«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі


  «Гендерлік  рөлдер  мен  гендерлік  теңдік»  мультимедиалық  презентациясының



Pdf көрінісі
бет8/17
Дата12.03.2017
өлшемі1,79 Mb.
#9251
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

11.  «Гендерлік  рөлдер  мен  гендерлік  теңдік»  мультимедиалық  презентациясының 
сүйемелдеуімен өтетін шағын-дәріс. 
Мысал мазмұн. 
Еркектік  және  әйелдік  бастаманы  екі  мағынада  түсіну  керек  –  биологиялық  және 
әлеуметтік-мәдени. Ол үшін ғалымдар екі түрлі мағына енгізді – биологиялық - «жыныс» 
(әйелдер  мен  еркектердің  биологиялық  айырмашылығы)  және  әлеуметтік  -  «гендер» 
(әйелдер мен еркектердің мәдени айырмашылығы).  
Гендер – бұл әлеуметтік рөлдердің жинағы. Жыныс емес гендердің өзі әйелдер 
мен  еркектерде    психологиялық  қасиеттермен,  қабілеттермен,  қызмет,  мамандық 
және іс түрлерімен қамтамасыз етеді.  
Гендер  әйелдер  мен  еркектер  арасындағы  табиғи,  биологиялық  және  болмысты 
болып  табылмайтын  айырмашылықтарды  тудырады.  Гендерлік  теңсіздік  отбасында, 
достық  қарым-қатынаста,  қоғамдық  немесе  қауымдық  өмірде  (мысалы,  еркектің/ұлдың 
абыройлы мәртебесі) орын алады. 
Қоғамдағы болып жатқан өзгерістер ер адамдар мен әйел адамдардың отбасындағы 
және  күнделікті  өмірдегі  мәртебесінде,  бір-біріне  және  балаларға  қатынасы  бойынша 
олардың  міндеттері  мен  құқықтарын  түсінуінде  айтылып  өтті.  Отбасылық  өмірдің  аясы 
еркектер  мен  әйелдердің  рөліне  заманауи  және  дәстүрлі  көзқарастарға  оқыс  қарсыласу 
орны  болып  табылады.  Отбасында  гендерлік  рөлдердің  өзгеруінің  мысалы  бойынша, 
қоғамдық  санада  патриархалдылықтан  заманауи  әйел  кейіпіне  ену  қадамдарына 
жылжығандықты айқын байқауға болады. 
 
Әйелдің әлеуметтік дәстүрлі рөлі – бұл ана мен жардың рөлі. Осы тұрғыдан оның 
гендерлік  мәртебесі  –  үй  бикесінің,  ошақ  қорғаушысының,  балалардың  қамқор  және 
эмоциялы  тәрбиешісінің  және  т.б.  мәртебесі.  Еркектің  мәртебесі  керісінше,  балалармен 
айналыстпайтын, тек отбасын материалдық тұрғыдан қамтамасыз ететін үй қызметтерін 
тұтынушы,  табыскердің, іскердің рөлін көрсетеді.  
Қоғам  мен  мемлекет  отбасы  саулығына  мүдделі,  олар  бірігіп  қызмет  атқарады, 
өзара байланыста және бір-біріне өзара әсер етеді. 
Елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалдың қиындығына орай, әсіресе, жас балалы 
отбасыларда  әйелдердің  қолында  үй  шаруаларын  басқару  (отбасының  басқа  мүшелері 
арасында  міндеттерді  бөліп  беру,  қаржыны  басқару)  және  қоғамдағы  әйелдің  рөлін 
күшейтудің  арқасында  отбасын  басқару  рөлі  феминизацияланады  (әйелдер  рөлінің 
артуы). 
  
Сонымен  қатар,  бұл  отбасылық  рөлдерді  дәстүрлі  түрде  бөлу  көптеген 
отбасыларда  үйлеседі:  ері  (әкесі)  –  табыс  табушы  және  асыраушы,  әйелі  (анасы)  –  үй 
бикесі және балалардың тәрбиешісі. Әкенің рөлін көтеру отбасында ер адамның билігін 
мықтап құрады, ол болашақта отбасы рөлдерінде ұл балалардың бағдарларын күшейтуде 
байқалады.    
 
Отбасындағы әке мен ананың рөлі 
Барлық  уақытта  да  ана  мен  әкенің  рөлі  ұлы  және  ештеңемен  теңеспейді. 
Табиғатынан және қоғамда әйел адам – ана мен жар болуға дайындалған сияқты, әрбір ер 
адам да ері, әкесі болуға дайындалады.  
 Некеге  отырған  соң  ер  адам  өзіне  үлкен  жауапкершілік  алады  –  әке  болып, 
отбасында  тірек  болады.  Бірақ,  шындығында  қаланың  өмір  салтының  таралуына  орай, 
көбіне отбасылық өмірді әйел-зайыбы, ана басқарады. Заманауи пәтерлерде барлығы бар, 
сол  себепті,  балалар  әкесінің  еңбектену  үлгілерін  жиі  көре  алмайды.  Оның  еңбегі 
толығымен отбасынан тыс қалып қояды. Ана – бұл басқа іс. Ол өндірісте жұмыс істесе де, 

61 
 
үйде де оның жұмыс күні бар. Дегенмен, әке бәрібір – тұрмыстық мәселелерде күш, ақыл 
және отбасының тірегі болып табылады.     
Әкелік ету – ер адамның әлеуметтік және адамгершілік тұрғысынан пісіп жетілуіне 
емтихан болып табылады. Некеге отырып алып әке болуға дайын емес жастар әрқашан 
кездеседі. Бала – отбасының мықтылығына арналған үлкен сынау.    
Біздің  уақытымыздағы  балалар  бақшасында  және  мектептерде  негізінен  әйел 
адамдар жұмыс істейді, ер адамардың балаларға әсерінің жоқтығы білінеді. Сол себепті, 
әкелер отбасылық қатынастарда өзінің әсерін толықтырып отыруы қажет.   
Балалардың  бос  уақытын,  ата-аналарға  көмек  көрсету  бойынша,  балалармен 
қосымша білімді алу бойынша және басқалай жақсы ұйымдастыру – міне осылар әкенің 
бірінші  деңгейлік  тапсырмасы.  Балалардың  жанында  бола  отырып  әкесі  мейірімділік, 
адалдық, бауырмалдық сияқты өзінің ең жақсы қасиеттерін көрсетеді.  
 Балаларды тәрбиелеуде әкенің жанды үлгісі өте қажет. Балалары көбіне әкесінің 
өмір  салты  мен  ойларын  көшіреді:  сөйлеу  мәнерін,  жүрісін,  дене  қимылын  үлгі  етіп 
алады.  Олар  әкесінен  рухани  мықтылық,  күш,  еркектік  сенімділік,  тапқырлық,  қарама-
қарсы жыныс өкілдеріне қатынас сияқты ерекшеліктерін қабылдап өседі.   
Айтып  өткендей,  әкенің  рөлі  тек  балаларды  тәрбиелеумен  ғана  шектелмейді.  Ол 
аналарымен  бірге  отбасын  барлық  қажеттіліктермен  қамтамасыз  етеді.  Ол  отбасының 
алдында  тұрмыстық  керек-жарақтарға  жауапты.  Пәтерді  жөндеу,  шаруашылықтағы 
еңбекті  көп  қажетсінетін  жұмыстар,  азық-түлікпен  қамтамасыз  ету  –  бұл  ең  алдымен 
әкенің міндеті.  
Отбасында ананың рөлі үлкен және баға жетпес.    
Анасы  ерекше  эмоциялы  әсерге,  жылылық  пен  ізгілікке,  рухани  жұмсақтық  пен 
сезімталдылыққа  ие  болғандықтан  балаларды  мейірімділік  пен  махаббатқа  үйретеді, 
адамгершіліктің  алғашқы  сабақтарын,  адамдарға  жылы  қатынас  ету  сабақтарын  береді. 
Ана – бұл баланың өз бейнесін көретін айна, сол себепті, ананың жанды жақсы үлгісі өте 
маңызды.  
Балаларды тәрбиелеуден бөлек, анасы үйдегі үй-бикесі де болып табылады. Ол кір 
жуады, үй жуады, ас дайындайды және көптеген басқа шаруаларды атқарады. Әйелдің үй 
жұмыстарының  орташа  ауырлығы  еркектің  үй  жұмыстарының  орташа  ауырлығына 
қарағанда екі есе көп, ал оның (әйелдің) орташа еңбек ауыртпалылығы еркектің орташа 
еңбек  ауыртпалылығына  қарағанда  15-20 %-дан    жоғары.  Әйел-анада  екі  еселенген 
жұмыс күні бар – өндіріс орнында және үйде.    
Жоғарыда айтылғандардың бәрінен отбасына әке де, ана да қажет екендігі туралы 
қорытынды  жасауға  болады.  Өйткені,  анасынан  балаларлар  адамдарға  деген  нәзіктік, 
жылылық,  мейіріміділік  пен  сезімталдылықты  қабылдап  өссе,  әкесінен  батылдықты, 
ерікті күш-жігерді, күресе білу мен жеңуді үйреніп өседі. Тек осы қасиеттердің үйлесуі 
толыққанды жеке тұлғаны қалыптастырады. 
Отбасындағы  міндеттерді  бөлудің  заманауи  әдісі  жұмыс  істеу,  мансаппен 
айналысу сияқты күйеуінің де, әйелінің де мүмкіндіктері мен құқықтарын тең екендігін 
мойындайды. Күйеуі де, әйелі де балаларға қатысты жылылық, қамқорлық пен көңіл бөлу 
арқылы бірдей дәрежеде оларға тәрбие бере алады. Осы әдіске сәйкес, заманауи қоғамда 
ер адамның жағынан өз баласына жұмсақ қарым-қатынас жасауы әйел адамның жағынан 
балаға  жасалатын  әдістен  ешқандай  айырмашылығы  жоқ.    Оның  үстіне,  балалар  оған 
(әкесіне)  қатты  бауыр  басып  қалғанда,  әкесі  анасына  қарағанда  балаларға  жақсырақ 
қамқорлық  жасайды.  Барлығы  да  гендерлік  дәстүрлерге  емес,  нақты  адамдар  мен 
жағдайларға байланысты. 
 
 
 

62 
 
12. Пікірталас. Отбасында гендерлік рөлдерді бөлуге көзқарас. 
Оқытушы оқушыларға пайымдамалары бар парақтарды тарқатып, оларға әрбір 
пайымдаманың қарсы тұсына «келісемін» немесе «келіспеймін» деген пікір жазуын 
ұсынады.     
• Жұмыс – бұл әрине жақсы, дегенмен, әйел адам балалармен үйде болу керек. 
• Үй бикесі болу – бұл жұмысбастылықпен бірдей. 
• Мектепке дейінгі жастағы бала, оның анасының үнемі жұмыс істеуінен  зардап шегеді.  
• Еркектер әйелдерге қарағанда эмоциялары аз болып келеді. 
• Жұмысбасты ана жұмыс істемейтін ана тәрізді баласымен жылы және мықты 
қатынастар орната алады.  
• Жұмысы болу – әйел үшін тәуелсіз болудың ең жалғыз шешімі.  
• Ері де, әйелі де үй шаруашылығына материалдық қазына әкелуі тиіс.  
• Әкелер де аналардың деңгейінде балаларға қамқор бола алады. 
Сонан соң, берілген пайымдамалардың 2-3-нен пікірталас ұйымдастырылады.  
13. «Қатынасу мен отбасындағы психологиялық ахуал» мультимедиалық 
презентациясының сүйемелдеуімен өтетін шағын-дәріс 
Мысал мазмұн. 
Отбасындағы  өмір  ері  мен  әйелінің,  ата-аналары  мен  балаларының 
қатынастарынсыз  мүмкін  емес.  Отбасындағы  қарым-қатынас  отбасы  мүшелерінің  бір-
біріне  қатынасы  мен  олардың  өзара  байланысынан,  олардың  арасында  ақпарат  алмасу 
мен  олардың  рухану  байланысынан  тұрады.          Қарым-қатынас  жасау  -  жұмыс,  үй 
шаруашылықтары,  денсаулық,  достар  мен  таныстардың  өмірі  туралы  сөйлесуден  басқа, 
балаларды  тәрбиелеуге,  өнерге,  саясатқа  және  т.б.  байланысты  әңгімелесуді  де  қосады. 
Отбасылық  қарым-қатынастарда  ең  бастылардың  бірі  болып  табылатын  -  өзгені 
құрметтеу, оның «Менін» құрметтеу сияқты аса маңызды адамгерішілік қағидаттар.  
Дегенмен,  айна-қатесіз  қарым-қатынастан,  яғни  тек  қана  келісімнен  тұратын 
қатынас  болмайды.  Мұндай  жағдайларда  отбасы  мүшелеріне  бір-бірінің  жағдайларын 
түсіну,  өзін  басқа  біреудің  орына  қойып  көру  өте  маңызды.  Кей  кездері  келісімге  келе 
білу  де  пайдалы,  яғни  бір-біріне  жол  беру.    Сондай-ақ,  басқалардың  қателесуге  құқы 
болатындығы сияқты өзінің қателіктерін де мойындай білу өте маңызды. Жылы сөздерге, 
мақтау  сөздерге  берілмей  өз  ойларымен  жиі  бөлісу  де  маңызды.  Қарым-қатынас  жасау 
мәдениетінің  негізгі  құрамдас  бөліктері  уайым-қайғысына  ортақтасу,  шыдамдылық, 
көнбістік, ізгіниеттілік болып табылады.      
Отбасындағы  толыққанды  қарым-қатынасқа  балалар  да  зәру.  Қарым-қатынас 
балада жеке-тұлғаны қалыптастырудың негізгі факторларының бірі болып табылады.    
Көптеген  отбасыларда,  көбірек  өзімізде  балалар  әкесіне  қарағанда,  анасымен 
көбірек тілдеседі. Кейбір балаларда, тіпті әкесіне де, анасына да сенімді қарым-қатынас 
жоқ.  Бұл  жағдай  көбіне,  жұбайлар  арасында  және  ата-аналар  мен  балалар  арасында 
жақын  рухани  байланыстар  орнамаған  отбасыларда  болады.  Бұл  балалардың  бойында 
толыққанды қарым-қатынастың қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Қарым-қатынас жасай 
алмау  -отбасын  бұзуға  дейін  алып  барады.  Отбасында  мұндай  қарым-қатынастың 
салдары,  қоғамға  алып  әлеуметтік  зиянын  тигізетін  ұрыс-керіс  пен  ажырасудан  болуы 
мүмкін.    
Ата-аналарда  осылай,  балаларының  бойында  адамдық  қарым-қатынасқа 
қабілеттілік тәрбиесін қалыптастыру жауапкерішілігі жатыр. Ерлі-зайыптылардың қарым-
қатынас  жасай  білуіне,  көбіне,  отбасының  барлық  мүшелерінің  адамгершілік-
психологиялық саулығы байланысты. 
 

63 
 
Отбасындағы психологиялық ахуал қарым-қатынас жасауға байланысты - олардың 
рухани  толғаныстарының,  бір-біріне,  басқа  адамдарға, жұмысқа,  айналадағы оқиғаларға 
қарым-қатынасының  нәтижесінде  пайда  болатын  отбасы  мүшелерінің  көңіл-күйлерінің 
жиынтығының нәтижесінде пайда болатын тұрақты эмоциялы көңіл-күй.
    
Психологиялық  ахуалды  отбасы  мүшелері  жасайды.  Отбасындағы  жақсы 
психологиялық  ахуалдың  негізі,  ең  алдымен  ері  мен  әйелінің  жалпы  адамгерішілк 
көзқарастары болып табылады. Отбасындағы жақсы психологиялық ахуал үшін ұжымдық 
ұйымшылдық,  ізгіниеттілік,  бір-біріне  талаптылық,  эмоциялы  қанағат  және  қорғаныш 
сезімі, отбасын мақтан ету, ішкі жоғарғы тәртіптілік, жауапкершілік, ұстанымдылық тән.   
 
Отбасындағы  жақсы  психологиялық  ахуалдың  маңызды  көрсеткіштері  –  оның 
мүшелерінің бос уақыттарын бірге өткізуге тырысуы, отбасының ашықтығы, туыстармен, 
көршілермен, достармен және таныстармен жылы қарым-қатынастар. 
Отбасындағы  жағымсыз  психологиялық  ахуал  күйзеліске,  ұрыстарға, 
психологиялық  қысымға,  жағымды  эмоциялардың  азаюына  әкеліп  соқтырады.  Егер 
отбасы  мүшелері  бұл  жағдайды  жақсы  жаққа  өзгертуге  ұмтылмаса,  онда  отбасының 
өзінің өмір сүруі екі талай.  
14. Кіші топтардағы жұмыс. Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері. 
Оқытушы  оқушыларды  4  топқа  бөледі.  Әр  топқа  тапсырма  беріліп,  оларды 
талқылау және флипчартта жазу тапсырылады: 
1.   Ата-аналардың құқықтары. 
2.   Ата-аналардың міндеттері. 
3.   Балалардың құқықтары. 
4.   Балалардың міндеттері. 
Сонан соң топтар жұмыстарын таныстырады. 
 
 
15.  «Отбасы  мүшелерінің  міндеттері  мен  құқықтары»  атты  оқытушының  шағын-
дәрісі. 
 
Ата-аналық  құқықтық  қатынастар  бала  мен  оның  әрбір  ата-анасының  арасында 
туындайды  және  құқықтар  мен  міндеттер  ата-аналарда  да,  балаларда  да  болғандықтан 
екіжақты сипатта болады.  
Ата-аналық құқықтар мен міндеттердің белгілі бір ерекшеліктері болады.  
Біріншіден, ата-аналар өз балаларына қатысты тең құқық пен тең міндеттерге ие. 
Бірақ, бала заңды некеде туылды ма, жоқ па оның қатысы жоқ.   
Екіншіден, ата-аналық құқық уақытпен шектелген. Бала кәмелеттік жасқа толғанда 
немесе  кәмелеттік  жасқа  толмаған  балалар  толық  қабілетсіздікке  ие  болғанда  ата-
аналардың құқықтары мен міндеттері тоқтатылады.   
Үшіншіден,  ата-ананың  құқықтары  мен  міндеттерін  жүзеге  асыру  барысында 
баланың  мүддесінің  басымдылықтары  сақталуы  қажет.  Ата-ананың  мүддесі  баланың 
мүддесіне  кереғар  болып  жатуы  –  өмірде  жиі  кездесетін  жағдай.  Баланың  тәрбиесімен 
айналыспай, ата-аналар кәмелетке толмағандардың құқықтарына шек қояды.    
Ата-аналардың құқықтары мен міндеттерінің төртінші ерекшелігі - ата-аналар өзге 
адамдардың алдында өз балаларын тәрбиелеуге құқығының артықшылығының болуы.    
Өз  балаларын  тәрбиелеу  бойынша  ата-аналардың  құқықтары  мен  міндеттері  өзіне 
мыналарды қосады: 

64 
 

  өз балаларының дамуы мен тәрбиесіне деген құқық; 

  өз  балаларының  денсаулығына,  физикалық,  психикалық,  рухани  және 
адамгершілік дамуына қамқорлық жасау міндеті. 
Сол уақытта, заң ата-аналарға балаларына қатысты келесідей әрекеттерді жасауға 
тиым салады: 

  балалардың физикалық және психикалық денсаулығына зиян тигізуге

  баланың адамгершілік дамуына залалын тигізуге; 

  адамдық  намысты  таптайтын,  дөрекі,  қатал,  немқұрайлы  қарым-қатынасқа 
байланысты баланы тәрбиелеу тәсілдерін қолдануға; 

  баланы қорлауға; 

  балаларды жұмысқа жегуге. 
Ішкі және халықаралық заңнамалардың ережелеріне сәйкес, әрбір бала отбасылық 
қатынастардың аясында келесідей ережелерге ие: 

  тегін, есімін, әкесінің атын алуға;   

  отбасында  тәрбиеленуге  және  өмір  сүруге,  ата-анасын  білуге;  егер  бала  ата-
анасынан  алыс  тұратын  болса  немесе  солардың  біреуімен  тұратын  болса,  ата-
анасымен,  туысқандарымен  араласуға,  сондай-ақ,  егер  ата-аналары  әр  түрлі 
мемлекеттерде өмір сүретін жағдайда болса, отбасымен қауышуға, қажет жағдайда 
- елден шығуға немесе елге кіруге рұқсатнама алуға; 

  өз  ата-анасының  және  отбасының  басқа  да  мүшелерінің  қамқорлығын 
қабылдауына;   

  ата-анасынан  және  оларды  алмастырушылардың  қамқорлығын  алуға  және  егер 
бала  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалса,  мемлекеттен  қамқорлық  алуға;  ата-
анасы  немесе  оларды  алмастырушылары  тарапынан  қиянат  етілсе,  намысын 
қорғауына және құрметке ие болуға; 

  ата-анасымен,  әжесімен,  атасымен,  ағаларымен,  әпкелерімен,  басқа  да 
туысқандарымен қарым-қатынас жасауға;  

  өзінің жеке ойын айтуға.  
 
Балалардың міндеті 

  әрбір кәмелетке толмаған бала негізі орта білімді алуға міндетті; 

  кәмелетке толмаған ер жыныстылар әскери тіркеу мен әскери қызметке дайындық 
түрінде әскери міндетті алады; 

  17  жастағы  кәмелет  жасына  жетпегендер  тіркеуге  тұруға  байланысты  әскери 
шақырту бойынша баруға міндетті, сонымен қатар, жаңа тұрғылықты жері туралы 
хабарлауға,  әскери  тіркеуден  алынып,  жаңа  тұрғылықты  орынға  көшуіне 
байланысты екі апталық мерзімге әскери тіркеуге тұруға міндетті. 
  
Отбасындағы зорлық. 
Сонымен бірге, кейбір отбасыларда отбасының ересек мүшелеріне де, балаларға да 
қатысты зорлық түрінің әрқалай жағдайы орын алып жатады: 
-  отбасындағы  физикалық  зорлық  –  жапа  шегушінің  өліміне  әкелетін  немесе  әкелген, 
денсаулығына физикалық немесе психикалық бұзылушылықтар, оның ары мен намысын 
қорлаған  ұру,  дене  зақымдары  сияқты  отбасының  бір  мүшесінің  екінші  бір  мүшесіне 
ойластырылып жасалған зорлығы;   
•  отбасындағы  сексуалдық  зорлық  –  басқа  бір  отбасы  мүшесінің  жыныстық  дербес 
құқықтығына  екінші  бір  отбасы  мүшесінің  құқығына  қайшы  қол  сұғушылық  әрекеттер 

65 
 
жасауы,
 
сонымен  бірге,  отбасының  жасы  кәмелетке  толмаған  мүшесіне  қатысты 
сексуалдық сипаттағы әрекеттер; 
•  отбасындағы  психологиялық  зорлық  –  отбасының  бір  мүшесі  екінші  бір  мүшесінің 
психикасын  сөзбен  қорлау  немесе  қорқыту,  ізін  аңду,  үрейін  алу,    сияқты  әсерлермен 
зорлық көрсету түрі, оның салдарынан эмоциялы сенімсіздік, өзін қорғауға қабілетсіздік 
және психикалық денсаулыққа зиян тигізуі;
•  отбасындағы  экономикалық  зорлық    –  отбасының  бір  мүшесінің  екінші  бір  мүшесін 
үйден,  тамақтан,  киімнен  және  басқа  да  мүліктік  құралдардан  ойластыра  айыруы,  ол 
заттарға  жапа  шегушінің  толық  заңдық  құқысы  бар,    ондай  жағдай  оның  өліміне, 
денсаулығының физикалық немес психикалық бұзылушылықтарына әкеліп соқтырады.  
Қайда хабарласу керек? 
Егер  сіз  отбасылық  зорлықтың  құрбаны  болсаңыз,  онда  ең  алдымен  келесідей 
құрылымдарға хабарласыңыз: 
 - учаскелік милиция инспекторының қызметіне;  
- кәмелеттік жасқа толмаған жастар ісі бойынша комиссияға, оның уәкілеттілігі мынадай 
жағдайларға жүреді: егер отбасындағы зорлық құрбаны немесе жасы 18-ге толмаған басқа 
бір адамға зорлық жасалу қауіпі шын мәнінде төніп тұрса;  
-  кәмелеттік  жасқа  толмағандарды  қамқорлыққа  алу  және  қорғау  органдары;  олар 
өздеріне  қатысты  отбасында  зорлық  жасалудың  нақты  қауіпі  төніп  тұрған  немесе 
жасалынған,  сот  тәртібі  бойынша  олар  қабілетсіз  деп  танылған  ата-анасы  бар  және 
отбасында  тұратын  кәмелеттік  жасқа  толмағандардың,  жетім  балалардың  және  отбасы 
мүшелерінің  құқықтары  бұзылған  жағдайда,  оларды  қайта  қалпына  келтіріп,  заңдық 
мүдделерін қорғауды жүзеге асырады;  
- отбасындағы зорлық құрбандары үшін арнайы мекемелер, оларға мыналар жатады: 

  отбасындағы  зорлық  құрбандары  үшін  психологиялық,  педагогикалық,  медициналық 
және  заңдық  көмек  көрсетуді  ұйымдастыратын,  сондай-ақ,  зорлықтың  құрбандары 
болатын  немесе  болған  отбасы  мүшелеріне  уақытша  пана  беру  мүмкіндіктерін 
ұсынатын психологиялық, педагокүйзелістік орталықтар (күйзеліс орталықтары); 

  отбасындағы  зорлық  құрбандарын  медико-әлеуметтік  айықтыру  орталықтарына,  сол 
орталықтың  медициналық  комиссиясының  шешімінің  негізінде  (олардың  келісімімен 
немесе  олардың  өтініші  бойынша)  жапа  шегушілер  орналастырылады.  Бұл 
орталықтарда  емделуге  және  психоәлеуметтік  айығуға  қажетті  мерзім  аралығында 
бола алады.   
Қазіргі  уақытта  елде  28  күйзеліс  орталықтары  жұмыс  істейді,  олардың  қызметі  қауіпті 
күйзеліс  жағдайындағы  немесе  зорлыққа  ұшыраған  әйелдерге  арнайы 
мамандандырылған  кешенді  көмек  көрсетумен  (заңдық,  психологиялық,  әлеуметтік, 
медициналық және т.б.) байланысты.  
Кейбір күйзеліс орталықтары әйелдер мен оның балаларына өз ғимараттарынан пана беру 
мүмкіндіктеріне  ие.  Зорлық  құрбандары  хабарласып,  көмек  сұрауға  алатын  күйзеліс 
орталықтарында  сенім  телефондары  бар.  Орталықтың  көмегі  анонимді,  құпия  және 
тегін. 
Қазақстан бойынша Алматыда алғашқы «ЕрАзамат» қоғамдық бірлестігінің базасында ер 
адамдардың әлеуметтік тұрақты топ өкілдеріне арналған күйзеліс орталығы ашылды. 
Күйзеліс  орталығының  міндеті  –  гендерлік  теңдікке  қол  жеткізу  арқылы  азаматтық, 
демократиялық қоғамды қалыптастыру, гендерлік стереотиптерді жеңу және күйзеліс 
жағдайларына түскен ер адамдарға көмек көрсету.   
«Құрбылар» күйзеліс орталығы
Сенім телефоны: +7 727 303-39-26 
Жазыңыз: info@podrugi-centre.kz 

66 
 
9. Рөлдік ойын. Отбасының өмір сүруі үшін қажетті жағдайлар. 
Оқушылар  «Гүлшоғы»  (раушан,  шегіргүл,  қызғалдақ,  нарғызгүл)    қағидаты 
бойынша  төрт  топқа  бөлінеді.  Әрбір  топқа  тақырыптары  бар  карточкалар  беріліп, 
өздеріне  отбасының  тіршілік  ету  үшін  қажетті  шарттардың  бұзылғанды  орын  алатын 
әртүрлі  өмірлік  жағдайларды  елестету  ұсынылады,  ол  жағдайларды  талдап,  рөлдерді 
таратып, оны ойнап шығу қажет.       
Мысал жағдайлар: 
1. Ері мен әйелінде бір-біріне деген құрметтің болмауы. 
2. Әйелі толығымен материалдық жағдайда күйеуіне тәуелді. 
3. Ері балаларды тәрбиелеуден қашқақтайды. 
4. Ері мен әйелінде ортақ қызығушылықтар болмайды. 
Әр топ ойнап болғаннан соң талқылау жүргізіледі. 
10. Шығармашылық тапсырма. Эссе жазу. 
Оқушыларға қағаз парақтары тарқатылады (А-4) және «Мен болашақ отбасымды 
қалай елестетемін» тақырыбында (7-10 сөйлем) эссе жазу тапсырылады. Бірнеше оқушы 
(қалауы бойынша) өздерінің шығармаларын оқиды, сонан соң, оқытушы айтылғандардың 
бәрін жинақтап, қорытынды жасауын сұрайды.  
11.Синквейн құрастыру.  
Оқытушы  оқушыларға  «Отбасы»  тақырыбында  ұжымдық  синквейн  құрастыруды 
ұсынады. Егер оқушылар бұл жұмыс түрімен таныс болмаса, оқытушы оларға түсініктеме 
береді.  
Синквейн  (француз  тілінен  алғанда  «бес»)  –  оқу  материалдарын  белгілі  бір 
тақырыпта бірнеше сөзбен мазмұндауға көмектесетін әдіс. 
Синквейнді құрастыру ережелері: 
1.Бірінші жолда тақырып бір сөзбен белгіленеді (зат есіммен). 
2.Екінші жол – тақырыпты екі сөзбен сипаттау (сын есімдер).  
3.Үшінші  жол  –  осы  тақырып  аясында  іс-әрекетті  үш  сөзбен  сипаттау  (етістіктер, 
есімшелер)  
4.Төртінші жол – тақырыпқа қатысы бар төрт сөзден құралған сөз тіркестері (әр түрлі сөз 
таптары).  
5.Бесінші жол – бір сөз, тақырып синонимі. 
Синквейндердің үлгілері: 
 Табиғат  
1. Өмір 
2. Жемісті, асыраушы 
3. Туылу, өмір сүру, күнелту 
4. Табиғат – таусылмас шабыттың қайнар бұлағы  
5. Жер-ана 
 
  Денсаулық 
1. Құндылық 
2. Саулық, қажеттілік 
3. Өмір сүру, баю, гүлдену 
4. Денсаулық – кез-келген жастағы сұлулық 
5. Игілік 

67 
 
Барлығы  тапсырылған  тапсырмаларды  орындап  болғандығына  көз  жеткізгеннен 
кейін  оқытушы  қалаушыларға  «Отбасы»  тақырыбында  бірнеше  синквейндерді  оқуын 
сұрайды. 
Үлгі жауаптар: 
Отбасы 
1.  Отбасы 
2.  Үлкен, тату 
3.  Жақсы көреді, қамқор болады, өмір сүреді 
4.  Отбасы – өмірлік құндылық   
5.  Қоғамның ұяшығы 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет