«Заң – қоғамның тірегі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
1-нұсқа
Оқу мақсаты:
|
9.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде көтерілген мәселеге сыни көзқарасын білдіру;
9.2.3.1 коммуникативтік жағдаятқа сай сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп, өз ойын жеткізу.
|
Бағалау критерийі:
|
Білім алушы:
|
Ойлау дағдыларының деңгейі:
|
Мәтінде көтерілген мәселеге сыни көзқарасын білдіреді;
Жағдаятқа сай интонация, кідіріс, логикалық екпіндіқолданып, ойын жеткізеді.
|
Орындау уақыты:
|
15-20 минут
|
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап, тапсырмаларды орындаңыз.
Сатушы үшін заңды білмеу тиімді ме?
Сергей Разумов Астана қаласының ұялы телефондар сататын дүкендердің бірінен смартфон сатып алған. Бірақ алғанына көңілі толмаған ол ертесіне тауарды қайтарып бергісі келген. Алайда, сатушы телефонды қайтып алмайды.
– Апарғанымда сараптамадан өткізуімді сұрады. Ал негізі чек те, қорабы да болды. Сараптамасы ақылы екен, жасаттым, бәрі дұрыс деген қорытынды шығарып берді. Енді қайтарып берейін десем, базарға барып сат дейді. Айтуларынша телефон іске қосылған (активирован). Мен оларға заңды ескерттім, елеп тұрған жоқ, – дейді Сергей.
Сергей ол жерге арыз жазып қалдырып, артынша "Әділет" тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамына жүгінген.
– Ол жер мәселе оң шешімін табады деп сендіріп отыр. Қызметтері ақылы екен. Тауардың бағасының он пайызын алады. Олардың қолынан келмесе сотқа жүгінуден басқа амал жоқ, – дейді ол.
– Заң бойынша, – дейді Ұлттық тұтынушылар лигасының президенті Светлана Романовская – көңілден шықпаған тауарды басқасына ауыстырып ала ма, қайтарып бере ме немесе жөндеп беретін ақысын өтетіп ала ма тек тұтынушының еркінде, өзі шешуі тиіс.
Ал егер сіз алған тауарда ақау болса, оған ұқсас басқасы (аналогы) қанша қымбат тұрса да сатушы айырмасын қосып төлетпей сізге ауыстырып беруі керек. Сонымен қатар, кепілдік мерзімі соңғы алған тауарға сәйкес ұзартылуы тиіс.
11-тапсырма. Оқылым. Мәтінді оқыңыз. Мәтін бойынша берілген ақпараттың дұрыс\бұрыс екенін анықтаңыз. 2 балл
№
|
Мәтін бойынша берілген ақпарат
|
дұрыс\бұрыс
|
1
|
Сергейдің ұялы телефон алғанына мәз
|
|
2
|
Сергейге заңды ескерттім, бірақ ол елемеді
|
|
3
|
Светлана Романовская ойынша барлық мәселені тұтынушы шешуі тиіс
|
|
4
|
Мәтін заңсыз әрекеттер туралы
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |