмкіншілігін суреттейтін, 
осы  жағдайда  өзінің  әрекеттерін  немесе  әрекетсіздігінің  зардабын  алдын  ала  болжай 
алатын  және  іс-әрекеттерінің  формаларын  таңдауға,  таңдаудың  зардабын  болмай 
қоймайтын айғақ ретінде қабылдауға дайын болу, адамның жеке мінездемесі. 
8. Шағын топтардағы жұмыс. Қауіпті жағдайлардағы тәртіп ережелерін жасау. 
Оқытушы  оқушыларды  4-5  адамнан  тұратын  шағын  топтарға  бөледі.  Топтарға 
«Қауіпсіз  тәртіп  ережелерін»  жасау  тапсырылады.  Оқушыларға,  қалыпты  өмір  сүретін 
жасөспірімдерге қауіпті жағдайларға ұшырап қалмау үшін нені істеп, нені істемеу керек 
екендігі туралы тізім жасау ұсынылады. Сосын әр топтың жазбалары таныстырылады да, 
жинақталып қорытынды жасалады. Ережелер тақтаға ілінеді. 
Қауіпсіз тәртіп ережелеріне мысал 
Әрқашан 
Ешқашан 
Ата-анаңа (немесе ересектерге) қайда 
баратыныңды, қашан келетініңді 
хабарлап отыру. 
Жедел шешім қабылдаудың әсерінен 
бейтаныс адамдармен бір жаққа баруға 
болмайды. 
Үйде өзің араласатын достарыңның 
телефондарының тізімін көрнекі жерде 
ұстау. 
Кешке, ішінде жолаушылары бар таксиге 
отыруға болмайды. 
Қандай жағдайда да өз достарыңмен 
алдын ала ақылдасып алу (сізбен 
танысуға келгенде, бір жаққа 
шақырғанда, бір нәрсе ұсынғанда). 
Жолыңды қысқарту үшін гараж арқылы 
немесе бейтаныс аулалармен жүрме. 
Үнемі жаман атағы бар жерлерге 
(компанияларға) жолама, ішімдік ішуден
басқа да зиянды нәрселерді пайдаланудан 
аулақ бол. 
Қайтарда жалғыз оралуға тура келетін 
компанияларға барма. 
Үйге қайтқанда жарық көшелермен жүр. 
Шығу тәсілі белгісіз сусындар мен азық-
түікті пайдаланбау. 
Бейтаныс көлікке отырар алдында, есікті 
ашу тұтқасының орналасқан жерін көріп 
ал. 
Лифтке сезікті адамдармен кірмеу. 
Таксиге дейін жеткізіп салуды біреуден 
өтіну және таксидің нөмірін есте сақтап 
қалу. 
Сен ең мықты екеніңді дәлелдеуге 
тырыспау. 
Баратын жеріңе жеткенің туралы үйге 
хабарлап отыру қажет. 
Бейтаныс адамдарға өз мекен-жайыңды, 
телефоныңды берме. 
9. Ұжымдық жаттығу. Жыныстық қатынасқа түсуді кейінге қалдыру. 
Тақтаға  жыныстық  қатынасты  кейінге  шегеру  себептері  жазылған  үлкен  парақ 
ілінеді. 
Оқушыларға  жас  адамдардың  әдетте  жыныстық  қатынасты  шегеруге  немесе  ұзақ 
мерзімге кейінге қалдырудың басты 4 себебін іріктеу ұсынылады. 

  Жүкті болу үрейі: 100% тиімді сақтану тәсілдері жоқ. 

  ЖЖБЖ үрейі: АИТВ және ЖЖБЖ-лар жыныстық қатынас кезінде беріледі. 

  Отбасылық дәстүр: ата-аналарымыз біздің жасымызда жыныстық қатынас мүмкін 
емес деп болжайды. 

  Зорлық-зомбылық қорқынышы: жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрліктің болуы. 

  Достық: достық қарым-қатынасты нығайту үшін уақыт керек. 

120 
 

  Сіз  немесе  серіктесіңіз  мас:  алкоголь  жаман  шешімдер  мен  зардаптарға  әкеліп 
соғуы мүмкін. 

  Діни  құндылықтар:  менің  діни  нанымдарым  некеге  дейін  немесе  некеден  тыс 
жыныстық қатынасқа түсуге рұқсат бермейді. 

  Жас шамасы: біз тым жаспыз, салмақты қарым қатынасқа әлі дайын емеспіз. 

  Мінезі  және  басқа  қасиеттері  бойынша  тура  келмейтін  адам:  өзара  махабаттың 
болу қажеттілігі. 

  Серіктесіңе деген сенімділік: неке тойына дейін күту. 
4. Шағын топтардағы жұмыс. Жыныстық қатынасқа түсу себептері. 
Оқытушы  оқушыларды  «орман»,  яғни:  шырша,  қарағай,  қайың,  емен  қағидаты 
бойынша кіші топтарға бөлінуді ұсынады. 
Әр  топқа  жасөспірімдердің  жыныстық  қатынасқа  түсу  себептерін  талқылап, 
флипчартты  параққа  жазу  ұсынылады.  Осыдан  кейін  әр  топ  өздерінің  жазбаларын 
көпшілік назарына ұсынады. 
Себептердің мысалды тізімі: 

  «барлығына» ұқсас болу

  зерігу, 

  алкогольді масаңдық, 

  қаржылық пайда, 

  өзіне назар аударту тілегі, 

  серіктесін ұстап қалу тілегі, 

  өзін-өзі қанағаттандыру, 

  есейгенін көрсету, 

  зорлық-зомбылық. 
5. «Орындық» ойыны. Топтық қысымға қарсы тұру дағдысын үйрету. 
Бір  оқушы  (қалауы  бойынша)  орындыққы  отырады.  Топ  әртүрлі  тәсілмен,  әрине, 
күш қолданбай, оны басқа орындыққа отырғызуға тырысады. 
Талқылау: 
1. Ойыншыны басқа орындыққа отыруға қандай тәсілдер қолданылды? 
2. Орындыққа отырған балаға үгіттеуге көнбеу оңай болды ма? 
Ойын  аяқталғаннан  кейін  оқытушы  оқушыларды  мынадай  қорытынды  жасауға 
шақырады:  басқа  біреуді  нақты  себебін  түсіндірмей,  тек  қана  кінәләумен, 
жағымпаздықпен,  басқа  біреуге  сілтеумен  және  т.б.  көндіру  күштері  қысым  делінеді. 
Әсіресе топ қысымына қарсы тұру қиынға соғады, себебі адам әдетте қандай да бір топ 
мүшесі  болғысы  келеді,  сол  топтың  ережелері  мен  құндылықтарына  сәйкес  болғысы 
келеді. 
Көбіне жасөспірімдер жеке адамның және топ қысымына қарсы тұра алмай еріксіз 
мойынсұнады (мысалы, есірткі қабылдау, темекі шегу және жыныстық қатынасқа түсу). 
Демек,  бұл  оның  өз  шешімі  емес,  оны  басқалар  үгіттейді.  Саған  қысым  жасауға 
тырысатын жағдайды ажырата білу өте маңызды. 

121 
 
6. «Жасөспірім кезеңдегі жауапты қауіпсіз тәртіп» атты мультимедиалық 
презентацияның сүйемелдеуімен өтетін оқытушының шағын дәрісі. 
7.
Жыныстық өмір дегеніміз тек қана ер мен әйел арасындағы тікелей байланыс емес, 
ол ер мен әйелдің жан-жақты сексуалдылығының көрінісі, ер мен әйелдің рухани бірігуі. 
Тек  махаббат,  нәзіктік,  сыйластық  және  өзара  түсіністік  қана  шын  мәнінде  жыныстық 
өмірді үйлесімді және бақытты ете алады. 
Қазір  көптеген  елдерде,  соның  ішінде  біздің  елімізде  де  жастарда  жыныстық 
белсенділіктің  артуы  байқалады.  Қазіргі  заманғы  жасөспірімдерге  әлеуметтік  жетілудің 
жеткілікті  болмауы  мен  өз  іс-әрекеттері  үшін  жауапкершілік  сезімінің  жетіспеушілігі 
аясында,  оның  ішінде  жыныстық  өмір,  жедел  физиологиялық  жетілу  тән.  Жыныстық 
қатынастарға  жасөспірімдердің  тарту  себебі,  бұл  олар  үшін  ересектер  әлеміне  ену,  өз 
замандастарының арасында өзінің маңыздылығын дәлелдеу болып табылады. 
Жыныстық  қарым-қатынас  –  бұл  өте  мұқият  таңдауды,  өзіне  және  басқаларға 
тыйым салуды қажет ететін қарым-қатынас түрі. 
Жыныстық  қарым-қатынас  –  бұл  жасөспірімдер  үшін  қарым-қатынас  аймағы, 
көбіне  олар  тәжірибелеу  аймағына  ұқсас  болады.  Сондықтан,  осы  қарым-қатынастар 
жасөспірімдердің  денсаулығы  мен  тағдырына  психикалық  және  физикалық  зардабын 
тигізбейтіндей  әрекетер  жасау  керек,  көңілі  қалушылық  пен  жан  жарасына  әкеліп 
соқтырмау  керек,  себебі  дәл  осы  алғашқы  сезім  мен  алғашқы  жақындық  адамның 
келешек өміріне үлкен әсерін тигізуі мүмкін. 
Бәрінен бұрын жасөспірімдерге ең дұрысы жыныстық жақындасуды шегеру қажет. 
Олардың жасында шегеру зиян емес екенін олар білуі керек, ең қауіпсіз өмір – бұл ерлі-
зайыптылардың өз отбасындағы өзара адал өмірі. 
Көптеген  психосексуалды  қарым-қатынасқа  байланысты  уайымдар  мен 
мәселелерден  құтылуға  болады,  егер  бозбала  немесе  бойжеткен  өзіне  немесе  басқа 
біреуге «жоқ» деп қарсы жауап айта алатын болса. Бұл үй қамауда болу, достарың мен 
компаниялардан  бас  тарту  деген  сөз  емес.  Бірақ  интимді  қатынасқа  түсуге  табанды 
ұсыныстарға тап болғанда, әркім өзіне сұрақ қою керек:

  Шын мәнінде осыны қалаймын ба? 

  Жыныстық қатынас жоқ жерде өзімізді жақсы сезінеміз бе? 

  Жүктілік болғанда біз не істейміз? 

  Сақтану үшін қандай амал қолданамыз, егер де мен ұсынсам, жалпы қолданамыз 
ба екен? 

 
Егер  осы  сұрақтарға  жауап  беру  қиын  болса,  натық  түрде  «жоқ»  деп  айтудан 
қорықпаңыз.  Нақты  емес  «білмеймін»,  «мүмкін»  деген  сөздер  –  жалтақ  жауаптар  жиі 
бүркемеленген келісім болып есептеледі. Ал бұл жағдайда нақтылық өте қажет. 
Кейбір жастар кейінге шегеру зиян, ол күйзеліс, ісік ауруы және тері ауруларына 
әкеліп соқтыруы мүмкін деп ойлайды. Шын мәнінде, дені сау жас адам уақытша шегеруге 
қабілетті. Артығырақ айтсақ, жас кезде шегеру мүлде қауіпсіз болып саналады. 
Жыныстық  шегеру  тілектер  мен  мұқтаждықтарын  бақылау,  оларды  басқару 
қабілетін  дамытады.  Жасөспірім  кезеңде  жыныстық  шегеру  әлеуметтік  және 
физиологиялық  ереже  болып  есептеледі.  Бұл  жаста  шегеру  денсаулық  пен  әлеуметтік 
қызметке  кері  әсер  етеді.  Ең  ұтымды  амал  –  назар  мен  қызығушылықты  жыныстық 
қатынас  аясынан  басқа  затқа,  шығармашылық,  танымдық,  спорттық  істерге  ауыстыру 
керек. 
Саналы  әрі  ерікті  түрде  жыныстық  өмірден  бас  тарту  -  есті  және  құрметке 
лайықты  әрекет.  Достардың  басымшылдығына  берілудің  қажеті  жоқ.  Басқалардың 

122 
 
басынан  кешкен  жыныстық  өмірі  туралы  әңгіме  естіп,  мен  көп  нәрсе  жоғалттым  деген 
ойлармен  өз-өзіңізді  қинамаңыз.  Бұл  әңгімелерде  әдетте,  көбісі  асыра  айтылған  немесе 
жай ғана ойдан шығарылған болады. 
Бір-біріңе  деген  ыстық  сезімсіз,  шынайы  психологиялық  жақындық  болмаса, 
мұндай жыныстық қатынас өзінің қажетсіздігімен, жасандылығымен, табиғисыздығымен 
өте қорқынышты. 
Бірақ,  өкінішке  орай,  біздің  өміріміздің  шындығы  сол,  көптеген  жасөспірімдер 
жыныстық  өмірдің  тәжірибесімен  ерте  танысады.  Жыныстық  өмірді  қалайша 
қауіпсіздендіруге  болады  және  қауіпсіз  жыныстық  қатынас  дегеніміз  не?  Адам 
денсаулығына психикалық жарақаттар мен зиянды зардаптарды тигізбеу мүмкіншілігі бар 
жыныстық қатынасты қауіпсіз деуге толық құқығымыз бар. 
Күтілмеген жүктілік қаупі мен жұқпалы ауруларды жыныс жолдарымен жұқтыру 
қауіпі ең аз болғанда және кез-келген (физикалық және психикалық) күштеу формалары 
жоқ болғанда – жыныстық-қатынас қауіпсіз болып саналады. 
Қауіпсіз  жыныстық-қатынас  кілті  –  шындық  және  ашық  өзара  сырласу, 
серіктестердің  өзара  жауапкершілігі,  өз  мұқтаждарын  басқа  кісінің  қызығушылығы  мен 
сезімдерін еске ала отырып, бақылай білу. 
Петтинг  –  ер  мен  әйел  арасындағы  әр  түрлі  жыныстық  толғаныстарды  бастан 
кешетін,  бірақ  жыныс  мүшелерінің  жанасуы  болмайтын,  жыныстық  қатынастың  бір 
формасы.  Петтингтің  ең  қарапайым  формасы  –  сүйісу  мен  құшақтасу,  басқа  да 
формалары  –  ашық  және  терең  еркелетулер  болып  табылады.  Бірақ  кейде  петтинг 
кенеттен  бойжеткен  үшін  алкогольді  ішімдік  салдарынан  жыныстық  қатынасқа  әкеліп 
соқтыруы  мүмкін  екенін  есте  сақтау  керек.  Мұндай  сәттерде    кейбір  еркектер  күш 
көрсетуге  баруы  мүмкін.  Өзара  еркелетулерде,  жас  адамдармен  тығыз  қарым-қатынас 
алдында  бойжеткендер мынаны білуі қажет: жас адамдар құмарлық әсерінен кейде батыл 
түрде өзгеріп, өзін басқара алмай қалады. 
Кез-келген  адам  өмірінде  көптеген  қызықтарға  тап  болады.  Бейәдеп  кейіптер, 
тұрпайы қылықтар, өзіне тарту көзқарастары, шамадан тыс макияж, оңашалануға дайын 
тұру  –  осының  барлығы  –  жыныстық  қастандықтықтың  тек  кейбір  факторлары  ғана 
екендігі белгілі, себебі жас адамдардың санасында олар қолжетімділікпен бірлестіріледі. 
Көптеген  сылтаулар  жасөспірімдерді  жыныстық  байланысқа  итермелейді,  бұлар: 
қызыққұмарлық,  жалғыздықтан  арылуға  тырысу,  махаббат  сезімі,  серіктеске  деген 
аяушылық немесе онымен айырылудан қорқу сезімі, қысым да болуы мүмкін. 
Егер екі серіктес те тығыз қарым-қатынасқа түсуге бел буса, онда олар АИТВ-дан, 
ЖЖБЖ-дан  сақтану  үшін,  қауіпсіз  жыныстық  қатынастың  мәселелерін  талқылап  алу 
қажет,  сонымен  қатар,  күтілмеген  жүктілікті  қаламаған  жағдайда,  қандай 
контрацептивтер  қолдану  қажет  екенін  де  шешу  керек.  Сақтану  туралы  серіктестің  өзі 
әңгіме  қозғайды  деп  күтудің  қажеті  жоқ  –  бұл  мүлде  болмауы  да  мүмкін!  Әр  адам  ең 
алдымен  өзі  үшін  өз  денсаулығына  жауапты.  Серіктес  сізге  үнемі  қамқор  болады  деп 
сенім артуға болмайды. 
Жауапты  жыныстық  тәртіп  –  еркек  пен  әйелдің  қарым-қатынасының 
ажырамайтын  бөлігі  болуы  шарт.  Егер  қазіргі  таңның  ақиқаты  түрлі  тыйымдар  мен 
некесіз  жыныстық  қатынасқа  жағымсыз  көзқарас  өз  позицияларынан  көбірек  шегінетін 
болса, онда оның орнына көп тер төгуді қажет ететін – жеке жауапкершілікті тәрбиелеу 
міндеттері орын алады. 

123 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет